Шығармашылық ойлаудың дамуына ықпал ететін ақпараттық оқыту технологиялардың мүмкіндіктері

 

Л.С.Выготский педагогиканың негізгі міндетін тұжырымдады, ол: «Біздің әрбір ойлау, әрбір қимылымыз жаңа шынайылықты құруға ұмтылу болып табылады», -деп атап өтті. Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу –мектепке дейінгі білімнен жоғары білім жүйесіне дейінгі қойылатын негізгі талап болып табылады. Бұл жерде жоғары білім жүйесінің рөлі жоғары, себебі осы кезеңде тұлға алдағы жіберген қателіктерін жоя алады.

Шығармашылық қаблеттер.Шығармашылық түрлері өз табиғатына сай әртүрлі – олар көркемсуретті, ғылыми, техникалық, педагогикалық шығармашылық болып бөлінеді. «Әлеуметтік қатынастаршығармашылығы», яғни «шығармашылық қаблетті тез және іскер әлеуметтік бағыт» анықтайтын Л.С.Выгодскийдің көзқарасы бойынша комуникативті және адаптивті шығармашылықты бөліп алуға болады.

Егер танымдық, когнитивтікіс-әрекет саласына тоқталатын болсақ, онда қазіргі жантану жалпы интеллектуалдық қаблеттер контексінде шығармашылық қаблетті немесе креактивтілікті анықтайды.

Креактивтілік әр-түрлі көрінуі мүмкін: тұтастұлғалық деңгейде(ғылыми, көркемсуреттік, педагогикалық шығармашылық) және танымдық іс-әрекеттің жекелеген құрауыштары ретінде, яғни шығармашылық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындау немесежобаларға қатысу. дегенмен, қаблеттіліктің көрінуі тұлғаның әлеуметтік қоғаммен және басқалармен қарым-қатынас жүйесін құруда байқалады. Міне осыны ең маңызды деп қарауымыз керек, әрине соңғы нәтиженің маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен, педагогикалық тұрғыда шығармашылықтың білім алушының танымдық шығармашылықтың іс-әрекет барысында «өмірді түрлендіруші» сапасын өзінің маңыздылығын түсінуі болып табылады, бұл жерде ол өзін жеке тұлға ретінде жүзеге асырады.

Танымдық іс-әрекет контекстіндегі креактивтіліктің маңызы неде? Бұл түсінікті талдауға болады. Мысалы, Дж. Гилффу креактивтілікті дивергентті ойлау деп анықтайды (латын divergennia –бөліну, түрлі бағыттағы ойлау типі), яғни қандай да бір мәселені шешуде дұрысшешімге сай дәрежедегі идеяларды ұсыну қабілетін сипаттайды. Е.Торренс проблемалар мен қарама-қайшылықтарды сезіну қабілетін атап көрсетеді, сонымен бірге жетіспейтін алғашқы деректерге салыстырмалы түрде берілетін болжамды тұжырымдайды. Креактивтілік өлшемісапасында танымдық шығармашылықтың іс-әрекеттің ерекшелігін сипаттайтын қасиеттер тобы пайдаланылады. Дивергенттік ойлау сипаттамасы, олар:

· Жылдамдығы – қандай да бір мәсенлені шешудің көптеген жолдарын ұсыну қаблеті, бұл жерде олардың сапасы емес көлемі маңызды;

· Икемділік – әр-түрлі ойларды ұсыну мүмкіндігі, мысалы объектілермен, әдістердің байланысы;

· Ерекше – стандартты емес жаңа ойлардың туындауы, күнделіктіден басқа ерекше жауаптар табу;

· Нақтылау – шығармашылықты жетілдіруқаблеті, оны яқтауға ұмтылу.

Егер әр адамға қандай да шамада креактивтілік деген көзқараспен санасатын болсақ, яғни креактивтіліктің дамуына ортаның қысымы қарсылық білдіредідесек, онда ашық білім беру жүйесінің элементтерін былай тұжырымдауға болады, яғни білім алушылардың өздік жұмысын күшейту қажет. Міне, осының негізінде жоғары сынып оқушылары мен білімгерлердің креактивтілігін дамыту дегеніміз шығармашылықтың потенциялдық бұрынғы «қысымын» басуы болып табылады. Сонымен қатар сыртқы ортаның араласуы позитизті әсерін тигізе алады.

