Бизнес-жоспар сипаттамалары 3 страница
27. Сатудан кейінгі қызмет көрсетуқандай сұрақтарға жауап қайтару керек
9 дәріс Өндірістік жоспар.
1. Технологиялық процесс, кәсіпорында өндірістік процесстің түрлері
2. Жоспардың жалпы орынтәртібі
3. Өндірістік қуат және өндірістік шығындар.
Бизнес түріне байланысы өндіріс жоспарда өнім және қызмет көрсетудің технологиялық ерекшелігінің қысқаша сипаттамасы беріледі. Өндірістік жоспар өнім шығарылуы мен және кәсіпорынның өндірістік қуатымен тұжиримдалады.
Технологиялық процесс жалпы алғанда, ол шикізатты дайын өнімге айналдыруға бағытталған.
Кәсіпорында өндірістік процесстің 2 түрмен ерекшеленеді:
1. негізгі-шикізатты дайын өнімге айналдыруына байланысты (мысалы: ұнды-нанға)
2. көмекші – ол негізгі процесске қатыспайды, тек қана олардың дайындалуына көмектеседі.
Әр бір өндірістік процесс бірнеше технологиялық операциялардан құралады, соның ішінде құрамдардан, еңбек затылық қалыптасуына және қажетті нәтижелі алуға бағытталған қарапайым құбылыс.Операция келесі түрлерге бөлінеді: қолмен жасайтың, машинамен жасайтын және аппараттық.
Жұмыс орындарда өндірістің оперативті жоспарлауы қарастырылады:
· реттеліп орындалған операция
· керекті құралдар мен аспаптар
· өнім өндірудің тәртібі
· шикізат пен материалдардың негізгі түрлері;
· соңғы өнімнің комппонентік мөлшері;
· әр бір операцияның орындалу уақыты;
· шығарылған өнімнің шығарылуы;
· операцияны шығаруға кеткен жалпы шығарылым;
· өнімнің өзіндік құны және жеткізу уақыты;
Өндіріс жоспары – кәсіпорының қуатына байланысты болу керек, яғни өнім көлеміне және санына.
Берілген тарау өнімді өндіруді көздеп отырған жобалар үшін қүрастырылады. Бірақ, коммерциялық кәсіпкерлікте өндіріспен сатуді кейбір дәрежеде байланыстыратын қызметтер болуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық тамақтану кәсіпорны: өндіріс бар және бірқатар оны сату іске асырылады. Сондықтан осы тараудың негізін сипаттаудың мүмкіндігі туды, оның мәні фирма өнімнің белгілі бір мөлшерін, керек мерзімде талап етілетін сапамен өндіре алатының дәлелдеу болып табылады.
Ең алдымен, келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
· өнім қайда өндіріледі: істеп тұрған немесе жаңадан құрылатын кәсіпорында ма?
· қандай өндірістік қуаттар талап етіледі және олар жыл сайын қалай өсіп отырады?
· қайда, кімнен жіне қандай шарттармен шикізат, материалдар мен жинаушы бұйымдар сатып алынады?
· ол қамтушылардың репутациясы қандай және олар мен жұмыс істеудің тәжірибесі бар ма?
· өндірістік кооперация ұсынылама және кіммен?
· өндіріс поставкаларын не ресурстарды шектеу мүмкін бе?
· қандай жабдықтар қажет болады және оларды қайда сатып алыну усынылады? Осы кезде проблемалар болама, болса қандай?
Келесі кезекте өндірістік ағымдардың схемаларын жасау керек. Ол схемада өндірістің негізгі компоненттері қалай және қайдан келетінің, қандай бағамен және қалай өнделетінің және дайын өнімнің көлемін көрсету тиіс. Сонымен бірге, сапаны бақылайтын процесстер өз орнын табу қажет (қандай кезеңде, қандай тәсілдер мен стандарттар).
Схеманы құрастырғаннан кейін қалдықтарды жою мен қоршаған ортаны қорғау жайындағы сурақтарға көңіл бөлу керек. Кейбір өндірістер үшін қосымша тарау болуы мүмкін, ол «Орналасу орны» деп атыатын тарау тікелей қоршаған орнымен байланысты болады.
