Стандарттаудың шетелдік тәжірибесі

Еуропалық Одақ (ЕО). Стандарттаудың еуропалық жүйесінің негізгі қағидалары тәуелсіз және билік органдарымен бірлесу болып табылады. Америкалық жүйеден айырмашылығы стандарттаудың еуропалық жүйесі реттілігімен және ұйымдастырушылығымен көрінеді.

Еуропада стандарттау бойынша: ETSI (Телекоммуникация саласындағы стандарттардың Еуропалық институты), СЕН (Стандарттау бойынша Еуропалық комитет) және СЕНЭЛЕК (Элетротехника саласындағы стандарттау бойынша Еуропалық комитет) сияқты үш ұйым жұмыс жасайды. Бұлардың барлығы жекеменшік болып табылады. Еуропалық жүйе Еуропалық Одақ Кеңесімен 1985 жылы қабылданған, стандарттау мен техникалық регламенттерді жаңаша қарау талаптарына негізделген. Бұл құжат «Ақ кітап» деп аталған.

Осыған сәйкес стандарттау жөніндегі мемлекеттің қызметі өнеркәсіптік өнімдерді нарыққа шығаруда олардың қауіпсіздігін немесе денсаулықты қорғауда негізгі талаптардың орындалуын бақылауға негізделген. Ерікті стандарттардың рөлі осы талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін техникалық мәселелерін шешеді. Бұл үшін Еуропалық комиссия стандарттау бойынша Еуропалық ұйымдармен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды (1984 жылы). Еуропалық комиссия осыған сәйкес жеке техникалық талаптарды дайындамайтын болды.

Сонымен қатар Еуропалық жүйе еуропалық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға көмектесетін сыртқы және ішкі функцияларды орындайды. Ұлттық жүйелерге қарағанда, еуропалық стандарттаудың артықшылығын қамтамасыз ету Еуропалық жүйе үшін тән сипат.

Егерде берілген салада жұмыстар жалпыеуропалық деңгейде жүріп жатса, бұл қағидаға сәйкес ұлттық ұйым өзінің жеке стандарттарын дайындаудан бас тартуы керек. Сонымен қатар Еуропаның барлық ұлттық ұйымдары жалпыеуропалық стандарттарды қабылдайды және еуропалық стандарттармен бірдей болған жағдайда өздерінің жеке стандарттарын дайындаудан бас тартады.

Стандарттау бойынша негізгі ұлттық құжат Директивтер (directives) болып табылады. Директивтер мүше елдердің бекітілген уақыт аралығында орындалуы тиіс мақсаттарын орнатады және ұлттық органдарға осы мақсаттарға жету үшін тәсілдер мен формаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Директивтер ережелер сияқты тікелей әрекет ету құжаттары емес. Директивтер әрбір мүше елдерде орнатылған жеке процедураларға сәйкес ұлттық заңдылықтағы имплементацияға жатады. Бұл тәжірибе жүзінде жеке елдің деңгейіндегі салалық министрлікпен бекітілген техникалық регламент болуы мүмкін. «Ақ кітапта» директивтерді өнімге арналған талаптармен толтыру тәжірибесінен бас тартуға ұсыныс білдірілген. Техникалық реттеу саласында мұндай тәсілдің негізіне немістің стандарттау бойынша заңдылығынан алынған нұсқаулық әдіс қойылды. Бұл тәсіл төмендегілерге негізделген:

- техникалық реттеу саласында ЕО директивтері тек өнімнің қауіпсіздігіне қатысты базалық негізгі талаптарды қамтуы тиіс;

- бөлшектік талаптарды дайындау мемлекеттік емес ETSI, СЕН және СЕНЭЛЕК ұйымдарының міндетінде, Еуропалық комиссия бұл ұйымдарға стандарттарды техника деңгейін есепке ала отырып дайындауды міндеттейді;

- еуропалық стандарттар ерікті болып табылады;

- бұл стандарттарға сәйкес дайындалған өнім директивтер талаптарына сәйкес болып есептеледі.

