Дәріс №11

Тақырыбы: Литосферa Топырақ адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды құрал. Топырақ мониторингі. Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылу, яғни жарықтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы. Топырақ биосфераның экологиялық күрме түйіні іспеттес. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүреді.

Дәрістің мақсаты:Топырақ адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз етудегі маңызы және топыраққа кері әсер ететін антропогендік түрлермен және топырақтың бұзылу, яғни топырақтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы, топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Жоспары:

1.Литосфера. Топырақ адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды құрал.

2. Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылу, яғни топырақтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы.

3.Топырақ биосфераның экологиялық күрме түйіні іспеттес. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүреді.

1. Топырақ адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды құрал.

Литосфера - Жердiң қатты 6өлiгiнiң сыртқы қа6ығы, ол 6iртiндеп заттектердiң 6ерiктiлiгi азаятын сфераларға өтедi және оның құрамына жер қыртысы мен Жердiң беткi мантиясы кiредi. Литосфераның қалындығы 5-200 км, оның iшiнде жер қыртысы ­құрлықта 50-70 км-ге дейiн (жазықтарда - 35-45 км-ге, таусiлемдерi астында 70 км-ге дейiн), мухиттың астында төменгіi шегi 5-10 км шамасында. Литосфера (немесе 6асқаша жер) - қоршаған та6иғи ортаның ең маңызды бөлiгi, ол көлеммен, бетiнiң пiшiнiмен (рельеф), топырақ жамылғысымен, өciмдiктepмeн, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлi сала­ларының кеңiстiкте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның ic-әрекетiнiң нәтижесiнде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгерiп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т.б.) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердiң сiлкiнуi, судың тасуы және т. 6.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуiр өзгертедi.

Топырақ жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң аса бiр маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топырақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады.

Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi.

Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ең маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде

адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару процестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады.

Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсiмдiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады.

Ол бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiнiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi.

Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды өзiнде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,

эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-

əрекетiне де байланысты.

Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-түлiк, малға жем, киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын бередi. Топырақтың ең маңызды байлық екендiгiн айта келiп, К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса, топырақ — анасы

деген. Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазiргi таңда, ғылым əлi күнге дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопон-

ды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзiлу процесiндег өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен үздiксiз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты жəне биосфераның кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi, флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк зиянды əсерлерге ұшырап отыр.

Топырақта эрозиялық процестер көбейiп, өздiгiнен тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы кемуде. Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударғанда — "төмендеу", "артқа кету" ) негiзгi факторлары : эрозия,

минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

Топырақтың қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған ортаның басқа объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта,

соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi.

 

Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылу, яғни топырақтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы және онымен

Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне өзгеру үстiнде болады. Онда үздiксiз түзiлу жəне бұзылу процестерi жүрiп жатады. Су, жел, антропогендiк факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.

"Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген сөзiнен алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзiлу процесiнiң жүру жылдамдығы шамамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см

болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл қажет болған болар едi, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тiптi кейде бiр ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нəтижесiнде болуы мүмкiн. Эрозиялық процестердiң байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып бөлiнедi.

Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəтижесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады.

Жылдам эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiткен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi.

Кең таралған эрозиялардың түрлерi: жазықтық, сызықтық, дефляция, иригациялық, өндiрiстiк (техногендiк), абразия, жайылымдық.

Жазықтық эрозия — тау беткейлерiндегi жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия — тау беткейлерi топырақтарының жаңбыр, ерiген қар суларының əсерiнен терең жыралар мен жылғалар түзiп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия — суармалы егiн шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегi су массасының берiлуiне байланысты болады. Бұл су топыраққа сiңiп үлгiрмейдi де, топырақ бетiмен ағады. Су жiберi-

летiн егiстiк жер аз ғана болса да тегiс болмаса топырақтың қарашiрiгi сумен бiрге төменге қарай жуылып, ағып кетедi. Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүредi.

