Гидроизоляциялық сылау материалдары
Гидроизоляциялық сылау үшін пасталар мен мастикалар қолданылады.
Пасталар. Битумды және қарамайлы пасталар эмульсияның бір түрі, бейорганикалық эмульгаторды – ішінде өлшемі 0,005 мм-ден кіші майда дисперсиялы ұнтақ және сумен араластырғанда пластикалығы жоғарғы, битум мен қарамайдың судағы дисперсиясынан алады. Әдетте минералды эмульгатор ретінде - әкті (сөнген және сөнбеген), пластикалы балшық, бентонит және ұнтақталған трепел 8-15% (паста массасынан) қолданады. Пастаның эмульсияға қарағанда, каогуляцияға қарсы тұрақтылығы жоғары болады.
5.1 кесте – Құрылыста қолданылатын пасталардың негізгі құрамдары
р/с | Қатты эмульгатордың аталуы | Массасы бойынша қолданылатын компоненттің мөлшері, % | ||
битум | су | эмульгатор | ||
Сөндірілмеген әк | 45...50 | 45...40 | 8...12 | |
Сөндірілген әк | 48...52 | 35...38 | 12...16 | |
Пластикалығы жоғары саз | 50...55 | 42...35 | 8...10 | |
Пластикалық саз | 45...50 | 45...40 | 10...12 | |
Ұнтақталған трепел | 50...55 | 30...40 | 10...15 | |
Ұнтақталған қыш | 35...40 | 30...35 | 30...35 |
Пастаны, эмульсия сияқты, су мен бу оқшаулайтын сылауларда, оқшаулайтын бетті алғашқы тегістеп жабуда, шатырдағы жіктерді тығыздауға және салқын битум пластинкаларын дайындау үшін қолданады.
Пасталарды дайындаудың технологиялық сызбасы төмендегідей: битумды 150...1800С температураға дейін қыздыру; паста көлемінің 50% мөлшерінде алынатын сазды суға жібіту; сазды суспензияны 500С температураға дейін қыздыру; аралстырғышты ыстық суспензиямен толтыру; суспензины үздіксіз араластыра отырып балқытылған байланыстырығыш затты беру. Егер эмульгатор ретінде сөндірілмеген әк қолданылса, онда битум әктің қарқынды сөнуі кезінде ендіріледі.
Битум пасталары, қара май пасталарына қарағанда тұрақты болады. Пастаның сапасы біртектілігімен, тұтқырлығымен және суда тұрақтылығымен анықталады. Пастада битумның ірі бөлшектері болмауы және түсі қара-қоңыр түсті болуы тиіс. Біртектілігі диаметрі 1мм елек арқылы сұйылтылған пастаны өткізіп, 105...1100С температурада кептіру арқылы анықталады. Біртектілік дәрежесі електегі қалдық арқылы анықталады және ол 1% аспауы тиіс. Судың әсеріне тұрақтылығы, пастаны он есе көп мөлшердегі сумен жақсылап араластыру арқылы анықталады. Егер осы кезде паста битумның тұнуы арқылы ыдырамайтын болса, онда паста тұрақты деп есептеледі. Тұтқырлығы стандартты вискозиметрдің көмегімен анықталады және ол 3...20с шамасында болуы тиіс.
Мастикалар. Көп қабатты шатырлы және су оқшаулайтын шатырлық оралмалы материалдарды қорғалатын негізбен немесе өзді-өзімен арнаулы мастикалардың көмегімен желімдейді. Мастикалардың өзі де гидроизоляциялық, майлау мен сылақ материалы есебінде қолданылуы мүмкін. Олардың өздері органикалық байланыстырғыш затты минералды толықтырғыштармен, қоспалармен (пластификациялайтын және басқа да) араластырып алынатын пластикалық материалдар. Пайдаланылған байланыстырғыштарға сәйкес мастикалар битумды, қарамайлы, битумды-қарамайлы, гудрокамды, битумды-қарамайлы-полимерлі және битумды резиналы болып жіктеледі.
Дайындау тәсілдері мен тағайындалуына сәйкес: ыстық, яғни балқыған күйінде қолданылатын және салқын, алдын ала қыздырылмай қолданылатын болып жіктеледі.
Битум мастикаларын түрлі маркалы мұнай битумдарынан, толықтырғыштардан және түрлі қоспалар негізінде дайындайды.
Толықтырғыштар ретінде талшықты (7 сортты асбест шаңы, қысқа талшықты минералды мақта және басқа), тозаңды әктас, доломит, кварц, кірпіш, трепел, тальк, сондай-ақ минералды отынды тозаң етіп жағылғаннан шыққан күл (қиыстырып қосу арқылы алады) қолданылады. Толықтырғыштар мастиканың термиялық төзімділігін арттырады, төменгі температурадағы морттығын төмендетеді, сонымен қатар битумның меншікті шығынын азайтады.