Креактивтіліктің дамуына бастапқыдан сыртқы ортаның ықпалы, «анықталмаған жоғары деңгейі және потенциалды көп нұсқалылығы және де креактивтілік іскерліктің үлгілері мен оның нәтижесінен» тұратынын ғалымдар дәлелдеген.

Еліктеумен байланысты сәтіне тоқталайық. Үлгілерге мән беру шығармашылық деңгейдің дамуына ықпал етудегі маңызды фактор болып табылады. Шығармашылық іскерліктегі еліктеудің ерекшеліктері репродуктивті мінездің шығармашылық еліктеу арқылы өзіндік шығармашылық ауысуына ықпал етумен сипатталады. Алайда бұл процесс мұғалімнің басқаруымен болуы керек, себебі еліктеуге таңдалған үлгі білім алушыларда қиындық тудыру мүмкін. Тәжірбиенің нәтижесінде, білім алушылардың о бастан-ақ жоғары крективтілікпен жақсы үлгілерді еліктеуге мақсат етіп алады.

В.В.Давыдов айтқанындай, «шығармашылық жұмыс тәрбиелеу мен оқытуда шығармашылық деңгейдің тереңдігін түсінуге болмайды, себебі өмірдің басқа жағдайларында және басқа да білім беру мен тәрбиелеу жүйелерінде бұл потенциал өзгеруі мүмкін».

Шығармашылық қаблеттерді дамытуға ықпалын тигізуші формалар мен әдіс-тәсілдер. Адам өзін шығармашылықтұлға деп тану-шығармашылық актінің ең маңызды шарты (кез келген мамандық иесінің мақсаты –оны өз ісінің шебері деп атауы).

Бұл жағдайда өз ісінің нәтижесіне көңілі толмау мүмкін, тек ол жаңа істі жобалағанда емес, жасап болғансоң ғана білінуі керек. Нақты айтқанда өз ісінесену адамныңшығармашылық қаблетінің дамуына дұрысәсерін тигізеді (бұл жағдайда адамның басқа адамдардың алдында өз кереметтілігін көрсету жатпайды).

Креактивтіліктің дамуы (төмендеуі және жоғарлауы) көптеген жағдайларға байланысты, мысалы оқу-тәрбиелеудің ұйымдастыру процесі де маңызды орын алады. Білім алушылардың шығармашылық қаблеттерін дамыту мақсаты етіп алған мұғалімдер, дивергетті ойлауға аса назар аударуы тиіс. Дұрыс ойлауға , тең шешім қабылдауға, жылдамдықты күшейтетін арнайы тапсырмаларды іріктеу арқылы, мұғалім шығармашылық ынтаны дамытуға мыналарды қолданса болады:

1) Жақсы атмосфера қалыптастыру. Мұғалім тарапынан ізгі ілтипаттар креактивтіліктің дамуына ықпал етуші қоғамның қосылуы.

2) Жаңа объектілер қосу арқылы білім беруді жаңашаландыру.

3) Білім алушыларды қызықтыру. Оның сұрақ қоюына мүмкіндік беру. Ойының нақтылығына қарай оны мадақтап отыру.

4) Мәселені шешуде мұғалімнің өзі мысал келтіру керек. Креактивтіліктің басқа үлгілерінің болуы. Шығармашылыққа еліктеуге, ұмтылуға жағдай жасау.

Білім беру ортасы. Креактивтіліктің пайда болуы және оның дамуы үшін білім беру ортасының ықпалы бар. Креактивтіліктің дамуының «локальді» деп аталатын әдістері, өте тиімді. Бірақ оларды қолдануда білім алушылар тек жаңа әдіс-тәсілдерді ғана үйренеді. Бұл жағдайда креактивтілік сыртқы ортаның әсеріне жауап ретінде көрінеді. Срндықтан креактивтіліктің қалыптасуына арнайы орта қажет.

