Кендер мен минералдар

Алюминийдің қасиеттері және қолданылу облысы

Алюминий периодтық жүйенің 3 топ элементі, реттік нөмірі 13, атомдық салмағы 26,98. Тұрақты изотоптары жоқ, химиялық қосылыстарында әдетте ІІІ валентті. Техникалық таза Al (99,5%) 6580С-та балқиды, өте жоғары тазалықтағы Al (99,996%) балқу температурасы 660,240С, tқайн – 25000С, қатты күйдегі тығыздығы 10000С-та 2,35 г/см3.

Балқыған кезде Al көлемі 6,6 % ұлғаяды, механикалық өңдеу жеңіл, тазалығы өскен сайын, оның пластикалық қасиеті өседі.

Техникалық таза Al беріктігі 9 – 12 кг/мм2, ұзаруы 18 – 20 %.

Al электрді және жылуды жақсы өткізеді, бұл қасиеті оның тазалық дәрежесіне байланысты өзгереді.

Al оттегіге тартылысы жоғары болғандықтан ауада өзінің жылтырлығын жоғалтады, жұқа өте берік алюминий тотығымен қапталады, ол металдың коррозияға тұрақтылығын көтереді.

Al сілтілерде, күкірт және тұз қышқылдарында жақысы ериді,

Al көптеген қасиеттеріне, бағасының арзандығы, басқа металдарды алмастыра алатындығына байланысты кеңінен қолданылады. Al әр түрлі қорытпалар түрінде қолданылады. Оның механикалық өңделуі жеңіл қорытпасы дюралюминий (3,4 – 4,0% Cu; 0,5%Mg; 0,5% Mn, қалғаны Al).

Кеңінен қолданылатын қорытпасы - силумин (құрамында 12 -13% SiO2 бар). Сонымен қатар алюминий: электротехникада – кабельдер, шинопроводтар, конденсаторлар, айнымалы ток түзеткіштерін даярлауда; машина жасау, құрылыс, металдық конструкциялар жасауда, ядролық техникада, радиоэлектроникада, тұрмыста және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.

 

Кендер мен минералдар

Al химиялық белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі.

Алюминий жер қабатындағы ең кеңінен таралған элементтердің бірі, оның жер қабатындағы мөлшері 7,45 %, металдардың ішінде 1 орында тұр. Алюминий кендерде тотыққан минералдар, қос сульфаттар және силикаттар түрінде болады.

Шамамен 250 минералдары бар.

Төменде алюминидің маңызды минералдары келтірілген (1-ші кесте).

1-ші кесте

Алюминидің өндірістік маңызды минералдары

Минерал Минерал формуласы Al2O3 мөлшері, %
Корунд Al2O3
Диаспор, бемит AlООН
Гибсит (гидраргиллит) Al(ОН)3 65,4
Нефелин (Na,K)2О ·Al2O3·2SiO2 32-36
Алунит (К,Na)2SO4·Al2(SO4)3·4Al(OH)3 37-39
Каолинит Al2O3·2SiO2·2Н2О 39,5
Кианит (андалузит, силлиманит) Al2O3·SiO2 63,2

 

Алюминий кендері келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

1) Құрамында алюминий тотығының мөлшері жеткілікті мөлшерде жоғары болуы тиіс;

2) Табиғатта ірі кен көздері ретінде кездесуі тиіс.

3) Құрамындағы алюминий тотығын таза күйінде бөліп алу жеңіл болатын формада болуы тиіс.

 

Негізгі алюминий кендеріне келесі тау жыныстары жатады: бокситтер, нефелиндер, алунит, каолинит, кианит.

Бокситтер қазіргі кездегі алюминий өндересе жұмыс істейтін маңызды кен, құрамы күрделі, 42 кем емес химиялық элементтер кіреді. Сапасы құрамындағы Al2O3 және SiO2 мөлшерімен анықталады. Сапалы кеннің құрамында Al2O3 мөлшері жоғары, SiO2 төмен болады.

кремнийлік модуль

Кремнийлік модуль 7-ден үлкен болса жоғары сапалы боксит, төмен болса төменгі сапалы боксит болып саналады.

Бокситтер.

Өндіру технологиясында бокситтен Al2O3 жеңіл бөліп алу мүмкіндігі маңызды роль атқарады. Бокситтер «10» таңбалы мемлекеттік стандарты бар.

Боксит топырақ (саз) тәрізді, негізінен тасты жыныс. Құрамы, түсі әртүрлі. Ақ түстен қара-қоңырға дейін өзгереді, негізінен қоңыр-қызыл немесе құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты кірпіш –қызыл түсті. Fe2O3>15% болса жоғары темірлі бокситтер. Минералогиялық құрамы күрделі, 100-ге тарта минералдары бар. Негізгілері: диаспор, бемит, гидраргиллит, гиббсит, кальцит, сидерит, гематит, гетит, каолинит және т.б.

Құрамындағы гидроксидтердің формасына байланысты - бір сулы, үш сулы және аралас болып бөлінеді. Бір сулы – бемитті диаспорлар, Үш сулы – гидраргиллитті, аралас-бемитті т.б. Сонымен қатар сусыз және аз сулы бокситтер кездеседі (корунд).

Қазақстандағы боксит – гидраргиллиттік түрге жатады:Құрамы, %: Al2O3-40 – 50; SiO2-5,0 – 15%; Fe2O3 -14 – 16,0; TiO2- 2 – 3%. Ашық әдіспен өңделеді.

Нефелиндер

(Na, K)2O·Al2O3·2SiO2 - алюминий өндірісі үшін негізгі кешенді шикізат. Құрамында

Na2O және K2O бар.

Нефелин жоғары кремнийлі алюминий шикізаты, кешенді өңдеу арқылы глинозем, сода, поташ (K2CO3), цемент, сирек металдар.

Алуниттер.

Таза күйіндегі формуласы – K2SO4·Al2(SO4)3·4Al(OH)3. Табиғатта құрамына Na сілтісі кіретін алуниттер де кездеседі. Кешенді өңдеу арқылы Al2O3, H2SO4, K2SO4, Na2SO4 және сирек металдар өндіріледі.

Каолиндер

Кеңінен таралған каолинит минералы түрінде кездеседі (Al2O3 – 36 – 39%). Каолинді алюминий –кремний қорытпасы силикоалюминийді электротермиялық жолмен алу үшін пайдаланады.

Жоғары глиноземды силикаттардан (андалузит, силлиманит, кианит) алюминий мен кремнидің қорытпасы – силуминдер алуға болады








Дата добавления: 2019-10-16; просмотров: 809;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.