Берілген тарауды өндірістің мүмкін шығындарын, оның келешектегі динамикасын бағалау мен аяқталуы мүмкін.
Сонымен қатар бұл тарауды құрастырған кезде келесі негізгі түсініктерді қолдауға алу қажет: өндірістік құат және өндірістік шығындар. Өндірістік құат деп орнатылған жабдықтар арқылы белгілі бір уақыт мерзімінде өндірілуі мүмкін өнім көлемін немесе бірліктік мөлшерін айтады.
Келесі кезекте нормалды құат пен номиналды максималды құаттарды білу керек. нормалды құат тек жұмысшылардың қалыпты жағдайларында орнатылған жабдықтар мен кәсіпорынның техникалық сипатында ғана іске асырылмайды, оған сонымен бірге қолданылатын басқару жүйесі де әсер етеді. Осындай құат нарықтық коньюктураны зерттеудегі сураныстың мөлшеріне және бизнес – жоспардың маркетингтік стратегиясында көрсетілген сату көлемдеріне сәйкес келуі қажет.
Номиналды максималды құат кәсіпорынның техникалық күшімен қол жеткізуі мүмкін қуатты білдіреді, ол орнатыған жабдықтардан құатына сәйкес келеді және қамтушы кәсіпорындармен кепілденеді.
Ондірістік шығындар жайлы, оны келесідей сипаттауға болады.
Шығындар статьялары Өнімнің өзіндік құны қажет шығындар |
Шикізат және негізгі материалдар Қосымша материалдар - - П Цехтық шығындар П+1 Жалпы зауаттық шығындар П+2 Оқыстардан болған шығыстар П+3 Басқа да өндірістік шығыстар Барлығы: Өндірістік өзіндік құн Бейөндірістік шығыстар Толық өзіндік құн |
Келтірілген статьялардың ішінен «бейөндірістік шығыстарды» көрсетуге болады, олар өзіндік құн мен шығындардың жалпы мөлшеріне жер етеді, сонымен қатар, басқа статьяларға қарағанда заң тәртібінде тез өзгеретін статьяларға жатады. Бейөндірістік статьяларға келесілер кіреді:
· Сату мен бөлулерде іске асырылатын шығыстар (жарнама, кепілдік, ремонт, қызмет көрсету);
· Қолдықтарды жоюмен байланысты шығыстар (қалдықтарды өндеу мен шығарудың шығыстарры);
· Қызмет көрсету мен қол ақшаны бергені үшін банққа төленетін пайыз;
· Қысқа мерзімді несие үшін пайыз;
· Сақтандыру төлемдері (мүлікпен келісім шарттарды сақтандырған кезде іске асады);
· Жалпы шаруашылық шығыстар.
Өндірістік бағдарлама коммерциялық кәсіпорын үшін де құрастырылуы мүмкін, егер оның арнайы сақтайтын, қаптайтын және өлшеп салатын базалармен қоймалары болатын болса.
Практикалық сабақтар сұрақтары
1. Технологиялық процесс жалпы алғанда
2. Кәсіпорында өндірістік процесстің 2 түрі
3. Операция қандай түрлерге бөлінеді
4. Жұмыс орындарда өндірістің оперативті жоспарлауы қалай қарастырылады
5. Өндіріс жоспары немен байланысты болу керек
6. Өндіріс жоспар қанадай сұрақтарға жауап беру қажет
7. Өндірістік ағымдардың схемасы нені қарастырады
8. Қалдықтарды жою мен қоршаған ортаны қорғау
9. Өндірістік құат
10. Нормалды құат пен номиналды максималды құат
11. Ондірістік шығындар, «бейөндірістік шығыстар» дегеніміз не
10 дәріс Бизнес – жоспарда тәуекелділікті бағалау.
1. Тәуекелділік жайында түсінік.
2. Тәуекелділікті минимизациялаудың әдістері.
Тәуекелділік- болуы да, болмауы да мүмкін кездейсоқ жағдай. Егер осындай жағдай болса, онда кәсіпорында үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін.
