Халықаралық ветеринариялық ұйымдар
Ауқымды халықаралық экономикалық байланыстар ветеринария саласында да халықаралық байланыстардың дамуын талап етеді. Бұл үшін біздің еліміздің ветеринариялық қызметі Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның (ВВА), Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы (бұрын ХЭБ), сонымен қатар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және малшаруашылығы мәселелері бойынша бөлімімен (ФАО) және басқа да халықаралық ұйымдармен, ғылыми ұжымдармен қызу қарым-қатынаста жұмыс жасаулары керек.
Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның (БВА) – үкіметтік емес халықаралық ұйым, оның штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. БВА – бұл ертеден келе жатқан үкіметке тәуелді емес кәсіби халықаралық ұйым.
Ветеринариялық медицина тарихындағы бірінші халықаралық конгресс 1863 жылдың 14-18 шілдесінде Гамбург қ. өтті. Бұл конгресте осындай кеңестерді үнемі өткізіп отыру шешімі қабылданды. Комитет Ресми түрде БВА 1962 ж. қатысушы-елдердің Тұрақты Комитетінің өкілдері бекіткен. Оның Конституциясы мен Бүкіл әлемдік ассоциация Ережелері қабылданды. Конституция 32 баптан тұрады, ал Ережелеріне 54 параграф енгізілген. Бұл нұсқамалық құжаттарда БВА басты мақсат, міндеттері, ұйымдастырымдық құрылымы, елдердің және жекелеген ветеринариялық дәрігерлер ассоциацияларының мүшелігі, мүшелік жарналарды төлеу тәртібі, халықаралық ветеринариялық конгрестер өткізуі мен өзге де қызметтік қарекеттері анықталынып, көрсетілген.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңына таман БВА 52 ел мен түрлі ветеринариячлық мамандықтар бойынша 12 ассоциацияларды біріктірді.
Бұл ассоциациялардың мақсаты – тиісті саладағы зерттеулерді дамыту, белсенді түрде ақпараттық, материпалдық алмасулар жасасу, кеңестер конференциялар өткізіп отыру. Олар Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның ассоцирленген мүшелері болуына орай БВА тығыз байланыста қызмет жасайды.
БВА негізін Тұрақты комитет құрайды, ол өз алдына тұрақты өкілдер – БВА мүше елдердің өкілдерінен құралады.
Тұрақты комитет мәжілістері аралығындағы кезеңдері атқарушы билік орындарының қызметі бюроға жүктелінді, оның штатына Президент және бірнеше вице-президент, қазынашы-хатшы, оның орынбасары кіреді.
БВА басты міндеттері: ұлттық ветеринариялық ассоциациялар арасындағы байланыстарды үнемі кеңейтіп отыру; бүкіл әлемдік ветеринариялық конгрестер ұйымдастырып, өткізу; баспалық ақпараттармен, ветеринария туралы кинофильмдермен алмасу; ветеринариялық білім беру ісін жетілдіріп отыруға ықпал ету, ветеринариялық мамандықтардың әлеуметтік жағдайларының нығаюы үшін жағдайлар жасау; мақсаттары ассоциация мақсаттарымен сабақтасатын ұйымдармен қарым-қатынас орнату.
Ассоциацияны президент басқарады, оның көмекшілерін вице-президенттер, қазынашы-хатшы, әкімшілік директор, Тұрақты комитет мүшелері құрайды, Тұрақты комитет жыл сайын мамыр айында Париж қаласына шақыртылып отырады.
БВА өзге ірі халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастық орнатқан.
БВА халықаралық ветеринариялық конгрестері 4 жылда бір рет өткізіледі. Халықаралық конгрестерді ұйымдастыру ісімен Халықаралық ветеринариялық конгрестердің Тұрақты комитеті айналысады. Халықаралық ветеринариялық конгрестердің Тұрақты комитеті туралы Ереже 1906 ж. Бедн-Баден қ. өткізілген арнайы мәжілісте қабылданған. Одан арғы жылдары оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Бірінші халықаралық конгресс Гамбург қ. (Германия) 1863 ж 14 шілдесінде ашылды. Конгресс жұмысына Германия, Англия, Ресей, Швеция, Швейцария, Дания, Норвегия және Австрия елдерінен 101 делегат қатысты. Бірінші ветеринариялық конгрестің басты мақсаты – жануарлардың өлім тудыратын ауруларының этиологияларын, таралу себептерін жылдам анықтау және олардың алдын алу болатын.
Жиырма бірінші конгресс Мәскеу қ. 1979 ж. өткізілді. Конгресс жұмысына 69 елден 4418 адам қатысты, оған сонымен қатар ФАО, БДҰ, ХЭБ, МАЖ т.б. халықаралық ұйымдардан бақылаушылар да қатысты. Конгресс жұмысы Кремль сьездер сарайында өтті. Ондағы 18 ғылыми секцияларда 600 тарта баяндама тыңдалды. Конгресте адамзатты малшаруашылық өнімдерімен, жануар текті өнімдермен, шикізаттармен қамтамасыз етудегі ветеринарияның рөлі, ветеринариялық денсаулық сақтау мәселелері, адамдар мен жануарларға ортақ аурулармен күрес шаралары, тропикалық ветеринария, экология, жануарлар әлемін қорғау, сақтап қалу мәселелері т.б. қаралып, талқыланды.
