Бизнес-жоспар сипаттамалары 5 страница

1. өнімдердің және қызметтердің сол немесе басқа түрлерін тұтынудың әр түрлі қарқындылығы;

2. қажетті қорды үлестірудің бірдей еместігі;

3. өндіріс факторлары жылғымалылығының толық еместігі ( шикізат, еңбек қорларының суы, жылжымайтын мүлік және т.б)

4. шикізатты жеткізуге және дайын өнімді тұтынушыға үлестіру үшін әр түрлі көліктік шығындар;

5. жергілікті заңнамалық ерекшеліктер ( салықтар, шектеулер. Билік органдарының қолдауы және т.б)

6. табиғи және инфрақұрылымдық жағдайлар.

Ең ұтымды орналасуды таңдау фирма мен оның бөлімшелерін орналастырудың альтернативті нұсқаларын жүйелі жасау арқылы жүзеге асады.

Орналасудың альтернативті нұсқалары келесілер болып табылады:

А) коммерциялық ұйым немесе оның филиалдары орналасуға мүмкін болатын деп қарастырылған – мемлекет ішінде және шет елде, үлкен, орташа және кішкентай қалаларда, ауылдарда және елді мекендерде, орталық пен шет жағында, орталық магистральдар мен анықталған жер үшін географиялық кеңістік ( ауданның);

Б) орналасуды хаттау тәсілдері: сатып алу, жалға лау немесе бірлесіп қолдану туралы келісім шарт арқылы.

Бизнестің орналасу сапасы көптеген шарттармен анықталады, және негізінен таңдалған бөліктің осы аумақтағы жер қолдану типіне сәйкестігі мен экономикалық ортаға жақындығы.

Бұл екі сипаттама бірлікте ситус, немесе объектінің экономикалық орналасуын құрайды.

Ситус жер қолданудың нақты нұсқасы мен экономикалық ортаның аз дегенде төрт деңгейде әрекеттесуімен анықталады. Олар келесі мағынаны білдіреді - жақын маңайдағы шет аумақтар (2),

Жалғасатын территория(3),

Сауда аумағы(4)

Және сауда бизнесі үшін барлық аумақ.

Ірі кәсіпорындардың байланыстығы аумақ, мемлекет және халықаралық шекараларына дейін кеңеюі мүмкін.

3.2 Кәсіпорынның орналасуын таңдау факторлары мен критерийлері.

Фирманың орналасуды таңдауының негізгі мақсаты, қай жерде басқа тең жағдайларда, максималды пайда табуды анықтау. Бұл басты экономикалық критерий жағдайларға байланысты қаржы айналым көлемінің ұлғаюы мен нарықтағы үлесі ретінде жиі болатын бірқатар басқа критерийлермен толығуы мүмкін. Сонымен қатар экономикалық емес критерийлер де болуы мүмкін: саяси әсер, кәсіпорынның тұрақты өсуі мен сенімділігі, ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік немесе экономикалық тұрақтылығы, мәртебесі, фирманың дербестігін сақтау.

Орналасу орнын таңдау критерийлерін бөлшектеу көп жағдайда бизнес түріне байланысты.

Негізгі критерий - пайда мөлшері – түсетін кіріс ( пайда) пен орналасудың әрбір пункті үшін кететін шығын арасындағы оң айырмашылықты максимизациялауды білдіреді.

Технологиялық процесс ерекшеліктеріне байланысты өндірістік ұйымдардың орналасуы шикізат қайнар көздеріне немесе өнімді сату нарығына тартылады.

Кәсіпорынның орналасуы көлік шығындарымен ғана емес , сонымен қатар әртүрлі бағытта әрекет ететін факторлардың тұтас жиынтығымен анықталады.

Кез - келген жағдайда кәсіпорынның орналасуын таңдауда іс жүзіндегі жағдайын ғана емес, сонымен қатар технологиялардың , көліктердің. Нарықтардың және шикізат қорларының болашақта дамуын ескере отырып жүзеге асыру қажет.

Бизнестің орналасуының барлық факторлары төрт топқа біріктіріледі:

1. олардың құрамына кіретіндер: жер бөліктері ( құрылымы, сатып алу немесе жалға алу бағалары); шикізат, қосалқы және өндірістік материалдар ( бағалар, көліктік шығындар); еңбек қорлары , ( сол жердегі өмір деңгейі мен санына байланысты жұмыс күшінің мүмкіндігі, еңбекті төлеу деңгейі, мамандануы, мотивациясы, дайындау - бағыттаушы факторлар.

