Математика философиясы

Математикаландыру. Эмпирикалық білімге теориялық мәртебе беретін жалпы ғылыми сипаттағы іргелі әдістердің бірі.
Математикаландыру (грек. mathema - білім) – ғылым жүйесінде қалып-тасқан ғылыми білімдердің барлық салаларына математикалық әдістердің енуі. Математикалық тілдің пайдалану тиімділігі жалпы ғылыми сияқты жеке ғылыми міндеттерді шешуде танымның тұжырымдамалық әдістердің бірі ретінде математикалық аппараттың ерекше ролі туралы куәландырады. Бұл ретте математика тек басқа ғылымдарға ғана ұсынылмайды, формальды түрлендіру үшін құрал ретінде ұсынылады, бірақ арнайы ғылымдарда кең қолданысқа ие болады, оның пайдалануы нақты ғылымға абстракциялау және қорытындылаудың неғұрлым жоғары дәрежеге өтуін білдіреді.
Математикаландыру әр түрлі көріністе әр түрлі ғылымдарда пайда болады, физика және математика арасында ерекше өзара қатынас түзіледі. Егер классикалық физикада бастапқыда сәйкес келетін математикалық аппарат кейінірек құрылымданатын тиісті процестердің теориясы пайда болса, онда қазіргі замандағы физика жаңа теорияға сәйкес математикалық аппаратты жасайды. Басқаша айтқанда, қазіргі замандағы теория абстрактілі математика-лық құрылымдарда физикалық мағынаны анықтайды. Математикалық әдістерді пайдалану теориялық биологияны жасауға мүмкіндік берді, химияны математикаландыру органикалық синтез мүмкіндіктерін маңызды арттырды, географияда математиканы қолдану оны табиғат туралы жетекші ғылымдардың топтарына жетеледі. Математикаландыру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бейіндегі (экономикалық математика, математикалық социо-логия және т.б.) ғылымдарда белсенді пайдаланылуда.

Билет

1. Классиктік философиясы

Геоклассиктік-сана, биклассиктік-ырық. Уәкілдері: Ницше мен Шопенгауер

Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр.
Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.
Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия. Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс — әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді

Билет

1. Дүниеге көзқарас

Дүниеге көзқарас ұғымы миф, дін, ф/я.Адамзат дамуымен қатар ф/я да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылады. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін, бағыт көрсететін рөл деатқаруда. Көзарас – білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бұрын бұндай міндетті абыздар атқарған, бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым, ғылыми діни, прогресшіл, не кертартпа, ұлтшылдық сипатта кездеседі. Дүниеге көзқарас – дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Д.К сенімнен, танымнан, нанымнан тұрады. Дін сенуге бағыттайды.

2. Бэкон «Жаңа Орга-нон»

Френсис Бэкон шығармаларының ерекшеліктері ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы тәжірибелік зерттеулер. Не іс әрекете пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты, ғылымның жетістіктері оның ақиқаттығының көрінісі дейді ұлы ойшыл. Ол жаратылысты екіге бөлді. Олар жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенмен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ағылшын ғалымы Ф.Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.

 

3. Руханияттық ұғым

Бүкіл рухани өмір:ой, музыка, күй, ақпарат т.б жатады. Информация жоқ болса, адам өмір сүруі қиындайды. Яғни рухани мәдениет жатады.

Билет








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2754;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.