Диагностикасы. Клиникалық көрініс мәліметтеріне, науқаста ҚД-1-ің расталуына, зертханалық зерттеу мәліметтеріне негізделеді

Клиникалық көрініс мәліметтеріне, науқаста ҚД-1-ің расталуына, зертханалық зерттеу мәліметтеріне негізделеді. ДКА тән: гипергликемия (басым жағдайда айқын емес), кетонурия, метаболикалық ацидоз, гиперосмолярлық (7.12 кесте).

 

7.12 кесте.Қант диабетінің жедел асқынуларының зертханалық диагностикасы

 

Көрсеткіш Диабеттік кетоацидоз Гиперосмолярлы кома
Гликемия, ммоль/л > 15-20   > 30-40  
Қан рН 7,0–7,3   > 7,3  
Кетонурия +++ +
Әсерлі осмолярлық, мОсм/кг вариабельді > 350  
Есінің тереңдігі сақталған/төмендеген стопор/кома

 

ҚД жедел декомпенсациясы көрініс берген науқастарды зерттеу кезінде гликемия деңгейін, креатинин және мочевинаны, электролиттерді анықтау міндетті, себебі оның негізінде эффективті осмолярлықты есептейді. Сонымен қатар, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті бағалау қажет. Эффективті осмолярлық (ЭО) келесі формула бойынша есептеледі:

2 х [Na+ (мЭкв/л) + глюкоза (ммоль/л)].

Қалыпты жағдайда ЭО 285 – 295 мОсм/л құрайды.

ДКА дамыған науқастардың басым көпшілігінде лейкоцитозанықталады, себебі оның айқындылығы қандағы кетон денелердің деңгейіне пропорционалды. Натрий деңгейі гипергликемияға жауап ретінде сұйықтықтың интрацеллюлярлы кеңістіктен экстрацеллюлярлы кеңістікке осмотикалық өтуінен төмендейді. Сирек жағдайда натрий деңгейі айқын гипертриглицеридемияға байланысты жалған оң нәтиже көрсетуі мүмкін. Калий деңгейі оның экстрацеллюлярлы кеңістіктен ауысуына байланысты жоғарылауы мүмкін.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 705;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.