Кіші әріптер.
І. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер:
Б в г е о с ь
ІІ. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер:
а д з и л м н ң п т у ү һ ц ч ш щ ы ю я ІІІ. Бір үлеспен жазылатын кіші әріптер:
ғ й к қ ө р ұ х і э IV. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер:
ф ж ё
Бас әріптер
І. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер:
ІІ. Бір үлеспен жазылатын екі элементті бас әріптер:
ІІІ.Екі үзіліспен жазылатын әріптер:
IV. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп:
Жедел жазуға көшу барысында сөз ішіндегі әріптердің бір – бірімен қосылу жолдарын дұрыс меңгерудің ерекше мәні бар. Әріптердің өзара байланысып жазылуы олардың өзіндік графикалық бейнесіне, әрбір әріптің соңғы элемент ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Демек, жазу байланысы сөздегі алдыңғы әріптің келесі әріппен байланысу принципі бойынша қакрастырылады. Бір – бірімен қосылу ерекшелігіне қарай қазақ тіліндегі әріптерді негізгі екі топқа бөлуге болады.[3./120-131б./]
Бірінші топ. Соңғы элементтері имек сызықтарға
аяқталған үлкен және кіші әріптер:
Бұл топтағы әріптердің соңғы негізгі элементтері келесі әріптермен үзіліссіз жазылады. Мұның өзі жазу темпін жеделдетуге айтарлық дәрежеде мүмкіндік береді.
Бұлардың ішіндегі кейбір әріптердің үстіне, ортасына қойылатын қосымша белгілер сөзді үзіп жазуға мәжбүр етіп, жазу қарқынын едәуір баяулатады. Мұндай әріптерді жазуға оқушылар мына сияқты қателерді жібереді:
а) қосымша белгілерді қоймай кету.
ә) қосымша белгілерді бұрмалап жазу.[20./78-126б./,21./18-32б./]
Аталған графикалық қателерді болдырмау үшін мұғалім тарапынан қосымша таңбаларды тастамай және бұзбай жазу туралы жиі – жиі ескертулер жасалып, мұқият бақылау жасалуға тиіс.
Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн.
Сөз болып отырған топ құрамындағы әріптерін жазуда да белгілі кідіріс- тер жасалады. Өйткені олар біршама үзіліспен жазуды керек ететін екі, үш элементтен тұрады. Ондағы элементтер мыналар:
Аталған әріптердің жазу темпін жеделдету дағдыларын қалыптастыру
үшін төмендегі тәрізді даярлық жаттығулары жүргізіледі.
Бірінші топтағы әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан қосылады. Алайда кейбір дөңгелекшелермен жазылатын таңбаларды қосымша сызықша жалғау арқылы келесі әріптермен жоғарғы жағынан байланыстыруға болады. Мұндай байланыс жолдармен жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем жаздыру арқылы меңгерту тиімді.
Екінші топ. Оң жағы (қосылатын жағы ) дөңгелеген элементтерге біткен
бас әріптер мен кіші әріптер:
Бұл топтағы әріптер келесі әріптермен үзіліспен жазылатын, қосымша жалғас сызық арқылы байланысатын әріптер болып табылады. Мұның өзі, әрине, үзбей жазу жүйесін бұзып, жазу қарқының белгілі дәрежеде бәсеңдетеді.
Жазу барысында жасалған қол үзіліс оқушылардың жазу темпін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар көлбеу жазу, әріп элементтерін дұрыс жазу, олардың биіктігі мен ара қашықтығының біркелкі болуына, жалпы, ритмикасының өзгеруіне әсеретеді.
Аталған қиындықтардың ескере отырып, бұл топтағы әріптердің келесі әріптермен байланысу тәсілдерін меңгеруге арналған түрлі гарфикалық даярлық жаттығулары жүргізуге тиіс.[7./48-62б./,22./12-18б./]
Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздегі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші б әріпінің төменгі жағынан қойылады.
Бұл топтағы қалған кіші әріптер:
келесі әріптермен үстіне жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады:
Мұндай дөңгелеген кіші әріптер өзінен соң келген
әріптерімен тек төменгі жағынан жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байла-
нысады:
бас әріптері мен кіші әріптерін жазауда оқушылардың аталған әріптердегі белдікше сызықтарды жалғас сызығына айналдырып жібермеуін қа – дағалау керек. Белдікше сызықтар мен жалғас сызықтардың бөлек – бөлек қойылатынын мұғалім оқушыларға төмендегідей сөздерді жаздыру арқылы ескертуге тиіс:
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 7596;