Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері.
Сонымен, желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесуі хабарламаларды алмасудың және олардың форматтарының белгілі ережелеріне сәйкес, яғни белгілі хаттамаларға сәйкес жүреді. Байланыстың күрделі топологиясы бар және түйіндерінің көп мөлшері бар желіде сенімді және өнімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету оңай міндет емес, сондықтан ол әдетте көпдеңгейлік иерархиялық тәсілдің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты, желіде бір коммуникациялық хаттама емес, деңгейлер бойынша реттелген бірнеше хаттамалар қолданылады. Әрбір деңгей өзінің ішкі міндетін шешеді, ал хаттамалардың барлық жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді.
Желілерде кеңінен қолданылатын хаттамалардың стегі жеткілікті. Бұл халықаралық және ұлттық стандарттар болып табылатын стектер, және қандай-да бір фирманың жабдықтарының таралуының арқасында таралған фирмалық стектер. Әйгілі хаттамалардың стектерінің мысалдары болып Novell фирмасының IPX/SPX стегі, Internet желісінде және UNIX операциялық жүйесінің негізіндегі көптеген желілерді қолданылатын ТСР/ІР стегі, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқалары.
Желідегі қандай-да бір коммуникациялық хаттамалардың стегін қолдану көбінесе желінің келбетін және оның сипаттамаларын анықтайды. Үлкен емес желілерде тек қана бір стек қолданыла алады. Әртүрлі желілерді біріктіретін ірі корпоративтік желілерде әдетте бірнеше стектер қатарлас қолданылады. Желілерде қолданылатын коммункациялық жабдықтар қандай-да бір хаттамаларды іске асырады, және іске асатын хаттама (немесе хаттамалардың жинағы) оның ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Коммуникациялық жабдықтарда жоғарғы деңгейдегі хаттамаларға қарағанда көбірек дәрежеде стандартталған төменгі деіңгейдің хаттамалары іске асады, және бұл әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының бірлесіп табысты жұмыс істеуіне алғышарт болып табылады.
Желілік сервистер және коммуникациялық хаттамалар желі компьютерлерінде желілік операциялық жүйенің сәйкес бағдарламалық элементтері ретінде іске асады.
Тарихи жағынан негізгі желілік операциялық жүйелер көбінесе желілік сервистердің және коммуникациялық жабдықтардың өзінің меншік іске асуларымен жұмыс істеген, сондықтан қандай-да бір операциялық жүйенің қолданылуы желінің келбетін хаттамалардың стегіне қарағанда көбірек дәрежеде анықтайды. Тіпті желіні онда қолданылатын операциялық жүйенің атымен атау қабылданған – Novell
NetWare желісі, Bаnyan VINES желісі т.б.
Қандай-да бір операциялық жүйенің ортасында жақсы жұмыс істей білу коммуникациялық жабдықтың маңызды сипаттамасы болып табылады. Көбінде желілік адаптердің немесе концентратордың жарнамасында оның арнайы NetWare немесе TJNDC желісінде жұмыс істеуге арналғандығын оқуға болады.
Бұл, аппаратураны жасап шығарушылар оның сипаттамаларын осы желілік операциялық жүйеде немесе егер бұл хаттамалар әртүрлі ОЖ-лерде қолданылатын болса, оларды іске асырудың осы нұсқасында қолданылатын хаттамалар қолданатындай етіп оңтайлардырғандығын білдіреді. Хаттамалардың әртүрлі ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады.
Төменгі – физикалық және арналық деңгейлерде – іс жүзінде барлық стектерде (SNA-дан басқасы) бір ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары, олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бар стектердің желілік және одан жоғары деңгейдегі хаттамалары көп әртүрлілікпен ерекшеленеді және әдетте ISO үлгісі ұсынған деңгейлерге бөлуге сәйкес келмейді. Жекелей алғанда, бұл стектерде сеанстық және өкілдік деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.
OSI стегі.
OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі – бұл концептуалдық үлгі ғана емес, хаттамалардың келісілген стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жинағы. Бұл хаттамалар стегін АҚШ үкіметі өзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. 1990 жылдан кейін барлық үкіметтік мекемелерде орнатылған барлық компьютерлік желілер OSI стегін тікелей қолдаулары тиіс, не болмаса болашақта осы стекке ауысуға арналған құралдарды қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропада әйгілі, өйткені Еуропада өзінің меншік хаттамаларын қолданатын ескі желілер азырақ орнатылған. Еуропада сондай-ақ жалпы стекке деген үлкен қажеттілік сезіледі, өйткені мұнда әртүрлі мемлекеттердің көп саны бар.
