Дәріс № 9

Тақырыбы: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздері.

Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа қабаты. Өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабаты. Атмосфералық ауаның ластануының алдын- алу.

Дәрістің мақсаты: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздерімен танысу.

Жоспары:

1. Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа,өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа.

2. Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.

Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа,өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартауының атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организдердің іріп –шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар , яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң- тозаңын жатқызуға да болады. Коcмос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаңда жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:

• тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

• жанартаудың атқылауы;

• орман, дала және шымтезек өрттері;

• теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді жәнетірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.

Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартауларыдың атқылауы нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо(Филиппин) жанартауының атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылады. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатагендік активтілігі жоғары химиялық ластағыштар- сынап, мышьяк, қорғасын селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км2-ге жуық аймаққа таралды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияларға байланысты келеді.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмірқышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тоңналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер(шаң түтін күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне млн. тонналап тасталады. 1- кестеде олардың дүние жүзі бойынша мөлшері және Ресейге қатысты мәліметтер келтірілген.

  Заттектер Дүние жүзі бойынша Ресей
Тұрақты көздер Көлік Тұрақты көздер Көлік
Қатты бөлшектер 6,4 3,7
Көміртек оксиді 7,6 10,1
Күкірт диоксиді 0,7 9,2 -
Азот оксиді 3,0 1,1
Көмірсутектері 0,2 2,0

1-кесте. Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн. т)

 

Барлық ұйымдаспаған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды. Бұл көлемге жел эрозиясының, ориан өрттерінің және жанар таулардың атқылауы салдарынан ауаға бөлінетін ластағыштар және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.

Антропогендік ластану адамдар іс әрекеті процесінде әртүрлі ластаушы заттардың қалдықтармен байланысты. Өз масштабы жағынан ол табиғи ластаудан бірнеше есе асып кетеді.

Ластаушы заттар қалдықтарын тікелей өлшеудің ерекше қолайлы әдісі бақылау көзі болып табылады.

Қалдықтар негізгі 3 топқа бөлінеді: ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған және таралған. Ұйымдастырылған қалдықтар әдетте стационарлы тұрақты көзден өндіріледі. Оларды биіктігі, сонымен қатар ластаушы заттардың белгілі концентрациялары мен көлемі сипаттайды. Ұйымдастырылмаған қалдықтар кәсіпорындардың өндіріс орындарынан атмосфераға улы заттарды шығаруымен көрінеді. Ластаушы заттардың концентрациясы және көлемі біршама төмен, қалдықтар бөлігі үлкен емес болады. Таралған қалдықтар негізінен транспортпен байланысты болады. Таралған қалдықтардың тағы бір көзі – ол әуе жолы көмегімен ауылшаруашылық территориясын улы химикаттармен өңдеу.

Қалдықтардың аса маңызды сипаттамасы қалдықтың сапалық құрамы болып табылады. Ол өндіріс түрі және оның технологиясы, ластаушы заттардың концентрациясы, қалдықтың үлкендігі, белгілі бір уақытта тасталатын заттардың саны арқылы анықталады.

Атмосфераның зақымдалу дәрежесі зиянды заттардың қалдықтарының мөлшеріне және олардың химиялық құрамына, қалдық тасталынатын биіктікке, тасталған заттардың көшуін, таралуын және ауысуын анықтайтын климаттық жағдайларға байланысты.

Атмосфераны ластаушы көздердің қуаттылығына байланысты (төмен, орташа, жоғарғы биіктік) және шығатын газдар температурасы бойынша (қызған және салқын) бөлінеді.

Төмен ластау көздері деген қалдықты шығару 50 м – ден төмен жерде, ал биік – 50 м- ден жоғарғы жерде жүзеге асады. Қыздырылған көздерде шығарылатын газ – ауалы қосынды температурасы Цельсий бойынша 500С- тан жоғары, ол одан төмен температура болса салқын дпсаналады.

Қуатты ластаушы көздерге металлургиялық, құрылыс материалдары, химия заводтары, жылу электр станциялары және тағы басқалары жатады.

Ұсақ ластаушы көздерге жергілікті өнеркәсіптер, қазандықтар, тамақ өнеркәсібі, пештің мұржалары және тағы басқалары жатады. Ұсақ ластаушы көздердің де көп мөлшері ауаның ластануында маңызы зор.

