Жалпы мәліметтер

Гидроизоляциялық материалдар туралы

 

 

Дәріс жоспары:

1. Пәннің негізгі түсінігі: гидроизоляциялық, кровельді, герметизирлеуші материалдар.

2. Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдардың классификациясы: байланыстырғыш заттар, сыртқы түрі мен сипаты бойынша физикалық күйі.

 

Конструкциялық материалдардың ұзақ мерзімді жұмыс істеуі олардың толық эксплуатациялық жағдайына байланысты. Ғимараттарды салғанда немесе инженерлік құрастырмаларда материалға әсер ететін агрессивтік факторлардың бірі - су болып табылады. Су ол материалдың көбінесе беріктігінің азаюына, металдар мен бетондарда процестердің дамуына, ағаштың шіруіне, сызаттың пайда болуына және қабырғаның жарылуына, ыза тебуіне және де беткі сылақтың күйреуіне әкеп соғады. Сондықтан, егер конструкцияның ылғал ортамен ұзақ және жиі қайталанатын қатынасы болса онда конструкцияның гидроизоляциялық қорғанысын ескеру қажет. Судың тез жоюлуы және оның енуінен сақтануда, сонымен қатар басқа да шаралар қолданылады, мысалға конструкция бетін сылау және бояу кезінде, бұйымға белгілі бір қалып пен түр бергенде, материалдың беріктілігі мен тығыздығының жоғарылауы кезінде және т.б. ең тиімдісі арнайы гидроизоляциялық материалдарды қолдану болып табылады.

Суөткізбейтін және басқа керекті талаптарды қанағаттандыратын, яғни бойында беріктілік, серпімділік (деформация), жылу ұстағыштық және т.б. қасиеттері бар құрылыс материалдарын - гидроизоляциялық деп атаймыз. Гидроизоляциялық материалдың суөткізбейтін қасиеті неғұрлым көп болса, соғұрлым оның сапасы жоғары болады. Басқа қасиеттері өз орнымен маңызды болғанымен өзінің қажеті бар егер олардың сандық көрсеткіштері нормадан тыс шықпаса. Осыдан материалға тек су ғана емес әсер ететін сонымен қатар агрессивтік заттардың сулы қоспасының әсер ететінін ұғыну керек. Гидроизоляцияның суөткізбейтіндігімен қатар маңызды қасиеттерінің бірі химиялық тұрақтылық болады.

Судың әсерінен жерасты құрылымдардың (қазаншұңқұрлар, іргетастар, үйінді астындағы құбырлар, жинағыштар, тоннелдер, ор ақпарлары және т.б.) сыртқы және ішкі қорғанысы үшін; грунттық су әсерінен; бөгендер, су қоймаларды, бассейндерді изоляциялау кезінде; көпір қорғанысы үшін

(конструкциялық жолдың бөлігі,тірек және т.б. ); гидротехникалық құрылыста нығайту қаптамаларда экрандық қарсыфильтрациялық қондырғылар үшін; иррагациялық құрылыста каналдардың түбімен құламаларын изоляциялау үшін; бос тау жыныстарымен кеуектерді негізге толтыру үшін; өндірістік орындар мен сантехникалық тораптардың қабатаралық аражабындардың қорғанысы кезінде; жазық және жазық және ықшам шатыр жабынқышын қондыру кезінде; функционалдық шатыр жабындысын қолдануда; іріпанелді құрылыста ..... герметизациялау және бітеу үшін, ғимараттарда құбыржол жүргізу кезінде, тесік саңылауларды бітеп тастау үшін және т.б. жағдайларда гидроизоляциялық материалдар (ГИМ) талап етіледі. Гидроизоляция қорғанып отырған бетті судан қорғап қана қоймай, буизоляциясымен газизоляциясын жақсартады, конструкциялық материалдың коррозияға қарсыласу қабілетін жоғарлатады.

ГИМ құрылымдар мен ғимараттар материалдарына әртүрлі сыртқы және ішкі әсерлер, яғни: ультракүлгін сәулелері, температураның ауысуы, көмірқышқыл газы және ауадағы азон, жел күші, жаңбыр мен қар және микроорганизмдер әсерінен шөгу, сұйық агрессивті орта мен газдар, механикалық тасындылардың ластануы, күшті қысымдар мен басқа сыртқы факторлар, жылу және массаалмасу, ылғалдылық градиенті, диффузиялық алмасулар, белсенді химиялық реагенттер, синериздер, шөгу құбылыстары және басқа да көптеген факторлар әсер ететіні дәлелденген. Гидроизоляциялық және шатыр жапқыш материалдардың күйреу механизмі конструкцияны эксплуатациялау кезінде сыртқы және ішкі факторлар әсерінен пайда болады. Гидроизоляцмялық материалдарды құрылыста экономдау үшін оны қолданбайтынын атап өткен дұрыс. Бірақ та гидроизоляциялық материалдар бағасы жалпы құрылыс шығыны мен құрылымды жабдықтау бағасынан қарағанда аз ғана, сондықтан изоляция арқасында экономдаудың қажеті жоқ.

