Поляризацияланған жарықта микроқұрылымдарды зерттеу.
Поляризацияланған жарықта зерттеулер жүргізуге арналған құралдардың негізі поляризатор мен анализатордантұратын жүйе болып табылады. Олар жарық сәулесінің бағыты бойымен орналасады және олардың арасына зерттелетін объект қойылады. Анализатордың құрылысы поляризатордың құрылысындай, бірақ жүйенің көлденең осін айналатындай жасалған. Егер поляризатор (П) мен анализатор (А) жазықтықтары сәйкес келсе, онда жарық анализатор арқылы толық өтіп, экранда (Э) жарық дақ пайда болады (сурет 6,а; поляризатор (П) мен анализатор (А)- поляроидты пленкалар, тербеліс жазықтықтары бағытпен белгіленген). Анализаторды бұрғанда дақтың айқындылығы кемиді. Анализатор арқылы өткен жарықтың интенсивтілігі мына қатынаспен анықталады (Мозли заңы): , мұндағы - анализатор мен поляризатор арқылы өткен жарықтардың интенсивтілігі, - анализатор жазықтығының бұрылу бұрышы (сурет 6,б). Поляризатор мен анализатор жазықтықтары өзара перпендикуляр орналасса, жарық толық өшеді (сурет 6, в). Сөйтіп, анализатордың толық бір айналымында (360°) экран екі рет толық жарықталып, екі рет толық қараңғыланады.
.
Сурет 6
Поляризацияланған жарық құрылымдыәртүрлі оптикалық анизотропты элементтерді зерттеуде қолданылады, әсіресе ағза тіндерін. Көптеген жағдайда табиғи жарықпен микроскопиялау арқылы анықталмайтын құрылым элементерінің орналасуын, құрылысын анықтауға болады. Оптикалық анизотропия мысалы, бұлшық еттің, дәнекер ұлпаның (коллагенді) жүйке талшықтарында байқалады. Миофибрильдердің (бұлшық ет талшығының жиырылғыш бөлігі) құрылысында сәулені еселеп сындаратын қасиеттері бірдей болмайды. Сондықтан қаңқа еттерінің көлденең- жолақты аталуы себебі табиғи жарықпен микроскоптау кезінде талшық кезектесіп орналасқан өте қара және өте жарық бөліктерден тұратындығы байқалады, бұл бұлшық еттің көлденең сызықты суретін береді. Бұлшық ет талшығын поляризацияланған жарықта зерттегенде өте қара бөліктердің анизотропты, ал өте жарық бөлігінің изотропты екендігі байқалған және бұл олардың табиғи жарықта әртүрлі болуының себебі болып табылады. Коллаген талшықтары тұтастай анизотропты, олардың оптикалық осі талшықтың осі бойымен орналасқан. Нейрофибрилдердің жұмсақ қабығындағы мицеллалар да анизотропты, бірақ олардың оптикалық осьтері бірдей бағытта орналаспайды.
Осы құрылымдарды гистологиялық зерттеу үшін поляризацияланған микроскоп қолданылады. Бұл екі Николь призмасы бар биологиялық микроскоп: оның бірі конденсатордың алдында орналасқан және ол поляризатор ролін атқарады, ал 2-сі тубуста- объектив пен окуляр арасында орналасады, ол анализатор ролін атқарады. Дене үстелі микроскоптың көлденең осін айнала 360°- қа бұрылады. Егер көру өрісінің толық көлеңкесіне орнатылған поляризациялы микроскопқа Сурет 7.құрылымы изотропты болатын препарат орналастырса, онда көру өрісі қараңғы бола-ды. Ал поляризатор мен анализатор арасына құрылымы анизотропты болатын препарат орналастырса, поляризатордан өткен жарық осы препаратта қайтадан екінші рет сынады. Осыған байланысты жарық анализатормен толық өшпейді, сәйкес құрылымдар көру өрісінің жалпы қараңғы фонында жарық болып көрінеді. Мысал ретінде
7- суретте поляризациялы микроскоптың көмегімен алынған сүйектің жіңішке кесігінің микрофотографиясы көрсетілген. Кесікте коллаген талшықтары кесік жазықтығында жататын остеондар ғана көрінеді. Талшықтар арқылы жарық оптикалық осі бойымен өтетін болса, кесік жазықтығына перпендикуляр жататын осындай талшықтар (екінші ретті сыну болмайтын) көрінбейді.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 2783;