транссудациясын жасау. 2 страница

Іс-әрекеттің реті:

1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.

3. Шымылдық кұрыңыз.

4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.

5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінін жанына

әкеліңіз.

6. Жыныс мүшелерін жалаңаштаңыз.

7. Жыныс мүшесінің басын ашыңыз.

8. Жыныс мүшесінің басын ұш жағын абайлап тарта отырып жуыңыз.

9. Жыныс мүшесінің басын уретра тесігінен сыртқа қарай бағыттап айналдыра отырып дымқыл мақтамен жуыңыз.

10.Жыныс мүшесінің ұшын қалпына келтіріңіз.

11 .Ұманы жуу үшін науқасқа аяғының арасын ашуын өтініңіз.

12.Ұманы, оның үстіндегі тері қыртысын дымқыл мақтамен жайлап жуыңыз. Құрғатыңыз.

13. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз. Құрғатыңыз.

14. Шап аралығын тұтас жуып, құрғатыңыз. Дәрет ыдысын алып

тастаңыз.

15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа

салыңыз.

16. Науқасқа ыңғайлы жатуына кемектесіңіз.

17. Науқастың төсегін реттеңіз.

18. Қолданылған заттарды өңденіз.

19. Қолдарыңызды өңдеңіз.

Төсек тартып жатқан науқастар физиологиялық шығарымдарын төсекте орындауға мәжбүр. Сондықтан дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты мейірбике береді.

Дәрет ыдысын беру

Төсек тартып жатқан науқастарға ішегін және қуығын (әйелдер) босату үшін дәрет ыдысын беру қажет. Қалыпты жағдайда адам үлкен дәретке тәулігіне 1 рет, ал кіші дәретке тәулігіне 5-6 рет отырады. Дәрет ыдысы резеңке, эмалданған, пластмасс болады.

Дәрет ыдысын, клеенка, шымылдық дайындау.

Іс-әрекеттің реті:

1.Таза зарарсыздандырылған дәрет ыдысын ағынды жылы сумен шайыңыз. Дәрет ыдысында біраз су қалдырыңыз.

2. Қолдарыңызды жуыныз, қолғап киіңіз.

3. Науқастың төсегін қоршағандардан шымылдықпен бөліңіз.

4. Науқастың оң жағына тұрыңыз.

5. Науқастың жамбасының астына клеенка төсеңіз.

6. Сол қолыңызды науқастың кұйымшағынын астына салып, бөксесін көтеріңкіреңіз (науқастың аяқтарын тізесінде бүгілген).

7. Оң қолынызбен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қойыңыз.

8. Үлкен дәретке отырғаннан кейін дәрет ыдысын, клеенканы алып тастаңыз. Дәрет ыдысын клеенкамен жабыңыз, дәретханаға апарып, ішіндегісін төгіңіз. Науқастың астын жуып шайыңыз. Шымылдықты алып тастаңыз.

9. Дәрет ыдысын босатқаннан кейін оны ыстық сумен мұқият жуып, 1-2% хлорлы әк, 3% хлорамин ерітіндісімен зарасыздандырады.

Зәр қабылдағышты беру

Іс-әрекет реті:

1. Колғап киіңіз.

2. Зәр кабылдагышты жылы сумен шайыңыз.

3. Науқастың төсегін коршағандардан шымылдыкпен белініз. Мүмкіндігіне қарай баска науқастардьщ палатадан шыгуын сұрайсыз.

4. Зәр қабылдағышты беріп, устін жабыңыз.

5. Зәр шығарғаннан кейін, зәр қабылдағышты босатып, оны зарарсыздандырыңыз да артынан жуыңыз.

6. Клеенканы алып, науқасты ыңғайлы жатқызыңыз, оның үстін жауыға, шымылдықты алып тастаңыз.

Зәр қабылдағышты тәулігіне 1 рет калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен шайып -тұру қажет.

Науқастың төсегін даярлау

Төсек орынды дұрыс дайындау және оның жағдайын қадағалау өте маңызды, әсіресе, ауыр халдегі науқастар үшін. Іс-әрекет реті:

1. Төсекке матрац салыңыз.

2. Зәрі мен нәжісі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенканы бекітіңіз.

3. Матрацтың үстіне ақ жайма жабыңыз, оның шеттерін матрацтың астына тығыңыз да матрацтың шеттеріне бекітіңіз.

4. Жастықтардың қабын кигізіңіз.

5. Астыңғы жастықты тура, ал үстінгі жастықты төсектің аркалығына тірелетіндей қылып сәл жоғары салыңыз.

6. Көрпенің қабын кигізіңіз.

Төсек орынды ауыстыру

Төсек орын мен іш киім таза болуы қажет. Оларды 7-10 күнде 1 рет, қажеттігіне қарай одан да жиірек ауыстырады. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру өте епті жүргізілуі керек.Төсек тартып жатқан ауыр халдегі наукастардың төсек орыи ауыстырудын екі тәсілі бар.

I тәсіл:

1.Науқасты жайлап бір қырына жаткызыңыз, жастықты алып тастаныз.

2.Босаған жактагы кір жапкышты ұзына бойына бинт тәрізді шиыршықтаңыз.

3.Босаған жерге ұзынша бойына бүктелген тазасын төсеңіз.

4.Науқасты таза жапқышқа екінші қырымен жатқызыңыз.

5.Ұсталынған жапқышты алып тастаңыз.

6.Тазасын төсеп, тегістеңіз.

7.Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз.

8.Ұсталынған жапқышты қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне өткізіңіз.