Гидроизоляциялық материалдарды қолдану сонау ерте заманнан басталған. 4500-5000 жыл бұрын Ежелгі Египеттік құрылыс пен Вавилондық құрылымдарды салуда байланыстырғыш заттар мен гидроизоляциялық материал ретінде шайыр (смола) мен табиғи битумды қолданған, сонын ішінде кірпіштен салынған храмдар мен ритуалдық бассеиндерді, тоннелдерді изоляциялау, сонымен қатар көпір тұрғызу, асфалттық жолдарды салу кезінде қолданған.

Битум мен асфалттан (яғни минералды ұнтақ қосылған табиғи битум араласпасы) суағарлар, моншалар, сарайлар мен шіркеулер іргетасы изоляцияланады. Нандық амбарлардың қабырғасымен едені және дән қоймасы битумдық жағынды көмегімен судан қорғалған, олар дәнді ұзақ сақтауға мүмкіндік берген. Озокерит пен битум сіңірілген төсемге тез шірейтін затты ораған осының арқасында олар ұзақ уақыт сақталуды қамтамасыз еткен.

Битумнан басқа кейбір қазынды шайырлардың түрлері, мысалы копал, жер қыртысында түссіз, сары және қылғылт түсті, иілімді, сынық зат түрінде кездеседі, алдын-ала балқытуды талап ететін лағыл тастар (янтарь, тастанған шайыр) қолданылған.

Табиғи битум - әлі күнге дейін ең сенімді гидроизоляциялық материал болып есептелінеді. Жоғары сапалы мастикалар, лактар, бояулар мен эмальдар осы материал негізінде жасалынады.

Табиғи битумнан басқа өте үлкен масштабта мұнайдан жасалған битум көбірек өндіріледі, сонымен қатар гидроизоляциялау үшін тасбұрышты деготь шығарылады. Осы материалдар негізінде руллондық, мастикалық, лакбояулар өндірісі мен шатыр жапқыш пен басқа да гидроизоляциялық материалдар түрлері дамыды.

Физикалық күйі және сыртқы түрі бойынша материалдар мынадай болып бөлілінеді: сұйық, созынды-байланыстырушы, серпінді-байланыстырушы, қатты болып.

Сұйық және созынды-байланыстырушы материалдар түрі эмульсия, паста, ерітінді, мастика және т.б. массаның белгілі бір формада болмауын сипаттайды, ал серпінді-байланыстырушы және қатты материалдар сыртқы түрі белгілі бір формада болады. Мысалы, қабыршақ, тақта және т.б. формада.

Қолданыстағы негізгі шикізаттың белгілері бойынша гидроизоляциялық материалдар үш топқа бөлінуі мүмкін: органикалық, органикалық емес және арлас (комбинерленген) болып. Гидроизоляцияда жиі қолданылатыны органикалық материалдар, яғни олардың гидрофобтық қасиеттері.

 

 

Өндірістік мақсатқа байланысты гидроизоляциялық материалдар келесі негізгі топқа бөлінеді: сіңіп кететін, инъекциялық, жағылатын, жапсырылатын, тығыздаушы, монтаждық және насыпные болып. Бұлардың бір кемшілігі класификацияның, олардың қолдану жағдайының, өнімнін немесе шикізаттың мінездемесінің жоқтығында. Гидроизоляциялық материалдардың физикалық күйі кезінде қолдануы бойынша: сұйық, созынды-байланыстырушы, серпінді-байланыстырушы және қатты болады. Сұйық материалдар өз алдына сіңіп кететін, инъекциялық, қабыршақ түзуші және грунттық болып бөлінеді. Олар ыстық, жылы және салқын күйде қолданылады. Созынды-байланыстырушы материалдар жағылатын, жағылып-нығыздаушы, жапсырылатын, әрленетін болып бөлінеді. Олар ыстық, жылы және салқын күйде қолданылады. Серпінді-байланыстырушы мен қатты материалдарды бірігуіне болады. Олар көбінесе салқын күйде қолданылады және руллондық, пленкалық, даналық (штук) және насыпные болып бөлінеді.

 

 








Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 2017;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.