Бұл халықаралық, өндірушілерден тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялардың, серіктестердің және жеткізушілердің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Бұл өзара әрекеттесу адрестеу, атау беру және деректердің қауіпсіздігі мәселелерінен күрделенеді. Барлық осы мәселелер OSI стегінде жартылай шешілген. OSI хаттамалары орталық процессордың есептеу қуаттылығының үлкен шығындарын талап етеді, бұл оларды дербес компьютерлердің желілері үшін емес, қуатты машиналар үшін қолайлы етеді. Ұйымдардың көпшілігі әзірге OSI стегіне ауысуды жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істеп жатқандардың арасынан АҚШ-ның Әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін атауға болады. OSI– ді қолдаушы ірі өндірушілердің бірі болып AT&T компаниясы табылады. Оның Startgroup желісі толығымен OSI стегіне негізделген, бұл AT&T ішінде қолданушыларды OSI-дің әлемдегі ірі инсталляциялық базасы етеді.
OSI стегі (4.1. сурет) ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің барлық жеті деңгейлеріне арналған спецификациялардан тұрады.
Предствительный протокол OSI – OSI өкілдік хаттамасы Сессионный протокол OSI – OSI сессиялық хаттамасы
Транспортные протоколы OSI (классы 0-4) – OSI көліктік хаттамалары (0-4 кластары)
Сетевые протоколы с установлением и без установления соединений – қосылыстарды орнатумен және орнатусыз желілік хаттамалар
Уровни модели OSI – OSІ үлгісінің деңгейлері
2.7сурет – OSI стегі
Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларын, және де LLC, X.25 және ISDN хаттамаларын қолдайды. Бұл хаттамалар оқулықтың басқа тарауларында нақты қарастырылатын болады.
Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ OSI стегінде де бар, дегенмен олар аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да іске асырылған. OSI стегінің көліктік хаттамасы OSI үлгісінде оған арналып анықталған функцияларға сәйкес, қосылыстар орнатылған және қосылыстар орнатылмаған желілік сервистердің арасындағы айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар төмен жатқан желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін, көліктік деңгей, қолданушының қажетті қызмет көрсету сапасын көрсеткенін талап етеді. Көліктік сервистің 5 кластары анықталған, төменгі 0 класынан жоғарғы 4 класқа дейін, олар қателерге деген орнықтылық деңгейімен және қателерден кейінгі деректерді қалпына келтіру талаптарымен ерекшеленеді.
Қолднбалы деңгейдің сервистері файлдарды жіберуден, терминалды эмуляциялаудан, каталогтар қызметінен және поштадан тұрады. Олардың ішінен ең болашағы зор болып каталогтар қызметі (Х.500 стандарты), электрондық пошта (Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу, рұқсат алу және басқару хаттамалары (FTAM), жұмыстарды жіберу және басқару хаттамасы (JTM) табылады. Соңғы уақытта ISO өз күш-жігерін жоғарғы деңгейдегі сервистерге жинақтады.
Х.400 – Телеграфия және телефония жөніндегі халықаралық кеңесшілік комитеттің нұсқауларының жинағы (ССІТТ), онда электрондық хабарламаларды жіберудің жүйелері сипатталған. Бүгінгі күні Х.400 нұсқаулары хабар алмасудың ең әйгілі хаттамалары болып табылады. Х.400 нұсқаулары хабарлама алмасу жүйесінің үлгісін, осы жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу хаттамаларын, және де хабарламалардың түрлерінің көптігін және жіберілетін хабарламалардың әрбір түрі бойынша жіберушіде бар мүмкіндіктерді сипаттайды.
Х.400 нұсқаулары қолданушыларға берілетін қызметтердің келесідей ең аз қажетті жинағын анықтайды: қолжеткізуді басқару, хабарламалардың бірегей жүйелік ұқсастырушыларын жүргізу, хабарламаның жеткізілгендігі немесе себебін көрсетіп жеткізілмегендігі туралы хабарлау, хабарлама мазмұнының түрін индикациялау, хабарламаның мазмұнын өзгертуді индикациялау, жіберу және жеткізу кезіндегі уақыттық белгілер, жеткізу санатын таңдау (шұғыл, шұғыл емес, қалыпты), көпадрестік жеткізу, бөгелген жеткізу (белгілі уақыт сәтіне дейін), үйлеспейтін пошталық жүйелермен өзара әрекеттесу үшін мазмұнды өзгерту, мысалы, телекстік және факсимильдік байланыс қызметтерімен, нақты хабарлама жеткізілгендігі туралы сұраныс жасау, біріне бірі салынған құрылымы бар болуы мүмкін таратулар тізімі, қоғамдық кілттердің ассимметриялық криптожүйесіне негізделген хабарламаларды рұқсат етілмеген қолжеткізулерден қорғау құралдары.
