Бизнес-жоспар сипаттамалары 4 страница

Күнтізбелі жоспарда келесі тізімі берілуі мүмкін:

· проектінің құрылымы; жоспарлау мен құрастырудың аяқталуы;

· өндіріспен байланысты жобалар үшін прототип құру,

· сатушы - делдал кәсіпорындар үшін тауарлардың үлгі ретіндегі партияларын құру. Ол маңызда мерзім болып табылады және фирманың жұмысқа деген дайындығын көрсетеді;

· өндірістің басталуы немесе өнімді шығару, тұрақты тауар қамтуларын іске асырудың алғашқы мерзімдері – ол басқа маңызды кезең б.т.; өндіріс үшін, немесе бөлшекті сатулар үшін бірінші есеп сұраныстарды алу;

· бірінші есеп – шоттарды алу – маңызды мерзім.

 

Жұмыстың кестесі басқарушылық персонал және қызмет көрсетуші персонал, станоктармен жабдықтардың саны сияқты көрсеткіштердің динамикасын көрсету керек.

Жұмыстардың басты бағыттарын қарастырған кезде күнтізбелік жоспардағы мүмкін қателердің себебін анықтау қажет, әсірісе олар маериалдық және ақша қажеттіліктерін түзетулерін талап етсе. Келесіні ерекшелеу жөн, уақыт әрдайым керегінше бағаланбай қалады. Сондықтан, күнтізбелі жоспарды көрсетілетін уақыт мерзімі өмірге лайық талып көрсетілуі керек.

 

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Басқарушылық персонал құрылымы

2. Бизнес схемасында банкротқа ұшыраудың себептері

3. Ұйымдастыруды жоспарлау процесі не ұшін бағытталған

4. Негізгі персоналды сипаттаудың схемасы

5. Өндірістік персоналды сипаттау қандай сұрақтарға жауап беру керек.

6. Ұйымдастыру құрылымның әр түрлі типтері

7. Кәсіпорын құрылымның проектісін дайындау кезеңдері.

8. Кадрлік саясат

9. Өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымын жасау үшін не қажетті

10. Күнтізбелі жоспар

 

12 дәріс Заң жоспары.

Бизнес – жоспардың осы тарауында кәсіпкер қандай заңды форма таңдалатының және кәсіпорын капиталмен қалай «қаруланатынын» көрсетеді.

Бизнес – жоспардың осы бөлігі келесі түрде құралады. Компанияның құрылымы. Егер резюме бөлімінде компаниялық заң фомасы көрсетілмесе, оны осы бөлімде көрсету жөн болып табылады. Компания иелерінің қаржылық үлестерін көрсету маңызды болады.

Капиталға байланысты талаптар.

Қазіргі кезде қолда бар құралдардың қайнар көздерін, санымен бірге келешекке қолданылуы мүмкін көздерді көрсету қажет. Ол мүмкін қаржы көзіне жалпы қаржы жағдайын елестетуге мүмкіндік береді. Және ол кәсіпкерлер кәсіпорында қанша ақша салғанын көрсеіп, неше теңгені олар басқа қайнар көздерден және қалай алғылары келетінін білдіреді.

Кәсіпкерлік бизнесте қатысудың көптеген варианттарына ие. Олардың ішінен келесілер айтуға болады: мерзімді ссуда; кредитті линия; айырбасталатын облигациялар; вариантпен бірге шығарылатын облигациялар; ерекше акциялар; камулятивті ерекше акциялар;айырбасталатын ерекше акциялар, қарапайым акциялар.Бизнеске қатысудың әрбір формасының өзінің ерекшеліктері болады.

Бизнестің құрылымын анықтау, яғни онда капиталдың қайнар көздерінің қатысу мен формаларын анықтау бизнес – жоспардың жауапты моменті болып табылады. Берілген бөлімді құрастыған кезде қаржы жоспарының мәліметтері қолданылады.

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Кәсіпкерліктін заңды формалары

2. Кәсіпкерлік бизнесте қатысудың көптеген варианттары

13 дәріс Қаржылық жоспар.

