Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі

Азат жолды терезенің жоғарғы жағындағы батырмалар көмегімен де өзгертуге болады. Мәтінді туралау тәсілдері: оң жағынан, сол жағынан, ортасынан және ені бойынша.

Жоларалық интервал – дисплей экранындағы немесе қағаз бетіндегі қатар орналасқан мәтіндік жолдардың арақашықтығы. Ол бір, бір жарым, екі, минимум, дәлме-дәл, көбейткіш мәндерін қабылдай алады. Жоларалық интервал мәтін теру алдында бекітіледі немесе терілген мәтінді белгілеп алып, олардығ аралық интервалын өзгертуге болады. Әдетте, жолдар арасындағы интервал қаріп биіктігінің 120%-не тең болып алынады, мысалы, қаріп мөлшері 10 пункт болса, интервал 12 пункт болуы тиіс. Бірақ, интервал кішірек болса, қағаз тиімді пайдаланылып, оған көбірек мәлімет сияды.

Азат жолдың парақта орналасуын сипаттау кезінде азат жолдың бір бөлігінің қалып қоюын болдырмауға, азат жолды бөлмеуге, оны келесі азат жолмен бір парақта орналастыруға, әрбір азат жолды жаңа парақтан бастауға, жолдарды нөмірлеуге және сөзді буындарға бөлуге тыйым салуға болады.

Азат жолдың алдындағы және соңындағы аралық орнына Еnter пернесін басып, бос жол қалдыруға болады, бірақ оның мөлшері қажетті шамадан артық болып кететіндіктен, әдейілеп интервал мәнін енгізеді. Ол үшін Пішімдеу(Формат) – Азат жол (Абзац) командасын таңдап, ашылған сұқбаттасу терезесінің Шегіністер мен интервалдар парағын ашамыз. Алдында (Перед) және Артында (После) деген өріс жолдарына керекті сандық мәндерді тағайындаймыз немесе оң жақ шеткі батырманы басып, шыққан сандар тізімінен керектісін таңдаймыз. Алдын-ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен (пт) көрсетіледі, оң жақтағы батырманы бір рет басу оны 6 пунктке үлкейтеді. Егер интервал мәндерін баска өлшеу бірліктерімен бергіңіз келсе, керекті өріс жолына сол өлшеу бірлігінің қысқаша атын енгізу жеткілікті.

Азат жолдың шеттерін көлденең сызғыш көмегімен де тағайындауға болады және оның нәтижесі бірден көрініп тұрады. Сызғыш бойындағы маркерді керекті орынға жылжыту арқылы оның жаңа мәнін тағайындаймыз. Бұл тәсіл жеңіл әрі жылдам. Бір кемшілігі, маркер арқылы шегіністі өзгерту дәлдігі – 0,25 см, ал сұқбаттасу терезесі арқылы кез-келген мәнді беруге болады.

Microsoft Word программасында тізімнің көптеген түрін пайдалануға болады. Олар маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі болып топтасқан. Көпдеңгейлі тізім - екі немесе одан да көп иерархия деңгейі бар бұтақ тәріздес құрылымды тізім. Тізімді қолдану үшін Пішімдеу(Формат) – Тізім (Список) командасы немесе , батырмалары таңдалады.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2343;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.