· Теріс – кәсіпорынның ресурстар бөлігін жоғалтуы, қосымша шығыстардың пайда болуы және кірістердің болмауы.
· Оң– пайданың жоғарылауы, шығындардың төмендеуі немесе тиімділік.
· Нөльдік– қаржылық шаруашылық нәтижеге әсер етпейді.
Кәсіпкерлік қызметте таза және спекулятивті тәуекелділіктер маңызды роль атқарады.
Таза тәуекелділік – табиғи ( сілкіністер, су апаттары және т.б.) экологиялық, саясаттық, транспорттық және кейбір коммерциялық тәуекелділік (мүліктік , өндірістік, саудалық). Олар теріс және нольді шаруашылық нәтижеге алып келуі мүмкін.
Спекулятивтік тәуекелділік – қаржылық тәуекелділіктер, ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты( инфляциялық , валюттік, дефляциялық және т.б.) және инвестициялық ( пайыздық, несиелік, жіберілген тәуекелділік, биржалық, селикативтік, банкроттық) – оң және теріс экономикалық нәтиженің болу мүмкіндігін білдіреді.
Кәсіпорындарда жоспарлау кезінде бейтараптандыру мақсатында, өндірістің тиімділігіне теріс тәуекелділіктің әсері, оның сандық және сапалық анализін жасайды.
Әр түрлі жұмыстар және тәуекелділік факторлар кезінде оларды анықтау анализдің сапалық маңызы болып табылады.
Сандық тәуекелділіктің мөлшерін статистикалық, аналитикалық және басқа әдістер арқылы орнатуға болады.
Кездейсоқ жағдайлардың заңдылығы, ықтималдылық теорияны математикалық аппаратты қолданумен зерттелінеді. Тәуекелділік жағдайдың ықтималдылығы субъективтік және объективтік әдістер арқылы анықталуы мүмкін.
Объективті әдіс – ықтималдылық жағдайдың жиілігін анықтау арқылы орнатылады.
Мысалы: Егер инвестицияланған капитал 50 мың тг, сәйкес проектерге 100 – ден 70 жағдайларда 40 мың тг соммасында пайда алынған , онда осындай ықтималдылық қамтамасыз етіледі, таза табыстың 0,7 (70;100) құрайды.
Субъективті әдіс - ықтималдылықты анықтау эксперттердің, консультанттардың немесе кәсіпкердің, жоспарлаушы адамның субъективті бағаларына негізделеді.
Тәуекелділікті төмендету және проектінің сенімділігін жоғарылату үшін, негізгі факторлардың тиімділігіне әсер ету дәрежесін анықтайды.
Сезімтал анализ процесінде бір сыншыл факторлардың мәнін өзгертеді, және осы жағдайда басқа өзгермейтін параметрлер жоспардың тиімділік көрсеткіштің тәуелді дәрежесін болған өзгерістерден анықтайды.
Зерттеуде әдетте келесі факторларды қосады:
· Тауардың ( қызметтің, жұмыстың) бірлігінің бағасы;
· Сатудың көлемі;
· Өнімнің( қызметтің, жұмыстың) бірлігінің өзіндік құны;
· Жоспарлы кезеңнің инфляция деңгейі;
Өткізілген өнімнің құны төлемінің кешіктірілген уақыты.
Жоспарлау процесіндегі анализдің нәтижесі, сонымен бірге проектіні өткізу кезінде тәуекелділіктің дәрежесін төмендетуді қарастырады.
Бірінші басшылар мен басқарушылық жұмысшылар нақты бизнестің жағдайында әсірісе, турақсыз шаруышылық ортада әрдайым кәсіпкерлік тәуекелділік пен кездеседі.
Әрбір кәсіпкерлік жобана іске асырған кезде күтілмеген жағдайлардың болуы мүмкін. Объективті, заңды сипаттағы жағдайлар бизнес – жоспарды құрастырған кезде алдын – ала есепке алынуы шарт, және олар кездейсоқ жағдайлар деп құрастырылмайды. Дегенімен де, кездейсоқ жағдайларға дайын болу керек. Біріншіден, оларды мүлдем болғызбайға мүмкіндік береді, екіншеден, болу ықтималдығын азайтады, үшіншіден, кездейсоқ жағдайларға дайын болу, шығыстар мен байланысты болатын салдарларды жұмсартады.