1. Сату көлемдерін болжау

2. Пайда мен шығыстар жайындағы есеп

3. Активтер мен пассивтердің балансы

4. Ақша ағымдарды «Кэш – Фло» атты әдіс

Бизнес – жаспардың осы тарауында алғашқы тараулардың мәліметтері құн сипатында негізделеді.

Тарауды мазмұндау келесі құжаттарды құрастыру арқылы іске асады, олар:

· сату көлемдерін болжау;

· пайда мен шығыстар жайындағы есеп – берілер;

· активтер мен пассивтердің пассиві;

· шығынсыздыққа жетудің графигі.

Қаржыландырудың бағдарламасы өзіндік тарау тұрінде бола алады, ал кейде қаржылық жоспардың қорытындысы ретінде берілуі мүмкін.

Сату көлемдерін болжау бизнес – жоспарды іске – асырудың барлық мерзіміне құралады. Рецензенттің қалауынша мәліметтер бірінші жылы – айларға, екінші жылы – тоқсандарға бөленуі мүмкін. Болжамдық маңызы бар мәліметтер «Маркетингтік бағдарлама» тарауынан алынады. Пайда мен шығыстар есеп берулер де дәл осындай уақыт бөліктерінен тұрады.

Кестені толтыру үшін мәліметтер алғашқы кестеден алынады (сату көлемдерінің болжаулық міндері) немесе «Маркетинг бағдарламасы» тарауынан алынады, сонымен бірге жобаны іске асыру бойынша фирманың барлық ағымдағы шығындары көрсетілген өндірістік жоспардан алынуы мүмкін.

Сатушылық - делдалдық (коммерциялық) кәсіпорынның есеп – беру схемасы келесі түрде болуы мүмкін:

1 Сату көлемі;

2 Сатып алудың бағасы;

3 Сатудан түскен жалпы табыс (п1 - п2)

4 Жанама салықтар (ҚҚС)

5 Жиынтық табыс (п3 - п7)

6 Айнымалы шығындар;

7 Операциялық шығындар;

8 Баланстық пайда (п5 – п6 – п7)

9 Салықтар (табысқа салық және жиынтық табыстан төленетін басқа да салықтар)

10 Кәсіпорынның мүлкісінде қалатын таза табыс екмкск пайда (п8 – п9).

Компанияның тиімділігін арттырудың екі тәсілі бар: көп және қымбат бағамен тауарларды сату немесе шығындарды төмендету. Осы ереже өте маңызды болып табылады, өйткені кәсіпорынның басшылары тиімділікті арттыру мақсатында қандай болмасын іс – шараларды іске асырса да, түр негізінде осы ережінің бірі орындалады.

Баланстық ведомость немесе активтермен пассивтердің балансы кәсіпорынның анықталмаған кезеңдегі емес, анықталған белгілі бір кезеңдегі қаржылық жағдайын білдіреді.Ол әдетте жобаны іске асыру бірінші жылының басында немесе сонында құрылады. Ол құжат жобаның іске асыру кезенінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды. Осы баланс арқылы кәсіпорын қандай пассивтерін жұмсау арқылы қандай активтерді иеленгісі келетінін рецензент көре алады.

Баланс екі жақтан құралады:актив пен пассивтен, олардыңсамалық міндері; әрдайым, озара тең болуы керек. Актив – ол кәсіпорынның иелігіндегі бар заттар болып табылады.Пассив активтерді неленудің қайнар көздерін білідреді, яғни өзіндік және қарыз капиталдары.

