Microsoft Word мәтіндік процессоры

Мәтіндік процессор – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Мұнда қатені тексеру, тезаурус (синоним сөздерді) табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word. Ол құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға болады.

Мәтін – компьютердегі алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Әріптерден, цифрлардан, тыныс белгілері, арнайы симвлдардан және графиктік объектілерден құрастырылған, мәтінді пішімдеу (форматтау) туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Информатикада мәтіннің үш түрі кеңінен қолданылады: кәдімгі, кестелік және программалық мәтін. Сонымен қатар, енгізілген объектілердеп аталатын сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер, гипермәтін болуы мүмкін.

Ең көп тараған мәтін - кәдімгі мәтін, оған кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық және т.б. жатады. Негізгі объектілері: бет, абзац, жол, сөз, символ. Символ (таңба) дегеніміз әріптер, сандар және арнайы символдар. Символдардан сөз, сөздер тізбегінен жолқұралады. Жолдар абзацқұрайды. Абзац – мәтіннің жаңа жолынан басталып, келесі Enter пернесін басқан аралықпен шектелген бөлігі. Егер мәтіндік құжат өте үлкен болса, онда ол нөмірленген беттергебөлінеді.

Кестелік мәтінніңнегізгі объектілері – ұяшық, бағана, жол. Ұяшықдегенімізжол мен бағананың қиылысқан жері. Программалық мәтіналгоритмдік тілде жазылған программалар. Программалық мәтіннің объектілері – символдар, жолдар.

Мәтiн пернетақта арқылы енгiзiледi. Бас әрiптер Shift пернесiмен әрiптi қатар басу немесе Caps Lock пернесiн қосу арқылы жазылады. Сөздер арасындағы аралық бос орын (пробел) пернесiн басу арқылы қойылады. Тыныс белгiлерi алдына бос орын қойылмайды, ал тыныс белгiсiнен кейiн мiндеттi түрде қойылады. Егер мәтiндi терген кезде қате жiберілсе, онда қате жiберген сөздiң алдына меңзерді қойып, Delete пернесiн басамыз. Егер меңзердің оң жағында орналасқан символды алып тастау қажет болса, онда Backspace (←) пернесiн басамыз.

Қазақша, орысша және латынша әрiптердi енгiзу Shift және Ctrl пернелерiн бiруақытта басу арқылы орындалады. Сандарды енгiзу сандар орналасқан пернелердi басу немесе пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақтадағы сандарды басу арқылы жүзеге асырылады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақта NumLock пернесiн басу арқылы іске қосылады.

Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Word командалар тізбегі орындалады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 8225;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.