Станционарлық магнит өрісінің магниттік дипольді жуықтаумен қарастырылуы.Магниттік момент.
Магниттік диполь электрлік диполь – шамалары тең, l ара қашықтығы өрісанықталатын нүктеге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда едәуір аз. дипольдің электрлік моменті (дипольдік момент)– дипольдің иінімен бағыттас, заряд модулі мен иіннің көбейтіндісіне тең шама. Таралуы тұйық контурмен ағатын электр тогы жасаған магнит өрісінің таралуымен сәйкес келетін өрісті жасайтын, өлшемі өзінен өрістің қарастырылатын нүктесіне дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте кіші болатын магнит өрісінің кезі.
Магниттік момент — заттың магниттік қасиеттерін сипаттайтын негізгі шама. Электр-магниттік құбылыстардың классикалық теориясына сәйкес магнетизмнің (Магниттік моменттің) көзі электр макротоктар және микротоктар (атомдық) болып табылады. Магнетизмнің қарапайым көзі ретінде тұйық ток алынады. Электр-магнит өрістің классикалық теориясы және тәжірибелік деректер бойынша тұйық токтың (тогы бар контурдың) магнит әсері ток күші (і) мен контур ауданының (s) көбейтіндісі (М) белгілі болғанда ғана анықталады:М=іs/с (бірліктердің СГС жүйесінде).Анықтама бойынша М векторы Магниттік момент болып табылады. Оны электрлік диполь моментіне ұқсастырып, М=ml, түрінде жазуға болады: мұндағы m — контурдың эквиваленттік магнит заряды, l — қарама-қарсы таңбалы “магниттік зарядтардың” ара қашықтығы.
19) Магнетиктер. Магниттелу векторы. Магнетиктегі магнит өрісінің векторлық потенциалы.
Магниттік өріске орналасқан бүкіл заттар магниттеледі. Кез келген дене магнетик болып саналады, яғни ол магниттік өріс әсерімен магниттелуге қабілетті. Осы құбылыстың механизмін түсіну үшін мына суретті қарастырайық:
Атомдағы электрон дөңгелек орбита бойынша қозғалады деп аламыз. Электрон орбитасы В векторға қатысты альфа бұрыш жасап қозғалса, онда ол В шеңберінде осындай қозғалыс жасайды деп дәлелдеуге б-ды.Осылайша атомның электрондық орбиталары сыртқы магниттік өріс әсерімен, дөңгелек токқа эквивалентті прецессиялық қозғалыс жасайды. Ленц ережесіне сәйкес, атомда сыртқы өріске қарама-қарсы бағытталған құраушы магниттік өріс пайда б-ды. Заттар магнетиктер, диамагнетиктер ж/е ферромагнетиктер деп бөлінеді.
Диэлектриктердің үйектелуін сандық сипаттауға ұқсас, магниттердің магниттелуін сипаттайтын векторлық шама-магниттелушілік (магниттелу) енгізілді:
Pm-магнетиктің магниттік мезеті. V-магниттелу көлемі.
Магниттелу біртекті өріс жағдайында :
Дата добавления: 2015-01-10; просмотров: 3221;