Х.500 нұсқауының мақсаты болып жаһандық анықтама қызметінің стандарттарын жасап шығару табылады. Хабарламаны жеткізу процесі алушының адресін білуді талап етеді, бұл желінің мөлшері үлкен болған жағдайларда мәселе туындатады, сондықтан жіберушілер мен алушылардың адрестерін алуға
көмектесетін анықтама қызметі болуы керек. Жалпы түрде Х.500 қызметі атаулар мен адрестердің таратылған деректер қоры болып табылады. Барлық қолданушылар белгілі атрибуттардың жинағын қолдана отырып, осы деректер қорына кіруге потенциалды құқығы бар.
Атаулар мен адрестердің деректер қорымен келесі операциялар жасауға болады:
- оқу – белгілі атау бойынша адресті алу;
- сұраныс – адрестің белгілі атрибуттары бойынша атауды алу;
- деректер қорына жазбаларды қосудан және өшіруден тұратын жаңарту.
Х.500 нұсқауын іске асырудың негізгі мәселелері бүкіләлемдік анықтама қызметі роліне үміткер осы жобаның ауқымдылығына байланысты. Сондықтан Х.500 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз ету өте үлкен болып шығады және аппаратураның өнімділігіне жоғары талаптар қояды.
Х.400 және Х.500 нұсқауларын электрондық поштаны жобалау кезінде ескеру әртүрлі өндірушілердің пошталық жүйелерін түйісуін принципиалды мүмкін етеді және концептуалды түрде қарапайым етеді.
VT хаттамасы терминалдарды эмулдяциялаудың әртүрлі хаттамаларының үйлесімсіздік мәселесін шешеді. Қазір IBM PC-мен үйлесімді дербес компьютердің қолданушысына VAX, IBM 3090 және HP9000 компьютерлерімен біруақытта жұмыс істеу үшін әртүрлі типтегі және әртүрлі хаттамаларды қолданатын терминалдарды эмуляциялау үшін үш түрлі бағдарламаларды сатып алу керек. Егер әрбір хост-компьютерде өзінің құрамында ISO терминалын эмуляциялау хаттамасының бағдарламалық қамтамасыздауы бар болса, онда қолданушыға да VT хаттамасын қолдайтын бір ғана бағдарлама қажет болар еді. Өзінің стандартында ISO терминалдарды эмуляциялаудың кеңінен таралған функцияларын шоғырландырды.
Файлдарды жіберу – бұл кең таралған компьютерлік сервис. Жергілікті және де қашықтықтағы файлдарға қолжеткізу барлық қосымшаларға керек – мәтіндік редакторларға, электрондық поштаға, деректер қорына немесе қашықтықтан іске қосу бағларламаларына. ISO мұндай сервисті FTAM хаттамасында қарастырған. Х.400 стандартымен қатар, бұл OSI стегінің ең әйгілі стандарты. FTAM жергілікті ету және файл мазмұнына қолжеткізу құралдарын қарастырады, және файл мазмұнына қою, ауыстыру, кеңейту және тазарту директиваларының жинағынан тұрады. FTAM сондай-ақ файлды жасау, өшіру, оқу, ашу, жабу және оның атрибуттарын таңдауды қоса алғанда, файлды біртұтас ретінде басқаруға арналған құралдарды қарастырады.
Жұмытарды жіберу және басқару хаттамасы JTM қолданушыларға хост-компьютерде орындалуы тиіс жұмыстарды жіберуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды жіберуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды басқару тілі, қандай іс-әрекеттер және қандай бағдарламалармен және файлдармен жасалуы керектігін хост-компьютерге көрсетеді. JTM хаттамасы әдеттегі дестелік өңдеуді, транзакцияларды өңдеуді, қашықтықтағы тапсырмаларды енгізуді және таратылған деректер қорына қолжеткізуді қолдайды.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 3995;