Бизнес-жоспар сипаттамалары 1 страница
3. Жеке кәсіпкерге және оның әріптестеріне бизнес-жоспар қандай негізгі сұрақтарға дәлелді жауап беру керек
4. Не істеу керек, не карастырады
5. Кәсіпорынның қазіргі, не карастырады
6. Дамудың бағыты (күткен жағдайда) , не карастырады
7. Мақсатқа жетудің тәсілдері, не карастырады
8. Ресурстардың жұмсалуын және қаржылық, не карастырады
9.Кәсіпорында жоспарлаудың функциялар мен принциптері.
5 дәріс Өнімді (қызметті) сипаттау
1. Өнімді сипаттаудың жоспары
2. Жобаның іске асуы салдарынан фирма қызметінің өзгеру жағдайлары
3. Әрекеттің түрлерін таңдау(тауар, қызмет көрсету, жұмыс)
Осы тарауда, сіздің жаңа ісіңіздің мәнің нақтылап түсіндірілуі тиіс.
Жауап қайтарылуы сұрақтардың жуық тізімі келесідей болуы мүмкін:
· Сіздің өніміңіз қандай қажеттіліктерді қанағаттандырады?
· Берілген өнімнің қандай ерекшеліктері бар, неліктен тұтынушылар бәсекелестердің өніміне қарағандай дәл сіздің өніміңізді таңдайды?
· Берілген өнңмге деген сұраныс қаншалықты өзгермелі болып табылады
· Тутынушылардың қандай таптарына ол өнім арналған?
· Өнім қандай әдіспен сатылады?
· Сіздің өніміңіздің ерекшелігі қандай патенттер мен қорғалған?
· Берілген өнімді басға айыстытудыцң перспективалары қандай
Сұрақтарға жауап қайтарылғаннан кейін ұсынылатын өнімнің негізгі қасиеттерінің схемасын дайындауға болады
Өнімнің жақсы жағы Өнімнің нашар жағы
олардың еңжақсы кемшіліктер
сипаты (сапасы) анықтау әдісі
қурылығы, технологиясы
Өнімнің сырт қорабының дизайнын есепке ала оырып, оның өзін көрсету қажет, егер ол көрсетілетін қызмет немесе жұмыс болса, оның қоғидалық технологиялық схемасын көрсету керек. Фирма өнімді өзі өндіріме, әлде ол сатушы - делдамдық агент болуынан тәуелсіз, кепілдік мерзімдер мен сатудан кейінгі сервистің ұйымдастырылуын көрсету қажет.
Берілген тарауда өнімнің бір бірлігіне келетін баға мен шығындар көрсетіледі, осыдан бір бірлікке келетін пайданы да білуге болады.
Жобаның іске асырылуынан кейін өндіріс жағдайлары немесе коммерциялық қызметте елеулі өндірістер туындауы мүмкін. Мысалы:
· жұмысшылардың квалификациясына жаңа талаптардың қойылуына байланысты оларды ауыстыру қажеттелегі туындайды;
· адамдарды қайтадан оқытып, арнайы дайындау қажет;
· қолданылатын материалдар мен оларды қамтушылар өзгеруі тиіс;
· технология жаңарды және жаңа жабдықтар мен құрылғылар қажет болады;
· жаңа ғылыми, конструкторлыцқ және технологиялық жобаларды нақтылау керек болады.
Бірілген тараудың нәтижесі, усынылатын өнімді игеру мен қаржыландыру қажеттілігі күмәнсіз және мақсатты деген түйінге келу болып табылады.
Әрекеттің түрлерін таңдау(тауар, қызмет көрсету, жұмыс)
Әр бір кәсіпорынның жобасы өнімнің, тауардың және қызмет көрсетудің идея құрылуынан басталады. Ең алдымен нарыққа шығаратын тауардың (қызметтің) мінездемесі толығымен бизнес жоспарда көрсетілуі тиіс.
