Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі.

Уақытша иммобилизация. Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарында уақытша иммобилизация жабдығы иек-төбелік таңба, Померанцкв-Урбанскийдің эластикалық таңбасы, қатты иектік сақпаннан және қалпақтан тұратын стандартты транспорттық таңба. Тасымалданған уақытта жоғарғы жақ сынықтарын жылжытпай ұстап тұратын биологиялық шендеуіштің қызметін төменгі жақ атқарады. Темір қасық, ағаш таяқшаларын аспаптарды транспорттық шендеуіш ретінде қолданған дұрыс емес, себебі олар сынық бөліктерін артқа ығыстырып асфиксияға әкелуі мүмкін.

Жоғарғы жақ сүйегі сынған науқастарды емдегенде сынған сүйек бөліктерін орнына салып қалыпты жайында бекіту керек.

Тұрақты иммобилизация. Жоғарғы жақ сынықтарына консервативті (ортопедиялық) және оперативтік иммобилизация тәсілдерін қолданады.

Емдік (тұрақты) иммобилизацияны мүмкіндігіше аз мерзім ішінде жсау қажет. Бұл сынықтың тез бітуін және оның асқынуларының (соның ішінде бас қаңқасының ішіндегі) алдын алуын қамтамасыз етеді.

Консервативті тәсілдер. Төменгі, ортаңғы, және жоғарғы типтер бойынша сынық бөліктері қозғалмалы және оңай салатынын сынықтарда екі жақтың ілмегі бар шеңдеуіш қолданылады. Ілмектерге резинадан тартпа салар алдында үлкен азу тістердің аумағында резина түтігімен төсем салған жөн болады. Бүл тәсілмен иммобилизация жасағанда қосымша төменгі жақты сақішн тәріздес таңбамен бекіту керек.

Збарж аппараты. Бұл ауыз қуыстың тұйықталмаған, қосақталған доға тәріздес болат шеңдеуішінен тұрады. Оны жоғарғы жақ тістеріне таңдай және вестибулярлық бетінен сыммен байлап бекітеді. Доғадан ауыз сыртына шығып тұратын белдеулер (стержень) болады, 4 дәнекер белдеу және 8 қыспалы қамыт арқылы бас қалпағына бекітіледі. Осы принцип бойынша Аржанцев, Орлов, Гельман аппараты бекітіледі. Бұл тәсіл көбінесе ортаңғы және жоғарғы сынықтарда қолданылады. Аппаратты бекіту алдын да сынық бөліктері қалыпты жайына келтірілуі қажет, сынықтар дұрыс алынбаған жағдайда беттің ортаңғы бөлігі қысқаруы мүмкін.

Бұл аппараттар арқылы жоғарғы жақтың төмен түсіп кеткен бөліктерін көтеру мүмкін емес.

Бас қаңқасының төбесі сынғанда немесе маңдай, төбе және желкенің жұмсақ тіндері зақымданса бұл аппараттарды қолдану қиындық тудырады немесе тіпті қолдануға болмайды.

Оперативтік тәсілдер. Фальтин-Адамс тәсілі және оның модификациялары. Бұл тәсіл бойынша сынған жоғарғы жақ сүйегі коа ұясының төменгі қырына (төменгі тип), бет сүйегінің доғасына (төменгі және ортаңғы тип), маңдай сүйегінің бет өсіндісіне (жоғарғы тип) бекітіледі. Тіс доғасына төмен қараған екі ілмегі бар шеңдеуіш бекітіледі. Көз ұясының төменгі қыры немесе жоғарғы сыртқы бұрышының жүмсақ тіндері тілініп ашылады да сүйекте бормен тесік жасалып полиамидті жіп өткізіледі, сонан соң қаи қүятын инемен жіпті жүмсақ тіндер арасымен 2-ші кіші азу немесе 1-ші үлкен азу тістерінің деңгейінен ауыз қуысына шығарады. Сынықтарды өз орнына орналастырған соң ауыз қуысындағы жіптердің ұшын шеңдеуіштің ілмектеріне байлайды, терідегі жаралар тігіледі. Бет сүйегінің доғасына бекітілгенде инені еркін өткізу үшін қандауырмен бет сүйегінің маңдай және самай өсінділерінен құралған бұрыштың терісін тессе жеткілікті.

Федершпиль-Дингман тәсілі. Жоғарғы жақ сүйегінің тістеріне шеңдеуіш салып оған жіңішке болат сымды бекітіп, оның ұшын ұрттың және еріннің жұмсақ тіндері арқылы ауыз қуысынан сыртқа шығарып (өткізгіш ретінде жуан ине қолданады) гипстелген бас таңбасының ілмектеріне бекітеді.

