Айтадан жазылатын оптикалық дисктерді тазарту

Дискілік утилитте (Disk Utility) оптикалық тасымалдаушылар үшін мәліметтерді өшіру мүмкіндігі бар. Lion-да қайта жазылатын тасымалдаушыға басқа мәліметтерді жазу үшін осы дискті тазарту талап етіледі. Көптеген жағдайларда бұл бар болғаны бірнеше секундта орындалады. Тазарту және қайта жазу тек «RW» белгісі бар дисктерде болады. Оптикалық дисктер үшін тым ескі дисководтар қайта жазылатын тасымалдаушыларды қолдамауы мүмкін. Сіздің дисководыңыздың мүмкіндігін анықтау үшін /Бағдарламалар/Утилиттер/Жүйе туралы ақпарат (/Applications/Utilities/ System Information) ашыңыз және Дискті жазу (Disc Burning) бөліміне қараңыз.

Қайта жазылатын оптикалық дискті тазарту үшін келесі адымдарды орындаңыз.

1. Қайта жазылатын оптикалық тасымалдаушыны салыңыз және /Бағдарламалар/Утилиттер/Дискілік утилит (/Applications/Utilities/Disk Utility) ашыңыз.

2. Сол жақтағы бағаннан оптикалық дисктердің дисководын таңдаңыз. Егер оң жақта Өшіру (Erase) вкладкасы болса және ол әлі де таңдалмаған болса, оны қайта белгілеңіз.

Дисковод атауы ретінде әдетте өндіруші және модель нөмірі көрсетіледі. Ешқандай дискілік томды таңдамаңыз.

1. Тез (Quickly) немесе Толығымен (Completely) режимін таңдаңыз.

Сонымен толық өшіру (Толығымен) едәуір көп уақыт талап етеді, тез өшіру (Тез) (егер компьютерде дисктi өшiрудiң аяқтауымен мәселелерi жоқ болса) режимін қолданған дұрыс.

4. Тез немесе Толығымен тазартуды таңдағаннан кейін жұмысты жалғастыру үшін Өшіру (Erase) түймесін шертіңіз.

5. Растау туралы диалогтық терезе ашылады. Дискті өшіру үшін Өшіру (Erase) түймесін тағы бір рет шертіңіз.

Таңдалған режимге байланысты процесс бірнеше секундтан бірнеше сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Егер процесс бірнеше секундтан артық уақытты алса, Дискілік утилит орындау процесінің диалогтық терезесін ашады.

6. Өшіру процесі аяқталғанда оптикалық тасымалдаушы кезектегі амалды күтіп құрылғыда қалады. 1 Eject 1(Мас пернетақтасының ең үстінгі оң жағында) клавишасын басыңыз және оптикалық диск жойылғанға дейін біраз уақыт ұстап тұрыңыз.

 

FileVault 2 жүйесін пайдалану.

Пайдаланушы мәліметтерін қорғау үшін ОС Lion-ды енгізгенге дейін пайдаланушының тек үй папкасын шифрлау орындалды. Қазірде Дәстүрлі FileVault (Legace FileVault) деп аталатын бұл жүйе көп жүйелерге мүмкіндік бермейтін кемшіліктер қатарына ие. Бұдан басқа ол көптеген ұйымдардың дисктің барлығын шифрлау қажетті болатын қауіпсіздік талаптарына сай емес. Mac OS X бұрынғы версиялары үшін басқа шешімдер көмекке келгенімен, Apple компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етуін немесе құрылғыларын жаңартқанда, дискті толығымен шифрлауда жиі күрделі мәселелер туындайды. Сонымен, Apple белгілі жүйені жаңартты, толық дискті шифрлаудың көптеген жан-жақты шешімдері жұмыс істеуден бас тартты және пайдаланушылар өздерінің шифрланған мәліметтеріне қол жеткізе алмады. Apple компаниясының инженерлері соңында бұл мәселенің шешімін тапты және ОС Lion-ға FileVault 2 шифрлау жүйесі енгізілді.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1130;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.