Тауардың тек қана оның жалпы көрінісін ұсыну емес, сонымен қатар үйлестіру барысында оның артықшылықтарын ашу, нарықта оған бәсекелесуге қабілетті сұраныс және т.б. Жаңа тауардың шығарылуы, негізінен бірнеше іріктеу сатыларынан өтеді.
Нақты орындалған әр бір тауардың бірнеше мінездемесі болады: сомасы, қасиеттер жиынтығы, атауы, сыртқы оралымы және т.б. Олар бизнес жоспарда нақты көрсетілуі тиіс.
Бұл тауарды тұтынушылар сатып алу үшін,ең алдымен тиімді нәтижелердің нақты сипаттамасын беру керек: жаңа немесе бірегей қасиеттер,нарықтағы болған үйлестіктің қанағаттанарлық талаптар ортасынан айыру,соның ішінде:
· Қандай талапты ол нақты қанағаттандырады
· Бұл тауар немесе көрсетілген қызмет қалай қалыптасады
· Баға деңгейі және сатып алушылардың топтары
· Сұранысы бар тауардың мінездемесі
· Тауар қандай түрде сатылады
· Тауардың әлсіз (жаман )жақтары
· Бұл тауар өндірісін кім игеруі керек
· Тауардың артықшылықтары
· Тауардың қажеттілігі мен мүмкіншілігін жетілдіру
· Тауардың болжанған бағыттың өтімділігі
Тауардың сипаттамасына мынадай мәліметтер кіреді:түрі, көлемі, салмағы, қызмет мерзімі, патент жағдайы.
Патенттік жағдай мінездемісі келесі патенттік құқықтық сұрақтарға жауап береді:
· Елге келген лицензиялардың тауары қорғалған ба?
· Болжаған жерде жобаның орындалуына бағытталған тауар қорғалған ба?
· Экспорттық негізгі нарықтағы тауары қорғалған ба?
· Патенттік лицензияның құқықтық көлемі қандай?
· Өнім бәсекелесі қорғалған ба?
· Сендердің патенттік құқықтарын бұзбай, бәсекелес ұйымдар өз тауарларын өндіріп, сата ала ма?
Әр тауардың өміршендік қозғалыс кезеңдеріне: наразылық, өсу, таралу, қанығу, түсуі (құлауы)
Тауардың белгілі бір сатылардан өтуі, нарықтық коньюктураға жоспарланған тауар қозғалысы немесе өміршендік қозғалысының сатылары кәсіпкердің өнімнің өтіп жатқан сатылардан өтуіне дұрыс шешім қабылдауына жан береді.
Тауар сұраныстың азаюына жол бермеу үшін, кәсіпкер белгілі бір құралдарға ие болу керек:
· Баға
· Тауарды тарату әдістері
· Оның жарнамасы
· Нарықта тауардың қозғалысы және кәсіпорын объектісінің оңтайлығы (моневрирование)
Ол сату көлеміне және деңгейіне әсер етеді, сонымен қатар кәсіпкерлік жобаның қаржылық нәтижелерінің орындалуына.
Тауардың өнделу үдерісі.
Практикалық сабақтар сұрақтары
1. Жаңа ісіңіздің мәнің сипаттау ұшін қандай сұрақтарға жауап беру керек
2. Жобаның іске асырғанда қандай өзгерістер туындауы мүмкін
3. Әр бір кәсіпорынның жобасы неден басталады
4. Тауардың мінездемесі
5. Тауардың сипаттамасын беру қандай сұрақтарға жауап береді
6. Тауарды сипаттайтын мәліметтер
7. Патенттік жағдай мінездемісі қандай құқықтық сұрақтарға жауап береді
8. Әр тауардың өміршендік қозғалыс кезеңдері
9. Тауар сұранысыңа азаюына жол бермеу үшін, құралдар
6 дәріс Кәсіпорында жоспарлау процессі және ұйымдастырылуы
1. Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
2. Кәсіпорында жоспарлау процессін ұйымдастыру
3. Кәсіпорында жоспар құруды ұйымдастырудың 3 схемасы
Тәжірибеде жоспарлау басқарудың маңызды функциясы, адамдардың алдағы іс-әрекеттері және бизнес сферасындағы эффективті нәтижеге жету нысанасы.