Ақша ағымдарды талдаудың негізінде «Кэш – Фло» атты әдіс жатыр. Осы әдісті нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілердің барлығына жуығы қолданады. Оның көмеймен кәсіпорынның есептік шотындағы ақша құралдарының қолдықтары көрініс табады, ал оның көменімен, құралдардың шығындалу мен келіп түсудың ырғағын көруге болады. Осы қолдықтар ақша құралдарының келіп түсуі мен (өнімнен қызметтерді сатудан келіптүскен табыстар, амортизациялық шегерімдер, кәсіпорын активтерін сату табыстары, жарғылық қормен займдарға салынған солымдар) ақша құралдырының шығындалуынаң (өнімнен қызмет өндірісіне кеткен шығыстар, қызметкөрсету мен займдарды жабуға кеткен шығыс, дивидеттерді, салықтарды және т.б. төлемдерді төлеу үшін төлемдер) құралады. Барлық келіп түскен ақша ағымдарының жоспарында осы төлемдердің іске асуы уақытына сәйкес келетін мерзімдермен сипатталады, егер сатылған өнім немесе қызмет үшін төлем кеш іске асырылса, материалды немесе комплекттейтін бұйымдарды әкелу уақыты өз мерзімінде іске асырылмаса ол уақыттар есепке алынады. Және келіп түскен төлемдер, сол мезгілге сәйкес бағамен теңгеге аударылуы тиіс. Шоттағы ақша құралдарының қолдығы кәсіпорынның келешек мерзімдегі төлемдерді төлеу үшін, инвестицияларды, зайымдарды қайтару мен өзіндік қолданысы үшін пайдаланылады. Осылайша «Кэш - Фло» әдісіне негізделген ақша ағымы ақша құралдарының қозғалысын қөрсетіп, кезеңнен кезең арасындағы қызметті сипаттайды.

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Қаржыландырудың бағдарламасы не ушін құрастырылады

2. Сату көлемдерін болжау

3. Сатушылық - делдалдық (коммерциялық) кәсіпорынның есеп – беру схемасы

4. Компанияның тиімділігін арттырудың екі тәсілі

5. Баланстық ведомость немесе активтермен пассивтердің балансы

6. Баланс және актив пен пассив

7. Ақша ағымдары «Кэш – Фло» әдісі

 

 

14 дәріс Ұйымдастырушылық жоспар.

1. Жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспары

2. График түрлері

3. Өндіріске дайындықтың шығындары

Жобаның ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі үшін маңызды жұмыстарды орындаудың (келісім шарттардың жасалуы, құжаттаманың құрастырылуы, құрылыс, өндірістің басталуы және т.б.) және осы шаралардың әрбіреуінің басталу және аяқталу күнімен, атқарушы адамдары мен графиктегі мүмкін болатын түзетулермен берілген нақты күнтізбелік жоспар жасалуы қажет.

Бұл жобаны ұйымдастыру кезінде инвестор жобаны іске асыратын басқарушы топты құруы керек. Сонымен қатар инвестор бұл топқа оның атынан жұмыс істеуі үшін белгілі құзірет беруге міндетті.

Жобаның іске асыру тиімділігі мұндай топпен жасаланатын көмекші қызметтерден тікелей тәуелді болуы мүмкін. Мысалы, бұл топтың жергілікті ережелерді білуі белгілі бір пайданы түсіруі мүмкін. Сонда ол тек жобаны іске асыру кезінде ғана емес, ең жақсы нұсқада, яғни соңында өнімнің шығуына жауап беретін техниктер мен эксплуатациониктер басқару тобының жүрегі болуы керек.

Технологияны таңдап алу.Әдетте, технологияны таңдауға тым көп уақыт кетпейді, себебі, сәйкес аспектілер өзінің айнасын техникалық-экономикалық зерттеуде табуы тиіс еді.Бірақ та, кейбір жағдайларда жабдықтаушылар мен технологияның лицензиарларымен келіссөздер тым көп уақытты қажет етеді.

Құжаттама (азаматтық құрылыстың объектілері мен құралдары бойынша) подрядчиктер өтініштері, тендер бағалары, тапсырыстардың орналастырылуы.Алаңда нақты жұмыс басталғанға дейін, бірқатар алдын-ала шараларға, олардың нақтыланған жоспарларын, құжаттардың дайындалуын, өтініштерін, келіссөздер мен т.б. есепке ала отырып, белгілі уақыт бөлу қажет.

Техниканы әкелгенге дейін әлдеқайда көп уақыт өтуі мүмкін: жай техника үшін үш-алты айға дейін, күрделі технологиялық электро құрылғылар, станоктар үшін екі немесе одан да көп жылдар уақытын алуы мүмкін.

Техникаға тапсырыс берген кезде, оның оптималды уақыт ішінде түсуін қамтамасыз ету үшін монтаж мен басқа да жұмыстарға кететін уақытты есепке алған жөн. Егер импортталған және отандық техникамызбен бірге қолданса, онда жабдықтау мәселесі одан әрі маңыздырақ болады. Көптеген жағдайларда ең бастысы- импортталған техникаға қарағанда,ішкі нарықтың шектеулі мүмкіндіктер кесірінен отандық техниканы әкелу көп уақытты қажет етеді, сондықтан да тапсырыстарды бұрын дайындау керек.