Өнеркәсіптегі түрлі өндірістік салалардан және автокөліктен шығатын заттарда көп мөлшерде зиянды заттар болады. Дерлік барлық ластаушы көздерден атмосфераға күкірт диоксиді, шаң, көміртегі оксиді, азот оксиді шығарылады. Жанар майды жағу кезінде көптеген зиянды заттар түзіледі. Тек қана жылу электр станциялары атмосфераға шығарылатын күкіртті қосылыстардың жалпы мөлшерінің 45 пайызын шығару көзі болып табылады. Сол сияқты жанармайды жағу кезінде атмосфераға көп мөлшерде көміртегі оксиді, озот оксиді және жанып үлгермеген қатты заттар, күс, күл түрінде шығарылады. Аз мөлшерде хлорлы натрий, магний, темір оксиді, ванадий, никель, кальций оксиді, сынап және тағы басқа затттар шығарылады. Газ тәрізді жанармайды жаққан кезде негізінен азот оксиді, ал жану режимі бұзылған кезде көмірсутегі шығады.

Атмосфераның көмірсутектермен ластануы химия өнеркәсіптері, мұнай өңдеу және металл өңдеу зауыттарынан шығарылады. Сонымен қоса көмірсутектер пластмасса, бояғыш заттар, смола, пластификаторлар, пигменттер, пистицидтер шығару процесінде, каучук және мұнайхимиялық өнімдерін өңдеу кезінде шығарылады. Қазіргі күні өте қауіпті ластаушылар қатарына сынап буы, винилхлорид және бонзол жатады, олардың атмосферадағы мөлшері қатаң қадағаланады.

Атмосфералық ауаның өндірістік орындарымен ластаудың негізгі көздеріне энергетика, металлургия, құрылыс материалдары, химия және мұнай өңдеу өндірістері, тыңайтқыш шығару өндірістері жаттады.

Энергетика саласында атмосфералық ауаның негізгі ластаушы көзі жылу электростанциялар болып табылады. Олар өңделетін отынның 80% пайдаланамыз. Отынды жағу кезінде көп мөлшерде азот оксиді және күкірт диоксиді бөлініп шығады, сонымен қоса жағу кезінде өте көп мөлшерді оттегі жұмсалады.

Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсіптерінен көп мөлшерде көмірсутектер, күкірт диоксидтері, азот оксид, күкіртсутегі, аммиак,хлор, фенол, формальдегид, ацетон, бензол, толуол және тағы басқа заттар шығарылады.

Қара және түсті металлургияның да қосатын үлесі зор. Бұл өндіріс саласы 10-15% мөлшерінде зиянды заттарды шығарады. Доменді процестер кезінде қалпына келтіргіш ретінде металлургиялық кокстар пайдаланылады. Кокстау кезінде атмосфераға аммиак, фенол тағы басқа заттар шығарылады.

Қазандықтар көмір мен мазуттың көп мөлшерде қолданылатын орны. Сондықтан энергетика күкірт диоксидінің, дисперсті ластағыш және азот диоксидінің шығуының бірден бір көзі.

Газ тәрізді заттар жану процесінде пайда болса, дисперсті – механикалық шаңнан көмірді тасымалдау немесе күлді жинау не шығару кезінде ұшуы мүмкін. Ал табиғи газ көмірге қарағанда таза өнім болып саналғанымен, оның жануы кезінде де мынадай заттар түзіледі: азот оксидтері, көміртек оксидтері, көмірсутектер, түтін. Газ тәрізді шығарындылар газ шығару өнеркәсіптерін де көп мөлшерде шығарылады. Металлургиялық пештердегі газдарда, отынның жану өнімдерінде күкірт ангидриді қалыптасады [10].

Жол көлік кешендерінің қоршаған ортаның ластануына көп зиянын тигізеді. Двигательдардан шығатын газдардың құрамында 200 компонент бар, олардың арасында концерогенді заттардың мөлшері де аз емес.

Жанармайдың көп мөлшері автомобиль, темір жол, теңіздік, авиациялық көліктерде жағылады. Негізгі зиянды қоспа, іштей жану двигательдерінен шығатын газдар: көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутек, альдегид т.б.

Бензинді пайдаланатын двигательден қорғасын, хлор, бром, кейде фосфор, дизельді двигательдерден көп мөлшерде күс шығады.

Бұл зиянды заттектердің әрбіріне ШРК белгіленіп қойылған. Қосылыстардың концентрациясы анықталу уақыт мөлшеріне байланысты сондықтан бір реттік және тәуліктік ШРК белгіленген.

«Жылу эффектісі»;

Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады.

Егер 60млн. жыл бұрын болған катастрофа, Небел пікірінше, жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып ктуінесебеп болса және осы катастрофаның болуңын жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болса, ол климат өзгеруіне байланысты катастрофада жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті.

Негізгі жылу газына көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісінің» 50-65% құрайды.

