Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі

Жеделдеу кезеңінде (1,5—2 апта) науқастың жалпы жағдайы жақсарады, ұйқысы түзеледі, тәбеті көтеріліп, дене қызуы басылады. Беттің домбығуы азайып, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы шектеледі, операциялық жара грануляциялық тінмен толып, өлеттенген тіндерден тазарады. Оның ортасында бір немесе бірнеше жыланкөздер түзіледі. Бөлініп тұрған сұйық біртіндеп азайып, нашар иісі жойылады, экссудат қоюланады. Региональды лимфа түйіндері қатайып, қозғалмалы болып, ауыру сезімі азаяды, ауыз еркін ашылып, тек остеомиелит ошағы төменгі жақ бұтағында болғанда шектелуі мүмкін.

Альвеолды өсінді мен ауыз кіреберісінің кілегейлі қабығы көгерген (цианоз). Сүйек қабыасты іріңдіктерді тілген жерлердегі жыланкөздерден іріңді сүйық бөлініп тұрады. Тіс ұяшығынан грануляция өсіп шығады. Қабыну ошағында орналасқан тістер босап, ал шеткері тұрған тістер сәл қатайған. Қан көрсеткіштері өзгереді, лейкоциттер азайып нормаға жақындайды. Жас нейтрофильдер жойылып таяқша ядролы клеткалар қалпына келеді, ЭТЖ төмен-дейді, несепте сәл ғана өзгеріс болады.

Жеделдеу сатының рентген суретінде пішіні әртүрлі шекарасы анық емес бір немесе бірнеше ыдыраған ошақтар көрінеді. Жақ сүйегі шетінде түрліше тығыздықтағы, қалыңдығы мен ені әртүрлі толқынды көлеңке көрінеді. Ол сүйектенуші периост пайда болуына байланысты.

Емі.Жедел одонтогенді остеомиелиттің емі комплексті түрде БЖА стационарында жүргізілуі тиіс. Ем сүйектегі және қоршаған жұмсақ тіндердегі іріңді қабыну процесін жойып, инфекциямен күресу, организм қызметін қалпына келтіру шараларын жүргізуге бағытталады.

Жедел остеомиелиттің біріншілік сатысында себепші тісті жұлу осы емінің негізгі міндетті түрі болып табылады. Онда іріңдікке шығар көз ашылып, сүйек іші қысымын төмендетеді, қан айналымын жақсартады, сүйекте қайтымсыз процесс болуынан сақтандырады. Қозғалмалы тістерді шеңдеуішпен шендейді. Тіс жұлумен қоса сүйек-қабы астындағы және жұмсақ тіндердегі іріңді ошақты ашып некротомия жасайды. Біраз автор ошақты дренаждау үшін остеоперфорация жүргізуді ұсынады (1979). Яғни төменгі жақ жиегі бойымен теседі. Әсіресе төменгі жақтың кортикальды пластинкасын тесу тиімді. Кейбір хирургтер бұл жағдайда сүйек миы орналасқан төменгі жақ өзегіне сәйкес жерден декортикация жасауды ұсынады. Олардың айтуынша қоршаған жұмсақ тіндер есебінен бұл кезде экссудат шығуы күшейіп сүйектің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Жедел остеомиелит кезінде барлық оперативті шаралар сенімді жергілікті немесе жалпы жансыздандырумен жасалады, Бөлек әлсіз қосымша аурулары бар науқастарға тісті жұлу жедел процесс басылғанша кейінге қалдырылуы мүмкін,

Іріңді жараны күтіп, тазалауға ерекше көңіл бөлініп, жуып-шаю, инстилляция жүргізіледі. Әр түрлі антисептиктермен, нитрофуран препаратымен, антибиотиктермен, иммунды препараттармен жергілікті ем жасалады.

Іріңді жараны тазалаған соң физиоем тағайындалады: Соллюкс лампасы, УЖЖ, димексидпен, кальций хлоридімен ионофорез жасау, гелийнеон сәулесін қолдану.

Науқас клиникаға түскеннен бастап антибактериальды терапия жүргізіледі. Сүйек тініне сіңе алатын антибиотиктер (тетрациклин, линкомицин, морфоциклин, фузидин натрий т. б.) тағайындалады. Онда науқастың препаратқа сезімталдығын ескеру керек. Бактериологиялық себінді нәтижесін алғаннан кейін ем тұрақтандырылады.

Антибиотик пен антибактериальды препараттардың өзара әсерлерін ескере отырып сульфаниламидтер, нитрофурандар (мезоцим, трипсин, химопсин т. б.) бүлшықетке инъекция түрінде тағайындайды. Бұл емді шектелген остеомиелитте 8—10 күн, диффузды түрінде 2 апта жедел көріністері басылғанша жүргізеді.

Асқынулардың алдын алу үшін, әсіресе кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда, саңырауқұлақтарға қарсы препараттар (нистатин, леворин) қолданылады.

Организмді дезинтоксиялау үшін және қанның реологиялық қасиетін жақсарту, тұз-су алмасу, белоктық баланстың бұзылуын дұрыстау үшін венаға гемодез, реополиглюкин, 5% глюкоза ерітіндісі, Рингер ерітіндісін тамшылатып жібереді.

Организм сенсибилизациясы және тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендету үшін 10% кальций хлориді, антигистаминді препараттар (супрастин, тавегил, фенкарол т, б.) тағайындайды.

Комплексті емге витаминдер (С, В тобы), антигенді стимуляторлар (метилурацил, пентоксил, натрий оротаты, продиглозан), дибазол, женьшень, қытай лимоннигі т. б. 2—3 күн кварцпен сәулелендіру жақсы стимулдеуші әсер береді.

Жүрек қан тамырлар жүйесіне баса көңіл бөлінеді. Оның соғуын күшейту үшін кофеин, кордиамин, кокарбоксилазат. б. береді. Сонымен қатар ауру сезімін басатын, қабынуға қарсы препараттар-амидопирин, анальгин 0,25—0,5 г 3—4 рет (күніне) тағайындалады.

Комплексті емге тағы көп сүйықтық ішу, әсіресе витаминдер, минералдар бар су ішу қосылады. Науқас белокпен витаминдерге бай тағамдармен тамақтану керек. Ауыздың ашылуы қиындаған жағдайда тағам сұйық болу керек. Тамақтанып болған соң ауыз қуысын мұқият шайып отырған жөн. Организмнің қорғаныс күшін жоғарылату үшін аутогемотерапия, иммуномодулятор — тималин, тимоген (бірақ міңдетті түрде қан анализі мен иммунограмманы бақылап отыру керек) қолданады.

Жақ сүйектер остеомиелитінің желделдеу түріндегі ем алдында жүргізілген терапияның нәтижесіне байланысты. Соған байланысты иммуномодуляциялық, жалпы жағдайын жақсартатын физиоем қолданылады.








Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 1983;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.