Жобаның қаржыландырылуы. Инвестициялар жөнінде шешім қабылданып, жобаның іске асырылу мерзімі мен жалпы инвестициялық ұстанымдар белгілі болғаннан кейін жобаны қаржыландыру сұрағы шешілуі керек. Жобаның қаржыландыру сұрағы толық шешілмес бұрын мақсатты түрде жұмысты бастау дұрыс емес болар. Техникалық-экономикалық зерттеу деңгейінде жобаны жүзеге асыруда пайда болатын барлық шығындарды есепке алу керек. Тек толық бағаны жасағаннан кейін, қаржыландыру сипаттамасын және өндірістік ұстанымдардың деңгейін анықтауға болады.

Құрылыс кезеңі.Жоба жұмысындағы аса маңызды сатыларының бірі- жер учаскісін жалға алу немесе сатып алу және кәсіпорын алаңына келу жолдарын туралы сұрағының шешілуі. Кейде бұл ұзақ келіссөздерге (мысалы, егер сатылу бағасы жайында шешімге келе алмау жағдайында) әкелуі мүмкін, сондықтан да алғашқы деңгейде уақытты жоғалтпау үшін жерді сатып алудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру қажет.

Кәсіпорын үшін ғимараттардың құрылысын құралдарды орналастыру жөніндегі соңғы жоспардың дайын болғанына дейін, жер учаскісін сатып алуына, алаңның дайын болуына дейін бастауға болмайды.

Әр түрлі алаңдардағы азаматтық объектілер мен инфраструктура құралдарының құрылысы кезінде құралдарды тексеру және орындарға механизмдерді жіберу қажеттілігі туындауы мүмкін. Отандық тауарлардың алаңға орналастырылуы және импортталатын тауарлардың кедендік тазартылуы үшін шараларды қолданған жөн. Бірде-бір бөлімде ұстанымдар болмау үшін бұл барлық аспектілер сәйкес түрде жоспарлануы керек. Жобаны іске асыру деңгейінде ең маңызды сатылары болып- құралдарды тексеру, өнімнің шығарылуы және кәсіпорынды жұмысқа жұмылдыру.

Керек кезінде мамандырылған мамандардың болуын қамтамасыз ету үшін, жұмысшыларды , ИТР және қызметкерлерді жалдау мен таңдау әдейі жоспарлануы қажет. Жұмыс күшін жалдау көп жағдайларда ең соңғы уақытқа қалдырылады және мамандарды даярлау бағдарламасын дайындауға тек кәсіпорын өнімді шығаруға дайын болған кезде кіріседі, ал бұл жағдай өз кезегінде алғашқы сатыларда күштердің қанағаттарлық емес нәтижелеріне әкеледі.

Кәсіпорынның әкімшілік құрылымын құру және дамыту жобаны жүзеге асыру кезеңінде істеу қажет. Сонымен қатар бұл кезеңде негізгі өндірістік материалдарға байланысты қамтамасыз ету сұраұтары шешілуі қажет.

Импорттық жабдықтаулар кезінде жеткілікті уақыт мөлшерін қадағалау керек. Белгіленген мерзімдерден қалмау үшін отандық материалдар үшін шикізаттың түсуін нақты жоспарлау керек.

Жоспармен сәйкес болашақта дайын өнімді өткізуді ұйымдастыру үшін, өткізу нарығын дайындауды ертерек бастау қажет. Ал бұрыс жағдайда өткізілмеген өнімнің қоры қалыптасуы мүмкін және өнімнің коммерциялық пайдасы жөніндегі негізгі болжамдар қабілетсіз болуы мүмкін.

Өнімді өткізуге дайындық тауарлардың жарнамасынан, сатушыларды дайындаудан басталады және арнайы сауда құралдарды ұсынумен аяқталады.

График түрлері.Жобаның уақыт бойынша дұрыс жоспарлануы кезінде өндірістік ғимараттардың, көмекші құрылыстардың және инфраструктура құралдарының уақытында дайын болуына ұмтылу қажет.