Жоспарлау шешім қабылдағанда әртүрлі нұсқаларды жан-жақты бағалау арқылы дайындықтан өтеді. Жоспарлау процесі іздеу, анализ, салыстыру және таңдаудан тұрады.
Технологиялық қатынаста жоспарлау, ғылыми және практикалық іс-әрекет процесінде бірнеше сатылардан өтеді:
· жоспарлау мақсатын анықтау – кәсіпорын жағдайы және оның нарықтағы орналасуы
· мәселе анализі – фактілі бастапқы іс-жағдайы және жоспарлау периодының аяқталуы
· альтернатива іздеу - әр түрлі сценарий бойынша дамудың мүмкін нұсқаларын іздеу
· қажеттілікті анықтау ресурстағы және қойылған мақсаттарға жету жолдары, өндіріс көлемі т.б.
· баға – оптималдық есептемелерді жүргізу және экономикалық көрсеткіштерді негіздеу
· безендіру – жоспарды біртұтас құжат ретінде
Кәсіпорында жоспарлау сатылары және барлық процессі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар жоспарлаудың анықталған жүйесін құрайды, оларды шарттардың анықтығының дәрежесі бойынша, мақсат типі, негіздеу тәсілі және басқа белгілері бойынша классификациялауға болады.
Бизнес жоспарды ұйымдастырғанда алдын-ала анықтайды:
· жоспарлау обьектісін – кәсіпорынның біртұтастығы, іс-әрекеттің структуралық бөлімшелері немесе жеке бағыттары, жалпы мақсаттарын, бағдарламаларын және іс-әрекеттерін анықтау
· жоспар жасаушыларын – фирманың жауапты жұмысшылары, арнайы функционалды қызметшілер, сыртқы консультанттар және олардың анықталған комбинациясы
· жоспарлаудың құралдарын – калькуляторлар, компьютерлік техника және оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі
· жоспар құрудың тәртібін – барлық жеке жоспарлардың бір уақытта бірыңғай модельде жасалуы және жалпы жобаға қосылуы
· жоспарлардың тәсілдерін – жай дәстүрлі әдісі (таблицалар, графиктер т.б.) және қазіргі компьютерлік арнайы бағдарламалар
Кәсіпорында жоспарлы-экономикалық жұмысты ұйымдастыру оның көлемі мен типіне тәуелді. Кіші кәсіпорында әдетте басқару функциясын терең бөлу болмайды және жоғарғы басшылар өздері жоспарлаудың бөлшектерін анықтайды және өндірісті ұйымдастырады.
Ірі және орта кәсіпорында стратегиялық, тактикалық және күнтізбелік жоспарды ұйымдастырушылық құрылымды есепке ала отырып, міндеттемелерді ұжымдар арасында бөлу арқылы жасайды.
Өндіріс саласында, сатып алу, сату және оперативті басқаруда тәжірибесі бар кадрлар бөлімшелерде орналасқан. Сондықтан бөлімшелер әдетте кәсіпорынның күнтізбелік, тактикалық және стратегиялық жоспарларына ұсыныстар жасайды.
Тәжірибеде жоспар құрудың жұмысын ұйымдастырғанда 3 схема пайдаланылады:
· жоғарыдан төмен
· төменнен жоғары (кәсіпорынның иерархиялық құрылымы бойынша)
· айналым тәсілімен (қарама-қарсы жоспарлау)
1. Орталықтандырылған – ұйымдастырушылық жоспарлау көбіне орта және ірі кәсіпорында жоғарыдан төмен қарай жүзеге асырылады. Осындайда жоспарлы стратегиялар басқарудың жоғарғы деңгейінде жасалады – мақсаттары анықталады, негізгі бағыттары және кәсіпорынның басты тапсырмалары, олардың жүзеге асырылуы.
