Транспорттық кәсіпорындарда ақпараттық технологияларды енгізудің мәселелері

Отандық транспорт кәсіпорындарында, әсіресе, халықаралық тасымалдаумен байланыстылары, бірінші болып жаңа экономикалық талаптарда, өндірістік үрдістерді басқаруда ақпараттық технологияларды енгізудің қажеттілігін сезінді. Тасымалдау үрдісінің нарығындағы бәсекелестік көптеген кішкентай жекеменшік кәсіпорындардың пайда болуымен байланысты және шығыс бағыттарын шетелдіктерді тасымалдаудан белсенді игеру, қатаң салық саясатына қатысты, және ресурстардың қымбаттауына байланысты транспорттық кәсіпорындар алдына ішкі резервтердің барлығын жұмылдыру қажеттілігін қойды. Транспорттық кәсіпорындардың тиімді іс-әрекеті енді ақпараттық технологиялар мен дербес компьютерлердің кең қолданбау мүмкін емес екендігі белгілі болды.

Сапалы әрі дәл ақпаратқа деген қажеттілік кәсiпорындардағы транспорт саласының негізгі құрылымдық және концептуалды түрлендірулері бар нарықтық ақпараттық қызметтерiне дейiн, ақпараттық қызмет негiзiнде пайда болып тұр. АБЖ тұжырымдамасы, 60-70жылдардағы көліктерде өте кең тараған, содан олар маңызды өзгерістерге ұшыраған. АБЖ-де мәліметтерді жинау мен өңдеу үшін жекелеген , мамандандырылған бөлінуден біртіндеп таралған жұмыс орнындағы тәуелсіз ақпараттарды басқару үшін қажетті мәліметтерді өңдейтін және өндіретін ақпараттық жұмысқа түрленеді. Ақпараттық мәселелерге деген көзқарас қана өзгермей, сонымен қатар терминология да өзгерді. Бүгінде барлығы, жиі АБЖ (автоматты басқару жүйесі) жұмысы туралы емес, ақпараттық технологиялар мен жүйелер туралы, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің таралуы туралы, мәліметтерді өңдеудің технологиялары мен техникаларындағы маңызы жайында баса айтып жүреді. Мамандарға қажетті ақпараттардың қолжетімділігі мен сапасы,оның әртүрлә өндәрәстәк тапсырмалардың шешімін табу үшін қолданылуы мен ұсынылуының ыңғайлылығы баса қаратырылған. Сырттай бұрынғы есептеуіш орталықтарды еске түсіріп отыратын, бірақ басқа технико-экономика негізіндегі мүлдем жаңа тұжырымдамалардың, жаңа ақпараттық - коммуникациялық қызметтердiң құрылуын белгiлейдi.Бұл логистикалық орталықтар, транспорттық үрдістегі қызмет күрсетуге негізделген және тасымалдаушыларды олардың жұмыстарына қажетті коммерциялық ақпараттармен қамтуға негізделген орталықтар. Логистикалық орталықтардың пайда болуы, транспорттық жүйелердің интеграцияланған тұжырымдамалары, ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсететін траспорттық логистика қызметі тек шынайы ғана емес, сонымен қатар қажетті болып табылады. Логистикалық орталықтардың дамуының басты бағыты, ақпараттық ағындар мен транспорттық тауарлардың интеграциясы болып табылады. Бұл бағыттың мақсаты экономикалық дамыған мемлекеттердегі интеграциялық үрдістермен байланысты, және жаңа ғылыми сала телематика сияқты таңбаланған.

Ақпараттық-компьютерлік технологияларға енгізуге байланысты мәселелерге қарамастан , бұл үрдіс қажетті тіпті қалмайтын үрдіс болып табылады. Бұл мәліметтерді өңдеудеуге жататын, барлық өсіп отыратын көлемде шартталған.

