Сурет 3. Екі тістегеріштердің берілістік қатынасы
3-суретте бірінші тістегеріште («А») 20 тіс, екіншіде («Б») 40, үшіншіде («В») қайтадан 20, төртіншіде («Г») қайтадан 40 тіс бар. Ары қарай өте қарапайым арифметика. Беріліс қорабының бірінші білігі мен «А» тістегершігі мысалға 2000 айн/мин жылдамдықпен айналады дерлік. «Б» тістегершігі 2 есе бәсеңірек айналады, яғни ол 1000 айн/мин ие болады, ал «Б» және «В» тістегеріштері бір білікте бекітілген болғандықтан, онда үшінші тістегеріш те 1000 айн/мин жасайды. Онда «Г» тістегеріш бұл уақытта 2 есе бәсеңірек айналатын болады.
Қозғалтқыштан беріліс қорабының бірінші білігіне келетіні – 2000 айн/мин, ал шығатыны – 500 айн/мин. Беріліс қорабының аралық білігінде бұл уақытта – 1000 об/мин.
Берілген мысалда тістегеріштердің бірінші жұбының беріліс саны екіге тең, тістегеріштердің екінші жұбының саны да екіге тең. Осы схеманың жалпы беріліс саны 2×2=4. Яғни, біріншімен салыстырғанда, беріліс қорабының екінші білігіндегі айналымдар саны 4 есе азаяды. Егер іліністен «В» және «Г» тістегеріштерін шығарса, онда қораптың екінші білігі айналмайтындығына назар аударыңыз. Бұл кезде айналу моментінің автомобильдің жетекші дөңгелектеріне де беріліс тоқтайды, бұл қораптағы бейтарап беріліске сәйкес келеді.
Артқы беріліс, яғни беріліс қорабының екінші білігінің басқа жаққа айналуы қосымша, артқы жүріс тістегеріші бар төртінші білікпен қамтамасыз етіледі. Қосымша білік, айналу моменті өзінің бағытын ауыстыратын кезде, тістегеріштер жұптарының тақ саны болу үшін қажет (сурет 4).
Сурет 4 – Артқы берілісті қосу кезіндегі айналу моментін беру схемасы:
1 – бірінші білік; 2 – бірінші біліктің тістегеріші; 3 – аралық білік; 4 – артқы жүріс
берілісінің тістегеріші мен білігі; 5 – екінші білік
Нақты автомобильдің беріліс қорабында тістегеріштердің үлкен жиынтығы болатындықтан, онда, олардың әр түрлі жұптарын ілініске енгізе отырып, қораптың жалпы берілістік қатынасын да өзгерту мүмкіндігі болады. Екі беріліс қораптарының берілістік сандары 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1 – Беріліс қораптарының берілістік сандары
Берілістер | ВАЗ-2105 автомобилі | ВАЗ-2109 автомобилі |
I | 3,67 | 3,636 |
II | 2,10 | 1,95 |
III | 1,36 | 1,357 |
IV | 1,00 | 0,941 |
V | 0,82 | 0,784 |
R (артқы жүріс) | 3,53 | 3,53 |
Мұндай ыңғайсыз сандар бір тістегеріштің тістер санын екіншінің тістерінің ыңғайсыз бөлінетін санына бөлу нәтижесінде және ары қарай тізбек бойымен алынады.
Егер беріліс саны бірге (1,00) тең болса, онда бұл екінші білік, бірінші білік сияқты, тура сондай бұрыштық жылдамдықпен айналатындығын білдіреді. Біліктердің айналу жылдамдығы теңестірілген берілісті әдетте тікелей деп атайды және, қағида бойынша, бұл – төртінші беріліс.
Велосипедтегі жұлдызшаларды, яғни берілісті ауыстыра отырып, адам өзінің күшін және жол жағдайларын есепке алумен қозғалыстың оңтайлы тәртіптемесін табады. Нақты осындай принцип автомобильде де пайдаланы-лады. Жол жағдайларынан тәуелді және қозғалтқыштың мүмкіншіліктерін есепке алу арқылы беріліс қорабындағы берілістерді ауыстыру қажет.
Бірінші беріліс пен артқы жүрістің берілісі – ең «күшті» және қозғалтқышқа дөңгелектерді айналдыру қиындық тудырады, бірақ бұл жағдайда автомобиль баяу қозғалады. Ал, мысалы, тауға қарай «ширақ» бесінші мен төртінші берілістерде қозғалтқыштың күші жетпейді және төменірек, бірақ «күшті» берілістерге ауысуына тура келеді.
Бірінші беріліс автомобиль қозғалуын бастауы үшін, яғни қозғалтқыш ауыр темір автомобильді орнынан қозғау үшін қажет. Ары қарай, қозғалыстың жылдамдығын ұлғайтып және инерцияның кейбір қорын жасай отырып, екінші, «әлсіздеу», бірақ «жылдамырақ» беріліске, содан кейін үшінші, төртінші және бесінші берілістерге ауысуға болады. Берілістерді жоғары – біріншіден бесіншіге дейін – ауыстырудың барлық сатыларын ізділікпен өту керек. Төмен қарай ретте берілістерді ауыстыруды «бір сатыны секіру арқылы» және тіпті екі, үш және т.с.с. – жасауға болады. Автомобиль қозғалысының қалыпты тәртіптемесі – төртінші немесе бесінші берілістерде, себебі олар ең жылдам және үнемді.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3468;