Егер бұйым факт жүзінде Директивте қойылған негізгі талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттік бақылау органы осындай өнімнің ерікті түрде қолданылуын шектейді. Мемлекеттік орган бұл сәйкессіздікті дәлелдеуге міндетті. Егер өндіруші өнімді Еуропалық стандарттар бойынша шығармаса, олардың сәйкестілігін өндіруші өзі дәлелдеуге міндетті.

Cоңғы жылдары ЕО-тың техникалық реттеу аумағында қолданылып жүрген жаңа жүйенің өндірушілер үшін басты мағынасы өндіруші қажетті процедуралардан өте отырып, өнімнің жалпыеуропалық нарықтың барлық міндетті талаптарға сәйкестігін көрсететін CЭ таңбасын өз өніміне белгілеу құқығын алу арқылы бұл өнімді барлық Еуропа елдеріне қолдануға қоя алады. Мүше елдер жалпыеуропалық талаптарға сәйкес еместігін дәлелдей алмаса, бұл өнімнің қолданылуына кедергі келтіруге құқығы жоқ. Қазіргі таңда Еуропалық Одақтың нарығына әкелінетін және жаңа жүйе директивтері бірінің талаптарына алынған тауарлар міндетті түрде CЭ таңбасымен болуы тиіс.

Сонымен қатар барлық қажетті ақпараттар мен процедураларды қамтитын, тікелей әрекет ету құжаттары болып табылатын регламенттер немесе дәлірек айтқанда, ЕО-тың ережелері (regulations) бар. Техникалық реттеу саласында регламенттер еуропалық заңдылықтармен жиі қабылданбайды. Бұл тек ұлттық ерекшеліктердің келісу проблемасымен ғана емес, регламенттердің жоғарғы бөлшектілігімен түсіндіріледі. Мысалы, транспортта жазып отыратын жабдық туралы Кеңеспен қабылданған №2135/98 регламенті кодтау құрылғыларының электрлік сұлбаларын қоса алғанда 259 беттен тұрады. Ал, химиялық өнім туралы REACH (Registration, Evaluation, Authorisation and Restriction of Chemicals) регламенті 673 беттен тұрады және химиялық формулалардан басталып, графикалық суреттермен аяқталатын әртүрлі ақпараттарды қамтиды. Бірақ, азық-түлік өнімдерін жеткізуге және ауыл шаруашылығына байланысты, сауда саясаты сияқты ең маңызды салада Еуропалық Одақ көптеген актілерді оңай қабылдайды, мысалы, нарыққа қойылатын сәбіздердің өлшемдері анық көрсетілген (грамм және миллиметрмен), сәбіздерге арналған нарықтық стандарттарды бекітеді. Жалпы алғанда Еуропалық Одақтың регламенттері бір түзетулерді қоса алғанда қазақстандық техникалық регламенттің түсінігіне сәйкес келеді, онда көзге еленбейтін жағдайларға арналған қауіпсіздік (құрылым талаптары) талаптары болуы мүмкін. Бұл Еуропалық Одақтың әртүрлі техникалық жүйелердің ішкі бірыңғайландыру мәселелерін шешуімен байланысты. Бұл жағдай еуропалық регламенттерді қазақстандық регламенттерге тікелей көшіруге мүмкіндік бермейді. Еуропалық Одақтың директивтері іс-шаралар мен процедураларды ұлттық заңдылықтың қарауына қалдыра отырып, өз алдына тікелей әрекет ету құжаты болып табылмайды. Осы бір жағдайдың өзі директивтерді техникалық регламенттерге тікелей көшіру мүмкіндігінің жоқтығын айтады.

