Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
Мұнайгаз өндіруші кәсіпорындар парафин шөгуімен күресудің бірнеше әдістерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданып келеді (8.3-кесте).
Парафин қатып қалумен күресудің негізгі әдістері:
1) мұнай және газды жинау жүйесінің саңылаусыздандырылған жоғары арынды жүйесін қолдану (0,981 ÷ 1,47 МПа);
2) жылжымалы бу қондырғысын қолдану (ППУ);
3) беттік активті заттарды қолдану (ПАВ) немесе парафин кристалдарының өсуін тоқтату үшін және мұнай эмульсиясын жою үшін ұңғыма сағасына немесе түп аймағына ингибиторларды қолдану;
4) құбырдың беттік кедергісін азайту мақсатында құбыр желілерінің ішкі бетін әртүрлі лактармен, элоксидті шайырлармен және шыны пластиктермен сырлау керек;
5) мұнайдың жоғары температурасын сақтау үшін құбырларларды жылу сақтағыш материалдармен қаптау керек;
6) құбырлар қабырғасында тұрып қалған парафиндерді тазалау үшін белгілі уақыт аралығында ұңғыма сағасынан топтық қондырғыға дейін құбыр ішіне резина шарларын пайдалану керек.
Қазіргі уақытта кен орындарда парафин шөгінділерімен күресудің жоғарыдағы алғашқы үш әдісі қолданылады.
Мұнай өндіру өнеркәсібінде еңбек өнімділігін төмендететін факторлардың бірі көтеру құбырларының, шығу желілерінің, тораптардың, кәсіби мұнай желілерінің және сыйымдылық ыдыстарының, сонымен қатар парафинді мұнайды өндіру кезінде ұңғыма түбінде парафин шөгуі болып табылады.
Өндірістік, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, конструкторлар мен машина құрылысшылары ұңғыма түбіндегі, жер асты құбырларындағы, мұнай жинау жүйелеріндегі парафин шөгуімен күресудің түрлі әдістері мен іс-тәжірибелік айлаларын ойлап шығаруда.
Бұл әдістердің кейбір түрлері тәжірибелік орындалу қиындығынан және пайдалану шығындарының көптігінен кең қолданыс таппады, ал қалған түрлері көпшілік қолдау тапқанымен, әлі де толығымен жетілдірілмеген.
Шөгінділер және асфальт-шайыр-парафинді заттар (АШПЗ) туғызатын қиындықтар ұңғыманың жер асты жабдықтарында (терең сораптар, СКҚ және штангалар) байқалады, бұл қиындықтар жер асты жабдықтарын парафинсіздендіру бойынша алдын-алу шараларын жүргізуді мәжбүр етеді.
Бұл жағдайда келесі жабдықтар қолданылады: ППУ типіндегі жылжымалы бу генераторлы қондырғылар, ұңғымаларды парафинсіздендіруге арналған АДП – 4 - 150 агрегаты, АЦ - 5 автоцистернасы, ЦА - 320, ЦА - 400 агрегаттары (8.3-сурет).
8.3-сурет. Ұңғыманы парафинсіздендіру кезінде ұңғыма сағасының
жабдықталу жүйесі
Жылжымалы бу қондырғысын қолдану (ППУ) ең тиімді әдіс болып табылады. Оларға КрАЗ-250, КрАЗ-257, КрАЗ-260 автокөліктерінің рамасына орнатылған ППУА-1200/100 және ППУА-1600/100 (8.4-сурет) қондырғылары пайдаланылады. ППУА-1600/100-дің техникалық сипаттамасы 8.4-кестеде келтірілген.
8.4-кесте. ППУА-1600/100-дің техникалық сипаттамасы
Құрастыру базасы | КрАЗ-255Б немесе КрАЗ-257 автомобильдерінің шассиі |
Бу өнімділігі, м3/с Будың температура, ºС Будың қысымы, МПа | 1,6 |
Қолданылатын жанармай | Дизелдік (ГОСТ 305-82) |
Жанармайдың максимал шығыны, кг/сағ. | |
Су толтырылған ыдыстың сыйымдылығы, л | |
Габариттер, мм КрАЗ-250 КрАЗ-260 | 9520х2500х3432 9452х2722х3540 |
Масса (толтырылған ыдыстарымен қоса), кг КрАЗ-250 КрАЗ-260 |
Қондырғы ұңғымаларды, өндірістік және магистралды мұнай құбырларын парафинсіздендіру үшін және жер үсті коммуникациясының қатып қалған аймақтарын қалыпты климат жағдайында қыздыруға арналған және қыздырудың басқа жұмыстарына да қолдануға болады.
Құрамына бу генераторы, су, жанармай және ауа жүйелері, трансмиссиялы жетек, кузов, электр жабдығы және көмекші тораптар кіреді. Қондырғы жабдығы КрАЗ-255 немесе КрАЗ-257 автокөліктерінің шассиіне бекітілген рамаға орнатылған және атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін метал кабинамен жабылған. Негізгі жабдықтың жетегі жүргізуші кабинасынан басқарылатын автокөліктің тарту қозғалтқышымен орындалады. Бу генераторы суды қыздыру арқылы буға айналдыру үшін қызмет жасайды.
8.4-сурет. Жылжымалы бу қондырғысының ППУА-1600-100
технологиялық схемасы
Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғымада парафин қатумен күресудің негізгі әдістерін атаңыз?
2. Ұңғыманы парафинсіздендіру кезінде ұңғыма сағасының жабдықталу жүйесі қалай?
3. Жылжымалы бу қондырғысын қолданудың тиімділігі қандай?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 4395;