тақырып. Халықаралық туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері
Дәріс 13.
1. Туризмнің елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсері
2. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы
Дәріс 14.
1.Туризм инфрқұрылымын дамыту
2. Туризм саласындағы танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ашылуы
Қазақстанның тәуелсіздік алып, реформаларды жұргізуі барысында еліміздің экономикасы тұбегейлі өзгерістерге ұшырады: мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасап, кәсіпкерлік қызметтің барлық тұрлерін кеңінен өрістету бағытында көп кұш-жігер жұмсады. Жаңадан көптеген шағын және орта кәсіпорындар; сонымен бірге туризм саласында жеке кәсіпорындары құрылды.
Қазақстанның теңдесі жоқ табиғи әлеуетін және мәдени мұрасын пайдалана отырып, әлемдік экономикадағы туристік салаға еніп, Республикадағы туризмді қарқынмен дамытып, тұрғын халықтың табысының тұрақтылығы мен еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету экономикадағы стратегиялық басымдылықтардың бірі болып табылады.
Туристерді тасымалдау туристік индустрияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қазақстанда туристік тасымалдаулар эуе, автокөлік және темір жол транспорты көмегімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еуразия орталығында, яғни Еуропа мен Азияның эуежайлық, транспорттық, және экономикалық артерияларының тоғысында орналасқан.
Туризм саласын дамытудың басты міндеті- шет елдік туристер үшін Республиканың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұгінгі таңда туризмнің рөлі мен маңыздылығы Қазақстан экономикасында артып отыр. Тек қана соңғы үш жыл аралығында туристік саяхат саны орташа есеппен 187,6 мың адам болды. Өкінішке орай, туризм саласы Қазақстан экономикасы үшін тиімділігі төмен сала болып отыр. Қр Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2003 жылы елдегі туристерге көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде елден кету туризмінің үлесі - 45,9 % құраған, ал елге кіру туризмінің үлес салмағы бар жоғы -16,2 % құраған.
ТМД елдері мен басқа да әлемдегі елдердің арасындағы қатынасты салыстыратын болсақ, онда елге кіру туризмінің үлес салмағы ТМД елдерінде 13,7 %, ал басқа да әлемдегі елдердің үлесі 86,3 %. Елден кету туризмінің ТМД елдеріндегі үлес салмағы 11,9 %, ал басқа да әлемдегі елдердің үлесі 88,1 %.
Бұл көрсеткіштер, елімізде негізінен халықаралық туризмнің даму тапқандығын білдіреді. Елден кету туризмінде «шоп-туризмнің» басым бағытта дамып отырғандығын байқауға болады.
ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы елдегі туристерге көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде елден кету туризмінің үлесі және елге кіру туризмінің үлес салмағы төмендегі 12 кестеде келтірілген.
10- кесте
01.01.2010 ж. ҚР туризм түрлері бойынша туристерге қызмет көрсету, (мың адам)
Туризмнің түрлері | Қызмет көрсетілген туристер саны | ||
адам | Туризм түрлеріне | удельный вес | |
Барлығы: | үлес салмағы, % | по странам, % | |
Елге кіру туризмі | 16,2 | ір | |
ІМД | 13,7 | ||
Басқа елдер | 86,3 | ||
Елден кету туризмі | 45,9 | 1р | |
шд | 11,9 | ||
Басқа елдер | 88,1 | ||
Ішкі туризм | 37,9 |
Туризм саласының дамуында елдегі автомагистральдарды қайта жарақтау, және де елдегі тарихи және архитектуралық мұражайларға алып баратын жолдарды жөндеу маңызды болып табылады.
Жол магистральдарының көрсетілген бағыттары ¥лы Жібек жолы маршрутының негізгі бағыттарымен сәйкес келеді.
