Ші кесте. Су массасының гидросферадaғы таралуы
(М.И. Львович, 1984)
Гидросфера бөлігі | Көлем мың км3 | Жалпы көлемнің % мөлшері |
Әлемдік мұхит | 94,2 | |
Жер асты сулары | 4,12 | |
Көлдер | 0,016 | |
Мұздықтар | 1,65 | |
Топырақ дымқылы | 0,005 | |
Атмосфера буы | 0,001 | |
Өзен сулары | 1,2 | 0,0001 |
Жалпы гидросфера | 1454643,2 | 100,0 |
Жалпы су қорының 97,5% тұзды минералды болып келедi. Теңiз (мухит) суларын ерiтiндi деп есептеуге болады, себебi бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшерi орта есеппен 35 г/кг. Менделеев периодтық, системасьндағы барлық элементтер жер бетiндегi сулардың құрамында (жерасты суларында 62-ci) кездеседi. Бiрақ та олардың iшiнде теңiз суларының негiзгi тұздылығын құратындарға натрий, магний, кальций катиондары мен хлорид, карбонат, сульфат аниондарын жатқызуға болады. Басқа химиялық элементтердiң мөлшерi негiзгi иондардыкiмен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен, олардың теңiз бен теңiздегi тipi организмдерде жүретiн химиялық процестерге қосатын үлесi өте зор.
Олардьң iшiнде тipi организмдер өз тiршiлiктерiне пайдаланатын азотты, фосфорды, кремнийдi ерекше атап өтуге бодады, бұл элементтердiң теңiз cуындағы мөлшерiн реттеп отыратын теңiзде тiршiлiк eтeтін жан-жануарлар мен өсiмдiктер.
Тұщы сулардьң қоры жалпы су қорларыньң 2,5% құрайды, немесе 35 млн. км3. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетiн тұщы су мөлшерi шамамен 8 млн. м3. Тұщы сулардың 30% жер aстандағы сулар. Тұщы судың негiзгi қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97%. Антарктидада мұздың ең қалың 4,78 км тең қабаты және дүние жүзi бойынша ең таза суы бар теңiз Уэддела осы Антарктидада тiркелген. Оның мөлдiрлiгi тазартылған судыкiндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650- 700 жыл iшiнде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тiршiлiгiне пайдалана алатын судың мөлшерi тек 3% (өзен, көл жене су қоймаларының сулары), су көздерiнiң басым көпшiлiгiн пайдалану өте қиынға түседi.
Тұщы су қорының үлкен мөлшерi негiзiнде өзендерде болады, олардың iшiнде ең ұзын Нил және Амазонка өзендерi. Нилдың ұзындығы 6670 км, Амазонканыкі - 6437 км. Ресей өзендерiнiң iшiнде ең ұзын өзенге Обь жатады, егер де оның ұзындығын Epтістің басталған жерiнен ееептесек 5410 км тең болады.
Дүние жүзiнде Ресей (Бразилиядан кейiн) жалпы тұщы судың қоры бойынша екiншi орында. Бiрақ-та Ресей территориясында су ресурстары бiркелкi орналаспаған, сондықтан, оңтустiк және оңтүстiк-батыс аудандарында бiр тұрғынынa келетiн өзеннiң ағынды суларының көлемi (3-5)*103 м3 болса, еуропалық бөлiгiнiң солтүстiгiнде 35 *103 м3, Батые Сiбiрде – 45*103 м3 , Шығыс Сiбiрде 144*103 м3 су келедi.
Қазақстандағы табиғи су ресурстары туралы мәлiметтер 2-шi кестеде келтiрiлген.
Ресейдiң су көздерiнiң iшiнде ерекше атап өтуге тұратын дүние жүзiндегi суы тұщы ең үлкен көл Байкал (су көлемi 23000 км3, ең жоғарғы тepeңдігі 1741 м, жылына ұдайы жаңарып отыратын, тазалығы бойынша сирек кездесетiн табиғи судың көлемi 60 км3 шамасында). Бұл көлде дүние жүзiлiк кеңiстiктегi тұщы су қорының 1/5 бөлiгi, Ресейдегi қордың 4/5 бөлiгi жинақталған. Оған 1123 өзен құйылады, тек қана Ангара өзенi ағып шығады. Жағасының ұзындьғы 2000 км, "жасы" шамамен 20 млн, жыл болатын 6ұл көлдi қоршаған ормандарда 600 шамасында өсiмдiк түрлерi, 1200-дей жануарлар түрлерi бар. Байкалдың суы тұщы, таза болғандықтан онда бағалы балықтардың көбi өседi, және Байкал құстардың көп жиналатын жерi. Бұл көлдiң суының мөлдiрлiгi соншалық, 40 м тереңдiкте жатқан ақшыл түcтi заттардың өзiн айқын көруге болады. Байкал суларыньң құрамына үлкен тұрақтылық тән, минералдығы шамамен 100мг/л, өттекке бай, жыл мезгiлдерiне қарай өзгеруi елеусiз.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2658;