Кәсіпорын жұмысын бастау үшін қажетті құралдар мен механизмдердің монтажы мен орналастыруын жүзеге асыратын мамандарды дайындау керек және кәсіпорын жұмысының сәтті басталуына қажетті негізгі көмекші құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру қажет.

Бұл аспектілердің бірде-бір түрі бойынша графиктің жоқ болуы немесе кешігулер болса, соңында кәсіпорын қызметінің бастапқы сатыларына жаман әсер етуі әбден ықтимал.

Бірақ та, егер құрал-жабдықтардың әкелуіне дейін өндірістік мекемелер мен құрылыстар дайын болса немесе өндірістік ұжым, өндірістік материалдардың қорланымдары тым ерте жиналса, онда ерекшеленген қорлар - жұмыс күші,құралдар мен күштердің соңына дейін қолданылмауы нәтижесінде пайдаланылмаған болып қалуы мүмкін.

Сондықтан да өндірістің әр түрлі материалдық факторларында тиімді және теңестірілген график керек. Бұған жобаны іске асыру мерзімінің нақты жоспары негізінде қол жеткізуге болады. График талдауын жасаудың әр түрлі тәсілдері бар. Ең қарапайым және ең көп таралған тәсілі кезінде бағаналық диаграмма қолданылады, мұнда компоненттер бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне бөлінеді және әр операцияның орындалу мерзімі көрсетіледі.

Бұдан келе, соңында белгілі бір операция басталғанға немесе белгілі бір шешімдер қабылдануға дейін жұмысты нақты бір күнге, мерзімге сәйкестендіруге болады. Өзара байланысқан операциялары бар кешенді жоба үшін мұндай тәсіл жеткіліксіз әсер етуі мүмкін, сонда желілік диаграмманы қолдануға болады. Бұл тәсілде екі әдіс қолданылады: критикалық жолының әдісі (МКП) және жобаны қайта қарастыру және бағалау әдісі (ПЕРТ).

Қандай да тәсіл болмасын, алғашқы графикті жиі-жиі түзетіп отыру қажет, жобаны іске асыру кезінде пайда болатын мәселелер мен қиындықтарды тауып, шешу керек. Түзетулерді енгізу-жобаның графигін құрастыру үрдісінің маңызды функциясы болып табылады және оның орындалуын үздіксіз бақылап, жобаны іске асыру барысына логикалық өзгерістерді енгізуге болады.

 

Жобаны іске асырудағы ұстанымдар- бұл өндіріске дайындықтың шығындары, ал олар соңында капиталға айналады. Олар құрастырушылар қатарынан құралады.

1. Жобаны жүзеге асырудың басқарылуына арналған шығындар:

Қызметкерлер ұжымының төлем ақысы мен кесімді қызметақылары; мекемелер үшін жалға алу төлемі, автокөліктер, тұрғын мекемелер және т.б.; жол және байланыс құралдар шығындары, жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі салықтар.

2. Бақылауды ұйымдастыруымен, құрылыстың белгіленуімен, монтажбен, кәсіпорын жұмысының жіберілуі мен тапсырылуымен байланысты шығындар:мотажниктер мен жұмыскерлер-құрылысшылардың төлем ақысы мен кесімді қызметақылары, шет елдік экспорттаушылардың ұстанымдары, (әкімшілік ғимараттардың, тұрғын мекемелердің) жалға алынуы; шикізат пен көмекші құралдар, қамтамасыз ету мен кәсіпорынды жіберу мен тексеру құралдары: құрылыс кезіндегі пайыздық ставкалар (шұғыл қарыздар мен банктегі шоттар) және т.б.

3. Әкімшілік аппаратты құрастыруға, жұмысшыларды, қызметкерлерді, ИТР жалдау мен дайындау шығындары: әкімшілік ұжымның төлем ақысы мен кесімді қызметақылары (кадрларды жалдау қызметкерлерін қоса алғанда); оқып жүрген ұжымға немесе оқытып жүрген эксперттерге кәсіпорындардан тыс мамандарды дайындағаны үшін төлем ақы төлеу(ел ішінде немесе шет елде); жол мен оқу материалдарын, жұмысқа қабылданған жұмысшылардың кесімді қызметақылары мен төлем ақылары, әкімшілік мекемелердің, оқу құралдарының, автокөліктердің, тұрғын мекемелердің жалға алынуы мен эксплуатациясы және т.б.

