Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
Төбе-иектік таңғыш салу.Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі.
Померанцев-Урбанскаяның жумсақ иек сақпаны. Мұның иек-тіл бөлігі бірнеше қабат дәкеден немесе бязден дайындалған. Аралық бөлігі екі кең резинадан тұрады, ол таңғыштың шеткі бөлігіне өтеді. Мұның бауы, сақпанның резиналы жолақтарының тартылу дәрежесін реттейді. Бұл таңғыш науқастар үшін тиімді, қолдануға қарапайым және сынықтардың жақсы бекітілуін қамтамасыз етеді.
Ауыздан тыс желісі бар (стерженъ) металл шина-қасық. Төменгі жақта тіс болмаса немесе жеткіліксіз болса жоғарғы жақ сынығы кезінде қолданылады. Дәкеден жасалған қасықты ауызға енгізіп жоғары жақ тістеріне қысып, оның желісін науқастың басына дәке немесе стандартты қалпақтың көмегімен бекітеді. Ауыздан тыс желі науқастарға көптеген ыңғайсыздық тудырады, қасық тістерде керегінше тығыз жатпайды. Қазіргі кезде бұл әдіс өте сирек қолданылады.
Жақаралық лигатуралық бекіту—төменгі жақ сынықтарының орнынан жылжып кетуінен сақтайды. Оны жүзеге асыру үшін әр сынықта екіден мықты және антогонист тістер болуы қажет. Таңып байлағанда сынық тұсында тұрған жарақатты пульпит немесе периодонтит белгісі бар тістерді қоспайды.
Жақаралық лигатуралық бекітуге келмейтін жағдайлар: мидың шайқалуы, ауыз қуысы тіндерінен қан кетуі, құсықтың пайда болу қаупі. Бұл таңғышты науқасты тасымалдау кезінде (әсіресе су мен әуе транспорты) салуға болмайды.
Таңғыш салу үшін қола-алюминий сымы (0,5—0,6 мм) қолданылады. Қажетті аспаптар: қан тоқтатқыш қысқаш, анатомиялық пинцет, крампонды қысқаш, металл қайшы. Сым ұштары сағат бағытымен қайырылады.
Көптеген лигатуралық бекітулердің ішінде Айви бекітуі жиі қолданылады.
Жақаралық лигатуралық қарапайым бекітуде 5—6 см лигатуралық сым ұштарын тіс аралықтарына өткізеді де тіл жағынан орап қайтадан ауыз қуысының кіреберісіне әкеледі. Осы жерде сымның екі ұшы тіс мойнын орайды. Екінші лигатураны дәл осылай көрші тіске бекітеді. Кейін екі сымды өзара орай бір таңғышқа біріктіреді. Осылайша таңғышты екінші сынықтағы тіске, кейін антогонист тістерге салады. Сынықтарды орнықтырып, жоғарғы жақ тістерімен жанасқанға дейін жақындатады да сымдарды орай отырып бекітеді. Сымның ұштарын қайшымен кесіп, ұрт пен иектің шырышты қабығын жарақаттамайтындай етіп қайырып иеді.
Сегіз тәрізді бекіткенде, сым лигатураның екі үшын тіс аралығына кіреберіс жағынан ауыз қуысына өткізгенде тістегі таңғышты да қамтуы қажет. Кейін сымның ұшы кіреберіс жағына қайтарылады. Бір ұшы кіреберіс жағынан тісті қамтитын сымның үстінен, ал екіншісі астынан өткізіледі. Кіреберіс бетінде сым үштары өзара оралады. Кейін осындай таңғышты екінші сынық пен антогонист тістерге салады. Алдыңғы жағдайдағы сияқты жоғарғы және төменгі жақ тістеріне бекітілген сымдарды өзара орайды. Артықтарын қайшымен қиып тастайды.
Айви бойынша бекіткенде ұзындығы 10 см сымды алдын ала түйреуіш тәрізді етіп тиеді де бір ұшын екіншісінен 1 —1,5 см артық қылып қалдырады. Түйреуіштің ұшына — 0,2 мм шамасында ілмек қалдырады. Бұл үшін алюминий сымның кішкене бөлшегі, крампонды қысқыш, пинцет қолданылады. Сымның екі үшы кіреберіс жағынан ауыз қуысы жағына тіс аралығы арқылы өткізіледі. Сымның ұзын ұшын, кіреберіс жағына, тістің арасы арқылы қайтадан өткізеді. Қысқа ұшы — кіреберіс жағына ілмектің алдына қарай орналасқан тіс арасы арқылы өткізіледі де ұзын ұшымен оралады. Сымның артығы қиылады, қалған бөлігі шырышты қабатты жа-рақаттамайтындай етіп қайырылып иіледі. Осындай таңғышты екінші сынықтағы тіске тіс — антогониске салады. Сынықтар орнына салынып, сыммен жоғарғы жақ тістеріне бекітіледі. (37 сурет). Жақаралық лигатуралық бекітуде, жоғарғы жақ асқынғанда иек сақпаны немесе шеңберлі төбе-иек дәкелі таңғыш салғанда тістердің периондонтитіне, сыныққа бекітілген булшықетке күш түседі. Уақыт өте келе бұл тістер қозғалмалы келеді.
37-сурет. Төменгі жақ сынықтарын уақытша Айви тәсілімен бекіту (түсініктеме тақырыпта берілген)
Мамандандырылған хирургиялық көмек.Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі. 1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты).