1989 жылы өнім сәйкестігін бекітудің бірыңғай Еуропалық жүйе концепциясының қағидалары құрылды. Бұл қағидалар 1993 жылы 93/465/ЕЭС Еуропалық Кеңес Шешімінің құжатымен бекітілді. Бұл жаһандық жүйе директивтерде модульдер сәйкестігін бекітудің стандарттық әдістерін қолдануды қарастырды. Әртүрлі модульдердің үйлесуімен әртүрлі өнімге сертификаттау процедураларын жүргізуге болады. Бұл жүйенің негізінде өнімді өндіруші өнімнің көптеген категорияларының сәйкестігін өзі бекітуге құқық алды, мысалы машина жасау. Бірақ қауіптілігі жоғары өнімдер құзыретті органда сертификаттаудан өтеді.

Еуропалық директивтер мен стандарттар ЕО-тың барлық территориясында әрекет етеді, сонымен қатар олардың әрекеті Исландияның, Норвегияның, Лихтенштейннің, Турцияның, Андорраның, Сан-Мариноның, Хорватияның территорияларына таралуда.

АҚШ.Американдық стандарттау жүйесінің айқын ерекшелігі саланың даралығына қарамастан қамтитын аумағының кеңдігі болып табылады.

Американдық жүйе өндірістік салаларға бөлінген және оларды стандарттау бойынша көптеген жекеменшік және мемлекеттік ұйымдар қолдап отырады.

Американдық стандарттар бөлек салалар бойынша мемлекеттік билік органдары мен өндірістік өнеркәсіптердің арнайы сұранысымен дайындалды.

Жүз жылдан астам уақыт мерзімінде американдық стандарттау жеке секторлардың қолдауымен мемлекеттің араласуынсыз дамыды. Стандартты енгізудегі басты міндеті өнімге, техникалық үрдістер мен жүйелерге техникалық талаптарды дайындау болып табылады.

19-шы ғасырдың өзінде АҚШ-та ASME – Инженер-механиктердің Американдық қоғамы (1880 жылы құрылған), ASTM – Материалдарды сынау бойынша Американдық қоғам (1898 жылы құрылған), AISI – Американдық болат пен шойын институты, AWS – пісірушілердің Американдық қоғамы, API – Американдық мұнай институты және осы сияқты ұйымдар пайда бола бастады. Бұл ұйымдар американдық өндірістің дамуы үшін белсенді түрде стандарттарды жасап шығарды.

XX ғасырдың басында: қауіпсіздік ережелерінің жиынтығы (өрттен қорғау жөніндегі ұлттық ассоциация); электротехника саласындағы ережелер жиынтығы (электротехникалық бұйымдарды өндірушілердің ұлттық ассоциациясы); мұнай өндірісіне арналған жабдықтардың стандарттары (Америка мұнай институты); автомашиналар үшін жанар-жағар майдың көрсеткіштерін анықтайтын стандарттар (машина жасау ассоциациясы) дайындалған болатын.

Берілген стандарттар билік, өндіріс өкілдерімен және тұтынушылармен бірге дайындалған. 1918 жылы стандарттау бойынша жеке меншік ұйымдар серіктестіктер федерациясы – Стандарттардың Американдық ұлттық инсти-тутын құрды (ANSI), бұл институттың басты міндеті стандарттау салаладағы қызметтерді реттеу болып табылады. ANSI – бұл құрамына 700-ге жуық фирма, 30 билік органы, 20 институт және 260 техникалық, мамандандырылған, өндірістік, сауда ұйымдары кіретін мемлекеттік емес ұйым. ANSI-дың қызметі оған кіретін мүшелердің аударымдарымен және құжаттамаларды сатудан түскен кірістермен қаражаттандырылады. ANSI-дың қызметтеріне:

- стандарттау бойынша американдық ұйымдарды аккредиттеу;

- ұлттық ретінде көрсетілген стандарттарды бекіту кіреді.

АҚШ-та стандарттарды дайындаумен 600-ге жуық ұйымдар айналысады. Стандарттау жүйесі ерікті сипатта және стандарттарға сәйкестілік міндетті болып табылмайды.