Потенцалды көп нұсқалық жаңашыл білім беру оқу орнының ең негізгі ортасы болып табылады.

Көп нұсқалық мына құрылымдық жоспарда іске асады: электронды кітапханалар, бір немесе екі кітап емес, көп мәліметтер беретін Интернет желісі. Аудармашы программалардың мүмкіндіктерінң көмегімен білім алушылар тіл мәселесінен қиналмайды.

Қазіргі заманғы электронды оқулықтар ақпаратты –мәтін, графика, дауыс, видео түрінде ьбере алады.

Креактивтілік іскерліктің үлгілері және оның нәтижесі оқу орнынның ақпараттық жабдықталуына және глобальды Интернет желісінің арқасында қол жетімді. Бұл электронды конференциялардың, вертуалды семинар мен форумдардың, электронды оқулықтардыңғ ғылыми орталықтардың Web-сайттарының материалдары.

Көп жағдайда бұл лаболаториялардың немесе ғылыми орталықтардың жұмыстарымен тек танысып қана қоймай, олардың нәтижесімен де танысуға болады. Оқу орындарының сайттарына ең үздік жасалған оқушылардың (студенттердің) жұмыстары да басылады.

Шығармашылық белсенділікті көтеру және дамыту жолдары. Жоғарыда аталған ақпараттық және комуникабельді технологиялардың шығрмашылық белсенділікті көтерудегі ұсынған пікірлерін қарастырайық.

1. ОАТ технологияларын қолдану қашықтықтан білім беруде мұғалім мен студенттердің қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Шығармашылық процесстің бейнесі, оның нәтижесі электронды конференцияда тыңдалып, электронды оқулықта басылу мүмкін және де білім беру мекемесінің Web-сайтына кірістірілуі мүмкін. Мысалы, университеттер мен қатар, көптеген мектеп, гимназияларда, лицейлерде қолмен толтырылатын тақырыптық журналдардың орнына электронды журналдар пайда болуда. Кез келген оқырман Интернет арқылы ол материалдармен таныса алады.

2. ОАТ білім беру ортасын әр түрлі бағдарламалармен қатар білімалушыларда креактивтіліктің дамуына ықпал етеді. Осындай бағдарламалар қатарына: модельдеуші бағдарламалар, іздестіру бағлдарламалары, интеллектуалды оқуту, эксперттік жүйелер жатады.

Қазіргі заманғы барлық электронды оқулықтарда шығармашылық ойлауды дамытуға көңіл бөлінген. Осы мақсатпен ол электронды оқулықта эверистикалық, шығармашылықты дамытуға мәні бар тапсырмаларды және бір келкі жауап беруге келмейтін сұрақтары бар.

Комуникационды технологиялар шығармашылық белсенділікті арттырудың жаңа тәсілдерін дамытуға үлесқосады. Білім алушылар сыныптағы пікір-таластарға қатысып қана қоймай, сонымен қатар виртуалды түрде ғылыми орталықтардың сайтына кіріп те қатыса алады. Біріккен шығармашылық жобаларға басқа оқу орындарының студенттері де қатысаалады.

3. Білімберу ортасының мазмұны білім алушылардың қызығушылығын арттырады және қосымша мүмкіндіктер береді. Қызығушылықты арттырудың бір түрі – бұл Интернет глобальды желісіболып табылады.

Интернет арқылы электронды оқулықтарға, 50 ғылыми орталықтардың және ақпараттық орталықтардың мәліметтер қорына, энциклопедияларға, сөздіктерге қол жеткізуге болады. Бұдан өзге интернет арқылы кішірек (таяз) тақырыптарға материалдар алуға болады. Студенттер Интернет арқылы өзінің жетекшісіне ғана емес басқа шетелдік ғалымдарға сұрақтарды электронды конференцияларда немесе чатта талдауға мүмкіндік алады.

Білім алушыларда ғылыми ізденіске деген қызығушылықты арттыру мақсатында виртуалды ғылыми лабораторияларды, компьютерлік эксперементтерді жүргізген тиімді.

