Тақырып: Философиядағы таным мәселесі.
Дүниені танып-білудің мәні. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үніледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады. Танымның субьектісідеп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субьект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным обьектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субьектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным обьектісінеайналады. Адамдардың осындай заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік қызметін практикадеп атайды. Яғни, практика дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Түйсік негізгі екі топқа: 1)сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2)дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдік, бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы матералдық заттың тұтас бейнесі. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекті бейнелер. Бірақ олардың қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығы бар. Елес қазіргі сәтте заттардың тікелей әсері тимей тұрған кезде санада қайтадан туатын бейнелер болғандықтан, қабылдауға қарағанда неғұрлым бұлдырлау келеді де, тиянақсыз болады. Ойлау - адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет. Ұғымдегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптасады.
Ақиқат теориясы. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процес; 2) обьективті ақиқатты мойындау – обсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттың жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. Ғылыми танымның әдістері мен түрлері. Ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеғберінде зерттеуге қолданылады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылаудеп аталады. Оның мәні – зерттеу обьектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жете қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент– ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан обьектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы.
Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс обьектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализдеп атайды. Бұл синтезәдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез – адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде дүниеге келген әдістер. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукцияәдісі деп атайды. Бұған кереғар әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуін дедукциядейді. Сонда абстракциялаудегеніміз зерттеуге жататын заттың, обьектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Ғылымға тән негізгі түсініктердің, категориялардың бәрі де осы абстракциялық ойлау әдісінің нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Гипотеза– ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гипотеза бола алмайды. Бұл үшін, біріншіден, ол болжам ғылымның сол саласындағы осы уақытқа дейін белгілі ғылыми жетістіктерге қайшы келмей, керісінше, соларды әрі қарай өркендету керек; екіншіден, ол болжамның ықтималдығы тиянақталған болуға тиіс.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 9712;