4. Қамтамасыз етумен байланысты шығындар: тауарларды сатып алумен айналысатын қызметкерлердің төлем ақысы; жол мен байланыс, және т.б. шығындар.

5. Өткізу шығындары: Сауда мен өткізу жүйесінің қызметкерлерінің төлем ақысы мен кесімді қызметақылары, жарнама; сатушыларды дайындау; жол ақысы; байланыс.

6. Жергілікті әкімшілікпен байланыстарды орнатумен байланыстышығындар: жұмыстар мен т.б. алуға арналған санкцияларға ұстанымдар.

7. Бағалы қағаздардың эмиссиясымен байланысты алдын-ала шығындар: типографиялық және тіркеулік шығындар; даңғыларды шығарудың және басқа типографиялық шығындар; ресми өтініштерге шығындар: комиссиондық ақылар; брокерлік қызметтердің ақысы; құқықтық қызметтер үшін төлемдер, және т.б. шығындар.

Ұстанымдар есебі жобаны іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кестесіне негізделіп, келесілерді есепке алуы қажет:

· өзіндік қызметкерлері, консультанттары мен подрядчиктер штатымен орындалатын инвестордың жоғарыда аталған операциялар көлемі жайында шешімі;

· жобаның басталу уақыты мен сәйкес операциялардың ұзақтығы көрсетілетін мерзімдер графигі;

· Жұмысшылардың, ИТР және қызметкерлердің (оның ішінде күрделі жобаларда оны штаттық кестеде көрсету қажет), олардың кесімді қызметақылары мен төлем ақылары;

· Әкімшілік және тұрғын мекемелердің, автокөлік құралдарының және т.б. болуы.

· Консультанттар мен эксперттерге және олармен келісім туралы нұсқаулары, сонымен қатар шетелдік ұжымға қосымша ақша қаражаттары.

Керек жағдайда өндірісті ұйымдастыру бойынша экономикалық, техникалық, тағы басқа мәліметтер, бизнес жоспарда сілтемелері бар қорытындылар, прейскуранттар, кестелер және басқа да құжаттама қалыптасады.

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Ұйымдастырушылық жоспар, оның маңызы

2. Технологияны таңдау

3. Құжаттама

4. Жобаның қаржыландырылуы

5. Құрылыс кезеңі

6. График түрлері

7. Жобаны жүзеге асырудың басқарылуына арналған шығындар:

8. Бақылауды ұйымдастыруымен, құрылыстың белгіленуімен, монтажбен, кәсіпорын жұмысының жіберілуі мен тапсырылуымен байланысты шығындар

9. Әкімшілік аппаратты құрастыруға, жұмысшыларды, қызметкерлерді, ИТР жалдау мен дайындау шығындары

10. Қамтамасыз етумен байланысты шығындар

11. Өткізу шығындары

12. Жергілікті әкімшілікпен байланыстарды орнатумен байланысты шығындар

13. Бағалы қағаздардың эмиссиясымен байланысты алдын-ала шығындар

 

15 дәріс Коммерциялық ұйымның орналасуын жоспарлау

1. Жалпы ережелер

2. Кәсіпорынның орналасуын тандау факторлары мен критерийлері

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Коммерциялық ұйымның орналасуын жалпы ережелері

Жалпы ережелер

Кез-келген қызмет саласындағы кәсіпкерліктің соңғы нәтижесіне орналасуы ерекше әсер етеді. Бизнестің орналасуы туралы шешім стратегиялық болып табылады. Сондықтан оған бизнес-жоспарға жеткілікті түрде көңіл бөлінуі тиіс.

Орналасудың объективті негізін кеңістіктегі табиғи және экономикалық жағдайлардың территориялық дифференцация Ұ (біркелкі еместігі) құрайды. Ал кеңістіктің экономикалық біркелкі еместігі, соған сәйкес орналасу орындары ең алдымен келесі негізгі факторлардың бірігуінің нәтижесінде пайда болады:








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 1208;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.