Қонақ ұйлердің саны, бірлік | |||||
Жайғастырылатын адамдар саны, мың адам | 182,1 | 136,2 | 131,9 | 103,7 | 123,7 |
Барлық нөмірлер саны, бірлік | |||||
Бір мезгілдегі сиымдылығы, орындар | |||||
Кұндер саны, | 313,9 | 242,6 | 313,3 | 209,7 | 278,4 |
Қонақ ұй қорын пайдалану коэффициенті | 0,21 | 0,18 | 0,20 | 0,16 | 0,22 |
Қазақстандағы тамақтандыру индустриясы соңғы кездері қарқынмен дамуда.
Бұл индустрия құрамына мейрамханалар, кафе, бар, асхана және басқа да дайын тамақпен қамтитын кәсіпорындар кіреді.
ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2004-2010 ж.ж. аралығында мейрамханалар, кафе, бар, асхана және басқа да дайын тамақпен қамтитын кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі екі еседен артық өскен және 2010 жылы тамақтандыру индустриясының көрсетілген қызметінің көлемі 1,14 млрд. тенге болды (13-кесте).
Соңғы бес жылда тамақтандыру индустриясының өсімі 106,58 % құрады. Бұл көрсеткіш тамақтандыру индустриясының тұрақты дамып отырғандығын көрсетеді.
13-кесте
1 жылы мейрамханалар, кафелер, барлар және басқа да дайын тамақпен жабдықтайтын кәсіпорындардың көрсетілген қызметтерінің көлемі
Жылдар | млн. тенге | Пайызбен | |
2010 жылға | 2009 жылға | ||
540,9 | 116,6 | 116,6 | |
742,5 | 97,4 | 113,6 | |
918,8 | 102,6 | 116,5 | |
995,7 | 101,9 | 118,7 | |
1143,8 | 114,4 | 135,8 |
Қазақстанның көңіл көтеру индустриясының құрамына саябақтар, театр, цирк, мұражайлар және басқа да көңіл көтеретін мекемелер жатады. Осы жерге сонымен бірге, қорықтар мен табиғи бақтар да кіреді. Қазақстанда 8 табиғи ұлттық парктер, 6 қорық және 69 табиғат ескерткіштері кіреді.
2005 ж. басына Республикада 48 театр, 143 мұражай, 3462 кітапхана, 2042 клубтық типтегі мекемелер тіркелген (16-кесте ), [30, с. 105].
Туристерге жоғары сапалы қызмет түрлерін көрсету үшін және де олардың қаіупсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде автотрассаларды кұрделі жөндеулерден өткізіп, жолдың сапасын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шет тілдерде ақпараттық табло мен жол сілтегіштерді трасса бойына орналастыру қажет.
Туристерді транспорттың барлық тұрлерімен тасымалдаудан тұсетін кірістер 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 8,9 % артып, жалпы сомасы 12726 мың тенге құрады (14- кесте).
Қонақ ұй шаруашылығы туристік индустрияның негізгі құрамды бөлігі болып табылады.
Қонақ ұйлер туризм саласына табыстардың ең көп бөлігін қамтамасыз ететін бағыттардың бірі болып табылады. Әлемнің барлық мемлекеттері қонақ ұй саласын дамытуға үлкен көңіл бөледі.
Қонақ ұй индустриясы құрамына қонақ ұйлер, мотельдер, жол бойындағы және су жағалауындағы қонақ ұйлер, сонымен бірге туристерді жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдары кіреді.
Туристерді жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдарына жататын жайдан басқа арнайы қызмет тұрлерін көрсетуге маманданатын құралдар кіреді. Мысалы, сауықтыру орындары немесе когресс-орталықтар.
Қонақ үйлер көрсеткен қызметтердің көлемі
Кэсіби театрлар Республикада эзірге мемлекеттің меншігінде қалып отыр. Оның негізгілері Алматы, Шымкент және Астана қалаларында шоғырланған.
