Саңлаусыздандырғыш материалдар

Түрлі мақсаттағы ірі панельді құрылыстың дамуына байланысты ірі панельдердің арасындағы саңлауларды бітеу мәселесі пайда болды. Саңлаулардың герметикалы бітелмеуі бөлменің ішіне ылғал мен суық ауаның енуіне алып келеді. Цементті ерітінділер қатайған кезде көлемін кішірейтетіндіктен, ондай ерітінділермен саңлауларды бітеуге болмайды және көлемнің кішірейуі нәтижесінде созушы кернеулік пайда болады; әлсіз тербеліс кезінде де бұндай саңлаусыздандыруларда сызаттар пайда болуы мүмкін. Сондықтан келесі талаптарды қанағаттандыратын арнайы саңлаусыздандырушы материалдар мен оларды қолдану технологиясын жасау қажет болды:

- саңлаусыздандырудың сыртқы ортаның кез келген температурасына төзімділігі;

- сауңлаусыздандырғыш материалдың бетонға адгезиясы жоғары болуы тиіс;

- қызмет етуінің барлық кезеңінде адгезия-когезиялық қасиетін сақтауы тиіс.

Сонымен бірге саңлаусыздандырғыш материалдардың биологиялық төзімділігі де жоғары болуы шарт.

Құрылыста саңылаусыздандырғыштарды, ірі панельді үй құрылысындағы сыртқы қабырға панельдерінің жапсарын, құрылыс конструкцияларындағы шөгу мен температуралық жіктерді, есік пен терезе блоктарының қосылған жерлерін, құралмалы шатырлық төселімдердің түйіскен жерлерін және басқа да жағдайларда саңлаусыздандыру үшін қолданады. Саңлаусыздандырғыштар сонымен қатар тунелдер құралмалы элементтерінің жанасқан жерлерін, коллектор, резервуар, гидротехникалық, жер өңдеу құрылысында, шахта желдеткішінде түйіскен жерлерді қымтап бекіту үшін қолданылады. Су қойнауларындағы бетон мен темірбетон бөлшектерін, канал қаптамасының деформациялық жіктерін тығыздап, олардың дыбыс өткізуін төмендету, сондай ақ конструкцияға діріл әсерлерін бәсеңдету мақсаттарына да пайдалануға болады.

Саңлаусыздандыратын материал келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет: созылу қабілетінің салыстырмалы жоғары болуы; ылғал мен газды өткізбеу қабілеті; ұзақ уақыт жұмыс істеуі (әсіресе ауыстыруға мүмкіндігі жоқ конструкцияларда), пайдалану кезінде физико – химиялық және физико – механикалық қасиеттерін сақтауы, саңлаусыздануға жататын конструкцияның дайындалған материалмен жақсы жабысуы; бұзылуға қарсы қасиеттері және атмосфера әсеріне төзімділігі; ауыспалы температура әсеріне төзімділігі, оған қоса пайдалану кездерінде уландыратын заттарды бөлмеуі қажет.

Өндірісте кеңінен өндірілетін саңлаусыздырғыш материалдарды үш түрге бөлуге болады: пішінді эластикалық төселімдер, эластикалық пасталы (кеппейтін) мастикалар және эластикалық вулканизацияланған пасталар.

Пішінді эластикалық төселімдер. Тығыздайтын төселімдер кесіндісі, түрлі пішінді тілім – тілім немесе таспа түрінде шығарылады. Құрылыста ең көп қолданылатыны пішінді төселімдер: пороизол, гернит, УГС, УП-50, пеноуретанды төселімдер және тығыздайтын каучукты таспалар.