4. Ғылыми орталықтардың сайттарында мұғалімдердің Web-беттерінің құрылуы студенттердің өз шығармашылық шебер ханаларының «есігін» ашуға ықпалын тигізеді. Бұндай сайттарда оқу материалдарын көрсеріп қана шектелмей, және де «мұғалімнен озып шыққан студенттердің» жобаларын, мақалаларын да көрсетуге болады. Әлемдік ақпараттандырудың шығуы креактивтіліктің көптеген үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:

- ғылыми-зерттеу орталықтардың және жеке ғылми-зерттеу институттарының сайттарында;

- конференциялар мен электронды ғылыми журналдардың материалдарында;

- шығармашылық жобалар мен дистанционды олимпиадалардың нәтижелерінде;

- бүкіл әлем қатысушыларының, студенттердің, мұғалімдердің персоналды Web-беттерінде.

Дивергентті ойлау сапасын қалыптастыру. ОАТ креактивтілікті дамытуға ықпал етуші арнайы білім беруші ортаны қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ОАТ дивергентті ойлау қабілетінің сапасының дамуына ықпал етеді.

ОАТ бағдарламасының қандай түрлері ойлаудың нақтылығын, жылдамдығын, икемділігін нақты анықтайтынын қарастырайық.

Жылдамдық. Әр-түрлі көп ойларды, кез келген мәселені ОАТ арқылы тез шешу. Бұл қасиеттің қалыптсуы үшін міндетті түрде көптеген бағдарламалар әсер етеді: уақытпен іскерлік ойындарды өткізу үшін оқытушы және жаттықтырушы бағдарламалар.

Әрине, дивергентті ойлаудың жылдамдығы артады деп, бұл бағдарламалар сызықты емес алгоритімде құрылған болса және әр қайталаған кезде түрліше жаңа жағдайлар тудырса ғана айтуға болады. Ойлаудың жылдамдығын арттыруға мидың штурмасы әсерін тигізеді.ол қысқа уақытта көптеген ойларды тудырады. Коммуникациялық технологиялар бұл тәсілді қашықтықтан білім алушыларға да қолдануға мүмкіндік енеді. Ақпаратты іздеу жүйелерімен және гипертекістік жүйелермен жұмыс жасау ойлаудың жылдамдығын арттыруға жанама әсерін тигізеді.

Икемділік. Көптеген оқытушы және моделдеуші бағдарламалар конструктор принципінде құрастырылған. Бұл жерде студент берілген элементтерден – техникалық, экономикалық, саясаттық, физикалық, химиялық және т.б. процесс модельдерін құру арқылы ойлау икемділігін арттыра алады. Кез келген компьютермен жұмыс барысында ойлау икемділігінің дамуы барлық инструменттер мен принциптер алдын ала өте мұқият анықталған. Сондықтан шығармашылық ойлаудың дамуы студентке сұрақ қалай қойылғанына тікелей байланысты. А.В.Хуторской анықтағандай, ашық тапсырмалар (открытые задания) құрылымы және олардың шешімін немесе бөлек элементтердің тек құрылымын сипаттайды. Мұндай тапсырмаларды бағдарламалық құралдармен үйлестіре қолдану бәсекелестік сәтін (соревнавательный) тудырады: қол жетімсіз жерде неғұрлым қызықты нәтиже алу сияқты. Ашық тапсырмалар принципінің тағы бір маңыздысы оның негізінде компьютермен жұмыс жасау қызығушылығын арттырады. Білім алушыларға жеңіл тапсырмалардан бастап, ғылыми зерттеушілік жобаларға дейін берілуі мүмкін:

- жарнамалық буклеттерді логатиптерді безендіруде алдын ала анықталған элементтерді пайдаланатын –мәтіндік және графикалық редакторлар;

- электронды кестелер – диограмманы дұрыс таңдау;

- деректер қорын басқару жүйелері

- статистикалық анализдер пакеті.

Ерекшелік. Студенттерде стандартты емес ойлардың туындауына және мәселенің шешімін табу қабілетінің қалыптасуы, ең өзекті және де өте күрделі педагогикалық мәселе.

 








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 5824;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.