2003 ж. театр ұжымдары 8134 спектакль мен көріністер қойған, оның ішінде 1620 - гастрольдық және басқа қалалардағы қойылымдар. Көрермендер саны 1482,5 мың адам,көрермен залындағы орындар саны -18637 құрады.
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарының бастапқы кезеңдерді халықаралық туризмнің қарқынмен дамуы көрсеткіштерімен сипатталады.
Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туриза әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 –дей нысаны бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий – профилакторий, 10 аішы үйі мен 8 профилакторий жұмыс істейді. Туристік нысандар мен туризм саласына қатысты басқа да жұмыстарды қаржыландыруға 2007 жылы 22 млрд. 447 млн. Теңге бөлінсе, 2009 жылы бұл сома - 28 млрд. 194 млн. 328 мың теңгені, 2010 жылы 30 млрд. 115 млн. Теңгені құрады. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен және жеке кәсіпкерлер тарапынан қарастырылды.
Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай – ақ колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір дол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе компаниясы жұмыс істейді.
Ал, экономикамыздың күретамыры – темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде «Қазақсатан темір жолы» ұлттық жолаушылар тасымалдау» компаниясы туризм әкімшілігімен және «Тұран Азия» компаниясымен бірлесіп, «Жібек жолының маржаны» атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға алынды.
Туристерді автокөлікпен тасымалдау мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін. Біз туристік ұйымдардың қызметіне де қатаң талаптар қоюымыз қажет. өйтпеген жағдайда саланы дамытуда біраз кедергілерге тап болатынымыз анық.
Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі – олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.
Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф Янушкевич: «Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн кешпес едім», - деп жазды Алатау жағасында тұрып.
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.
Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауданының Көкжар елді мекенінде марал шаруашылығы, бал өндіру орталығының жұмысы жақсы жолға қойылғаның айта кеткен жөн. Бұл маңда аю, сілеусің, барыс, жабайы шошқа сияқты аңдар, жабайы құстардың неше түрі мекен ететіні турист қауымын қызықтырмай қоймайды.
Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік өрнектерге ұласқан абзал.
Тарихи мекен – жайлар ежелгі салт – дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалау, «Қыз Жібек» жырындағы көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші – қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.
Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін спутниктік, талшықты – оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық «Паблик релейшнстің» тұрақты приципі «ауқымды ойлап, абайлап қимылда» болу керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе – жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.
Біз ұсынар және бір бағыт – шет елдік туристерді ескі қалалардағы қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық, Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме.
Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондаағы басты идея – тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел тамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашақта қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.
Жақында Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласына қатысты қойған міндеттерді іске асыру мақсатында туризм дамытуға мүдделі өзге де министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп Үкімет жанындағы туризм жөніндегі кеңеске арнайы жоспар мен туристік кластер жобасын ұсыну керектігі жөніндегі шешім қабылдады.
Бүгінде туризм – қай елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Сол үшін барлық елдер оған қаржыны аямай төгіп жатыр, бұл сайып келгенде мемлекеттің имиджін қалыптастыру үшін жұмсалып жатқан нәрсе ғой, яғни Қазақстанның шетелдерге қалай насихатталып жатқандығы. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік Туристік ұйыммен қарым – қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
8-тақырып Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Дәріс 15.
1.Халықаралық құқықты реттеу
2. Қауіпсіз,мамандандырылған және экономикалық тұрғыдан тиімді халықаралық әуе тасымалдау
Дәріс 16.
