Философия пәні: ұғымы мен мазмұны 20 страница
Сонымен зерттеудің нәтижесін екі түбегейлі мәселелер төңірегінде түйіндеуге болады: көшпелілік өркениетке арқа сүйеген қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арнасындағы білмдерін топшылау және мәдениеттің типтік ерекшелктерін анықтау.
Ұлы Даладан авторлар көшіп-қонатын «ареап» емес, оны игере білген адамдардың асқан шеберлігі мен парасаттылығын, киелі қажеттері мен адамгершілік мұраттарын тапты. Әрбір халықтың өзіндік Отаны бар, әрбір адам өз табиғатының аясында, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір мәдениет кеңістікке бекер келмеген. Мәдени кеңістік әмбебапты сипатта болады, өйткені ол уақыт және тарихпен қамтылып тұр. Философия тарихын оқу дегеніміз табиғи және тарихи құбылыстар мен оқиғалардың өзара тоғысуын және олардың адам санасында бейнеленуінің әмбебапты білімдерін (мифологиялық, діни, көркем-өнерлік, теориялық, философиялық тағы басқа) тұлғалық тұрғыдан тұтас қарастыру. Бұл – мәдениет болмысын айқындауға апаратын жол.
Әлемдегі көптеген өркениеттердің арасынан қазақ философиясы мен мәдениетін бөліп алудың да себебі бар. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ философиясының ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – феникспен теңеуге болады.
Әлемде өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда философия мен мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі. Шын мәнінде философия әмбебапты дүниетаным және оның рухани тамырлары дүниежүзілік сұхбат аймағынан нәр алады. Бұл тұрғыдан алғанда Платон мен Аристотельді, Бэкон мен Спинозаны, Кант пен Гегльді білу арқылы біз әл-Фараби мен Абайды терең түсінеміз.
Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. ХХ ғасыр шығыс пен батыс философиясының компаративистік тәсілделуі арқылы ұлттық философияның ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның ерекшеліктерін зертеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.
Көне гректер айтқандай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Соның бірі Әлем болса, екіншісі Адам болмақ. Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған.
Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет.
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.
Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау.
Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар.
Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;
Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған.
Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды.
ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады.
Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады.
Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған.
Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.
А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.
Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады.
Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.
«Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.
Шәкәрім өзіне-өзі “Мұтылған” (ұмытылған – Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін “Мұтылғанның өмірі” деген толғау-өлеңнен табамыз.
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым: “Мұтылған”.
Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан.
Социализм мен Шәкәрім ымыраға келмейтін өлшемдер. Адам ақылына арқа тіремеген өкіметті Шәкәрім қабылдай алмады. Білімді, данышпандықты жоққа шығару, ысырап ету сау ақылға сыятын әрекет емес.
Жағдай шынында Шәкәрімнің айтқанындай болды. Ақынды ұмыттыру үшін Кеңес өкіметінің жандайшаптары оны алдымен атып өлтірді. Тіптен зираты ұмыт болды. Шәкәрімнің атын атауға ресми тұрғыда тыйым салынды. Ақынның еңбектері архивтерде, жеке адамдар қорында тығулы жатты, ұрпақтар әдебиет сабағында Шәкәрімді ауыздарына алып көрген жоқ. Өйткені оқулықта тым құрыса бір жол Шәкәрім туралы хабар болмады. Әрине, осындай жағдайда, оның мұтылған екені шындыққа айналды.
Дүниеде ұмытылатын кім, ол әке-шешесі, туғаны, жанашыры жоқ жетім. Ел елдігінен, бас еркінен айырылып, ұлт өзін-өзі танудан қалғанда, ақын мұтылады, сөйтіп, әдеттегідей ұмытылған ақын ғана емес, жетім қалған халықтың өзі де мұтылмақ. Халық өзін-өзі тануға қолы жеткенде мұтылғанын жаңғыртып, жетімдік құрсауынан шығады. Ол да руханият тарихындағы заңдылық. Шәкәрімнің есімі қазақ халқы тәуелсіздікке беттеген кезде жаңғыруы соның айғағы.
Туған жұртың, елің өзіңді қажет етпеген соң қалайша жетімдікті сезінбейсің. Дәл осындай халді Абай да басынан кешірген. Сірә, даналық дегеніміз рухтың азапқа түсу жолы болса керек. Рух күйзеліске түспей, сана сергімей, дүние болмысын қалай сезіп, түсінбексің?!
“Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін” демекші, Шәкәрім өзін жұртта қалған жалғыздай сезінеді. Оның сүйенері жоқ, жақтасы жоқ. Айнала дүрбелең, бітпей кеткен бір қарбалас болмыс. Қазақ даласына біресе ақтар, біресе қызылдар өктемдік жүргізеді. Екеуінен де елге тыныштық жоқ. “Шын әділет жемісін көре алмайды біздің көз” — дейді ақын. Бірақ оны ұғып жатқан жан шамалы. Бұл аласапыран кезде білгіштердің толып кетуі де заңды. Бәрі халыққа ақыл айтып, өмір сүруге үйретіп, әуре болуда. Олардың айтып жүргендерін Шәкәрімнің ұшқыр санасы қабылдамайды. Теориясымақтардың теріс, улы, зиянды екеніне зердесімен жеткен ақын: “Әулие білгіш айтты деп, жазылған талай қате көп” дейді. Мұндай сын айтуға Шәкәрімнің құқы бар, себебі, ол жастайынан жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен әділеттілікті ажыратпаған заманда өмір сүрді. Соның бәрін осы “Мұтылғанның өмірі” толғауында толық баяндаған.
Шәкәрімнің елден тыс мекенге кетуі — оның солақай саясаттан қашуы. Мұндай күйді арлылардың көбі кешкен. Саясаттан аулақ болуға тырысқан бабамыз Анахарсис те, кешегі өткен данышпан Ұлықбек те мерт болған. Өкіметтің құрығы ұзын, қаншама саясаттан бойын аулаққа салғанмен, оның құрбаны болудан өзге тағдыр Шәкәрімге бұйырмады.
Ойлап отырсақ, сол заманда Шәкәрім сияқтылардың тіптен дін аман қалуына еш жағдай жоқ еді. Есі шыққан елге естияр болатындар жұмған ауыздарын ашпай қалуы мүмкін болмайтын. Айттың болды, пәлеге қалдың. Көзі ашық, көкірегі ояу Шәкәрім далбаса саясаттың ырқымен сөз сөйлеуші ме еді? Ол айтса турасын, дұрысын айтады. Дұрыстық, адамдық деген ұғымдар өңі айналған заманда сенің сөзің кімге дәрі, керісінше, ол қызыл белсенділеріне қадалған шаншу. Өздерінен асқан дана жоқ деп есептейтін мылтық, қылыш асынғандар мұндай ақиқат іздеген ғұламаның көзін жоймай елге өктемдік жасай алмайтынын әбден түсінген. Мұны Шәкәрім де біледі. Оның елден кетіп жырақ өмір сүруі әншейін дәтке қуат, амалсыздың күні.
Ақын өз өміріндегі сапалық белес — қырық жасқа ерекше тоқталған. Қырық жас өз ғұмырындағы ерекше белес екенін Шәкәрім өлең-толғауда үш рет қайталап айтқан. “Қырықтан соңғы сөзімді, сынап таны өзімді”, “Жас қырыққа кірген соң, бір ой түсті жаңадан”, “Қырықтан аса бергенде, ақылым қылды шерменде”. Қырық жас — ақынның жаңа сапасы. Көп мәселеге тың көзқарас туған. Реті келгенде айта кетелік, қырық жасында Мұхаммедке пайғамбарлық келген. Грек жұртында қырыққа толған адамды акмэге келді дейтін ұғым бар. Қазақша айтқанда қырықтағы адам нағыз ақыл-санасы толып жетілген жан. Өркениетті көптеген елдерде ел басшысына жасы қырықтан асқан адамдарды сайлайтын дәстүр қалыптасқан. Осы дәстүрде мән бар. Шәкәрім:
Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жидағы оқы жырымды, –
деуі тегін емес. Қырық жастан асқан ақын дүние болмысына өзгеше қарай бастаған. Көрген-түйгені, оқығаны-естігені, бәрі-бәрі әлемді түсіндіруге дәлел болмай, керісінше философиялық сұрақтарға негіз болды.
Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
“Дінім қалай, жаным не,
Жоғалам ба өлгенде?
Әлемді кім жаратқан,
Осынша түрлеп, таратқан?
Көрінген сансыз планет,
Бірінен-бірін бөлген бе?
Ақырет деген немене,
Шыққан жан қайта келе ме,
Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 952;