Басқада жылу газдарына метан(20%) , азот оксидтері (5%), озон, фреондар (хлорфтар, көміртектер) және басқа газдар (10-25% жылу эффектік газдар). Барлығы 30% жылу газдары белгілі.

Жылу газдарының жылыту эффектісі атмосферадағы санына ғана емес, бір молекулаға әсер ету белсенділігіне де байланысты. Мыс: СО2 -1; метан үшін 25 тең, азот оксидтері үшін -165, фреондар үшін -11мың . Алынған мәліметтер бойынша жылу газдары әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0,3-0,60С көтерілген.

XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t0- сы әртүрлі жерлерде 1-3,50С көтерілуі мүмкін.

Болжам: егер мұхит деңгейі 1,5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5млн.км2 жері су басып кетеді.Бірақ бұл аудан көп емес(құрылықтың 3% ғана құрайды.

Болжам: климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына табиғи зоналардың шекараларының ауысуына, шторм мен ураганның көбеюіне , жануарлар мен өсімдіктерінің жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады.

Мәңгі қатып жататын топырақтардың ауданы кішірейіп, олардан

( әсіресе бетпақты территориялардан) метан көп бөлінеді, ал ол жылу эффектісін күшейтеді.

Осылардын барлығы 1979ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы салдарын әлемдік ядролық соғыспен салыстыруға болады» - деген.

Атмосферадағы СО2 енуінің негізгі техногендік көзін органиркалық жанар майларды жағу болып табылады. Қазіргі кезде тек жылу энергетикасына атмосфераға жылына бір адамға 1т. көміртек енеді. Болжаулар бойынша XXI ғ-ң бірінші жартысында С енуі 10млрд.т. жылына тең болады екен. Климатологтар айтуынша 15-20 млрд.т. жыл бөлінуі өте қалыпты.

Атмосферадан С-көміртегінің негізгі шығу факторларына фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі жатады.

«Озон тесігі»;«Озондық тесік» туралы құбылыс, озон тесігінің пайда болуының негізгі себептері және атмосфераны қорғау бойынша іс- шаралары.

Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:

1.Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны»).

2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.

Егер озон экранының шекарасындағы озон(О3) екі атом оттегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласы ыдырау нәтижесінде жасады. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Мынадай мәліметтер бар, егер озонның азаюы 1% болса, онда тері рак ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озондық жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30жылда озон қабатының 40-50% азайған.

Озон концентрациясының азаюын тркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.

«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес . Ең бірінші рет олар XX ғасырда 80-жылдардың басында байқалған.

Озон бұзатын негізгі антропогендік факторге фреондар( хладондар) жатады деп есептейді.

Пропилент- фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп , күшті хлорда бөледі. Әрбір хлор атомы 100мың озон атомын бұзады.

Монреальдық отырыста 1980ж. -2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру.

Бірқатар елдерде(АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС)–> (ГХФС) гидрохлорфторкөміртекпен, (ГФС) алмастырылып жатыр, олардың өмір сүру 2-25 жылға қысқа, О3 ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарлатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуымен түзілуіне ықпал етеді

«Қышқылдық жаңбырлар»

Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2.

Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия , Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.

Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.

Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.

Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

 

Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.

Ауаны ластаушы заттарды зерттегенде туатын қорытынды – бұл тірі организмдер үшін таза ауаның маңызы зор екендігі. Егер ауаның құрамындағы шаң мен тозаң 0,02 мг/м3-ден артық болмаса, ондай ауа таза болып есептеледі. Көп жылдар бойына жиналған мәліметтерге қарағанда ауылдық жердегі ауада шаң-тозаң 0.05-0.1 мг/м3, ал қалаларда – 2,5-3 мг/м3 болады. Өкінішке орай, кейбір өндіріс орталықтарында бұл көрсеткіш 100 мг/м3-ге дейін жетіп жатады.

Атмосфералық ауаны таза сақтау шараларын жүзеге асырғанда мына жағдайларды ескерту қажет:

- таза ауа жер шарындағы тірі организмдердің бәріне де керек;

- ауаның тазалығы адамдардың іс-әрекетінен бұзылады;

- ауадағы зиянды заттар үлкен жылдамықпен алыс аймақтарға тарап жатады.

Атмосфералық ауа мемлекеттік шекарамен санаспай, ластаушы заттар бір орында тұрмай, үнемі көшіп жүреді. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ауа көлденең бағытта сағатына 100-150 км жылдамдықпен, қозғалып алыстағы елдердің үстіне жетіп жатады.

