Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары


 

Желілік адаптерлердің, қайталаушылардың, көпірлер мен маршруттаушылардың арасындағы айырмашылықты түсінудің ең жақсы әдісі болып, олардың жұмысын OSI үлгісінің терминлерінде қарастыру


табылады. Бұл құрылғылардың фукнциялары мен OSI үлгісінің деңгейлерінің арасындағы арақатыс 3.1 суретте көрсетілген.

 

Сигналдарды регенерациялаушы, және соның есебінен желінің ұзындығын көбейтуге мүмкіндік беретін қайталаушы, тек қана физикалық деңгейде жұмыс істейді.

 

Желілік адаптер физикалық және арналық деңгейде жұмыс істейді. Физикалық деңгейге байланыс линиясы бойымен сигналдарды қабылдау және беруге байланысты адаптер функциясының бөлігі жатады, ал берудің бөлінетін ортасына рұқсат алу, компьютердің МАС-адресін тану – бұл арналық деңгейдің функциясы.

 

Көпірлер арналық деңгейде өз жұмысының көп бөлігін орындайды. Олар үшін желі құрылғылардың МАС-адрестерінің жинағымен көрсетіледі. Олар арналық деңгейде дестелерге қосылған тақырыптардан осы адрестерді алып шығады және оларды қандай-да бір дестені қандай портқа жіберу керектігі туралы шешім қабылдау үшін дестелерді өңдеу кезінде қолданады. Жоғарырақ деңгейге қатысты желі адрестері туралы ақпаратқа көпірлерде рұқсат жоқ. Сондықтан олар желі бойымен дестелерді жылжытудың мүмкін жолдары немесе маршруттары туралы шешім қабылдауда шектелген.

 

Маршруттаушылар OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Маршруттаушылар үшін желі – бұл құрылғылардың желілік адрестерінің жинағы және желілік жолдардың жиынтығы. Маршруттаушылар желінің кез-келген екі түйіндерінің арасындағы барлық болуы мүмкін жолдарды сараптайды және олардың ішінен ең қысқасын таңдайды. Таңдау кезінде назарға басқа факторлар да алынуы мүмкін, мысалы, аралық түйіндер мен байланыс линияларының жағдайлары, линияның өткізгіштік қабілеті немесе деректерді берудің бағасы.


 

OSI

 

үлгісінің деңгейлері

 

Олданбалы

 

 

сеанстық

 

Көліктік

 

Желілік

 

арналық

 

физикалық


 

                Шлюз                  
                             
                                   
                             
                                   
                                   
              Маршрутизатор                
          көпір/коммутатор/желілік адаптер        
                               
            қайталаушы              
                       
                           
                                   

физикалық


 

логикалық

Желілер

Интернет

3.1. сурет OSІ үлгісіне коммуникациялық жабдықтардың функцияларының сәйкестігі

 

Маршруттаушы өзіне жүктелген функцияларды орындай алуы үшін оған көпірге рұқсат етілгенге қарағанда, желі туралы көбірек ақпарат қолжетімді болуы керек. Желілік деңгейдегі дестенің тақырыбында желілік адрестен басқа, мысалы, маршрутты таңдау кезінде қолданылуы керек критерийлер туралы, дестенің өмірінің уақыты туралы, дестенің қандай жоғарғы деңгейдегі хаттамаға тиісті екендігі туралы деректер бар.

 

Қосымша ақпаратты қолданудың арқасында, маршруттаушы көпірге қарағанда дестелермен көбірек операциялар жасай алады.

 

3.1 суретте коммутациялық құрылғылардың тағы бір түрі – шлюз көрсетілген – ол OSI үлгісінің кез-келген деңгейінде жұмыс істей алады. Шлюз (gateway) – хаттамалардың трансляциясын орындайтын құрылғы. Шлюз өзара әрекеттесуші желілердің арасында орналасады және бір желіден келіп түскен хабарламаларды екінші желінің форматына аударатын делдал ретінде қызмет етеді. Хаттамалардың бір стегін екіншіге трансляциялау желі туралы барынша толық ақпаратты талап ететін күрделі интеллектуалдық міндет болып табылады, сондықтан шлюз барлық трансляцияланатын хаттамалардың тақырыптарын қолданады.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2248;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.