2. Төменнен жоғары қарай жоспар құрған кезде, жоспарлау бөлімше жоспарынан және орындағы жоспардан жалпы жоспарға өту арқылы жүзеге асырылады. Төменгі ұйымдастырушылық бірліктер – участоктар, цехтар – ұқсас жоспар жасайды, одан оларды жоғарыда біріктіреді, соңында кәсіпорынның бірыңғай жоспары қалыптасады.
3. Қарама-қарсы жоспарлау жоғарыдағы 2 тәсілді біріктіреді. Жоғарыдан төмен процесінде басты мақсаттар және жалпы жоспарды жасау үшін кәсіпорынды басқару деңгейінде алдын-ала жоспарлау жүзеге асырылады. Төменгі деңгейде бұл жоспарлаудың дәлдігі жасалады.
Содан кейін жоспарлаудың төменнен жоғары қарай қадамы басталады. Бұл кезде жоспарға эффективті шешімдер қосылады жзәне келіспеушіліктер жойылады.
Жоспарлау аппаратының ортаңғы звеносы, жоспарлау бөлімшесі, оның функциясы ағымдағы және перспективті жоспар құру, оларды өндірістік бөлімшелерімен келісімдеу, жоспарлық көрсеткіштердің дәлдігін анықтау, олардың жүзеге асырылуын кәсіпорынның бөлімщелері мен жұмысының анализін қадағалау.
Жоспарлау менеджері ұйымдастыру мақсатын және оларды жүзеге асырудың жақсы тәсілдерін анықтайды, бюджетті, сала жағдайы туралы ақпаратты, керекті және бар ресурстарды анализдейді. Жоспарлаудың маңызды аспектісі бастапқы мәліметтерді бағалау болып табылады.
Өндірістік бөлімшелерде жоспарлау функциясын оперативті және ағымдағы жоспарлау және қадағалау, қызметтері атқарады. Олардың тапсырмасы - әр ауысымға, тәулікке, айға, кварталға, жылға шектеуді және жалпы шаруашылық мақсаттарды есепке ала отырып жоспар құру.
Кәсіпорынның жылдық жоспарын өндірістік бөлімшелер жұмысшыларының қатысуымен құрайды.Жылдық жоспарда өндіріс жоспары және айлық өткізу, төменгі деңгейді басқару тапсырмалары, тауардың бір бірлігіне еңбек және шикізат шығындары бөлшектенеді.
Практикалық сабақтар сұрақтары
1. Жоспарлау процесі деген не
2. Технологиялық қатынаста жоспарлау процессі қандай сатылардан өтеді
3. Кәсіпорында жоспарлаудың классификациясы
4. Бизнес жоспарды ұйымдастырғанда нені алдын-ала анықтайды
5. Тәжірибеде жоспар құрудың жұмысын ұйымдастырғанда қандай 3 схема пайдаланылады
6. Жоспарлау аппаратының ортаңғы звеносы, оның функциясы
7. Жоспарлау менеджері нені ұйымдастырады
8. Өндірістік бөлімшелерде жоспарлау функциясын кім атқарады
9. Кәсіпорынның жылдық жоспары
7 дәріс Еңбекті нормалаудың мәні.
1. «Норма» терминіның мағынасы
2. Нормалаудың негізгі объектілері және факторлары
«Норма» термині екі әртүрлі мағынаны береді: өлшем түріндегі норма және ереже түріндегі норма.
Ереже нормасы әртүрлі сферада қызмет істейтін адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді. Мұндай нормаларға экономикалық және құқықтық нормалар, этикет ережелері, салт-дәстүр жатады.
Өлшем нормасы қажет еңбек шығындарын және басқа да ресурстарды; жұмысшылардың іс-әрекетінің нәтижелерін; еңбек шарттарының сипаттамасын анықтайды.
Тарихи тұрғыдан ең бірінші ереже нормасы пайда болды. Ол практикалық тәжірибе, ғылыми зерттеулер нәтижесі және астрономия, этика мен құқық негізінде қалыптасты.