Мысалы, Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен жыл сайын 140 млн тонна шамасында шаң-тозаң, тұз қалдықтары ауаға көтеріледі. Олардың мөлшері үлкен, салмақтылары 800-1000 км-ден кейін жерге қайта түседі де, уақ және жеңілдерді Беларусь, Литва, Монғол жеріне дейін тарайды.

Атмосфералық ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралар жүргізіледі.

Қазақстан республикасында 1951 жылдан бастап 446 химиялық заттар мен олардың 33 түрлі қосындыларының қалдықтарын ауаға жіберуге болатын шектеулі-рұқсат етілген мөлшері белгіленіп, іс жүзінде қолданылып келеді. Рұқсат етілген мөлшер басқа елдермен салыстырғанда 2-ден 100 есеге дейін кем тағайындалған.

Осы шектеулі – рұқсат етілген мөлшер әр дайым сақталып, бұзылмай отырса әрине, ауа таза болып, адамдарға қауіпті болмас еді. Ауаға жіберуге шектеулі – рұқсат етілген мөлшерлер (CH 245-71 және CH-245-81)құжаттар бір жолды және орта тәуліктік болып екіге бөлінеді.

Бір жолғы барынша көп мөлшер технология ерекшелігіне байланысты немесе апатқа ұшырағанда зиянды қалдықтарды ауаға бір дүркін жіберуді ескереді. Мұнан кейін 20 минут бойына адамдар қосымша иіс, сәуле, күндегіден өзгеше ешнәрсе сезінбеуі керек.

Орта тәуліктік мөлшер – тәулік бойы ауаның ластануы көп немесе аз болатын мезгілдерді ескеріп белгілі уақытта, белгілі нүктеде сынауға алынған ауаның құрамын тексеріп, орта арифметикалық шамасын анықтайды.

 

Төменде ауаға жіберуге болатын зиянды қалдықтардың шектеул рұқсат етілген мөлшері келтірілген. Бұл мөлшерлер адамдардың денсаулығына, көңіл күйіне, сана-сезіміне және жұмыс істеу қабілетіне зиянсыз болып есептеледі.

Мемлекеттік санитарлық – бақылау және табиғатты қорғау жөніндегі мекемелер осы шектеулі рұқсат етілген мөлшердің, әсіресе ауаны негізгі ластаушылар болып саналатын өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және көлік кәсіпорындарында, қатаң сақталуын бақылап, тиісті шаралар алып отыруға міндетті.

Өсімдіктер үшін де зиянды қалдықтардың арнаулы шектелуі – рұқсат етілген мөлшері бекітілген. Мысалы, ластанған ауа әсерінен кейін 5 минут өткен соң фотосинтез процесі 10 проценттен артық азайып, күкіртті газ мөлшері 1-5,2мг⁄м3 болғанда кейбір өсімдіктерде көзге әзер көрінетін сәуле пайда болса – бұл бір жолғы барынша көп мөлшер болып саналады.

Ауадағы ластаушы заттардың шектеулі – рұқсат етілген мөлшері кейбір өсімдіктер үшін мынадай болып бекітілген.

Ластаушы заттары көп кәсіпорындарды жобалағанда оларды елді мекендерден алысырақ орналастыру көзделеді. Келтіретін зиянына қарай барлық кәсіпорындар 5 класқа бөлініп олармен тұрғын үйлер арасында санитарлық-сақтану аймағы болу керек. Кәсіпорындардың қай классқа жататыны СН-245-71 құжатқа сәйкес анықталады.

I-классқа жатқан кәсіпорын мен тұрғын үйлер аралығында санитарлық сақтау аймақтың ені 1000 метрден кем болмауы керек. Бұл классқа аммиак, азот қышқылын, азотты тыңайтқыштар шығаратын, мақта, мұнай, газ қорғасын рудасын, сынап, мышьяк, марганец қазатын кәсіпорындар жатады.

II-классқа жататынкәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтың ені 500метрден аз болиауы керек. Бұл классқа сода, селитра, пластмас, асбест өндіретін, қоректік ашытқы, магний, шойын, қорғасынды аккумултор, мырыш, мыс никель шығаратын, фосфорит, апатит, жаңғыш тақта тас, темір рудасын қазатын, гипс, әк, асфальтобетон шығаратын, жасанды тері өнімін өндіретін, сүйек күйдіретін, май ертетін кәсіпорындар жатады.