2. Дайындауға бағытталған факторлар: табиғи ерекшеліктер( жер қыртысы, климат), техникалық және инфрақұрылымдық ерекшкліктер ( кооперация бойынша серіктестерге, қолданылатын инфрақұрылымға кеңістіктік жақындық).

3. Сатуға бағытталған факторлар : сату мүмкіндігі ( халық құрлымы және оған сәйкес тұтыну құрылымы, сатып алу мүмкіндігі бұл жердегі бәсекелестік); қатынас жолдары ( магистральдік байланыс, көліктік шығындар); іскерлік байланыстар ( мамандандырылған маклерлердің, биржалардың , жарнама бойынша агенттердің , жәрменкелердің болуы).

4. Жергілікті билік органдары мен мемлектпен бекітілген факторлар: шаруашылық жүйесі ( шаруашылық және сауда құқығы; лицензионды және сертификатталған нормалар; қаржы мен пайданы аудару шарттары; мекеменің ұйымдастырушы құжаттарына, есепке, бюджеттік бақылау мен аудитке қойылатын талаптар; еңбек заңнамасы; шаруашылық құрылымды өзгертуге тәуекел, яғни саяси тұрақсыздыққа тәуекел, экспортизацияға, кәсіпорынның қызметіндегі шектеулер); шекараны өтуді бақылау ( кеден,сыртқы сауда заңы мен оларды басқару) ; қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар және ( қоршаған ортаға жүктемелерді қадағалау, келтірілген зиянды өтеу, табиғи қорлар үшін төлемдер); мемлекеттік көмек ( субсидиялар, жеке аудандарға арналған мақсатты бағдарламалар, әкімшілік қолдау)

Фирманы орналастырудағы альтернативті нұсқаларды бағалаған екзде алдын – ала таңдалған мекеннің әлкуметтік – мәдени және экономикалық ортасын есепке алып зерттеу қажет.

Бизнестің орналасу мекенін зерттеу, әсіресе өндірістік жағы сонымен қатар өңделген материалдардың қалдықтарды жою тәсілдерін бағалаудан тұруы керек. Жеке өндірістік қалдықтар ( улы, зиянды және тіпті қауіпті) ерекше өңдеуді қажет етеді. Жобаны орналастыру мекені туралы зерттеуде өндірістік қалдықтардың көлемін және оларды орналастырудың альтернативті орындарында жоюдың мүмкін жолдарын анықтаған жөн.

Бизнесті орналастырудың альтернативті орындарының анализі еңбек ресурстарының болуы туралы және квалификация дәрежесі, мамандығы, тұрғын үй құрылысын қоса өмірлік жағдайы, әлкуметтік қамтамассыз ету, аудандағы демографиялық жағдай бойынша сипаттамалары туралы, ақпарат болуы керек.

3.3 Кәсіпорынның орны туралы шешім қабылдаудың әдістері

Кәсіпорынның орны туралы шешім қабылдау фирманы орналастырудың альтернативті тармақтарын бағалау жолымен және қатысты критерийлер негізінде кәсіпкермен қойылған мақсаттарға жету дәрежесі арқылы іске асырылады.

Кәсіпорынның орналасуының альтернативті нұсқалары бойынша бастапқы мәліметтерді дайындау үшін келесі жобалы көрсеткіштер тізімін қолдануға болады.

1. Климат

Ауа температурасы: максималды, минималды, орташа; ( тәуліктік, жылдық,он жылға)

Ылғалдық: максималды, минималды, орташа; ( тәуліктік, жылдық, он жылға).

Жел: жел бағыты және желді күндер саны ( желдер***********) бағыты мен максималды жылдамдығы,бұзушы желдер( құйын, дауыл және т.б).

Жауын – шашын саны ( жаңбыр, қар): ұзақтығы және жауын – шашынның жау дәрежесі( максималды, минималды және орташа) бір сағат ішінде, бір күн ішінде, он жыл ішінде. Төтенше болмыстар ( бұршақ жауы және т.б)

Щаң мен түтін. Шаңды желдер ( ұзақтығы, бапғыты, жылдамдығы,ауаның бір текше метрінде қатты заттардың болуы). Көшпелі құмдар. Көрші кәсіпорындардың түтіні. Жоғарғы қайнарлардың су басу: биіктігі, ұзақтығы және су басудың күнтізбелік кезеңі.

Жер сілкіністері: халықаралық бірлік бойынша күші ( мысалы,Рихтер бірлігі), жиілік.

