Философияның негізгі мәселелері

Болмыс философиясы

Болмыс философиясы. Болмыс-емес феномені. Адам болмысының әрдайым болмыс-емеске қарайлылығы. Адам өмір сүруінің таянышсыздығы. Өлімді қабыл алу адам стратегиясы хақында. Өлім феномені. Мәдениет пен философиялығы өлімге деген қатынас. Танатос идеясының тууы. Соғыс өлім алдыңдағы қорқынышқа «табынушылық» және өлімге келудің жасанды формасы ретінде. Өлімнің бейнелері мен архетиптерінің кешені. Өлімді рәміздеу. Неопсихоанализ өлім жөнінде. Трансперсоналдық психология өлім феномені жөнінде. Өлімнің діни түсіндірмесі: христианшылдық пен ислам өлім феномені туралы. Неге мұсылман өлімнен қорықпайды? Буддистік тантризм және өлімді қабылдаудың сатылары. Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі өлімге деген қатынас. Өлместік феномені. Трансперсоналдық тәжірибе және өлімді жеңу. Йога мен даосизмнің тәжірибесі. Суфизм тәжірибесі.

Адам болмысының экзистенциалдары. Корқыныш феномені. Экзистенциализм қорқыныш туралы. Қорқыныш пен қалшыл. Қорқыныш құмарлық хақында. Футурталықсытпа.

Асірет шегу феномені. Өмір қасірет шегу ретінде. Қасіреттің христиандық түсінігі. Қасірет шегу мен адам өмір сүруінің азаптылығы. Бақытсыздық өмір ережесі ретінде (А. Шопенгауэр). Жалғыздық терең экзистенциалдық күйзелу ретінде.

.

Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.

Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.

Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.

Платон материяны болмыстың төмендегі сатысы деген. Ол идеяны жүзеге асырудағы құрылыс материалдары іспеттес. Орта ғасырлар философиясы бойынша материалды әлем жаратушының белгілі бір тәртібіне бағынышта. Табиғат – әлемнің төменгі деңгейі. Онда жан да, еркіндік те жоқ. Жеке нәрселердің пайда болуы, жаралуы құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл – ойындағы идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады.

Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында жаратылыстануда ірі жетістіктерге қол жеткізілді.

XIX ғасырдың ортасында адам мен басқа тірі табиғаттың бірлігін түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болды, 1986 ж. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Радий элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік (А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн қозғалыстың, уақыт пен кеңістіктің байланысын көрсететін жалпы салыстырмалық теорияны ұсынды.

Ғылымның осындай ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеңи түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И.Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізде бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория».

Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде.

Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем.

Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

Ф.Энгельстің қозғалыс туралы ілімі XIX ғасырда қалыптасты, сондықтан ол XX ғасырда пайда болған жаңа құбылыстарды түсіндіре алмайды. Қазіргі ғылым қозғалыстың жаңа түрлерін анықтап, зерттей бастады. Мәселен, қозғалыстың геологиялық, географиялық, космологиялық түрі зерттелуде. Ғылымның соңғы табыстарына сүйене отырып, қозғалыстың жаңа жүйесін ұсынуға болады, мысалы:

- ядро әлемі, материяның ядролық қозғалысы;

- электромагнетизм әлемі, ол зарядталған бөлшектердің атом ішіндегі, молекулалық процестерін көрсетеді; тартылу әлемі (плазма, планеталық зат);

- бұл материя қозғалысының гравитациялық түрі; өмір әлемі – биогенетикалық, популяциялық өзгерістерді білдіреді. Адам қоғамының әлемі – материалдық пен руханилықтың тығыз байланысы, адам іс - әрекетінің және оның қатынастарының жүйесі.

Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс - әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт – тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті, жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол оның бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады.

Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл – адамның іс - әрекетінің бүкіл дүниежүзілік тарихы.

Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады.

Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.

Алғашында бұл ешқандай сыртқы араласуды қажет етпеген білім мен технологиялық әдістердің жетпестігін жоқтатпаған табиғи әдістер еді. Алғашқы адам күннің шығуымен батуын жіті бағдарлап күнелтуге тиіс болды.

Мысалы, табиғат құбылыстарын өте терең түсінген көшпенді халық уақыт өлшемдерін де дәл тауып, дөп басып, анықтаған. Мерзім, мезет, сәске, таң, кеш, намазшам, ақшам, түн атаулары осыған меңзейді. Көшпенді халықтың дәстүрлі кәсібінен де уақыт өлшемдері туындап отырған: бие сауым, сүт пісірім, ет салым т.б.

Кеңістік – заттар мен құбылыстардың бір – бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан.

Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелеінеді.

Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйенің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінде уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалдары кездеседі. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

Материяның уақыт пен кеңістікте байланысын түсіндіруде бір – біріне қарама – қарсы екі ұстаным қалыптасқан.

Біріншісі субстанциалды (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті материядан жеке реалдылық деп есептеген.

Екіншісі – реляциялық (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материямен байланыста қарастырған. Реляциялық ұстанымды А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы айқын дәлелдеп отыр.

Уақыт бірін бірі ауыстырып отыратын құбылыстардың кезектесуі, әрбір материалдық процесс – бір бағытта өткен болашаққа қарай дамиды. Қозғалыс уақыттың мәні, бірақ уақытты кеңістіктен бөліп алып қарауға болмайды.

 

Лекция








Дата добавления: 2015-01-21; просмотров: 3195;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.