Өндiрiстiк эрозия — пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде, əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс орындарының құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын салу кезiнде байқалады. Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалауларының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердiң

ауданы кемидi.

Шамадан тыс көп мал жаю кезiнде жайылымдық эрозия байқалады. Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде

топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттерi нашарлап, топырақ түзiлу процесiнiң негiзгi агентi — биологиялық белсендiлiгi əлсiрейдi. Мысалы, АҚШ — да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын

əкеледi.

Егiс далалары, əсiресе, жылына екi рет өнiм жинайтын аудандарда ауыр техникалардың əсерiнен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi төмендейдi. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиiмдi жолы — топырақты мини-

малды өңдеу, топырақ өңдеушi жəне басқа да машиналардың өнiмдiлiгiн олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру. Эрозия — құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулерi бойынша, əрбiр минут сайын жер шарында 44 га жер

ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның əсерiнен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айрылып отырады. Ал барлығы қазiргi кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бiттi. Эрозияның түрлерiнiң əсерiнен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi шамамен 20-40% төмендейдi. Эрозияның зардаптары бұнымен бiтпейдi. Топырақ беттерiндегi жыралар, арықтардың түзiлуi топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеушi жəне өнiм жинау-

шы техниканың еңбек өнiмдiлiгiн төмендетедi. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсiмдiктердiң тiршiлiк ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегi қалыптасқан биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына əкеп соғады.

Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлерi. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн га жердiң 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның əсерiнен жыл сайын жердiң қоректiк заттарға бай 4млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады.

Жерорта теңiзiнiң жағалауларына орналасқан елдердiң топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегiнiң шөлдi Сиссарлары мен Солтүстiк Африканың шөл далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бiрқатар жерлерi эро-

зияға ұшыраған.

Эрозия адамдардың тиiмсiз тiршiлiк əрекеттерi, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбiр шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нəтижесiнде жүредi.

Табиғатты қорғаудың түрлi аспектiлерiн ескермей жүргiзген адамның шаруашылық iс-əрекеттерi қоршаған ортаның, соның iшiнде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəтижесiнде топырақ өндiрiстiк, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлiмен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндiру кезiндегi жердiң бетiне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйiлген, мұнай өнiмдерi жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады.

"Индустриялық далалардың" топырақтарында ештеңе өспейдi. Бұның себебi, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетiн химиялық элементтер болады. Олар көмiртек, күкiрт, молибден, мыс, кад-

мий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темiр, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердiң топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

Айта кететiн бiр жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерiнен емес, сонымен бiрге ауылшаруашылық өндiрiстiң ңəтижесiнде де жүредi. Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едəуiр ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстерi. Көбiнесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсiретiн шошқа комплексi немесе 35 мың бас iрi қара өсiретiн комплекстiң қоршаған ортаны ластау дəрежесi 400-

500 мың халқы бар үлкен өндiрiстiк орталықпен бiрдей дəрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажеттi шаралардың бiрi.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егiстiктердiң жиегiнде ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлi жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлуiне əкеп соғады.

Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлоридi, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсiмдiктер өспейдi. Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтар жиналған қалдық үйiндiлерiмен ластанады. Бұл үйiндiлерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттардың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланбаған жағдайда да бiршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлерi топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердiң топырақта жинақталуы жəне ондағы организмдердiң жойылуы топырақ түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төмендетедi. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтердi пайдаланудың ережелерiн қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрi мен типiн, тыңайтқыш берiлетiн дақылдың ерекшелiктерiн ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сiлтiленуiне əкелiп, қо-

ректiк элементтердiң антогонизмiн туғызады, олардың топырақ ерiтiндiсiне шығып қалуына жағдай жасайды. Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндiрiстiк қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиi байқалған.

Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлi жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлуiне əкеп соғады.

Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлоридi, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсiмдiктер өспейдi. Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтар жиналған қалдық үйiндiлерiмен ластанады. Бұл үйiндiлерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттардың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланбаған жағдайда да бiршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлерi топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердiң топырақта жинақталуы жəне ондағы организмдердiң жойылуы топырақ түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төмендетедi. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтердi пайдаланудың ережелерiн қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрi мен типiн, тыңайтқыш берiлетiн дақылдың ерекшелiктерiн ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сiлтiленуiне əкелiп, қо-

ректiк элементтердiң антогонизмiн туғызады, олардың топырақ ерiтiндiсiне шығып қалуына жағдай жасайды. Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндiрiстiк қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиi байқалған.

Топырақ биосфераның экологиялық күрме түйіні іспеттес. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүреді.

Топырақтың эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығындағы ең негiзгi мəселелердiң бiрi.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi -шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары.

Бұл — территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлердi су жəне жел эрозиясына ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қарсы iс-шараларын жүргiзедi.

Агротехникалық шаралардан беткейлерде жердi көлденеңдеп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшiн жыртқабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады.

Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударыемес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желгтөзiмдi қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшырағатопырақтарда көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспал егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.

Эрозияға қарсы күрес шараларының iшiнде орман-мелиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудiң өте қолайлы екендiгiн көрнектi ғалымдар

А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап көрсеткен.

Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабынын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шектеу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесiн өсiмдiктер жабынының зақымдануы кезiнде, əсiресе топырағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Тау-

лы аудандарда шөптесiн өсiмдiктердiң болмашы зақымдануының өзiнде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайдболу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстард болдырмаудың енгiзгi жолы мал жаю ережелерiн сақтау мен

рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

3. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:

— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;

— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);

— өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ топырақтарды шығару;

— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестiру;

— танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау;

— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техникан пайдалану.

Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 25млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — танаптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiктерге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл су бiртiндеп жер астылық грунт суларына дейiн жетiп, оның деңгейiнiң көтерiлуiне себеп болады. Мөлшерсiз, ретсiз суару кезiнде қысқа уақыт аралығында (бiрнеше жыл) жақындап, интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейiнде жəне каналдардағы судың топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының мөлшерi көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң көбеюi екiншi реттiк тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк

тұздану ретiнде адамның əсерiнсiз пайда болатын табиғи тұздану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудандарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына əкелiп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсiресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия мен Закавказье елдерiнiң топырақтарында көбiрек байқалып

отыр.

Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-30%, жүгерi — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе, ал бидай тiптi өспейдi.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бiрi дамыған өркениеттiлiктiң өз мүмкiндiктерiн топырақтың тұздануы нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi. Мысалы, Нiл аңға рында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдардың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон өркениетi топырақтың екiншi

реттiк тұздануынан жойылған. Қазiр дүние жүзiнде суармалы 250 млн га жердiң 50-60 млн га жуығы екiншi реттiк тұздануға, шамамен 25% ұшыраған.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше. Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық жауын-шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұздануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан соң

жəне олардың жапырақтары түсiп, олар минералданып, суда еритiн тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң əсерiнен суда еритiн тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған. Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебiнен жүретiндiгi жиi байқалады.

Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтижесiнде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi. 44

Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының бiрi тереңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын

гипстеу арқылы тазартады. Суарудың жетiлдiрiлген технологияларын қолданумен

қатар, жер асты суларының деңгейiнiң көтерiлуiне байланыст грунт суларын сорып алу арқылы жəне топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл кезде де мiндеттi түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбiр жағдайда химиялық əдiс те жақсы нəтиже бередi. Мысалы, топырақ бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ бұл əдiс қымбат жəне қоршаған

ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор— жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге қоректiк заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы, су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының

нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады. Өнiммен бiрге əкетiлетiн қоректiк заттарды топыраққа қайтарудың ең тиiмдi əдiсi органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқы-

лы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның iшiнде негiзгiсi қарашiрiктiң кемуiмен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивтi өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нəтижесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пайдалануға байланысты туындап отыр.

 








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 4147;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.049 сек.