Мәтінді пішімдеу
Мәтінді пішімдеу – мәтіндік құжатты қағазға басып шығаруға дайын күйге келтіру, яғни, азат жолдарды пішімдеу, бас тақырыптарды ортаға жылжыту, шеткі өрістерді туралау, беттерге бөлу және т.б. Символдарды пішімдеуге қаріп параметрлерін, символдар арасындағы бос орындарды және негізгі жол сызығы бойынша жоғары немесе төмен деңгейге жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Мәтінді пішімдеу Word программасында Пішімдеу мәзірінің көмегімен жүзеге асады.
Қаріп (шрифт) дегеніміз символдарды көрнекі түрде бейнелеуге пайдаланылатын сызылымдар жиыны. Ол бір стильдегі, мөлшердегі және сызылымдағы емле белгілерін қамтитын символдар, яғни белгілер жиыны. Қаріп ұғымына қаріптің типі, мөлшері, сызылымы(начертание), түсі және арнайы эффектілері жатады.
Қаріптің негізгі параметрлерін Пішімдеу(Формат) - Қаріп(шрифт) командасы немесе Ctrl+D көмегімен тағайындауға болады.
Қаріппен жұмыс істеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын «Қаріп» сұқбаттасу терезесі ұсынады. «Қаріп» сұқбаттасу терезесінде үш қосымша бар: қаріп, интервал және анимация. Қаріп – компьютерде орнатылған қаріптер тізімі. Қаріптердің сызылымы төрт түрлі: кәдімгі (обычный), қиғаш (курсив), жартылай қалыңдатылған (полужирный), жартылай қалыңдатылған қиғаш. Мөлшер (размер) – әріптердің мүмкіндік мөлшерлерінің тізімі. Мәтіннің түсін өзгертуге, астын сызуға және әртүрлі эффектілер қосуға болады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5492;