Конгресс жұмысы барысында алғаш рет Қазақстан елінің ғалымдары мен практика мамандары қатысты. Делегацияны Қазақ КСРО АШМ ветеринария басты басқармасының басшысы Н.Ж.Жанұзақов басқарып барды, ол конгресс президиумы құрамына кірді. Конгреспен бірмезгілде Мәскеу қ. 3-14 шілде аралығында мамандандырылған «Ветеринария-79» халықаралық көрмесі өткізілді, оның жұмысына 20 елден келген 68 шетелдік фирмалар қатысты.
Ветеринария саласындағы ғылыми-практикалық қызмет нәтижелерімен Халықаралық алмасу жануар ауруларымен күресу, әлемдік масштабта эпизоотияларды жою, әлемдік ветеринариялық істі ұйымдастыру бойынша әдіс-тәсілдер іздестіруде адамзатқа үлкен көмегін тигізетін болады.
Қазақстан Республикасында 1990 ж сәуір айында Қазақ республикалық ветеринариялық ассоциациясы құрылды, ол өз қатарына 20 мыңнан астам ветеринар мамандарын біріктірді. Құрылтайшылық конференцияда ассоциация Жарғысы қабылданды, құрамында 35 адам бар ассоциация басшылығы құрылды, ассоциация президиумы 11 адамнан тұрады.
Президиумның бірінші құрамына И.И.Гуславский.- ассоциация президенті; АЗВИ ҒЗЖ істері жөніндегі проректоры, профессор Ш.Ж.Тұрсынқұлов - вице-президент; Алматы қ. бас ветеринар дәрігері, ветеринария ғылымдарыныцң кандидаты, В.Я Азадьян; ҚазКСРО АШМ басветбасқармасы батығының орынбасары Э.Х.Балганбаев; ВАСХНИЛ ВБ ғалым хатшысы ветеринария ғылымдарының кандидаты К.Д Даулетбаев; Алматы қ. қалалық атқару комитеті бөлімінің меңгерушісі Б.К.Кажиров; Республикалық ветеринариялық зертхана директоры З.К.Көжебеков; ВАСХНИЛ ВБ ҚазҒЗВИ директоры, профессор Ж.Б.Мырзабеков; АЗВИ зоогигиена кафедрасының меңгерушісі, доцент С.Б.Сембаев; Республикалық ветеринариялық-өндірістік зертхана директоры М.О.Омаров; Г.В.Цой - «Қаззооветснаб»бірлестігі директорының орынбасары.
Облыстардың көбінде облыстық ветеринариялық ассоциациялар құрылды.
Қазақ ветеринариялық ассоциациясы, бұл - ерікті, дербес, ведомствалық емес ұйым, ол жарғы мен Қазақстан Республикасы заңдары ветеринария мәселелеріне, республиканың жануар аурулары бойынша тұрақты саулығын қамтамасыз ету, қоғамның ветеринариялық ғылым мен практика турасындағы оң пікірін қалыптастыру негізінде бірегей жалпы республикалық ауқымда әрекет етеді.
Халықаралық эпизоотиялық қызмет 1924 жылы 28 мемлекет өкілдерінің ат салысуымен құрылған, Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) орнығу орны Париж қ. болған.
Бюро тұрақты комитеттің басшылығы мен бақылауында қызмет етеді, ол келісімге келген үкіметтердің өкілдерінен құралған. Оның құрамы мен міндеттері жарғы арөқылы анықталынған. ХЭБ ұстап тұруға қажетте қорды келісімге келген мемлекеттер құрайды. КСРО осы ХЭБ бойынша халықаралық келісімге 1927 қосылған.
ХЭБ әр елдердегі ветеринариялық қызметтің басқару органдарымен байланыс құрған. Бюро тұрақты комитет пен оның әкімшілік комиссиясының басқаруында қызмет етеді, ол жыл сайынғы басты сессиялар арасындағы үзілістерде комитет атынан әрекет жасайды. Соңғы сессияларында 3 жылдық мерзімге ХЭБ төрағасы (президенті) мен әкімшілік комиссиясы сайланады. Қазіргі таңда ХЭБ мүше-елдер саны 110 асады.
