Күннің магнит өрісі

Күн магнит өрістерінің пайда болуы гидромагниттік динамомен, яғни магнит өрісін өткізетін ортаның гидродинамикалық қозғалыстарымен байланысты. Қазіргі заманғы түсініктер бойынша Күнде күш сызықтары меридионал жазықтықтарда жататын полоидал және әр нүктеде меридионал жазықтыққа перпендикуляр тороидал (азимутал) магнит өрістері бар.

Солтүстік (N) және оңтүстік (S) жарты шардағы тороидал (азимутал) өрістің бағыты әр-түрлі. Тороидал өрістің ең байқамдысы – Күн дақтарындағы магнит өрісі. Күн дақтардағы магнит өрісінің максимал кернеулігі ~ 4000 Э-ке жетеді (В » 4000 Гс).

 

3.4 сурет - Фотосфера астындағы жалпы азимутал магнит өрісінің Күн бетіне көтерілу нәтижесінде түзілетін күн дақтарындағы магнит өрістері

 

Өрістер әрдайым Күн бетіне шығып кетсе де, байқаулар жетерсіз терең аймақтарда пайда болады. Күн магнит өрістері бар екенін біз тек олар Күн беті астынан сыртына шыға алатынына байланысты білдік. Қазір белгілі болғандай, Күн ядросында кернеулігі 10 6 Гс-қа жететін алғашқы магнит өрісі жасырылған болуы мүмкін.

1953 жылы американдық астроном Бэбкок Күн магнит өрістерінің әлдеқайда әлсіздеу дипольдік құраушысын ашты. Бұл дипольдің магнит моменті Күннің айналу осі бойымен бағытталған, сондықтан бұл құраушы полоидал болып табылады. Бұл құраушы үйектік (полюстік) аймақтарда ең анық көрінеді (білінеді).

XX- ғасырдың 70- жылдары күн магнит өрістерінің кернеулігі бойынша шамамен полоидал өрістей әлсіз аксиал симметриясыз ірі масштабты құраушысы табылды. Ол радиал құраушысы әртүрлі кеңістіктік секторларда әр түрлі бағытталған планета аралық магнит өрістерімен (ПМӨ) байланысты болып шықты.

 

 

3.5 сурет – Күннің ірімасштабты магнит өрісінің осі бойынша симметриялы құраушысы.

 

ПМӨ-ң төрт секторлы құрылымы осі Күн экватор жазықтығында жатқан Күндегі квадрупольге сәйкес, кейде ПМӨ-ң екі секторлы құрылымы байқалады, ол Күндегі дипольге сәйкес болады (ПМӨ және оның секторлық құрылымы туралы толығырақ келесі тақырыпта).

Тұтасымен алғанда, Күнің іріауқымды магнит өрістері жеткілікті күрделі болып табылады. Ұсақ масштабтарда өрістің одан да күрделі құрылымы табылды.

Байқаулар кернеулігі Э жететін ұсақауқымды инетәрізді өрістердің барлығын көрсетті. Ұсақ масштабты өрістер Күн бетінде байқалатын конвенциялық ұяшықтармен де байланысты.

Қисық магнит өрісінің радиал құраушысын оң және теріс бағытталған аймақтарға бөледі. Магнит өрісінің оң бағыты деп магнит өрісінің күш сызықтары күннен сыртқа қарай шығатын жағдайды айтады. Магнит өрісінің теріс бағыты деп күш сызықтары Күнге қарай бағытталған (Күнге кіретін) жағдайды айтады

 

3.6 сурет -Күнің іріауқымды магнит өрістерінің радиал құраушысы..

 








Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 2777;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.