Жарақатқа қайтадан хирургиялық ем жүргізудің себебі алдын ала рентгенологиялық тексеру жүргізбегеннен болады. Бет сүйегі сынғанына күмәнданса оның тіндерінің регенеративті қабілеті артады да хирургиялық ем жүргізуге мәжбүр болады. 3-і топ науқастарына мамандандырылған көмек көрсеткенде, дәрігер-хирург: 1) сынған жерге жансыздандыру жүргізуі; 2) жарақатқа антибиотик енгізуі; 3) қарапайым транспорттық иммобилизациялау; 4) жарақаттан қанның ақпай түрғанына көз жеткізуі; 5) сіреспеге қарсы сарысу жіберуді тексеру; 6) дүрыс тасымалдауды қамтамасыз етуі (транспорт түрі мен науқастың жағдайы); 7) науқасқа не істелгені жайлы құжаттардың бәрін дәл көрсетуі тиіс. 3 топта — хирургиялық бөлімдерде барлық дәрігерлер, хирург-травматологтар мамандандырылған көмек көрсетуі тиіс. Өз кезегінде хирург-травматологтар бетті хирургиялық өңдеудің қағидаларын сақтап, сынықтарды транспортты иммобилизациялау әдістерінің негізін білуі қажет.
Бет пен басқа аймақтардың біріккен жарақаттарын емдеу дәрігер-стоматологтың қатысуымен хирургиялық стационарда жүргізілуі тиіс. Аудандық ауруханада стоматологиялық бөлімдер, п/а бөлмелер көп болса да, бөлім бастығы аудандағы травматологиялық көмекті ұйымдастыруға және оның жағдайына жауапкершілік міндетін алуы тиіс. Бет-жақ жарақатын дәл тізімге алу үшін дәрігер-стоматолог фельдшерлік пункттер мен учаскелік ауруханалармен байланыста болуы қажет. Бұдан басқа ем нәтижелерін де тексеріп отыру қажет. Арнайы бөлімдерге беттің күрделі және асқынған жарақатында ғана әкеледі. Мұнда жұмсақ тіндердің біріншілік пластикасы мен бет сүйегі сынықтарын емдеудің жаңа әдістері жүргізіледі.
Арнайы мамандандырылған шуғыл көмек және емдеу. Көмектің бұл түрі стоматологиялық стационарларда көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық ауруханада, медицина институттары мен дәрігер мамандығын жетілдіру институттарында, ғылыми-зерттеу институтында, травматология және ортопедия институттарының бет-жақ бөлімдерінде). Стационардың қабылдау бөлімдеріне науқастар түскен кезде 3 сұрыптау тобын ажыратқан жөн (В. И. Лукьяненко).
1. Операция және таңу бөлімдерінде арнайы мамандандырылған немесе мамандандырылған көмектің шүғыл шараларын қажет ететіндер: бет жарақатында қан тоқтамаса, асфиксия, траеотомиядан кейін ауыз қуысы мен жұтқыншақты мықтап дәкелегеннен кейін, есін жоғалтқанда. Бұлардың бәрін таңу немесе операция бөлмесіне бірінші кезекте әкеледі.
2. Диагнозды және зақымданудың ағымын анықтауын қажет ететін топ. Бұларға: бет пен жақ, ЛОР — мүшелер, бас, көз және т. б. аралас жарақаттар жатады.
3. Бөлімге екінші кезекте жіберілетіндер. Бұл топқа барлық науқастар жатады.
Науқас хирургиялық ем алдында клиникалық және рентгенологиялық тексерулерден өтуі тиіс. Алынған деректер негізінде операция көлемі анықталады. Хирургиялық өңдеу жұмсақ тіндер мен сүйек пластикасы, жергіліқті операциялар бір сәтте және толық жасалу керек.
А. А. Срагер мен Т. М. Лурье (1988) көрсеткендей регенерациялық бластомалар (остеогенді, фиброзды, аралас) сипаты сынық аймағында, тіндердің оксибиотикалық белсенділігімен анықталады, сондықтан барлық травматологиялық және емдік факторлар жергілікті қамтамасыз ету арқылы репаративті остеогенездің сапасы мен жылдамдығына әсер етеді.
Зақымдану нәтижесінде әрқашанда жергілікті қан айналымы регионарлы (БЖА) немесе жалпы (шок) бұзылады. Жергілікті және аймақтық қан айналудың бұзылуы ұзағырақ болады, әсіресе қабынулы асқынулар пайда болғанда және сынықтардың иммобилизациясы болмағанда. Осының салдарынан тіндердің репаративті реакциясы өзгереді. Адекватты қанмен қамтамасыз етілгенде зақымданған аймақта сүйек тіндерінің ангиогендік түзілімдері жүреді. Сынықтардың қиылысқан жерінде дәнекер тіндік немесе шеміршекті регенерация, яғни репаративті остеогенез жүреді. Репаративті регенерацияның мұндай жолы тіндік ресурстар мен уақытты талап етеді. Ол сынықтың екіншілік бітісуімен аяқталуы мүмкін, кейде ұзақ сақталып немесе тыртықты дәнекер тін созылмалы қабыну ошағы болып, жарақатты остеомиелиттің өршуі түрінде көрінуі мүмкін.
Бет сүйектерін жабық репозициялап бекітудің артықшылығы мол. Сондықтан сүйек сынықтары негізінде мына қағидалар ұсынылған: 1) Сынықтарды дәл қою. 2) Сынықтарды жақындатып қиыстыру. 3) Қиыстырылған сынықтарды тығыз бекіту. Бұл қағидаларды сақтау сүйектің біріншілік бітісуіне жағдай жасайды, мерзімін қысқартады.
Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 2413;