Өлшем нормасының пайда болуы объективті түрде өндірістік қызметке сұранысқа байланысты. Бұл норманың құрамы еңбек құралдарының жетілуі және оны формаларын ұйымдастыру негізінде кеңейтілді. Машина өндірісінде машина және жұмысшылар әрекетінің келісімі қажет болды. Яғни, станок және оған қызмет көрсететін жұмысшылар саны арасындағы ең жақсы қатынасты орнату қажеттілігі пайда болды. Еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формасы звено және бригада санына қажеттілікті қажет етті.
Бүгінгі таңда еңбекті нормалаудың негізгі объектілері болып табылады:
· жұмыс уақытының шығындары - өндірістік процесс элементтерін орындауға кеткен (уақыт нормасы);
· өнім бірлігінің саны – берілген уақытта бір немесе бір топ жұмысшылармен дайындалған (өнімділік нормасы);
· өндірістік объект саны (станок, агрегат т.б.) – бір немесе бір топ жұмысшы қызмет көрсететін (қызмет көрсету нормасы);
· персонал саны – белгілі жұмыс көлемін орындау үшін қажет (сан нормасы);
· бір басшының қол астындағы жұмысшылар саны (басқару нормасы);
Сонымен бірге нормалаудың объектісі бола алады: жұмысшылардың энергия шығыны; жұмыс қозғалысының жылдамдығы; жұмыс ауысымы кезіндегі демалыс уақыты және т.б. еңбектің психофизиологиялық аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер.
Сонымен еңбекті нормалау – бұл өндірісті басқару бойынша мақсаты - еңбектің қажет шығындары мен нәтижелерін белгілеу, әртүрлі топтағы жұмысшылардың саны мен құрал-жабдықтардың бірлік саны арасындағы қажет қатынасты орнату, сонымен бірге еңбек әрекетін реттеуші ережелер болып табылатын қызмет түрі.
Еңбекті нормалау кезінде қажет шығындар, нәтижелер және қатынастар орнатылады. Бұл дегеніміз нормалар еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, технологиялық процесс вариантының нақты учаскісі жағдайы үшін тиімді болуы керек. Еңбек нормасы өндірістік бөлімшелердің еңбек және материалдық ресурстардың ең жақсы қолданылуына жағдай жасау керек.
Еңбекті нормалау бойынша жұмыс еңбек процессін және технологияларды проектілеумен тығыз байланысты. «Нормалау» дегеніміз еңбекті ең тиімді ұйымдастыруды іздеу.
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау бойынша жұмыстың маңызды ерекшелігінің бірі болып оның көп аспекті сипаты, яғни техникалық, психофизиологиялық, әлеуметтік, экономикалық факторлардың объективті қажет есебінің кешені табылады.
Технологиялық факторлар құрал-жабдықтырдың жұмыс режимін және затқа технолгиялық әсердің ұзақтығын есептейді.
Психофизиологиялық, әлеуметтік – адамның қызметі өнімдірек болуы үшін жағдай жасау. Онда еңбек процесіне барлық қатысушылардың жоғары жұмыс қабілеттілігі сақталады және олардың еңбекке деген шығармашылық қатынасы мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Әртүрлі факторлар кешені есебінің қажеттілігі ұйымдастыруды пректілеу және нормаларды орындау бойынша қызметті қиындатады.
Ұйымдастыру мен нормалау бойынша маман - технологтардың, физиологтардың, психологтардың және социологтардың разработкаларын нақты өндірістік бөлімшенің ресурстарды ең тиімді пайдалануына сәйкес, еңбектің қажет шығын және нәтижелерін анықтау үшін пайдалана алуы керек.