ХЭБ ветеринариялық қызметтердің басқару органдарымен және ФАО, БДҰ, микробиологиялық заттардың халықаралық ассоциациясының микробиологиялық стандарттау бөлімі, Лейкемия бойынша халықаралық комитет, малшаруашылығы бойынша халықаралық бюро, Зооноздар бойынша Панамерикалық орталық, Жануарларды қорғау бойынша бүкіләлемдік ұйым, Бүкіләлемдік ветеринариялық ассоциация, халықаралық суық институты, теміржолдардың, теңіз, әуе және автомобиль жолдарының халықаралық одақтары, Еуропалық экономикалық қауымдастық, Еуропалық одақ пен бірқатар өзге халықаралық ұйымдар сынды өзге халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастықты ұстанып отырады.
ХЭБ басты міндеттері: халықаралық қарым-қатынастық құрылуын қажет ететін инфекциялық аурулардың патологиясына немесе профилактикасына қатысты кез-келген қызығушылық тудыратын зерттеулерді координациялау; үкімет пен ветеринариялық басқару органдарына ортақ қызығушылық тудыратын және ауру эпизоотиясына, онымен күрес шараларына қатысты факттар мен құжаттарды жинау және жеткізу; жануарларды ветеринариялық-санитарлық қадағалауға қатысты келісім жобаларын зерттеу және аталған келісімдерге қол қойған үкімет құзырына олардың орындалуын бақылау мүмкіндігін беру.
ХЭБ Бүкіл әлемдік ақпараттар қызметін ұйымдастырды. ХЭБ жіктеуі бойынша жануарлардың негізгі аурулары екі категорияға бөлінген: А тізімі аурулары және Б тізімі аурулары. Қазіргі уақытта аталған ұйым мүшелері қатарына 174 ел кіреді: Американың 29 елі, Африканың 50 елі, еуропаның 52 елі, Таяу Шығыстың 13 елі және Азияның 30 елі.
Қазақстан Республикасының Астана қ. 2010 жылдың 20-24 қыркүйегі аралығында Республика үкіметінің шақыруы бойынша халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) Еуропа бойынша 24-ші Өңірлік комиссиясының Конференциясы өткізілді. Қазақстан 1995 жылдан бері ХЭБ мүшесі болып келеді, конференция ҚР алғаш рет өткізілді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов қатысты. Ол Қазақстан бұдан былай да жануар ауруларымен күресу және малшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында ХЭБ ұсыныстарын ұстанатын болатынын жеткізді. Қатысушылар ХЭБ Санитарлық кодексінің жаңартылған нұсқасын, Қазақстан мен жалпы әлемде орын алып отырған трансшекаралық аурулар бойынша ағымды эпизоотиялық хал-ахуалды талқыға салды. Конференция ХЭБ мүше-елдердің ветеринариялық қызметтерінің позицияларын нығайту, ветеринариялық шекаралық бақылауды бақылауды жоғарылату және жануарлардың аса қауіпті аурулары орын ала қалған жағдайда бірін-бірі ерте ескерту мен жауапты әрекеттер жасау бойынша қарым-қатынастықта жұмыс жасау мүмкіндігін жоғарылату мақсатына арналды. Конференция жұмысына 44 Еуропа, ТМД, Балтық жағалауы елдерінен 107 делегат пен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
ХЭБ мүшелері болып табылатын барлық елдер, сонымен қатар кейбір өзге елдер белгіленген тәртіпте айына бір рет А тізіміне жататын (15 ауру) инфекциялық аурулар бойынша сау емес мекендер жайында мәліметтер жіберіп отырады: аусыл, ірі қара мал обасы, ірі қара малдың жұқпалы плевропневмониясы, қойлар мен ешкілердің шешегі, киеңкі, шошқалардың классикалық обасы, шошқалардың везикулярлық ауруы, жұқпалы түйінді дерматит, қойлардың катаралды қызбасы (блутанг), жылқылардың африкалық обасы, шошқалардың африкалық обасы, Рифт даласының қызбасы, қой мен ешкілердің обасы, құс обасы, Ньюкасл ауруы.
Аталған аурулардың біріншіліей немесе қайталанып байқалуы кезінде 24 сағат телеграмма, телекс немесе факс арқылы хабар жіберіледі.
Жылына бір рет күресу шараларын ұйымдастыру үшін халықаралық ынтамақтастық қажет етілетін А және Б тізіміндегі аурулар бойынша (90 ауру) есеп беру жұмыстары тапсырылып отырады. Осы уақытқа дейін ауру тіркелінбеген елдерде аса қауіпті аурулар байқалған кездері ХЭБ ақпаратты телеграф, телекс және факс арқылы бірден жөнелтеді. ХЭБ жинақтаған мәліметтер белгіленген тәртіпте маңыздылығына орай елдер мен қызығушылық танытқан тараптарға жіберіліп отырады.
ХЭБ материалдары әлем елдеріндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат көзі болып табылады. Бұл материалдарды біздің еліміздің аумағын жануарларды, жануар текті өнімдерді және шикізаттарды импортттау кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру үшін, шет елдермен ветеринария саласында конвенцияларды дайындау, біздің ел мамангдарының шет елдерге шығуы кездерінде шет елдік ғалымдаормен жұмыстар жасау үшін пайдаланады.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1164;