ГЛОССАРИ
Ағымдағы валюта саясаты – валюта бағамын, валюталық операцияларды және т.б. күн сайын оперативті реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шара.
Айырбасталатын валюта (валютаның айырбасталымдылығы)– ұлттық валютаның төлем құралы ретінде басқа валюта түрлеріне ең аз шығынмен және жылдам айырбасталу қабілеті.
Номинал құны бар валюта бағамы –екі ел валютасының салыстырмалы бағасы немесе басқа елдің ақша бірлігінде тұлғаланған бір елдің валютасы.
Номинал құны бар тиімді валюта бағамы –қандай да бір елдің өз елінде жүзеге асырылатын валюталық операцияларының үлес салмағына қарай өлшемделген валюталары мен ұлттық валюта арасындағы арақатынас ретінде есептелген валюта бағамының индексі.
Басты валюта лицензиясы –қолма-қол шетелдік валюта үшін қызмет көрсетулерге және бөлшек сауданы жүзеге асыруға беріледі және оның иесіне қызмет көрсету және бөлшек сауданы жүзеге асыру барысында қолма-қол шетелдік валютамен есеп айырысуына құқық береді; тартылған зейнетақы активтерінің есебінен операцияларды резидент еместердің бағалы қағаздарындағы инвестиция түрінде орындауы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға беріледі.
Бір жолғы валюта лицензиясы –капиталдың қозғалысымен байланысты операциялардың, экспорт-импорт мәмілелері бойынша операциялардың орындалуына, валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (ауыстыруды) қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге, резиденттердің резидент еместен несие ретінде алатын шетелдік валютаны үшінші тұлғаның шотына алу бойынша операцияларды жүргізуге беріледі.
Валюта– мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша құралы немесе қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша формаларындағы құнның, банкнот, қазынашылық билет және тиын, оның ішінде бағалы металдардан жасалған тиын (айналыстағы ақшалай бірліктерге айырбасталатын, айналыстан алынатын) түріндегі құнның ресми стандарты, сондай-ақ, шоттардағы, оның ішінде, халықаралық ақшалай немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Валюта бағамы екі ақшалай бірліктің айырбасталу арақатынасын білдіреді немесе ол (валюта бағамы) басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғаланған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады.
Валюта нарығы – валюталық мәмілелер бекітілетін, яғни, бір елдің валютасы екінші елдің валютасына белгілі бір номинал құны бар валюта бағамы бойынша айырбасталатын нарық.
Валюталық алып-сатарлық –валюталық мәмілелерден барынша пайда алу мақсатында валюталардың алдағы кезеңдегі бағаларының ойны.
Валюталық тәуекел – валюта бағамының болжанбаған өзгерісіне қатысты банктің немесе кәсіпорынның ақша қаражаттарына қауіп төндіретін тәуекел.
Валюталық құндылық – шетелдік валюта; номинал құны шетелдік валютада тұлғаланатын бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; тазартылған құйма алтын; резиденттер және резидент еместер олармен операцияны жүзеге асыратын жағдайда номинал құны ұлттық валютада тұлғаланатын бағалы қағаздар, төлем құжаттары және ұлттық валюта.
Валюталық опцион – сатып алушыға белгілі бір күнге дейін келісілген баға бойынша валюта индексін немесе нақты валюта мөлшерін (санын) сатуға немесе сатып алуға құқық беретін, алайда оған міндеттеме жүктемейтін келісім.
Валюталық позиция–есепайырысуға қажетті валютаның әрбіреуіндегі кәсіпорынның немесе банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы жағымды немесе жағымсыз айырмашылық. Банктердің (биржалардың) валюта позициясы – банктерге қандай да бір валютадағы талаптардың және міндеттемелердің болуы. Қандай да бір валютадағы ашық позиция – осы валютадағы талаптар мен міндеттемелердің бір-бірімен сәйкес келмеуін, яғни, шетелдік валютаның сатылуы мен оны сатып алудың арасындағы сәйкессіздікті білдіреді. Сатып алу сатыдан асып түссе – ұзын позиция, ал, сату сатып алудан жоғары болса – қысқа позиция.
Валюталық реттеу– бұл мемлекеттік өкілетті органдардың (валюталық реттеу органдарының) ішкі валюта нарығын дамыту және оны бақылау, ұлттық валютаны тұрақтандыру, елдің төлем байланысын нығайту мақсаттарында валюта операцияларын жүргізудің тәртібін белгілеу жөніндегі қызметі.
Валюталық саясат– әлемдік шаруашылыққа құрылған байланыс жүйесіндегі интеграцияның деңгейіне, саласына және механизмінеқатысты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, елді экономикалық және әлеуметтік жағынан дамытуға арналған мемлекеттік стратегияның бөлігі.
Валюталық своп– келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын бірдей таза ағымдағы құны бар екі валютаның белгілі бір мөлшерде айырбасталуы.