9. Палатаны ылғалды тазалап, желдету керек.

II тәсіл: науқасқа мүлдем қозғалуға болмайтын жағдайда көмекшінің көмегімен жүргізіледі:

1. Таза жапқышты көлденеңінен шиыршықтаңыз.

2. Көмекші науқастың денесін әр тухынан көтеріңкіреп, демеп тұрады.

3. Мейірбике төсек жапқышты бас жағынан бастап ауыстырады.

4. Ұсталынған жапқышты шиыршықтайды, оның орнына тазасын төсейді.

5. Таза жапқышты төсеп, тегістеңіз.

6. Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз.

Іш киімін ауыстыру

Іс әрекет реті:

1. Қолдарыңызды жуыңыз.

2.Науқастың денесікің жоғарғы болігін мүмкіндігінше көтеріңкіреп, қолдарыңызды арқасынан төмен ұстаңыз.

3.Көйлектің етек жағын кымқыра үхтап, оны жайлап желкесіне карай ысырыңыз

4.Наукастың екі қолын көтеріп басынан шешіп, қолдарын босатыңыз.

5.Киіндіргенде керісінше тэртіппен киіндіреді.

6. Науқастың бір колы зақымданған болса, онда алдымен көйлекті сау қолынан, содан кейін зақымданған қолынан шығарады. Ал кигізерде керісінше: алдымен ауру, содан кейін сау қолына, сосын басына кигізіп, аркасына жазыңыз.

7. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастар үшін жырығы артында болатын көйлекті пайдаланыңыз.

8. Ұсталынған іш киімдерді арнайы қапқа жинаныз да шаруашылық мейірбикеге өткізіңіз.

Зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын зарарсыздандыру

1. Дәрет ыдысын ағынды сумен шайыңыз.

2. Жөкемен жуыңыз.

3. 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салыңыз.

4. Ағынды сумен шайып, қурғатыңыз.

5. Арнайы бөлмелерде сөрелерде немесе науқастың төсегінің астындағы орындықшаға қойып сақтайды.

Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндер(некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.

12.Терінің ойылып қалған жарасының алдын алуы

Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.

Ойылулардың пайда болуының себептері:

1. Күтімнің нашарлығы.

Салдану.

3.Тері сезімталдығының бұзылуы.

4. Қан айналымының бұзылуы.

5. Дене қызуының көтерілуі.

6. Қоректенудің бұзылуы.

7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.

Анемия.

9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу.

Егде жас.

11.Жайылған ісінулер.

12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.

13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы,

14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы.

15.Науқастың ессіз болуы.

16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.

Ойылулардың алдын алу:

1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.

2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.

3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.

4. Резеңке шеңберлер қолдану.

5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.

Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар жәнее емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.

Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!

Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5 - 10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық тану жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5 -10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда - маймен таңу. жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция - теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде -ируксол деген препарат ұсынылады. Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдыкта дымқыл таңу түрінде жасалады.

Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, ауруханада немесе үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылатындығы сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады. Науқастың күтімі нашар болып, ағза күрт әлсірегенде, дененің қысым түскен жерлері ойылады.

12.Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, ал кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы. Ойылуға осал келетін жерлер: сегізкөз, құйымшақ, шонданай, үлкен ұршық, өкше, жауырын, тобықтың сыртқы бөлігі, желке, тізе, шынтақ.

Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады.

Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу

Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.

Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.

Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:

Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алддын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

  1. Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.
  2. Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.
  3. Тері тітіркендіргіштерін жою.
  4. Тері тазалығын сақтау.
  5. Тері ылғалдылығын төмендету.
  6. Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.
  7. Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек
  8. Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.
  9. Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.
  10. Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.
  11. Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

Ойылудың даму кезеңдері

І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі

Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.

ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі

Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.

ІІІ кезең: Жазылу кезеңі

Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.

Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі

1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.

2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.

3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.

4-ші кезеңдетерінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар:некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..

13.Науқасты бақылау. Дене қызуын өлшеу. Жеке бекет.

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С.

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.

Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн.

Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.

Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.

Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады.

Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Көбінесе бұл пирогендер.- белоктық заттар - патогенді бактериялар мен вирустар, олардың токсиндері, сондай-ақ ыдырау өнімдері. Қызба көптеген жұқпалы аурулардың негізгі белгісі болып табылады. Қызба реакциясы механикалық, химиялык және физикалық зақымданулардың себебінен болған жұқпалы емес (асептикалық) қабынуларда да болуы мүмкін. Қан айналуының бұзылуы нәтижесінде, мысалы миокард инфарктінде, дамыған тіндер некрозы да қызбамен өтеді. Қызба қатерлі ісіктерде, зат алмасуының артуымен өтетін кейбір эндокринді ауруларда (тирертокрикоз), аллергиялық реакцияларда, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуында (термоневроз) және т.б. байқалады.

Қызбаны қажетті алмасу үрдістерін демейтін және организмге түскен бактерия, вирустармен күресті кеп жағдайда жеңілдететін организмнің бейімделуші реакциясы деп караған жөн. Пиротерапия (қызуды жасанды көтеру) кейбір аурулар кезінде (сылбыр өтетін инфекцияларда) қолданылады. Дегенмен, жоғары қызба ауру ағымы мен нәтижесіне (егде немесе өте жас адамдарда, қосымша аурулар болғанда және т.б.) көбінесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Қызбаның түрлері:

Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38°С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38 - 39°С), жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары).

Ағым ұзақтығына байланысты: еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық).








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1981;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.034 сек.