Осылайша кәсіпкерлік – ықтималдықты категория болып табылады. Кездейсоқ жағдай болуы мүмкін, болмауы да мүмкін. Объективті немесе субьективті әдіс негізінді осындай жағдайдың болу ықтималдығы анықтайды, ол белгілі бір жоспарланатын нәтижеге ісерін тигізеді, мысалы, сату бағасына, сату көлеміне пайдаға.
Мүмкін тәуекелділіктің шекарасы жобаны іске асырудың белгілі бір кезенінде пайданың жоқ болуы мен байланысты болады. Шекті тәуекелділік шекарасы шығындар мен пайданы қамтамасыз ететін толық табыстардың жоқ болу жағдайымен байланысты болады. Катастрофалық тәуекелділіктің шекарасы кәсіпкердің өзіндік мүмкін жоғалтуымен байланысты. Зонаның шекаралық нүктісі белгілі бір тәуекелділікпен сипатталады.
Осылайша мүмкін болатын оқиғаларды теріс жақтары мен олардың солдарынан болатын шығыстарды алдын – ала қарастырғаннан кейін, тәуекелділікті төмендетудің жолдарын көрсету қажет. Оларға келесілерді жатқызуға болады: жобаны іске асыру кезінде шаруашылық жағдай жайында толықтауыш ақпаратқа ие болу лимиттеу сақтандыру және диверсификация, өзін өзі сақтандару. Осы әдістердің ір біреуі өзінің құнына ие, сондықтан да нақты жағдайларда таңдау жасау керек. Тәуекелділікті төмендету мен байланысты шығыстар өнімнің өзіндік құнына қосылады, сәйкесінше фирманың шығындарына қосылады.
Бизнес – жоспарды құрастырушы үшін еске алатын ең басты жайт, нақты бизнесте тәуекелділіксіз іс құру мүмкін емес. Рецензент немесе инвестор болуы мүмкін оқиғаларды біліп, олардан шығу жолдары мен танысу керек. Жобаны іске асырудың объективті сипаты фирмаға деген сенімді арттырады.
Практикалық сабақтар сұрақтары
1. Тәуекелділік және оның үш экономикалық нәтижелері
2. Таза тәуекелділік
3. Спекулятивтік тәуекелділік
4. Сапалық, сандық әдістер
5. Субъективтік және объективтік әдістер
6. Сезімтал анализ, факторлар
7. Тәуекелділіктің шекаралары
11 дәріс Өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымы.
1. Басқарушылық пероснал.
2. Өндірістік персонал.
3. Өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымның түрлері
4. Кадрлік саясат және стратегия.
5. Күнтізбелік жоспар.
Жоба жайында қорытынды жасайтын рецензент жобада жұмыс істейтін жұмысшылардың саны мен құрылымына көңіл бөледі. Осында елеулі көңіл басқарушылық персоналға беріледі. Ол келесіні білдіреді, басқару командасынан барлық істің табысы тәуелді болады. Дамыған нарықтық қатынастры бар көптеген елдердегі зерттеулер келесіні көрсетті, бизнес схемасында банкротқа ұшыраудың себептері келесілер:
· басқарудың тиімсіздігі – 45 %
· кәсіпкерліктің берілген түрінде тәжірибенің аздығы – 9%
· басқарушылық кәсіптің жетіспеуі – 18%
· профессионализмнің аз болуы – 20%
· өзіне алынған міндеттемелерді орындамау - 3%
· алдаушылық – 2%
· табиғат апаттары - 1%
Инвесторлар қалыптасқан техникалық, басқарушылық, коммерциялық және іскерлік сапаларды есепке алатын басшылардың тобын жақтайды. Осы тараудың алғашқы кезенінде негізгі басқарушылық персонал, олардың негізгі функциялары көрсетіледі, фирманың ұйымдастырушылық құрылымы мен құрылтайшылардың құрамы (Директорлар Кеңесі) көрсетіледі.
