Компьютерлік вирустан емдеу жолдары

Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антививустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымданған файылдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Skan6 Norton Anti Virus, Doctor Wep және Касперски программалары.

Алдын алу шаралары:

§ Дискеттерді вирусқа тексеру

§ Компьютерді ұдайы вирусқа тексеру

§ Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту

§ Зақымдануы ықтимал кездейсоқ “пираттық” (ұрлық) программаларды қолданбау.

§ Қосалқы көшірме жасау-ақпаратты архивтеу

 

Компьютерлік вирустарды тауып, жою үшін DoctorWeb программа дестесін қолдану тәртібі.

1. Негізгі мәзірдің немесе жұмыс орнының тиісті таңбашасының басу немесе Программа – DoctorWeb – DoctorWeb командасымен DoctorWeb программасын іске қосу.

2. Баптау – Орнатуды өзгерту командасының, Орнату таңбашасын немесе Ғ9 функциялық пернесінің оперативті түрде жадында сақтауын тестілегеннен кейін параметрлер терезесін шақырып, қарау керек әрі қажет болған жағдайда вирустарды іздестіруді орындайтын режимді қалпына келтіру;

3. Программаның негізгі терезесінде тексерілуі тиіс дискіні көрсету.

4. Тексеруді бастау/аяқтау командасын орындау үшін Файл -Тексеруді бастау немесе СігІ+Ғ5 перңесін бірге басумен тексеру процесін іске қосу.

5. Файл – Шығу командасымен, Шығу таңбашасымен немесе Alt+ X пернесін үштастырумен дестенің жұмысын аяқтау

AntіVirus Toolkit Pro (АVР).Соңғы уақытта Касперлік АVР антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптауларға, сондай-ақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие АУР пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық вирустарды дер уақытында (уақытылы) залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. АVР-тың ең басты артықшылығы – соңғы уақытта пайда болған вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны уақтылы әзірлей алады. Анитивирустық деректер базасын жаңарту процесі автоматтандырылған және пайдалануға Интернет арқылы осы базаға енгізілген өзгертулердің барлығынан аттап (немесе айналып) өтуіне мүмкіндік береді. Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Монитор АVР және сканер АVР программалары қызмет етеді. Монитор АVР қолданбасының негізгі міндеті – компьютердің жағдайын (орындалатын программалар, жүктелген кітапханалар жэне т.б.) ұдайы бақылап отыру. Басқаша айтқанда, жадта ұдайы болуы арқылы бұл программа болып қалуы ықтимал барлық күдікті әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстінен тап басып түсетін болса (тауып алса), тиісті хабар береді.

Сканер АVР қолданбасы өз кезегінде дискіде вирустың бар-жоғын бір-ақ рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды тауып әрекет етудің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескерту жасайды, болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі (немесе баптауға қарай алып тастайды).

 









Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 1814;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.