Слайдты өшіру.
1. Жай режимдегі Құрлым немесе Слайд облысында өшіретін слайдтарды белгілеп алыңыз.(Егер ретпен бірнеше слайдты белгілеу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал ретсіз слайдтарды белгілеу керек болса CTRL батырмасын басу арқылы іске асырыңыз.)
2. Правка менюінде Слайдты өшіру командасын таңдаңыз.
Басқа слайдтардың тақырыбы бар слайдтарды құру.
Презентацияның ашылуын немесе жабылуын көрсететін слайд құруға болады, онда таңдалған слайдтың тақырыбы орналасады. Таңдалған слайдтардың тақырыптары орналасқан жаңа слайд, таңдалған слайдтардың біріншісінің алдында орналасады.
1. Слайдтарды ерекшелеу режимінде тақырыптары қолданылатын слайдтарды ерекшелеп алыңыз. Бірнеше слайдтарды ерекшелеу үшін CTRL батырмасын басып тұрып, бірінен соң бірін, ретпен слайдтарды таңдап алыңыз.
2. Слайдтарды іріктеу құрал саймандар тақтасында Соңғы слайд(Итоговый слайд) батырмасын басыңыз.
Бір презентацияның көлемінде слайдтың кітаптық және альбомдық түрлерін пайдалану.
Слайдтардың көп жағдайда альбомдық түрі пайдалануға келісілген.
1.Слайдты альбомдық түрден кітапқа ауыстыру үшін, керек слайдтарды презентацияның жаңа файлына орнын ауыстырыңыз.
1. Жай режимдегі Слайд облысынан слайдтың түрін өзгертетін слайдты таңдаңыз.
2. Правка менюінен Қиып алу командасын таңдаңыз.
3. Бос презентация құрыңыз.
4. Правка менюінен Орналастыру командасын таңдаңыз.
2.Презентациядағы слайдтардың берілу түрін өзгерту.
1.Файл менюінен Параметры страницы командасын таңдаңыз да, Ориентация облысынан Слайдтар ішкі облысында кітаптық түріне жалаушаны орнатыңыз.
2. Құрылған презентацияны сақтаңыз.
3.Соңғы презентацияда жаңа презентацияға сілтеме жасаңыз.
1. Жаңа презентациямен байланыстыратын мәтінді немесе объктіні таңдаңыз.
2. Слайдтарды көрсету менюінен Іс-әрекеттерді ретке келтіру(Настройка действия) командасын таңдаңыз.
3.Гиперссылка арқылы өтуге(Перейти по гиперссылке) жалаушаны орнатып, тізімде PowerPoint басқа презентациясы атты батырманы таңдау.
4. Жаңа презентацияны таңдап OK батармасын басыңыз.
4. Жаңа презентацияда жаңа презентацияға сілтеме құрыңыз.
1. Батырманы басқанда алдыңығы презентацияға өтетіндей мәтінді немесе объектіні таңдаңыз.
2. Слайдтарды көрсету менюінен Іс-әрекеттерді ретке келтіру(Настройка действия) командасын таңдаңыз.
3. Гиперссылка бойынша өтуге(Перейти по гиперссылке) жалаушаны орнатып, тізімде PowerPoint басқа презентациясы атты батырманы таңдау.
4. Соңғы презентацияны таңдап OK батармасын басыңыз.
5.Слайдтардың тақырыбы тізімінен соңғы презентациямен байланыстыратын тақырыпты таңдаңыз да, OK батармасын басыңыз.
5.Қос презентацияның да файлын сақтаңыз.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1131;