III-классқа жататын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтарының ені 300метрден аз болмауы керек. Бұл классқа битум, лак, олифа,пенопласт, керамзит, шынылы мақта, толь, рубероид, антибиотиктер шығаратын, шикі мал терісі мен аң терілерін өңдейтін, жүн жуатын, мал соятын кәсіпорындар жатады

IV-классқа жататын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық- сақтау аймақтың ені 100метрден аз болмауы керек. Бұл классқа қағаз, сабын, кір жуатын заттар, электр қуатымен жұмыс жасайтын машиналар мен жабдықтар, кабель, қазан, электрод, ыдыс-аяқ, шыны, мата шығаратын, жіп иіретін, тас, тұз қазатын, сыр қайнататын, ет пен балық қақтайтын, көкөніс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар жатады.

V-классқа жататынкәсіпорындар мен тұрғын үйлераралығындағы санитарлық-сақтау аймақтың ені 50 метрден аз болмауы керек. Бұл классқа көмірқышқылын, ″құрғақ″ мұз, бояу, жиһаз шығаратын, типография, киім тігетін, нан пісіретін, лай өңдейтін, макарон, сыра, шарап шығаратын кәсіпорындар жатады.(29).

Қажет болған жағдайда санитарлық-сақтау аймақтарын кеңейтуге болады. Мұндай аймақтарға ағаштар, бұталар отырғызылып, кедергі, қалқандар жасалып кәсіпорынның зиянды заттары тұрғын үйлерге өтпеуін ойластырады. Егер санитарлық-сақтау аймағынан келетін пайда шамалы болса, онда кәсіпорынды қаладан тысқары жерде орналастыру қажет.

1.Автомашиналар зиянды газдарын азайту , әсіресе жүк таситын ауыр машиналардың көшелерде жүруін реттеу керек. Оларды барлық көшелермен жүргізбей, белгілі бір көшелермен немесе қаланың сыртындағы жолмен айналып жүруін белгілеп, бензин орнына газ бен түретін жасаса, зиянды газдарды ұстайтын қондырғылар (катализаторлар) мен жабдықтап, светофор алдында көп тұрмайтын етіп, көшелерде бір бағытта ғана жүретін болса ауаның ластануын бір шама азайтуға болады.

Чех республикасында бензиндегі қорғасын мөлшерін 0,4 граммнан 0,15 граммға дейін азайтуға қол жетті. Қазір олар бензинді қорғасынсыз шығару жолдарын іздестіруде.

Ауаны ластаудан сақтаудың келешегі бар бір жолы-электр және бу қуатымен жүретін автомашиналар ойлап щығару адамдарды, жүкті электр көлігімен немесе құбырлар арқылы тасымалдау.

Диаметрі 1020 және 1200мм, құбырлармен сағатына 40-50 километр жылдамдықпен құм, қайыршық тас, руда, материалдар мен дайын өнімдер тасуға болады. Компрессорлар, вакуум сорғыштар құбыр ішіне күшті жол үріп жүк тиелген вагондарды жүргізеді. Сумен араластырып көмір, руда т.б. шикізатты да тасымалдауға болады, Құбырмен жүк тасу Грузия, Украинада, Ресейде бар. АҚШ пен Жапонияда олар тіпті көп қолданылады.

2. Ауыл шарушылығындағы басты міндет – уты аз пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар ойлап табу, олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Өздері тез іріп-шіріп,топырақта, суда, ауада көп сақталмайтын болса, зиянды әсері тек өсімдік жаулары мен арам шөптерге ғана тиіп, басқаларға зиянсыз болса дұрыс болар еді.

Өсімдіктерді химиялық жолмен қорғағаннан гөрі биологиялық жолға көшкен тиімді. Өсімдіктердің жауларына ауыру жұқтырып (бактерия, вирус-жұқпалы ауыруды қоздырушы микроб, саңырауқұлақ т.б.), немесе олардың жауларын көбейтіп күресу биологиялық әдіске жатады.

3. Ескерген, артта қалған технологияны жаңартып, экологиялық таза жұмыс істеуге көшу қажет. Қалдықты аз беретін немесе қалдықсызжұмыс істейтін өндірісті ластыру үшін түрлі саладағы кәсіпорындарды біріктіріп, бірінің қалдығын екінші пайдаланып іске жартатын етсе, тау-тау болып үйіліп жатқан зиянды қалдықтардан құтылар едік.

Мысалы, қара түсті металлургия қалдықтары шлак, шлам, күл, құрылыс материалдары кәсіпорындарында түйірленген шлақ, ұсақталған тас, құм, шлакты мақта, шлакты пемза(жеңіл,кеуек тас, затты тазартуға, ажарлауға қолданылады) шығаруға жарайды.

Құрылыс алаңында рулон, бояушы заттар қалдықтарын тозған резеңке доңғалықтарын т.б. өртегенше олардан шифер шығаруға, ұнтақтарын асфальтбетонмен араластырып, су жібермейтін қабат жасауға болады.

 








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 5620;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.046 сек.