1. Халықаралық стандарттар мен нормаларды сақтау
2. Туризм үшін кедендік жеңілдіктер
Халықаралық қатынастардан туындайтын қорытындыларды жан-жақты талдай келе біз халықаралық туризм барлық уақытта халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінушілікті дамытып отырғанын, бейбітшілік пен достықтың нығаюына үлкен үлес қосып отырғанын көруімізге болады. Сонымен қатар халықаралық туризм барлық уақытта сыртқы экономикалық, сауда және мәдени қарым қатынасты күшейтеді. Халықаралық қарым қатынастың дамуы үшін туризм барлық жағынан алғанда да тек қана жағымды жағынан көрінеді. Туризм дамуы үшін мемлекеттердің арасында өзара байланыс болуы керек. Егер қандай да бір мемлекет шетелдік туристтердің сол елге келуіне қолайлы жағдай жасамаса ол елге шетелдік туристтердің келе қоюы күмәнді нәрсе. Жалпы шетелдік туристтердің арасында бір бірін нәсілдік кемсіту, бірінен бірін кем не артық санау қатынастары пайда болса туризм үшін бұдан жаман нәрсе жоқ. Ол жерде туризм мүлдем дамымай қалады не жойылады. Сондықтан да барлық мемлекеттер халықаралық ынтымақтастыққа кіруі үшін әуелі өз елінің ішінде туризмге деген адамдардың жағымды көзқарасын тудыруы міндетті нәрсе.
Халықаралық туризмді дамыту кезеңдерінде көптеген сатылар болды. Қазіргі күнде осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтудің бірнеше жолдары қалыптасқан. Оларға мына төменде көрсетілген салаларды жатқызуға болады:
· Туристік байланыстарды елдердің арасындағы түсінушілік пен сенімді арттыру үшін пайдалану;
· Туризмді екі елдің арасындағы өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамыту үшін пайдалану;
· Туризмді ғылыми техникалық, мәдени салаларда жұмыс істейтін ұйымдардың арасындағы байланысты күшейту үшін және жеке адамдардың арасындағы қарым қатынасты күшейту үшін пайдалану;
· Осы жоғарыда көрсетілген қатынастарды дамытуда екі елдің арасында туристік ақпаратты бір бірімен кең түрде ауыстырып отыру, бірлескен түрде ортақ стандарттарды және туристтерді күтудің технологиясын жасап шығару, түрлі туризм саласындағы іс қағаздарын жеңілдету т.б.
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық негізінен екі формада дамиды.
1. екі жақты негіздегі ынтымақтастық;
2. көп жақты негіздегі ынтымақтастық.
Бұл саладағы ынтымақтастық екі ел өзара туристік байланыстарды күшейту үшін ұзақ мерзімдік келісімге келген жағдайда пайда болады. Келісім шартта ынтымақтастықтың мақсаты, оның формалары және іске асыру әдістері кең түрде көрсетіліп, келісім шартқа мемлекет аралық немесе үкімет аралық дәрежеде қол қойылады. Мұндай келісім шартқа келу екі ел үшін де тиімді. Себебі жұмысты жүргізу үшін қандай да бір жаңа ұйым құру қажеттілігі туындамайды. Қазіргі күнде әлемдегі көптеген елдердің арасында екі жақты келісім шартқа қол қойылған. Ресей Федерациясында да мұндай келсім шарт түрі кеңінен қолданылып отыр. 1990-2000 жылдардың арасында Ресей елі әлемнің 20 астам елімен осындай келісім шартқа қол қойды. Әлемдегі туризм жақсы дамыған Греция, Кипр, Турция, Египет, Израиль, Финляндия, Қытай, Аргентина т.б. елдермен келісім шарт жасалынған.
Келісім шарт негізінде оған қол қоюшы екі ел туризм екі елдің арасындағы экономикалық және мәдени байланысты дамытуда үлкен рольге ие болып отқанын мойындайды және болашақта ынтымақтастықты күшейту үшін туризмнің одан да үлкен мәнге болуы үшін күреседі. Келісім шарт екі елге де тиімді болуға тиіс. Ол үшін келісім шартта мына мәселелер қаралады:
· Екі елдің де туристік ұйымдары арасында ынтымақтастықты күшейту және бірлесіп жұмыс істеуге кең түрде жол ашу;
· Түрлі шекаралық, кедендік тексерулерді барынша шектеу;
· Екі елдің арасындағы туристік байланыстардың көлемін барынша ұлғайту, жекелеген адамдардың келіп кетуіне жағдай жасау;
· Туристік ақпарат ағымын күшейту;
· Туристік саладағы маманданған кадр мәселесін шешу үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастыру;
· Екі елдің арасындағы туристік әкімшілік салалындағы жұмысты Бүкіләлемдік туристік ұйымның және басқа да халықаралық туристік ұйымдардың шешіміне сәйкес ұйымдастыру;
· Туристік жарнамалық ақпараттық бюро ашу, ол екі елдің көлемінде жұмыс істеуге тиіс.
