Келiсiм-шарттың бағасы

 

2.1. ______ жоқ және әрекетсiз мүлiгi (активi) жоқ борышкерлердi (ары қарай – борышкер) таратуға қарастырылған Келiсiм-шарттың жалпы сомасы ________________ теңгенi құрайды және борышкерлердi таратумен байланысты барлық шығындар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Салық заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шығындар кiредi, солайша бiр борышкердi тарату _____________ теңгенi құрайды.

2.2. Қазыналық органдарында Келiсiм-шарт 003 «Тарату және банкроттық рәсiмдерiн өткiзу» бюджеттiк бағдарламасы 149 «Басқа да қызметтер мен жұмыстар» спецификасы бойынша жалпы ____________________ теңгеге тiркелуге тиiс;

2.3. Тапсырыс берушi жоқ және әрекетсiз мүлiгi (активi) жоқ борышкерлердi таратуға өнім берушіні конкурстық басқарушы етiп тағайындаған күннен бастап 10 (он) күн iшiнде осы келiсiм-шартқа сай бiр борышкердi тарату сомасының 30% (отыз пайызын) аванстық төлем ретiнде төлейдi.

40% (қырық пайызы) банкрот-ұйымның конкурстық өндірісінің аяқталуы бойынша Тапсырыс берушімен қорытынды есепті келіскеннен кейін төленеді;

30% (отыз пайызы) дәрменсіз борышкердің тарату балансы және конкурстық басқарушының қорытынды есебі бекітілгені туралы сот ұйғаруы шыққаннан кейін төленеді.

2.4. Аванстық төлемге қажеттi құжаттар:

а) қазыналық органдарда тiркелген Келiсiм-шарт;

б) аймақтық басқарманың конкурстық басқарушы етiп тағайындағаны туралы бұйрық.

 

2.5. Соңғы төлемге қажеттi құжаттар:

а) 2.4. тармағына сай құжаттар;

б) бухгалтерлiк құжаттар (шот-фактуралар немесе көрсетілген қызметтердi қабылдау актiсi).

в) конкурстық басқарушының қорытынды есебі мен дәрменсіз борышкердің соңғы тарату балансы бекітілгені жөнінде сот ұйығаруы.

 

3. Тараптардың мiндеттерi:

 

3.1. Өнім беруші мiндеттi:

- Келiсiм-шарт бойынша өзiне алынған мiндеттердi толық және сәйкесiлдi орындауды қамтамасыз етуге;

- жеткiзушi осы келiсiм-шарт бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауда барлық қызметтерi Келiсiм-шарттың ажырағысыз бөлiгi болып табылатын №2 қосымшада көрсетiлген талаптарға сәйкесiлдi болуын есепке алуға;

- борышкердi таратуды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына және борышкердi тарату тәртiбiн реттейтiн басқа да құқықтық-нормативтiк акттерге сәйкес жүргiзудi қамтамасыз етуге;

- таратылып жатқан борышкерде конкурстық масса анықталған жағдайда Тапсырыс берушiнiң осы борышкердi тарату қызметiне төленген ақшалай қаражатын қайтаруға, ал таратуды конкурстық масса есебiнен жүргiзуге, немесе Тапсырыс берушi №___ Лотпен қарастырылған көлемде таратуға жататын басқа борышкердi ұсынса ақшалай қаражатты қайтармауға;

3.2. Тапсырыс берушi мiндеттi:

- Келiсiм-шарттың шарттарына сәйкес келiсiм-шарт бойынша өнім берушінің орындаған қызметтерiн қабылдауға және төлеуге;

- Өнім берушіні №_______ Лотпен қарастырылған көлемде таратуға жататын борышкерлермен қамтамасыз ету.

3.3. Өнім беруші өз қызметтерiн осы келiсiм-шартта, Тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттамасында келiсiлген Тапсырыс берушiнiң шарттарына сәйкес жүргiзедi, осылайша өнім беруші Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңымен конкурстық басқарушыларға жүктелген барлық шараларды жүргiзедi.

 

4. Тараптардың жауапкершiлiктерi:

 

4.1. Өнім беруші жағынан Келiсiм-шартпен жүктелген қызметтердi уақытылы орындамауы келесi санкцияларға әкелуi мүмкiн: Өнім берушінің Келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде қызметтердi көрсетпеген жағдайда Тапсырыс берушiнiң Келiсiм-шартты орындауды қамтамасыз етудi талап ету құқығымен Келiсiм-шарт бойынша мiндеттердi орындауды тоқтату.

Өнім беруші қызметтерiн Келiсiм-шартпен қарастырылған мерзiмдi уақыт iшiнде көрсете алмаған жағдайда, Тапсырыс берушi Келiсiм-шарттың бағасынан айып төлеу ретiнде уақыты өткен әр күн үшiн уақыты өткен қызметтер сомасынан 0,1%-ға тең соманы алып тастайды. Айып төлеудiң сомасы Келiсiм-шарттың жалпы сомасының 5%-нан аспау керек.

Өнім беруші Тапсырыс берушiнi келiсiм-шартты орындамауын түсiндiрiп жазбаша түрде хабардар етуге тиiс.

4.2. Осы келiсiм-шартпен қарастырылған қызмет көрсету мiндеттерiн орындамаған Өнім беруші бюджетке алдын-ала төлеу сомасын қайтаруға мiндеттi. Сонымен қатар келiсiм-шартты сәйкесiлдi орындау форс-мажорлық жағдайлар негiзiнен мүмкiн болмағанын дәделдей алмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

4.3. Айып төлеу екi жақты келiсiм-шарт бойынша өз мiндеттерiн орындаудан босатпайды.

 

 

5. Келiсiм-шарттың шарттарын орындай алмауға байланысты келiсiм-шартты орындаудан бiр жақты бас тарту

 

5.1. Келiсiм-шарттың шарттарын бұзған үшiн Тапсырыс берушi Өнім берушіні мiндеттердi орындамау туралы жазбаша хабардар етiп Келiсiм-шарттың шарттарын орындаудан толық немесе жартылай бас тартуы келесi жағдайларда мүмкiн:

а) егерде Өнім беруші Келiсiм-шартпен қарастырылған мерзiмде, немесе Тапсырыс берушi ұсынған Келiсiм-шарттың мерзiмiн ұзарту кезеңiнде қызмет көрсете алмаса;

б) егерде Өнім беруші Келiсiм-шарт бойынша басқа да мiндеттердi орындай алмаса.

Хабарламада Келiсiм-шарттың шарттарын орындаудан бас тартудың себептерi, орындалмаған шарттық мiндеттердiң көлемi, сонымен қатар Келiсiм-шарттың бұзылды деп танылатын мерзiмi көрсетiлуi тиiс.

 








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1160;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.