2. Ауласы мен мекені

Ауланың орналасқан мекені: мекен- жайы ( ел,облыс, қала, көше,үй нөмірі). Көрші кәсіпорындар ( мекен – жай, атауларғ өндірістің сол не басқа салаларына жатуы).

Ауланың сипаттамасы: өлшемі( ұзындығы, ені), теңіз деңгейінен жоғары биіктігі, географиялық бағыты, топография, бар сервитуттар,жылжымайтын мүлік құны.

3. Транспорттық құралдар

Жолдар :жолдар мен көпірлердің ені, көпірдің жүк көтеру мүмкіндігі, аралығы, жол түрі( жалпы жүретін, тасты, тегістелген),мерзімді жолды – көліктік шектеулер, жолдар жүйесі( картада).

Темір жолдар: темір жолдар жүйесі( картада) , жол ені,жылжымалы құрамның жүк көтеру мүмкіндігі( жүк, саны), жүктеу- түсіру құралы, мерзімді шектеулер,қоймалық орындар, тарифтер.

Су көлігі: каналдар жүйесі, өзендер, айлақтар ( картада), каналдар мен өзендер ені мен тереңдігі, кемелердің жүккөтергіштері, жүктеу – түсіру құрал – жабдықтары, қоймалық орындар, тарифтер.

Әуе көлігі: ұщып – қону құрылыс түрі ( әуежай, ұшып – қону жолы),ұшып – қону жолы жолының ұзындығы, қоймалық орындар, тарифтер.

Жолаушы көлігі жүйесі: автобустар, трамвайлар, және т.б

4. Сумен қамтамассыздандыру

Сипаттама ( нақты қолдануды көрсетпей). Қоспалар: қаттылық,коррозиялылық( тот басу), газдар. Өлшемелер. Температура: күндізгі – максималды, минималды, жылдық – максималды, минималды. Қысым: максималды, минималды. Сумен қамтамассыздандырудың коммуналдық көздері: максималды саны, мүмкін қосылудың орны, бпр жүйенің диаметрі мен материалы, қысым, бағасы.сумен қамтамассыздандырудың дербес көздері: үстіңгі көздер(өзен), жерасты көздері( жерасты сулар).

5. Энергиямен қамтамассыздандыру және байланыс құралдары

Электроэнергия мемлекеттік және жекеменшік көздерінен. Қуаттылығы.( кВт). Кернеу (вольт) ( жоғары, төмен). Қосылу орны ( аулаға дейінгі қашықтық). Сұйық жанармай : саны, жану жылылығы( кДж/кг), көзі ( жанармай құю станциялары, мұнай өндіруші кәсіпорын), аулаға дейінгі қашықтық, жеткізу құралдары, бағасы.

Көмір, кокс,газ: саны,жану жылылығы(кДж/кг), көзі, қос-баға: саны, қосылу орны,бағасы. Байланыс құралы. Телефон: жүйе,қуаттылығы,қосылу орны,тарифтер. Телекс. Радиотелефон, телеграф.

6. Қалдықтарды жою.

Үйінділер: түрі,орны,кіру,қолдану үшін төлемақы. Канализациялық жүйе: түрі( жаңбырлы ағып кету, аралас), құбырлар жүйесінің диаметрі мен материалы, қосылу орны, қолдану үшін төлемақы. Ағындыларды тазалау бойынша орнатылымдар: түрі, орны, қолдану үшін төлемақы.

7. Кадрлар.

Жетекші( ИТР) және қызметкерлер: дайындау деңгейі мен түрі, болуы, еңбек ақы. Берілетін жеңілдіктер, салықтар, өтемақылар, және т.б. Еңбек заңнамасы мен өндірістік қатынастар.

8. Бюджеттік және құқықтық қағидалар.

Билік өкілдері (жергілікті, аумақьық, ұлттық). Бюджеттік қағидалар. Салықтар, кедендік жиындар, амортизациондық ақылар және т.б. Құқықтық қағидалар: құрылыс заңнамасы, шектеулер, қауіпсіздік шаралары, заңнама және өтемақы, ноормалар. Сақтандыру түрлері: өрттен, байқаусыз апаттардан, азаматтық жауапкершіліктен, селден және дауыл нәтижесінде тиген зияндардан сақтандыру. Жұмыс орны бойынша медициналық қызмет түрімен қолдану құқығы. Құрылыс, жөндеу және қызмет көрсету үшін арналған құрал – жабдықтар. Азаматтық құрылыс, электрмен, механикамен қамтамассыздандыру, фирма тауын, мекен – жайы, мүмкіншіліктері, бағасы, құрылыс материалдар.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 961;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.018 сек.