Поляриметр құрылысы.

Поляриметр құрылысы мынадай негізгі бөліктерден тұрады: қанқа 47, сызықты поляризаторы бар анализатор басы, жинақталған табаны 49, қақпағы 50. Натрий шамы тумблермен (42) қосылады. Кювета бөлімі қақпақпен (45) жабылады (сурет 12). Поляризаторы бар анализатордың басы (сурет 12) поляриметрдің өлшеуіш бөлігі болып табылады, ол мынадай құрамалы бөліктерден тұрады: поляризациялы қондырғы (33), анализатор басы (24), бақылағыш түтікше (28), көзбен көретін бөлік (30). Анализатор басы мен поляризациялы қондыр-ғы кювета бөлімі қанқасының шеттеріне (21) бекітіледі. Поля-

ризациялы қондырғы қорғаныш шыныдан (20), хроматты фазалы пластинкадан (19), сызықты по-

ляризатордан (18), конденсор (17) мен жарық сүзгіштен (16) тұрады. Сызықты поляризатор мен хроматты фазалы пластинка

оправаға қатаң бекітіледі.Анали-затор басы (24) төлкеден (втулка-22), сызықты поляриза-тордан (23), қаңқадан (27) және фланцдан (32) тұрады. Лимб (26) цилиндрлі тісті дөңгелекке бекітілген. Лимбке бөлік құны 0,5° болатын 360 градусты шка-ла салынған. Қаңқаға (25) диа-метрлі орналасқан есептейтін Сурет 12. қондырғылардың (34, 35) нониустары бекітілген. Әр нониус 25 бөлікке бөлінген. Нониус бойынша санау шамасы 0,02°. Лимб тұтқа (31) көмегімен айналады. Бақылағыш түтікше объективтен (25), диаф­рагмадан және окулярдан тұрады. Бақылағыш түтікшемен көру өрісін бөлетін сызықтар анық көрінгенше төлкені айналдыра беру (29) керек. Көзбен көру бөлігінде (30) екі лупа қатаң бекітілген, олар арқылы лимб мен санау қондырғысының шкаласынан есептеулер алынады.

Кювета төлкелері бар түтіктен, жамылғы шынылардан, төсеніштерден, төлкелер мен гайкалардан тұрады. Шыны түтікте ауа көпіршіктерін жинайтын қажетті дөңестік бар. Кювета түтігінде оның шеттерінің ұзындығы көрсетілген.

Сер ету принципі.

Поляриметрде бөліктерге бөлінген көру өрісінің жарықтылығын теңдестіру принципі қолданылған. Көру өрісінің бөліктерге бөлінуі поляриметрдің оптикалық жүйесіне хроматты фазалы пластинканы енгізумен орындалады. Салыстыратын өрістердің жарықтылығы көру өрісінің толық қараңғы бөлігінің жанында теңдестіріледі. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтықтары өрістің минимал жарықтылығы кезінде 86,50 бұрышты құрайды.

Сурет 13.Дистильденген суы бар кюветаны орналастырғандағы анализаторды сезімтал жағдайда салыстыратын өрістердің бірдей жарықтылығы орнатылған кездегі лимб мен көру өрісінің жағдайлары (нөлдік жағдай).

Шамның жарығы конденсор мен поляризатор арқылы өтіп, оның бір шоғыры хроматты фазалы пластинка, қорғаныш шыны, кювета және анализатор арқылы, басқа шоғыры тек қорғаныш шыны мен анализатор арқылы өтеді.

Поляриметрдің көру өрісінің түрі 14- суретте көрсетілген.

Сурет 14.Ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырғаннан кейінгі және салыстыру өрістерінің бөліну сызығының суретін айқындау үшін окулярды екінші рет келтіргеннен кейінгі лимб мен көру өрісінің жағдайлары.

 

Салыстыратын өрістердің жарықтылығын теңдестіру анализаторды айналдыру арқылы орнатылады. Егер анализатор мен поляризатор арасына оптикалық активті ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырса, онда салыстыратын өрістердің жарықтылығы бұзылады. Оны (жарықтылықты) ерітіндінің поляризация жазықтығын айналдыру бұрышына тең бұрышпен анализаторды бұру арқылы қалпына келтіруге болады (сурет 15).

Сурет 15.Ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырғандағы анализаторды сезімтал жағдайда салыстыратын өрістердің бірдей жарықтылығы орнатылған кездегі лимб мен көру өрісінің жағдайлары (нөлдік жағдай).

Оптикалық активті ерітінді бар кезде және ол болмаған кездегі салыстыратын өрістердің жарықтылығының тең болуына сәйкес келетін екі есептеудің айырмасы берілген ерітіндінің поляризация жазықтығын айналдыру бұрышын анықтайды. Поляризация жазықтығының айналыс бұрышы бойынша оптикалық активті заттардың таралымы анықталады. Көптеген оптикалық активті заттар үшін меншікті айналыс таралымға соншалықты байланысты болмайды және айналыс бұрышы таралымға пропорционал:

(1)

Мұндағы - градуспен берілген поляризация жазықтығының айналыс бұрышы;

- 589 нм толқын ұзындығы үшін, 20° С температурадағы оптикалық активті заттың меншікті айналысы;

L- кюветаның дм- мен берілген ұзындығы;

С- заттың г/см3- тағы таралым.

Градуспен берілген поляризация жазықтығының айналыс бұрышын біле отырып, заттың г/см3-тағы таралымын табуға болады: ; (2)

Оңға айналдыратын оптикалық активті ерітінділермен поляризация жазықтығының айналыс бұрышын поляриметрмен өлшеген кезде санау 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша 0-ден 35°-қа дейін жүргізіледі.

Солға айналдыратын оптикалық активті ерітінділермен поляризация жазықтығының ай-налыс бұрышын поляриметрмен өлшеген кезде санау 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша 360-тан 325°-қа дейін жүргізіледі. Айналыс бұрышының шамасы анықталады: 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша санау және минус 360°.

Қажет болған жағдайда ±35° - тан үлкен поляризация жазықтығының айналыс бұрышын анықтау үшін өлшеулер жүргізуге болады. Осы кезде есептеу қателігін тәжірибе жүзінде, яғни өлшеулер кезіндегі заттың меншікті айналысының нәтижесі мен оның анықтама деректерімен салыстыру жолымен анықтауға болады.








Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 3263;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.