Келісім шартқа қол қоюшы екі елдің өзінің ішінде жұмыс істейтін ұлттық туристік ұйымдар немесе министрліктер осы келісім шарттағы келісім бойынша жұмыс ұйымдастырады. Олар өзара үнемі жолығып отырады, белгіленген уақыт ішіндегі атқарылған жұмысты қорытындылайды және келешекте атқарылатын жұмысты белгілейді.
Көп жақты негіздегі ынтымақтастық
Мұндай келісім шарт бірнеше елдердің арасындағы туристік байланысты күшейту үшін жасалынады. Мұндай келісім шарт жасалыну үшін тұрақты түрде халықаралық кеңестер, форумдар өзкізіліп, онда туризм мен саяхат мәселесі қаралады. Осындай үлкен халықаралық дәрежедегі кездесулер кезінде жаңа халықаралық дәрежесі бар туристік ұйымдар құрылады. Дәл осы күндері туризм саласын дамытуда БҰҰ үлкен жұмыстар атқаруда. Ол өзінің құрылған алғашқы күнінен бастап –ақ туризмге үлкен мән берді және оның дамуы үшін көптеген халықаралық маңызы бар құжаттар қабылады. Оларға біз мыналарды жатқызуымызға болады:
· Жалпыға бірдей адам құқығы туралы декларация, ол 1948 жылы қабылданған, оның 24 бабында былай деп көрсетілген «Әрбір адамның демалуға құқығы бар, өзінің бос уақытында және ақылы демалыс уақытында ол адам демалуға ерікті»;
· 1966 жылы қабылданған экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық Пакттің 7 бабында «Барлық мемлекет өзінің көлемінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтарға демалуға құқық беруге міндетті» деп көрсетілген;
· 1966 жылы қабылданған азаматтардың азаматтық және саяси құқығы туралы Халықаралық Пакттің 12 бабында «Әрбір азамат өзі өмір сүріп отырған елдің территориясынан шығып кетуге құқылы» деп көрсеткен.
БҰҰ-ның халықаралық туризм мәселесі бойынша жұмыс істейтін басты органы – Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік кеңес, Секретариат. Оларға жәрдемдесетін Еуропа, Азия, Америка және Африка елдері бойынша жұмыс істейтін аймақтық экономикалық комиссиялар. Олар да міндетті түрде аймақтық туризмнің дамуы үшін кең түрде жұмыс істейді. БҰҰ-ның құрамына кіретін көптеген арнаулы бөлімдер де туризм мәселесімен шұғылданады. Оларға біз мыналарды жатқызуымызға болады:
· БҰҰ-ның ағарту, ғылым және мәдениет саласы бойынша жұмыс істейтін бөлімі (ЮНЕСКО). Бұл ұйым әлемдік дәрежедегі мәдени тарихи мұраларды сақтап қалумен және туризмді дамытумен айналысады. Ұйым шын мәнінде тарихи орындарды қорғап қалу мен қайта қалпына келтіруде үлкен рольге ие болып отыр. Ол сол сияқты кадрлар дайындау, техникалық стандарттарды белгілеу, ақпараттарды ауыстыру саласымен де шұғылданады;
· Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ). Бұл ұйым еңбек шарттары, кәсіптік білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысқа жалдану, жұмыс беруші мен жалданушының арасындағы қарым қатынас сияқты мәселелермен айналысады. Туримз саласымен де шұғылданады;
· Азық ауқат және ауылшаруашылық мәселесі бойынша жұмыс істейтін ұйым (ФАО). Бұл ұйым туризм саласында жұмыс істейтін түрлі әкімшілік орындарына әртүрлі елдердегі орман, балық, табиғат ресурстары туралы, ұлттық парктар мен т.б. табиғи объектілер туралы мәлімет бере алады;
· Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымы (ВОЗ). Бұл ұйым да туризм саласында қолданылатын санитарлық шектеулер, түрлі жұқпалы ауруларды таратпауға арналған күресті ұйымдастыру, халықаралық туристтер мен саяхатшылардың денсаулығын сақтау мәселесімен шұғылданады;
· Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО). Ұйым халықаралық дәрежедегі туристтер мен саяхатшыларды тасымалдаумен шұғылданады;
· Халықаралық дәрежедегі қайта құру мен даму банкісі (МБРР). Бұл банк үлкен-үлкен туристік жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөледі және де әлемнің көптеген жерлерінде БҰҰ-ның халықаралық туризм бойынша жұмысына қаржылай жәрдемдеседі.
БҰҰ-ның құрамында жұмыс істейтін сауда мен даму жөніндегі конференция (ЮНКТАД) мына төмендегі көрсетілген мәселелер бойынша жұмыс істейтін арнаулы бөлімдерін құрған:
· Туризм саласындағы болашақта үлкен мәнге ие болатын жобаларды жасау;
· Халықаралық туризм саласының негізгі салаларды дамытудың келешектегі жоспарлары;
· Халықаралық туризм саласының статистикасын дамыту;
· Халықаралық туризм саласының дамуына әсерін тигізетін мәселелерді талдау мен оны шешумен айналысу.
Халықаралық дәрежедегі туризмді дамытуда БҰҰ ұйымдастырып отырған түрлі кеңестер мен форумдар үлкен роль атқарады. Біз төменде осындай мәнге ие болған бірнеше үлкен кездесулерді атап кетеміз. 1963 жылы Рим қаласында халықаралық туризм мен саяхатты дамыту үшін БҰҰ-ның конференциясы өтті. Бұған 87 елден өкілдер қатысты. Көнференцияда негізінен мына мәселелер қаралды:
· Халықаралық туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастықты күшейту. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру, түрлі консультативтік жәрдем көрсету, мамандар дайындау, ақпараттар ауыстыру;
· Халықаралық дәрежедегі шетелдік туристтердің құқықтық жағдайын жасау. Осы мәжілісте «Турист», «уақытша келіп кетуші» т.б. туристік ұғымдарға түсінік берілді.
Бүкіләлемдік Туристік ұйымның ұйымдастырумен өткен Бүкіләлемдік туризм жөніндегі конференция. Оған әлемнің 107 елінен өкілдер келді. Конференция 1980 жылы Манилада (Филиппин) өтті. Кездесу кезінде тағы да халықаралық туризмнің саяси мәніне талдау жасалынды, оның дамуы үшін қауіпсіздік мәселесінің шешілуіне, бүкіләлемде тыныштық орнауына көңіл бөлінді. Туризмнің дамуына қажетті әлеуметтік экономикалық мәселере бойынша көптеген шешімдер қабылданылып, оны өмірде жүзеге асыру үшін қажетті шарттар белгіленілді. Кездесу нәтижесінде барлық елдер қол қойған Туризм бойынша Манила Декларациясы атты келісім шарт дүниеге келді. Бұл келісім шартта туризмнің мемлекеттер арасындағы алатын орнына, оның қажеттілігіне, жалпы туризм саласының дамуы үшін қажет болып отырған мәселелерге, туризм саласына жұмыс істейтін адамдардың мамандануына, олардың құқықтық статусына, техникалық мәселелерге, түрлі кедендік мәселелердің шешілуіне т.б. кеңінен талдау жасалынды. Осы Манила конференциясының шешімімен әр жылы 27 қыркүйек Бүкіләлемдік турист күні болып белгіленді.