Ұйымдастыруды жоспарлау процесінде өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымы түзеледі, ал бөлімшелер арасында нақты қарым – қатынасты орнатуға бағытталған: цехтардың өлшемі мен саны, олардың бір – біріне бағыттылығы, қызмет көрсету және басқару бөлімшелерін ұйымдастыру мен өлшемі (маркетинг, материалды қамтамасыз ету, сату және т.б) сонымен қатар әкімшілік алым салады.
Негізгі персоналды сипаттаудың схемасына келесілер жатады:
· негізгі тізім
· берілген аймаққа жұмыс істеудің тәжірибелі;
· міндіттемесі мен жайапкершілігі;
· жалақысы;
· басқарушылық персоналдың шаттық құрамы.
Осылардың барлығы бөлшектенуі мүмкін және жұмысқа алудың мотивациясы ретінде саналуы мүмкін.
Фирманың (жобаның) өмірлік кезеңі оған жұмыс істейтіндерден тәуелді болады. Өндірістік персоналды сипаттау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек.
· Жобаны іске асыру үшін қазір және келешекте неше адам керек?
· Фирма қандай мамандарды талап етеді?
· Олар қолда бар ма? Оларды қандан іздеу жоспарланады?
· Кадрларды дайындау және қайтадан дайындау мен фирманың өзі айналысады ма? Егер айналысса, ол нешеге теқ болады?
· Олар толық немесе бөлек жұмыспен көрсету шартында жұмысқа алынады?
· Олардың жұмыстары қалай өтеледі – тұрақты окладтар немесе мерзімді төлеммен?
· Фирма қандай қосымша төлемдерді төлейді?
· Фирма жұмыстан тыс уақытта жұмыс істегені үшін төлем төлей ме?
Өнеркәсіптің ерекшелігін ескерумен пайдалынылатын ұйымдастыру құрылымның әр түрлі типтері таңдалған;1. Сызықтық функционалдық құрылымы.
2.Дивизиондық – функционалдық құрылым. 3. Матрицалық құрылым.
Схема 53. Басқарудың ұйымдық құрылымның артықшылығы мен кемшілігі.
құрылым | артықшылығы | кемшілігі |
Сызықтық | - нақтылық пен бірыңғайлықты реттеп бөлу; - орындаушының бір адамға есеп беру; - әрбір жұмысқа жұмысшының жауапкершілікпен қарауы; - құрамдасушының дамуын оңтайлануы. | - ақпараттын өтімділігінін уақыт ұлғайымы -шешімді қабылдаудағы позиция - өздерінің нақтылы міндеттерінен басқа, атқарушылық штабтық және есептік заңылауды атқару. |
Функционалдық | -ақпараттың өтуінің уақыт кемшілігі; | |
-Басқарушылардың мамандығының ішерлігі -сызықтық құрылымға қарағанда жоғарыдағы басшыларының жұмысы аз | - жарлығына қарсы мүмкіндік алу, -функциалардан бір-бірімен қиын айырылуы; - болжамдаудың қиындығы - басқарудағы икемділіктің аз болуы. | |
Сызықтық функционалдық | -оңтайлы шешімдерді қабылдау мүмкіндігінің икемділігі, -өндірістің техникалық сұрақтарын шешуге уақыттың қысқарылуы, | Сызықтық және функционалдық басқарушылардың реттеудегі қиыншылықтары |
Дивизиондық | -өз бетінше бөлімшелердің нарықтағы орын алу және жоғары пайда табуы, - сыртқы ортаға тез арада икемділігінің кетуі -ережелер мен процедуралардың аздығы -шығармашылық жағынан шешуге үлкен мүмкіндігі | -басқару аппаратының өсуі - орталықтандырылған мақсатты ресурстарыныңбөлімді арқасында қайшылық жағдайының пайда болуы, -басқару деңгейі белгісіз - мақсат пен міндеттің анықталмағаны -бақылаудың қиындығы. |
Схема 54. Кәсіпорын құрылымның проектісін дайындау кезеңдері.
1 кезең
Кәсіпорынды басқару концепциясын дайындау.