Валюталық тепе-теңдік –валюталық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның арасындағы заңмен белгіленген арақатынас.
Валюталық шектеу– валютамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтармен жүзеге асырылатын операцияларды шектеуге бағытталған заңмен немесе әкімшілік жолмен белгіленген шаралар мен нормативті ережелердің жиынтығы.
Валютаның бағасын белгілеу –бұл елдер арасында валюта бағамын анықтауды ұйғарады. Осының негізінде айырбасталатын екі ақша бірлігінің арақатанасы белгіленеді.
Валютаның құнын белгілеу –валюта бағамын таңдап алынған нарықтық механизм негізінде анықтау.
Валютаның мемлекет ішіндегі құқықтық қатынасықаржылық, әкімшілік және азаматтық құқықтардың аясында реттеледі.
Валютарлық резервтерді әртараптандыру –ірі қаржы институттарының және мемлекеттің халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында әр елдің ең тұрақты валюталарын валюталық резервтің құрамына қосуды ұйғаратын саясаты.
Девальвация– тіркелген валюта бағамы жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын төмендету жөніндегі қаулысы.
Девиздік саясат мемлекеттік органдардың ұлттық валюта бағамын өзгерту мақсатында шетелдік валютаны сату-сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Дисконттық саясат – валюта бағамы мен төлем балансын реттеу үшін орталық банктің есептік мөлшермелерді өзгертетін саясаты.
Еуровексель – еуродоллардағы қысқа мерзімді облигация.
Еуронесие– бұл негізінен бірлестірілген еуронесие, яғни, қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған несиеден еуродолларда алатын несиесі.
Еурооблигация (еуробонд) – шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бойынша халықаралық банк синдикаттары (консорциумдары) шығаратын борыштық бағалы қағаздар.
Еркін өзгермелі немесе икемді валюта бағамы –валюта бағамының жүйесі. Бұл жүйеде орталық банк валюта нарығының қызметіне араласпайды және тепе-тең валюта бағамы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетімен анықталады.
Қосарлы валюта нарығы –тіркелген және өзгермелі бағамдарының режимдері арасындағы орташаланған жағдайды білдіреді.
Кросс-бағам– бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық болып табылмайтын екі шетелдік валютаның белгіленген бағасы.
Құрылымдық валюта саясатывалюта нарығында құрылымдық өзгерестерді жүзеге асыратын ұзақ мерзімді шараларды бейнелейді.
Қысқа ашық валюта позициясы –жекелеген шетелдік валютадағы ашық валюталық позиция. Оның міндеттемесі мен баланстан тыс міндеттемесі осы шетелдік валютадағы актив пен баланстан тыс талабынан асып түседі.
Лаг – уақытша аралық. Бұл аралықта ақша үлес салмағының өзгеруі бағалар мен тарифтердің тиісті өзгерісін тудырады.
Лицензия– құзыретті мемлекеттік органдардың азаматтарға немесе заңды тұлғаларға нақты қызмет түрімен айналысуына немесе белгілі бір әрекетті орындауына беретін рұқсаты.
Нақты валюта бағамыекі елдің баға деңгейлерінің қатынасына көбейтілген номинал құны бар бағам ретінде анықталады.
Нақты тиімділігі бар валюта бағамы– қандай да бір елдің нақты валюта бағамының сауда жағынан негізгі серіктесі болып табылатын елдің валютасына динамикасын көрсететін баға деңгейінің немесе өндіріс шығындарының басқа көрсеткіштерінің өзгерісін түзетуші номинал құны бар валюта бағамы.
Операциялық валюта лицензиясыбанк қызметінде белгілі бір валютаның орындалуы үшін және валюта заңымен анықталған валюталық құндылықтардың пайдаланылуымен байланысты операциялардың орындалуы үшін беріледі.
Өкілетті банк– банк туралы заңдарда қарастырылған операцияларды жүргізуге орталық банктің лицензиясын алған, валюталық операцияларды, оның ішінде, клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейлі банк.
Ревальвация– тіркелген бағам жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын көтеру туралы қаулысы.
Резидент еместер –«резидент» ұғымында аталмайтын барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар.
Резиденттер – ҚР-ның, оның ішінде, уақытша шетелдерде немесе республиканың шегінде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалары; республика аумағында республика заңына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ, олардың Қазақстан Республикасындағы және оның шегіндегі филиалдары мен өкілдіктері; республика шегіндегі ҚР-ның дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілдіктері.
Сатушының бағамы –бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатады.
Сатып алу қабілетінің бірдейлігі – теория. Бұл теорияға сәйкес әр түрлі елдерде өндірілсе де бір валютада тұлғаланған, өзара алмастырылатын тауарлардың бағасы ұзақ мерзімді кезеңде бірдей болуы керек.
Сатып алушының бағамы – бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатып алады.