Пороизол – кеуекті, шіруге төзімді және тұрақты материал. Температураның +80°С-дан, -50°С-ға дейінгі аралығында жұмсақ майысқақтығын сақтайды, мұнай дистиляттарымен модификацияланған, газбен толтырылған резинаны вулканизациялау арқылы дайындалады. Тағайындалуына байланысты тікбұрышты кесіндісі 40x20 және 30х40мм серппелі тілім ретінде, таспа немесе диаметрлері 10, 20 және 45мм ширақ түрінде шығарылады. Пороизолдың екі маркасы өндіріледі: М - бет жағындағы кеуектері ашық (су сіңіргіштігі 5%), П - тұтас, озонға тұрақты қабыршақты протекторлы қорғайтын қабаты бар (су сіңіргіштігі 1%).

М маркалы пороизолды жапсарға төсегенде, оның бетіндегі тесіктерін бекіту үшін изол мастикасына қабыршықтанып жабылады. П –маркалы пороизолды қосымша өңдеусіз қолданады. Сыртқы қабырғалық панелдердің тік және көлденең жапсарларын бітеп саңлаусыздандыру үшін қолданады.

Пороизолға саңлаусыздану қасиетін беру үшін, оны жікке салар бұрын алдын ала қысады (М- маркасын 30-50%, П –маркасын 15-25% бастапқы көлемінен).

Гернит дегеніміз резиналы кеуекті, сұр-қоңырлау түсті, үстінде ауа мен су өткізбейтін қабыршығы бар төселім. Оны тұрақты, жанбайтын перхлорвинилді каучук - найрит негізінде, диаметрі 20, 40 және 60мм, ұзындығы 3м төселім түрінде шығарады. Созылғанда беріктігі жоғары және жақсы деформациялық қасиеттері бар кеуекті гернит П және тығыз гернит С шығарылады. Гернит өте жоғарғы жұмсақтығымен ерекшеленеді, ол өзінің жұмысшы қасиеттерін +70°С- дан - 40°С- ға дейінгі температура аралығында сақтайды. Ол пороизолға қарағанда қасиеттерін жоғалтпай ұзақ тұрады, созылуы салыстырмалы жоғары. Панельдер арасындағы жапсарларды саңлаусыздандыру, тек олардың жанасқан жерлерінде, 30-40% қысқан кезде ғана іске асады. Гернитті сыртқы панельдер арасындағы тік және көлденең жіктерді тығыздау үшін және метрополитен тоннеліндегі тюбингтер арасындағы жапсарларды тығындаушы ретінде қолданады.

Көлденең жапсарлы тығындаушы дегеніміз, сыртқы түрі жөнінен пороизолды еске салатын, жұмсақ (кесіндісі 4х5 см) кеуекті майысқақ таспа.

Оны істетілген резинаны, немесе резина өнеркәсібінің қалдықтарын, полиизобутиленді, кеуектендіргішті және толтырғышты пайдаланып дайындайды. Пороизолдан ол төменгі серпімділік модульмен ерекшелінеді.

Көлденең талшықты толықтырғыштардың құрамына енетін полиизобутилен, саңлаусыздандырғыштың ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол +60°С–дан - 80°С-ға дейінгі температуралық шекте, материалдың жұмсақ майысқақтығын және серпімділігін сақтауына мүмкіндік береді. Өзінің бастапқы көлеміне жайлап қайта келуіне байланысты, бұл материалды (УГС) тек көлденең жапсарларда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Қалыңдығы 0,5мм УП-50 полиизобутиленді қабыршықты сыртқы панельдердің тік және көлденең жіктерін саңлаусыздандаруға пайдаланады.

Қабыршықты екі қабатты етіп шығарады, жалпы қалыңдығы 1мм. Оны кеппейтін тұтқыр желім КД-50 көмегімен желімдейді. Қабыршық пен желім құрамы жөнінен бірдей. Жіктерді пайдалану кезінде, қабыршық пен желім бір бірінде еріп, бетон бетіне жабысып қалған біртекті масса пайда болады.

Пенополиуретанды саңлаусыздандырғыш төселімдерді (УПП таспасы), жасанды шайырмен қаныққан эластикалы пенополиуретаннан дайындайды. Ұзындығы 2000, ені 50 және қалыңдығы 50 мм өлшемде шығарылады.