Битумды мастикаларды қолданған кезде: шатырлы төселім немесе гидроизоляциялық материалды пайдалану кезіндегі температуралық жағдайына сәйкес келетін жұмсару температурасы болуы қажет; шатырлық жұмыстарда шатырдың көлбеңдігін де ескерген жөн. Шатырлық мастикалардың термиялық төзімділігін, қалыңдығы 2 мм мастика қабатымен желімденген екі пергамин үлгісін, 5 сағат бойына көлбеңдігі 450 шатырда үлгіні ұстағанда, жіптерінен мастикалар ағып шықпайтын жағдайға сай келетін жоғарғы шектік температурасымен бағалау қабылданған.
Мастиканың қажетті жұмсару температурасына битумның түрлі маркасы мен толықтырғыштарды қосу арқылы қол жеткізеді. Егерде мастиканың жұмсару температурасы көрсетілген құрылыс орнының географиялық ендігіне сәйкес анықталған температурадан төмен болса, онда ыстық ауа райы кезінде, мастика балқып ағып кетеді, ал шатырдың үлкен көлбеңдігінде шатыр кілемнің сырғып түсіп қалуы мүмкін. Мастиканың жұмсару температурасы тым жоғарғы болса, онда жылдың суық мезгілінде мастика морт және сынғыш келеді. Термиялық төзімділік дәрежесіне сәйкес битум негізінде алынған желімдеуші мастикалар мынадай маркаларға бөлінеді: МБК-Г-55, МБК-Г-65, МБК-Г-75, МБК-Г-85, МБК-Г-100. Бұндағы МБК дегеніміз ыссы битумды, шатырға арналған мастиканың қысқартылған аты (мастика-битумная-кровельная), ал сандары мастиканың термиялық төзімділігін көрсетеді.
Салқын битум мастикалары дегеніміз мұнай битумының, органикалық еріткіштердегі (лигроин, керосин, солярлы май және басқа) коллоидты ерітіндісінің толықтырғыш пен антисептиктермен араласпасы.
Мастиканы төсеуді қолайлы ету үшін, пластификациялайтын және жүйелендіруші қоспаларды қосады. Салқын мастика шатырлық төселімде жатып, оралмалы материалымен тікелей жанасқанда, оның қанықтырылған және бүркемеленген қабаттарына еріткіштің жарым-жартылай енуінен, сондай-ақ буланып ұшуы салдарынан біртіндеп қатады. Қазіргі таңда шатырының көлбеңдігі 450 өндіріс орындары үшін, термиялық төзімділігі 700С тең МБК-Х-І маркалы салқын мастиканы өндіреді. Ыстық мастикамен салыстырғанда салқын мастиканы қолдану, жағылатын қабат қалыңдығының азаюына сәйкес битум шығынын төмендетеді. Оған қоса салқын мастиканы пайдалану, шатырлық жұмыстардың жұмыс істеу мерзімін ұзартып, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартады.
5.2 кесте – Ыстық битумды мастикаларға қойылатын техникалық талаптар
р/с | Көрсеткіштер атауы | МБК-Г-55 | МБК-Г-65 | МБК-Г-75 | МБК-Г-85 | МБК-Г-100 |
5 сағат көлеміндегі жылуға төзімділігі, 0С кем емес | ||||||
ШжШ әдісі бойынша жұмсару температурасы | 55...65 | 68...72 | 72...82 | 88...92 | 105...110 | |
18±20С температурадағы пластикалығы | ||||||
Массасы бойынша толықтырғыштың мөлшері: талшық тәрізді шаң тәрізді | 12...15 25...30 | 12...15 25...30 | 12...15 25...30 | 12...15 25...30 | 12...15 25...30 | |
Су | Іздері |
Гидроизоляциялық ыстық асфальтты мастикаларды, битум мен (67-70%) ұнтақты немесе (15-25%) талшықты толықтырғыштар негізінде дайындайды. Бұл мастика құймалы және сылақты су оқшаулайтын жұмыстарда, сонымен бірге су оқшаулайтын даналық бұйымдар шығаруда қолданылады.
Гудрокамды мастикаларды гудрокамнан, мұнай битумынан және толықтырғыштардан дайындайды, ал салқын мастиктакалар үшін, оларға қосымша сұйылтқыштар да пайдаланылады.
Гудрокам дегеніміз мұнай гудроны мен тас көмір майының ортақ тотыққан өнімі. Битум мастикасының қолдану бағытына сәйкес, ыстық және салқын (МГ-Х-70) түрлері өндіріледі.
Битумды-резиналы доғарғыш мастикаларды битум мен резина балқымасына толықтырғыштарды, ал кейде полимерлі қосындыларды қосып алады. Бұл мастикалардың келесі маркалары өндіріледі: МБР-65, МБР-75, МБР-95 және МБР-100. Ыстық битум мастикасымен салыстырғанда, битумды-резиналы мастикалар көбінесе эластикалық, иілгіш және аязға төзімді келеді.