Егер де жоғарғы жақ сынығы тығыз қозғалмалы болып оны қолмен салу мүмкін болмаса ауыз қуысынан шығарған сым гипстелген бас таңбасына резинадан жасалған тартпа арқылы бекітіледі, бұл жақ сүйегін біртіндеп тартып бас сүйектеріне тығыз бекітеді және төменгі жақ сүйегі қосыла сынғанда оны жоғарғы жақ тесіктеріне бекітеді. Бұл тесік өте қарапайым, бірақ кей жағдайларда гипстелген қалпақ кигізу керек болғандықтан қолдануға болмайды.

Жоғарғы жақ сүйегі жоғарғы тип бойынша сынғанда бет сүйегі арқылы бір үшы жұмсақ тіннен шығып тұратын темір сымды көлденең өткізіп бекітуге болады (трансфасциалды бекіту). Сымды гипстелген бас таңбасына мықтап бекітеді.

АОЧ апаратымен М. А Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда сымды екі жақтан бет сүйегі арқылы алдыңғы мұрын қырына алға және төмен бағытта өткізеді. Ортаңғы тип бойынша сынса сым бір бет сүйегінен екінші бет сүйегіне көлденең бағытта өткізіледі, ал жоғарғы тип бойынша сынғанда иммобилизацияны екі параллелді орналасқан сымдармен жасайды. Бірін бет сүйегінің доғасымен сынық сызығының артынан бүкіл жоғарғы жақ сүйегін тесіп шығып, қарама-қарсы жақтың бет сүйегінің доғасы арқылы өткізеді. Екіншісін қарама-қарсы жағынан бірінші сымға параллель өткізеді. Сымдарды еңкіш бағытта бір жақ бет сүйегінің алдыңғы бөлігінен қарама-қарсы жағының бет сүйегіне өткізуге болады. Сымдар жоғарғы жақ қуысы және мүрын қуысы арқылы өтеді.

Billet-Vigneul бойынша бас қаңқа-жоғарғы жақтық бекіту. Жоғарғы жақ және маңдай сүйектері сынған науқастарға қолдануға болады.

Бұл жарақат көп жағдайда мида гематома дамуымен қосарлана жүреді. Маңдай және төбе сүйектері аймақтарындағы нейрохирургпен жасалған диагностикалық фрезалық тесіктерді жоғарғы жақ сүйеқтерін бекітуге пайдалануға болады. Лигатуралық сымды сол тесіктер арқылы, өткізгіш иненің көмегімен самай етінің, бет сүйек доғасының астынан өтпелі қатпарымен ауыз қуысына өткізіп тістік шеңдеуішке бекітеді. Фрезалық тесіктер арнайы, жоғарғы жақ сүйегінің сынығын бекіту үшін жасалуы мүмкін. Бас қаңқасы езіліп ішке кіріп сынғанда трепанация жасалынады. Бүл жағдайда бас сүйегінің ақау қырын лигатураны бекітуге пайдалануға болады.

Сыммен тігілетін остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда лигатуралық тігіс альвеолды қыр және алмұрт тәріздес тесік аймағында салынады, ортаңғы тип бойынша сынса көз ұясының төменгі қыры және бет-альвеолды қырларының, жоғарғы типте бет сүйегінің доғасы және көз ұясының жоғарғы сыртқы қырынан тігіледі. Сынықты мықтап бекіту үшін жоқ дегенде екі жерден сыммен тігу керек.

Жоғарыда айтылған жоғарғы жақ сүйек сынықтарының консервативті және оперативті ем тәсілдері тек жақын арада және сынық бөлімдері қозғалмалы болса нәтиже береді. Ескірген сынықтарда қаңқалық керіп-созу қолданылады. Бұл үшін тігіске фосфат цементімен бекітілетін, болаттан жасалған шеңдеуіш каппа дайындайды. 3 болат сымнан ілмегі бар темір сымнан жасалған доғаны басқа кигізетін қалпаққа гипстеп тастайды. Бір ілмек ортаңғы сызық бойында, келесі екеуі бірінші ілмектің екі жағында 2 см қашықтықта орналасады. Керіп-созуды болат пружина немесе резина тартпалар арқылы жүргізеді, олардың бір ұшы шеңдеуішке, бір ұшы ілмекке бекітіледі. Керіп-созу үшін біртіндеп В. Я. Кавракиров бойынша күшейтеді.

Жоғарғы жақ сүйегі шаншыла сынса төсек басына орнатылған шығыр (блок) арқылы сынықты керіп-созып орнына келтіреді. Бұл жағдайда үлкен азу тіс аралығына резинкадан төсем қойылады. Керіп-созуға болат пружинасын, подшипникті шығыр, полиамидті жіп, және гарьнер қолданған жөн.

Керіп-созу мерзімін қысқарту үшін сынық сызығына өткір распатор кіргізіп ырғауға болады. Сынық бөлігін босатқан соң керіп-созуды бастауға болады. Хирургиялық және ортопедиялық ем тәсілдерін бірге қолдана отырып сынық бөліктерін 5—7 тәулік ішінде өз қалпына келтіруге болады.








Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 2812;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.