Шайырмен қанықтыру полиуретанға гидрофобтық қасиет береді. Пенополиуретан өзінің эластикалық қасиеттерін -40°С дан +80°С –ға дейінгі температуралық аралықта сақтайды. 80-90% -ға дейін жеңіл қысылады және 15-30 минут ішінде бастапқы пішінін толық қалпына келтіреді.

УПП таспаларын панелдің тік және көлденең жапсарларын саңлаусыздандыру, екі жаққа ашылатын терезе жармаларын тығыздауға және де басқа конструкцияларда қолданады.

Тығыздайтын каучукты УЛК деп аталатын таспаларды шайырмен қаныққан көбіктенген резинадан (көлемдік массасы 180-200 кг/м3) алады. Олардың атмосфералық тұрақтылығы жоғары және өзінің қасиеті жөнінен полиуретанды құрамға жақын болады. Олар полиуретандарға қарағанда арзан және ірі панельді ғимараттарда жапсарларды бекітуге ұсынылады.

Пенополиуретанды саңлаусыздандырғыштар. Оларды дайындау үшін, жасанды шайырмен қаныққан қатты пенополиуретанды қолданады. Саңлаусыздандыратын композицияны бекітілетін жерге тозаңдатып үрлейді, сол кезде құрам көбіктеніп өлшемі 8-10 есе өседі де, қатаяды. Саңлаусыздандыру жылдамдығы 1,5-2 м/мин. Пенополиуретанды саңлаусыздандырғыштар су қосылған минералды қышқылдардың әсерлеріне төзімді, атмосферада тұрақты, жылу өткізгіштігі төмен, түрлі беттерге жақсы жабысады.

ЦПЛ-2 мастикасы сыртқы қабырға панельдерінің жіктерін және балкон плиталарының жанасқан жерлерін, сондай-ақ ірі панельді ғимараттардағы терезе мен балкон блоктарының жіктерін бекіту үшін қолданылады.

ЦПЛ-2 мастикасын жұмысты бастар алдында, тікелей құрылыс алаңында, ауысымға қажетті көлемдегі компоненттерді сыйымдылығы 40-50 литрлік араластырғыштарда араластыру арқылы алады. Мастиканы қабырға панелдерінің жапсарларына төсер алдында, жапсар аралары ыластан, тозаңнан тазаланып арнаулы құраммен өңделеді. Бұл мастиканы +150-ден -650С-ға дейінгі температуралық шекте пайдалануға болады.

Саңлаусыздандырғыштармен жіктерді жапқан кезде техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережесін қатаң сақтау керек. Мастикаларды дайындау кезінде, сонымен қатар жұмыс жүріп жатқан кезде, шылым шегуге және ашық от көзін пайдалануға болмайды.

Саңылаусыздандыратын материалдар. ПКП және ГМП маркалы битумды – полимерлі материалдар бу өткізбейді, агрессивті ортаның әсеріне шыдамды. ПКН маркалы битумды полимерлі майысқақ жабылымдар БН – IV немесе БН – V маркалы мұнай битумдарынан (20%), П–100 немесе П–200 маркалы полиизобутиленнен (15%), фенолформальдегидті шайырдан (4%), асбест, тальктен (61%) тұрады. Аталған компонентер 30 мин бойына 130–150оС температурада араластырылады және балқыған материал 5-20 мин аралығында, 70–90оС температура жағдайында төселеді.

Битумды полимер ГМФ – беріктігі жоғары және шыдамды материал. Құрамында БН – IV немесе БН – V маркалы битум, полиизобутилен, фенолформальдегидты шайыр мен толтырғыштар (талшықты және ұнтақты) бар.

Битумды – полимерлі материалдар, шатырды судан оқшаулау үшін пайдаланылады.

 

БӨЛІМ








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1070;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.