Ос жүйелердің жалпы сипаттамалары

Қос жұлдыздар табиғатта жиі кездеседі сондықтан ол зерттеу жұлдыздардың өзінің ғана емес жалпы жұлдыздар пайда болуы мен эволюциясының космогониялық проблемаларын шешуде де маңызды. Зерттеліп отырған жүйе оптикалық қос жұлдыз емес нағыз физикалық екендігіне көз жеткізу үшін ұзақ уақыт бақылаулар жүргізу керек. Жұлдыздардың физикалық жүйе екендігі олардың өздерінің қозғалысынан анғаруға болады. Қазіргі кезде онмыңдаған тығыз визуалды қос жұлдыздардың бар екендігі белгілі.

Қос жұлдыздар компоненттерінің қозғалысы Кеплер заңына сәйкес жүреді, яғни екі компанентте кеңістікте ортақ масса центіріне қатысты эллипстік орбиталар сызады. Егер бас жұлдыз қозғалмайды десек, онда серік–жұлдыздың эксцентриситеті де Кеплер заңына сәйкес алынады. Серік-жұлдыздың бас жұлдызға қатысты салыстырмалы қозғалыс орбитасының үлкен жарты осі екі жұлдыздың ортақ масса центріне қатысты қозғалыс орбиталарының үлкен жарты осьтерінің қосындысына тең. Екінші жағынан,бұл екі эллипстің үлкен жарты осьтерінің шамасы жұлдыздар массасына кері пропорционал. Егер бақылау нәтижесінде салыстырмалы қозғалыс орбитасы белгілі болса, онда белгілі өрнектерді пайдаланып қос жұлдыздар компоненттерінің энергиясын анықтауға болады. Егер олардың орбиталарының жарты осьтерінің қатынасы белгілі болса, онда массалар қатынасын да табуға болады, яғни әр бар жұлдыздың массасын жеке – жеке анықтауға болады.Қос жұлдызды зерттеудің маңыздылығының бірі осы,,яғни негізгі шамалардың бірі – жұлдыз массасын анықтау,ал масса арқылы жұлдыздың ішкі құрылысын және оның атмосферасын зерттеуге болады.

 









Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 1322;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.