Туризмдегі қауіпсіздік мәселесіне өте көп көңіл бөлген кездесулердің бірі 1975 жылы Хельсинки қаласында өткен Еуропа елдерінің арасындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы кеңес. Бұл кеңеске 33 еуропа елінің басшылары мен АҚШ және Канада елдерінің басшылары қатысты. Кеңеске қатысушы барлық мемлекет халықаралық туризмнің өмірге керек екеніне толық келісті және оның дамуы үшін ынтымақтастықтың керек екенін толығынан мойындады. Алдағы уақытта осы саланың дамуы үшін мына төмендегі іс шараларды жүзеге асыру керек деп келісім шартқа қол қойды:
· Туризмнің материалдық техникалық базасын жақсарту мен дамыту үшін ынтымақтастықты күшейту;
· Туризм саласы бойынша бірлескен жобалар жасау, оны техникалық жағынан қолдау;
· Туризм саласы бойынша ақпараттармен ауысу;
· Туристік фирмалар мен тасымалдау компанияларының жұмысына жағдай жасау;
· Маусымдық емес кезеңде ұйымдастырылған туристік саяхаттарға қолдау көрсету;
· Туризм саласы бойынша жұмыс істейтін мамандарды дайындауды күшейту, бір біріне студент өкілдер жіберу;
· Туристтердің іс қағаздарын барынша жеңілдету;
· Қоршаған орта мен тарихи мәдени орындарға туризмнің тигізетін зиянын барынша азайту;
· Алдағы уақытта халықаралық туризмнің дамуы үшін түрлі конференциялар мен симпозиумдар өткізіп отыру.
Осы кеңестің шешімі бойынша қабылданған мәселелерді орындау үшін жан жақты дайындалған мамандардың кездесуін ұйымдастыру мәселесі де қолға алынды.
Туризмнің дамуына үлкен үлес қосқан кездесулердің бірі 1989 жылы Гаага қаласында өткен парламент аралық конференция. Бұл кездесуді Бүкіләлемдік туристік ұйым мен Халықаралық парламенттік ұйым ұйымдастырды. Оған 51 елдің парламенттерінен өкілдер қатысты. Жұмыстың аяғында конференция туризм бойынша Гаага декларациясын қабылдады. Декларацияда халықаралық туризм дамуы үшін қажет болып отырған 10 негізгі принципті атап көрсетті. Негізгі мәселелер ретінде мына төмендегі қажеттіліктер атап көрсетілді:
· Қоғамның дамуындағы экономикалық және әлеуметтік мәселелер құрамындағы туризмнің алатын орны. Сол уақыттағы туризмнің күн сайын күшейіп келе жатқан мағынасын еске ала отырып, Конференция алдағы уақытта туризм комплексті негізде дамуға тиіс. Ол үшін туристік инфрақұрылымды дамыту керек, туристік сала бойынша мамандар дайындау керек, қоршаған ортаны қорғау керек, туризм мен саяхат саласы бойынша жұмыс істеп жатқан кіші бизнесті кең түрде қолдау керек деп шешім қабылдады;
· Туризм дамуына кедергі келтіріп отырған нәрселердің бірі туристік іс қағаздар, оны барынша кеміту туризмнің дамуына жол ашады деп атап көрсетті;
· Туристтердің қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселесі, ол үшін көптеген мемлекеттердің ішкі заңдарында, ережелерінде өзгертулер енгізуге тура келеді, түрлі табиғи апаттар кезінде туристтер мемлекет тарапынан қолдау және қорғау көруге тиіс. Декларация бойынша барлық елдердің парламенттерін туризмді дамытуға қажетті жаңа заңдар қабылдауға шақырды.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2704;