Практикалық сабақтар сұрақтары
1. «Норма» терминнің мағынасы
Ереже норма
Лшем норма
4. еңбекті нормалаудың негізгі объектілері
5. еңбекті нормалау деген не
6. Технологиялық факторлар
7. Психофизиологиялық, әлеуметтік факторлары
8. Ұйымдастыру мен нормалау бойынша маман нені пайдалану керек
8 дәріс Маркетингтік зерттеулер
1.Нарық турлері
2. Сату нарығын бағалау
3. Бәсеке
4. Маркетингтің стратегиясы:
1) Сату көлемін анықтау
2) Бағақалыптастыру
3) Жарнама
4) Сатуларды ынталандыру әдістері
5) Сатудан кейінгі қызмет көрсету.
Кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру кезінде бизнес жоспарды құруды маркетингтік зерттеулер маңызды орын алады, кәсіпорынның бағалау мүмкіндігі, шығарылған тауарға сұраныс, әр түрлі нарық түрлеріне тауарды өткізу.
Нарықты 2-ғе бөлуге болады Сатушылар нарығы және Сатып алушылар нарығы.
«Сатушы нарығы» - Нарықтың бұл түрі, тауарға деген сұраныс «С», оған деген ұсыныстан артық болады «П»: С>П. «Сатушы нарығының» сипаттамасы:
· Дефициттің болуы
· Тауар сапалығының жеткіліксіздігі.
· Жоғары бағалар.
«Сатып алушы нарығы» - Нарықтың бұл түрі, тауарға деген сұраныс ұсыныстан төмен: С<П «Сатып алушы нарығының» сипаттамасы:
· Дефициттің болмауы
· Тауар сапасының жақсару тенденциясы
· Қалыпты тенденция немесе бағаның төмендеуі.
Нарықтын 4 негізгі типы; таза бәсекелестік, монополистык бәсекелес, олигополия және монополия, әр бірі өз сипатына ие.
Маркетигтік зерттеулер бизнес – жоспардың маңызды негізгі болып табылады. Олардың толықтығы мен нақтылығынан барлық жобаның өмірлілгі тәуелді болады, соңдықтан оларды құруға қажет уақыт, күш және құралдарды аямау қажет.
Маркетигтік зерттеулер үш өзіндік тараулардан тұруы мүмкін, олар «Сату нарығының бағалауы», «Бәсеке» және «Маркетингтік стратегия» берілген тақырықта осы үш тараулар мен олардың бөлімшелері сипатталады.
Сату нарығының бағалануы фирма өз жобасында белгілі бір нарыққа шығатын өнімінің суранысы мен ұсынысын зерттеу мен болжауды білдіреді.
Осы тарауда жауап қайтарылуы қажет келесі сурақтар туындайды: кім, қашан, неше және неге сіздің өніміңізді ертен, және жақындағы бірнеше жылда сатып алады?
Осы орайда сатып алушылар бәсекелестердің өніміне қарағанда сіздің өніміңізді әрдайым сатып алғысы келетін бағаны анықтау керек.
Тарауды қуруды келесі сұрақтан бастау керек: фирма өнімін кім сатып алғысы келеді?
Егер жоспарды құрдан кезде қызмет жасап тұрған фирма болса, онда ең алдымен өзі үшін келесі сурақтарға жауап қайтаруы керек:
· фирма қандай нарықта қызмет жасайды?
· қазіргі кезде фирма өнімін кім сатып алады?
· қандай өнім - аналогтар суранысқа ие болады?
· бүгінгі нарықты қалай сипаттауға болады?
· ол нарық бәсекелі ме әлде жоқпа?
· жақындағы келешекке нарық қандай болу керек?
· фирма қызмет ететін нарықтың сыимдылығы қандай және осы нарықтағы үлесі қандай?
· нарықтың кенеюі салдарынан фирманың үлесі қысқарама әлде ұлғаяды ма?
· тутынушылардың назарын қалай ұстап қалуға болады?
· нарықты қалай кеңейтуге болады?
Ал егер фирма жаңадан құрылған болса, сурақтардың кейбіреулері босатылады. Керекті мәліметтерді жинағаннан кейін және қажетті сұрақтарға жайап қайтарған кейін, келешектегі сату нарығын нақтылауға болады. Ол өте қүрделі проблема болып табылады.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3703;