Әдетте, дәстүрлі әдістерді қолдану арқылы осы ағыннан барлық қажетті ақпараттарды алып, оларды кәсіпорындарды басқару үшін пайдалану мүмкін емес. Басқаруда анықтаушы фактор, мәліметтерді өңдеу жылдамдығы мен қажетті ақпараттарды алу болып табылады. Ақпараттардың айналымы, кәсіпорындарды тиімді басқару мен қаржылық жетістіктеріне қатты әсер етеді. Тіпті, көп жағдайда ақпараттарды «стратегиялық шикізат» деп те атайды. Дамыған батыс елдерінде ақпаратқа кететін шығын, энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде. Және бұл шығындар, ақылды, дұрыс тұрғыда пайдаланылса өз жемісін береді. Бәрінен бұрын, компьютерлік есептер мен мәліметтерді өңдеуді енгізу құжат айналымы саласында еңбектің өнімділігін арттырады. Мәліметтерді интеллектік өңдеулер мен ақпараттық қоймалар тұжырымдамасын қолдану негізінде құрылған заманауи ақпараттық технологиялар, бүгінде 100% қайтарыммен қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік кәсіпорындардың компьютерлендірілу тәжірибесін талдау, жалпылама қатарын жасауға және оларды стратегияның дамуы кезінде пайдалануға және ақпараттық технологиялар тактикасын енгізуге мүмкіндік береді.

Компьютерлендіру үрдісі кезең бойынша жүреді:

- бастапқы кезең ЭЕМ қолдану тәжірибесін жинақтаумен және есеп деңгейі бойынша бухгалтерлік есептердің автоматтандырылуында қолданумен байланысты;

- ЭЕМ бағының бақылау кезеңінің тұрақтануымен сипатталады, қолданылу аясын анықтауға, Интернетте ақпараттық іздестіру және кәсіпорындарда локальдық жүйелердің құрылуын сипаттайды;

- Интеграциалық кезең әртүрлі деңгейдегі желілік шешімдерді қолданумен, ЭЕМ көмегімен басқарудың децентрализациясын және жаңа кәсіпорынның негізінде ұйымдастырылатын, басқаруда ақпараттық технологиялардың кең қолданылуымен сипатталады, күрделі корпоративті ақпараттық жүйелердің қолданылуымен, Интернетте интеграциалануымен сипатталады.

Бастапқы кезеңде барлық күш қарапайым ескілікті операцияларда есептерді, қаржылық есептерді автоматтандыруға бағытталады. Шарт бойынша, материалдық-техникалық жабдықтаулар тапсырмасы, бухгалтерлік есептер, еңбек ақының бөлінуі және оларға оңтайлы басқада операциялар автоматтандырылады. Бұл кезеңдегі автоматтандырудың басты мақсаты кәсіпорындардағы адамдар санының азаюы болып табылады. Сонымен қатар, бұл есептердің көпшілігі мәліметтерді өңдеудің үлкен жылдамдығын талап етпейді, және де ақпараттарды өңдеу орталықтандырылған мамандандырылған есептеу орталықтарымен тиімді шешілуі мүмкін. Екінші кезеңнің ең негізгі маңызы есептеу орталықтарына қатысты толық техникалық анықталу мен кәсіпорындар үшін ЭЕМ локальдық желілерінің құрылуы болып табылады. Бұл мерзімде ақпараттық технологиялардың мақсатты бағыты өзгере бастайды, алдыңғы жоспарға «басшыларға ақпарат беру» тұжырымдамасы жылжиды. Бұл екі кезеңдегі басыңқы бағыт ақпараттық-анықтамалық жүйе деп аталады. Үшінші кезеңде кәсіпорындарда құрылымдық өзгерістер жүреді, олардың өзіндік орталықтандырылған дайындық жүйесінде ақпараттық жұмыстар мен ақпараттарды өңдеу пайда болады. Бұл кезеңге корпоративтік желілердің құрылуы, кәсіпорынның елдегі біртұтас ғаламдық ақпараттық жүйеге қосылуы, құжат айналымында электрондық технологияны белсенді қолданылуы, логистикалық орталықтардың ұйымдастырылуы тән, барлық есептер мен іздестіру операцияларын автоматтандыруға, сонымен қатар адамдарға өзіндік үйренуге, мәліметтер базасына тұтынушыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде көпфункционалды интеграцияланған ақпараттық-есептеу жүйелерін төменгі және орташа деңгейде басқару және жоғарғы деңгейде тиімді шешімдерді іздеу және болжау, мамандандырылған эксперттік жүйелер мен мәліметтерді интеллектуалды талдау жүйесі кең қолданылады. Ақпараттық технологиялардың мақсаты жаңа кәсіпорынның негізгі бірыңғай ұйымдастырылуы болып табылады, ал ақпараттық ресурстарды басқару тұжырымдамасы-үстем болып табылады.

 

 








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2084;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.