5.3 кесте – Битумды-резиналы мастикаларға қойылатын техникалық талаптар
р/с | Мастика маркалары | Жұмсару температурасы, 0С | Құрамындағы компоненттерінің арақатынасы, массасы б/а % | |||
мастикалар | байланыстырғыш зат | байланыстырғыш зат | резина түйірлері | талшықты толықтырғыш | ||
МБР-Г-55 | 55...57 | |||||
МБР-Г-65 | 63...67 | |||||
МБР-Г-75 | 73...77 | |||||
МБР-Г-85 | 83...87 | |||||
МБР-Г-100 | 97...105 |
Қара май мастикалары арзан байланыстырғыштар (тас көмір шаңы мен антрацит майының балқымасы) мен толықтырғыштар негізінде өндіріледі. Ыстық қарамайлы мастиканың үш маркасы шығарылады: МДК-Г-50, МДК-Г-60, МДК-Г-70. Оларды қарамайлы шиыршық оралымды материалдарды, шатырлық және гидроизоляциялық жұмыстарда бір-біріне біріктіріп желімдеуге және құбырлы өткізгіштерді оқшаулау үшін қолданады. Ыстық қара май мастикаларын қолданар алдында 130-1500С-ға дейін қыздырады.
5.4 кесте – Ыстық қара май мастикаларының техникалық сипаттамалары
р/с | Мастика маркалары | Жұмсару температурасы, 0С | Құрамындағы толықтырғыштардың мөлшері, қара май массасы б/а % | ||
мастика | қара май | талшықты | шаң тәрізді | ||
МДК-Г-50 | 48...50 | - | 25...30 | ||
МДК-Г-55 | 56...59 | 8...10 | - | ||
МДК-Г-60 | 62...65 | - | 25...30 | ||
МДК-Г-65 | 70...74 | 15...20 | 25...30 | ||
МДК-Г-70 | 78...83 | 15...20 | 25...30 | ||
МДК-Г-80 | 90...95 | 20...25 | - |
1- қара күйе үшін қазан, 2 – араластырғыш, 3 – үлестегіштер, 4 – насос, 5 – антрацен майы үшін ыдыс, 6 – қозғалтқыш, 7 – мастика қозғалатын құбырлар, 8 – насос, 9 – дайын мастика ыдысы, 10 – реверсивті насос
5.1 сурет – Қара май мастикаларын дайындаудың технологиялық сызбасы
Пластоэластикалық (қатпайтын, кеппейтін) мастикалар.Бұл типтес саңлаусыздандырғыштарға жоғары молекулярлы полиизобутилен негізінде дайындалған мастикалар жатады. Олар жоғары эластикалық қасиетімен, атмосфера әсеріне төзімділігімен, жабылған бетке жақсы жағылуымен, абсолютті су, бу және ауа өткізбеушілігімен, әртүрлі пішінді жапсар қуыстарын толтыра алатын қабілеттілігімен ерекшелінеді. Бұл топтағы саңлаусыздандырғышқа изол мастикасы, УМ- 40, УМС- 50 жатады.
Изол мастикасының жоғарғы желімдеу және металға, бетонға, шыныға, керамикаға жақсы жабысатын қасиеті болады. Оны битум-резиналы байланыстырғышқа жоғарғы молекулалы полиизобутиленді (тіпті төменгі температурада оның эластикалығын қамтамасыз ететін) канифолды, кумаронды шайырды, 7-сортты ұнтақталған асбест және антисептік қосу арқылы дайындайды. Бұл мастиканы ыстық (80-100°С температурада) және салқын (-45°С –ға дейін) күйінде еріткіштерді қосып (лигроин, бензин, көк май және басқалар) қолданады. Полиизобутиленді мастикалар дегеніміз - эластикалы сұйық және қатты, яғни екі фазадан тұратын бір компонетті жүйе.
Сұйық эластикалық фазаға полиизобутилен, бағалы қасиеттері бастапқы қалпына келтірілген пайдаланылған резина, минералды май, ал қатты фазаға майда ұнтақталған тас көмір немесе күйе, тальк, асбест жатады. Бұл қою, қоймалжың қара түсті зат. Температурасына қарай мастикаларды үш маркаға бөледі: УМ-20, УМ-40 және УМ-60. Бұндағы сандар пайдаланудың төменгі температураралық шегін көрсетеді.
Полиизобутиленді УМС-50 құрылыс мастикасы қою, полиизобутилен, пластификтор, жоғары дисперсті толықтырғыштардан (бор, әк, тас, мәрмәр және басқа) алынатын қоймалжың масса. Бұл мастика қатпайтын саңлаусыздандырғышқа жатады, астарға жақсы жабысады, салыстырмалы ұзару коэффициенті жоғары, атмосфералық әсерлерге тұрақты. Жіктерді мастикамен толтыру шприц арқылы орындалады. Жіктерді толтырар алдында мастиканы ыдысымен 50-60°С – ға дейін термостатта қыздырады. УМС -50 мастикасы негізінен сұр түсті, бірақ қосылған пигмент түріне байланысты әртүрлі болуы да мүмкін.
Полиэфир мастикасы дегеніміз құрамына полиэфирлі шайыр, толуилендиизоционат және минералды толықтырғыштар кіретін, өзін өзі вулканизациялайтын паста. Ол бетонға, металға, ағашқа жақсы жабысады, атмосферада тұрақты, ылғал мен газды өткізбейді. Мастиканы пайдаланатын температура аралығы минус 400С-дан плюс 700С-ға дейін.
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1601;