2 кезең
Ұқсас кәсіпорындардың қолданыстағы құрылымы мен ұйым құрылымының анализін жасау.
3 кезең
Мақсаттар мен функциялар жүйесін басқару құрлымының бастапқы нұсқасын құрастыру.
4 кезең
Қолданыстағы функция жүйесін басқарудағы өзгертулер тізбегінің құрастырылуы.
5 кезең
Басқару мен анықтау мінездемесінің ұйымдық жүйенің құрылымын негізгі функцияның орындалу үрдістерінің үлгіленуі.
6 кезең
Қолданыстағы ұйым құрылымын таңдау және қолданыстағы нұсқаларды жетілдіру.
7 кезең
Жобаны еңгізуде бағдарламаны жасау.
8 кезең
Жобаны анықтап реттеу.
Кадрлік саясаттың негізінде келесілер жатыр
Жұмысқа алудын мерзімдері. Фирма персоналы қашан және қалай құралатынан көрсету керек.
Кадрларды таңдау. Кадрларды таңдаудың тиімсіз процедуралары мен процессті әрдайым проблема болып табылады, фирма жаңадан әлде істеп турғанынан тәуелсіз. Бірақ жұмысшыларды жұмысқа алудың дурыс шешімі компанияның бастапқы кезенінде ерекше маңызға ие болады, өйткені, осы кезеңде ол фирмалардың ірі қателерді түзетудің мүмкінділіктері болмайды. Сондықтан – да, ең бастапты кезде қабілетті мамандарды жұмысқа алу – үлкен табыс болып табылады. Жұмысшыларды жұмысқа алудың процедурасы мен стандарттары ерекше көңіл болуді талап етеді.
Марапаттау. Жұмысшыларға төлем төлеудің қосымша ақпаратты жоспарға қосу өзіе өзі ақтайды. Қызықтыратын келесі сурақтар болуы мүмкін, еңбек ақының құрылымы, жеңілдіктер пакеті, сыйақылар, қор опциондар және т.с.
Көп жағдайларда, персоналмен байланысты болатын бизнес – жоспардың бөлігі жауапсыз қалады. Бір жағынан, ол түсінікті, өйткені жоспардың ол бөлімдері кәсіпорынның келешектегі дамуына ықпал жосамайды. Бірақ, егер узақ мерзімді кезеңде елеулі кеңеюге ынтасы болса, ол бөлімдердің маңызы зор болып табылады.
Ұйымдастыру құрылымы жасау күрделі және ұзақ процесс болып табылады, ұйымдастыру құрылымның рөлі, өнеркәсіптің негізгі әрекетінде функциялардың маңыздылығы туарлы сұрақтар шешімді және бір қатар кезеңдерден өтеді.
Өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымын жасау үшін қажетті:
· Есептеу құжаттарын және ішкі фирмалық ережелерді регламенттайтын құжаттарды дайындау;
· Негізгі және қосымша бөлімшелердің тізімін, олардың функциясы мен олардың арасында әрекеттеу тәртібін анықтау;
· Басқарудың тік құрылымы бойынша міндеттерді тарату;
· Басты менеджерлердің мінездемесін – класификация, тәжірибесі, еңбекті төлеу принциптері және т.б беру;
· Өнеркәсіп жетекшілерінің (жеке меншік иелері) суреттер беруі – тұлғалар тізімі және берілген капиталдағы әрқайсысының үлесі мен басқа да мәліметтер.
Күнтізбелі жоспар,немесе іскерлік кесте - бизнес – жоспардың маңызды бөліктері болып табылады, Онда жобаның іске асуына ықпал жасайтын басты оқиғалардың озара байланыстары көрсетіліп, жоспарлы мақсаттары анықталып, жобаның іске асырылуының қатерлі моменттеріне көңіл бөлінеді. Жақсы құрастырылған күнтізбелік жоспар, инвесторлардан қосымша құралдарды алуда ерекше тиімді болуы мүмкін, сонымен бірге, жобаны құрастырушының жұмысты жоспарлау мен тәуекелділікті минимумге дейін азайтудың қабілеттілігін көрсетеді.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4494;