Ерекше рөлді мамандандырылған ассоциациялар (олар 300-ге жуық) алады. Олардың арасында Авиациялық – космостық өндірістің ассоциациясы, Ұлттық электротехникалық ассоциация, Азаматтық құрылыстың американдық қоғамы сияқты ірі ассоциациялар бар, бұл ассоциациялардың құрамына өндірістің осы салаларында жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің, жеткізіп берушілердің, өндірушілердің ұйымдары, қызмет сферасын таныстырушылар және кәсіпорындар кіреді. Олардың барлығында жалпы коммерциялық көзқарастар болады және өздерінің өнімдеріне стандарттарды бірге дайындайды.

АҚШ-тың федералды билігі стандарттау бойынша ұйымдардың қызметтеріне жетекшілік жүргізбейді және қаржыландырмайды, бірақ жеке секторға тірек көрсетуде техникалық стандарттарды дайындаудың белсенді қатысушысы ретінде және ерікті стандарттауда сатып алушы ретінде қатысады. Сонымен қатар федералды билік стандарттау үрдістерінің ұлттық көзқарастарды қамтып отыруын бақылап отырады. Мемлекет тарапынан стандарттау бойынша жұмыстарға жалпы реттеуді АҚШ-тың сауда министрлігінің құрылымына кіретін Стандарттардың және технологиялардың ұлттық институты (NIST ) жүзеге асырады.

Регламенттермен (қолдануға міндетті) стандарттарды мойындау бойынша функциялар:

- тұтынушы тауарларының қауіпсіздігі бойынша комиссияны (CPSC);

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің құрамындағы азық-түлік және дәрілік құрылғылар бойынша әкімшілік (FFDA);

- автомобильдік транспорттар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ұлттық әкімшілікті (NHTSA);

- саудалық федералды комиссияны (FTC);

- қаржы министрлігін (алкогольдік сусындардың, темекі заттарының және қарулардың айналымын бақылау саласында) қамтиды.

АҚШ-та стандарттаудың сұрақтары міндетті нормаларды орнатудың үйлесімділігіне енгізілген жекелік-мемлекеттік серіктестіктің қағидасы бойынша реттеледі. Биліктегі әрбір жеке мемлекеттік орган өзінің саласында міндетті стандарттарды – регламенттерді орнатуға міндетті. Бірақ мұндай стандартты-регламентті жасау процедурасы міндетті түрде сол үрдіске барлық қызығушы құрылымдардың қатысуымен жүргізіледі. Қазіргі уақытта АҚШ-та 9371 стандарт-регламент бар, олардың 6500 астамы билікке қатыссыз ұйымдармен – ASME, ASTM, API және т.б. (2008 жылдың соңындағы мәліметтер) дайындалған.

Америкалық стандарттау жүйесінің кейбір қиындықтарына қарамастан, ол жүйе өз уақытында тұтынушылардың, биліктің және өндірістің сұраныстарын қанағаттандырып, өндірушілерге өнімді жобалауға, дайындауға және жүзеге асыруға көмектесе отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеуін жалғастыруда. Қазіргі уақытта АҚШ әлемдік өндірістік өнімнің 25 пайызға жуығын өндіреді. Бұл ел ғарыштық техника, теміржол транспорты, автомобиль жасау, авиақұру, компьютерлік техника сияқты жоғары интелектуалды өндіріс түрлерінде алдыңғы орындарды алады.

Ресей Федерациясы.1998 жылы Ресейдің Мемстандарты ұлттық стандарттау жүйесінің жаңа концепциясын қабылдады. Осы концепцияның негізінде стандарттардың функциялары: гигиенаның, санитарияның заманауи талаптарына сәйкес келетін өнімнің сапасын және қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және адам мен оның мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көрсеткіш деңгейлерін қарастырады. Ресейде қабылданған концепцияның негізгі қағидалары аналогты болып келеді. Бұл стандарттарды орындаудың еріктілігі, техникалық регламенттер арқылы өтетін, мемлекетпен қамтамасыз етілетін бір ғана шектеу критерииі – бұл тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Ресей Федерациясының билігімен техникалық регламенттерді дайындау бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаға сәйкес 181 техникалық регламент дайындау қажет, мысалы, бұл: «Теміржол транспортының және онымен байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігі туралы», «Ғимараттарды, құрылымдарды қауіпсіз эксплуатациялау және оларға кіретін территорияларды қауіпсіз қолдану туралы», «Экологиялық қауіпсіздік туралы», «Биологиялық қауіпсіздік туралы», «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Дәннің, оның өндірілу, сақталу, тасымалдану, жүзеге асырылу, қайта өңделу және жою үрдістерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар туралы» және т.б. регламенттері.

