Салыстырмалы диагностикасы. ҚД анықталған науқастарда протеинурия мен бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін басқадай себептер

ҚД анықталған науқастарда протеинурия мен бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін басқадай себептер. Басым жағдайда ДНФ артериялық гипертензиямен, диабеттік ретинопатиямен немесе нейропатиямен ұштасып келеді, егер олар қатар дамымаған жағдайда салыстырмалы диагностиканы мұқият жүргізу қажет. ҚД-1 кезінде 10% жағдайда және ҚД-2 кезінде 30% жағдайда протеинурия ДНФ-мен байланыссыз дамиды.

 

Емі

ДНФ-нің біріншілік және екіншілік профилактикасыныңбасты шарттары ҚД-нің компенсациясы мен жүйелік артериялық қысымды қалыпты жағдайда ұстау болып табылады. Сонымен қатар, ДНФ-нің біріншілік профилактикасы тағамда нәруызды шектеуді білдіреді — тәуліктік калораждың 35%-ы.

Микральбуминурия және протеинурия сатысында науқастарға ААФ ингибиторлары немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары міндетті түрде тағайындалады. Қосымша дамыған артериялық гипертензия кезінде науқастарға аталған дәрілік заттар гипотензивті мөлшерде тағайындалады, қажет болған жағдайда басқа гипотензивті дәрілермен бірге беріледі. Қалыпты артериялық қысым кезінде аталған дәрілер гипотонияға әкелмейтін мөлшерде тағайындалады. ААФ ингибиторлары да (ҚД-1 және ҚД-2 кезінде), ангиотензин рецепторларының блокаторлары да (ҚД-2 кезінде) микроальбуминурияның протеинурияға айналуына жол бермейді. Бірқатар жағдайда көрсетілген терапия барысында, басқа көрсеткіштер бойынша да диабет компенсациясына қол жеткізілсе микроальбуминурия жойылады. Сонымен қатар, микроальбуминурия сатысында нәруыздарды төмендету қажет, яғни тәуліктік калораждың 10% дейін және тұзды тәулігіне тек 3 граммнан артық қабылдамау керек.

СБЖ сатысында қант деңгейін төмендететін терапияны коррекциялау қажет. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарды инсулинді терапияға көшіру қажет, себебі ҚДТД-дің кумуляциясы ауыр гипогликемияның даму қаупін тудыруы мүмкін. ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың басым көпшілігінде инсулинге деген қажеттілік төмендейді, себебі бүйрек инсулиннің метаболизмі жүретін басты ағзалардың бірі болып табылады. Қан сарысуында креатинин мөлшері 500 мкмоль/л –дан асқанда науқасты экстракорпоральды (гемодиализ, перитонеальды диализ) немесе хирургиялық (бүйрек трансплантациясы) секілді емдеу жолдары жөнінде сұрақ қою қажет. Бүйрек трансплантациясы креатинин деңгейі 600–700 мкмоль/л және шумақтық фильтрация жылдамдығы 25 мл/мин болғанда, гемодиализ — 1000–1200 мкмоль/л және 10 мл/мин кем болғанда тағайындалады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 798;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.