Айта кету керек, 2010 жылдың басында регламенттерді дайындау бойынша жұмыс өте қиын болды, тек 15 техникалық регламент қана Мемлекеттік Думамен дайындалды және қабылданды. 2009 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, «Техникалық реттеу туралы» заңына толықтыруда айтылған Ресей Федерациясының территориясында Белоруссияның, Қазақстан-ның және Еуропалық Одақтың техникалық регламенттерін қолдануға рұқсат берілген. Ресей Федерациясының регламенттері өте үлкен, онда қолданушылар мен дайындаушылар арасында қарама-қайшылықтар туғызатын талаптар өте көп. Мысалы, «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» регламент 182 беттен тұрады, салыстырмалы түрде Қазақстанда аналогты регламент 13 беттен тұрады.

2009 жылдың қарашасында стандарттау сұрақтары бойынша жиналыста Ресей Федерациясының президенті Д. А. Медведев: «...және техникалық реттеуге қатысты... Біздің түзу техникалық реттеу жүйесін дайындау жұмысымыз ештеңемен бітпеді...» – деді.

Ресейдегі техникалық реттеудің құқықтық статусы 2003 жылдың шілдесінде күшіне енген «Техникалық реттеу туралы» Федералдық Заңымен бекітілген. Ресейдегі техникалық реттеудің нақты қызметтері мен міндеттері:

- техникалық реттеу және стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізудің реті мен ережелерін орнатуды;

- техникалық реттеу және стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметтеріне әдістемелік жетекшілік ету мен реттеуді;

- стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды мемлекеттік тіркеуді;

- стандарттау салаладағы мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асыруды;

- техникалық регламенттерге енгізілген мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді;

- халықаралық стандарттарды қолдану ережелерін орнатуды;

- стандарттау бойынша кадрларды дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастыруды;

- стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда Ресейді көрсетуді қамтиды.

Сонымен қатар Ресейдегі техникалық реттеу жалпы орнату құқығымен бөлінген, яғни барлық елдер үшін бірыңғай техникалық реттеу және стандарттау бойынша жұмыстардың барлық түрін жүргізудің ұйымдастырушы-техникалық ережелерін орната алады. Бұл үшін РФ МСЖ-нің негізге алынатын: ГОСТ Р 1.0-92 «РФ МСЖ. Негізгі жағдайлар», ГОСТ Р 1.2-92 «РФ МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды дайындау реті», ГОСТ Р 1.4-2002 «РФ МСЖ. Сала стандарттары, өндіріс стандарттары, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары», ГОСТ Р 1.5-2004 «РФ МСЖ. Стандарттардың құрылымына, орналасуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылған жалпы талаптар», ГОСТ Р 1.8-95 «РФ МСЖ. Мемлекетаралық стандарттарды дайындаудың және қолданудың реті», ГОСТ Р 1.10-95 «РФ МСЖ. Стандарттау, метрология, сертификаттау және олар туралы ақпараттар бойынша ережелерді және ұсыныстарды дайындаудың, қабылдаудың, тіркеудің реті» мемлекеттік стандарттарының кешені қабылданған.

Ресейдегі техникалық реттеумен Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің территориясында және ірі өндіріс орталықтарында территориалдық органдар құрылған (техникалық реттеудің және метрологияның орталықтары Ростест – Мәскеу, Тест Санкт-Петербург және т.б. ).

 








Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 5638;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.