«Спот» валюта операциясы –мәмілені рәсімдеу сәтінде немесе 48 сағаттың шегінде (ішінде) қолма-қол валютаны пайдаланумен жүзеге асырылатын операция.
Тепе-тең валюта бағамы –халықаралық сауда-саттыққа шектеу қоймау, капиталдың құйылысы мен ағынына арнайы мотивтерді қолданбау, шектен тыс жұмыссыздықты болдырмау шарттарымен төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін валюта бағамы.
Тіркелген валюта бағамы– валюта бағамының ресми белгіленген арақатынасы. Онда орталық банк валюта бағамын тіркейді әрі оның деңгейін өзгеріссіз сақтау міндеттемесін өз мойнына алады.
Тұрақты валюта – ағымдағы операциялар (сауда-саттық) бойынша да, капиталдың экспорты мен импорты саласында да басқа валютаға толық айырбастауға келетін валюта.
Халықаралық валюталық құқықтық қатынасвалюталық құқықтық қатынастың екі деңгейін қарастырады: 1) мемлекеттер арасындағы қатынасты халықаралық жариялы қаржылық құқық реттейді; 2) жеке тұлғалар мен ұйымдар арасындағы қатынасты халықаралық жеке құқық реттейді.
«Форвард» валюта операциясы – банктердің немесе қаржылық компаниялардың келісім-шарт негізінде телефон немесе телекс бойынша жүргізілетін биржадан тыс мерзімді валюталық мәміле. Форвард операциясы биржада фьючерстік және опциондық операцияларымен баламалы түрде жүргізіледі.
Хеджирлеу– валюталық тәуекелді сақтандыру.
Шетелдік валюта бойынша ашық валюта позициясының лимиті – шетелдік валютадағы міндеттемелер мен талаптар шотындағы абсолюттік сомалардың арасында орын алған айырмашылықты анықтау жолымен есептеледі.
ОҚУ МЕТОДИКАЛЫҚ КАРТАМЕН КАМСЫЗДАНДЫРУ
«Банктік менеджмент және маркетинг» пәні
Оқу-әдістемелік әдебиеттердің атауы | Негізгі оқу-әдістемелік әдебиеттердің саны (экз) | Студенттердің контингенті | Ескерту | ||
Оқулықтар мен оқу құралдары | Электронды оқулықтар мен оқу құралдары | ||||
к/б | о/б | к/б | о/б | ||
Банковское дело [Текст]: настольная книга банкира: учеб. пособие / Казахский экономический университет имени Т. Рыскулова ; ред. А. А. Абишев. - Алматы : Экономика, 2007. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. У. М. Искаков. - Алматы : Экономика, 2011. - 552 с. | |||||
Шелекбай, Ә. Д. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі [Текст] : оқу құралы / Ә. Д. Шелекбай. - Алматы : Экономика, 2007. - 208 б. | |||||
Мақыш, С. Б. Банк ісі [Текст] : оқу құралы / С. Б. Мақыш. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2004. - 241 б. | |||||
Мақыш, С. Б. Банк ісі [Текст] : оқулық / ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған. - Алматы : Жеті Жарғы, 2009. - 552 б. | |||||
Банк ісі [Текст] : оқулық / ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған ; ред. Ғ. С. Сейтқасымов. - Астана : ҚазЭҚХСУ, 2009. - 586 б. | |||||
Банковское дело [Текст] : учеб. пособие / С. Б. Макыш, А. А. Ильяс ; КазНУ им.Аль-Фараби. - Алматы : Қазақ университеті, 2006. | |||||
Лаврушин, О. И. Лаврушин, О. И. Банковское дело [Текст] : современная система кредитования: учеб. пособие / О. И. Лаврушин, О. Н. Афанасьева, С. Л. Корниенко ; Финансовая академия при Правительстве РФ. - 3-е изд., доп. - М. : КНОРУС, 2007 Банковское дело [Текст] : современная система кредитования: учеб. пособие / О. И. Лаврушин, О. Н. Афанасьева, С. Л. Корниенко ; Финансовая академия при Правительстве РФ. - 3-е изд., доп. - М. : КНОРУС, 2007. - 264 с. | |||||
Жарковская, Е. П. Банковское дело [Текст] : учебник / Е. П. Жарковская. - 5-е изд., испр. и доп. - М. : Омега-Л, 2007. - 476 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. : О. И. Лаврушин. - 6-е изд., стер. - М. : КНОРУС, 2008. - 768 с. | |||||
Ольхова, Р. Г. Банковское дело [Текст] : управление в современном банке: учеб. пособие / Р. Г. Ольхова. - М. : КНОРУС, 2008. - 288 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : экспресс-курс /Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. О. И. Лаврушин. - 2-е изд., стер. - М. : КНОРУС, 2007. - 344 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : современная система кредитования: учебное пособие / О. И. Лаврушин. - М. : КНОРУС, 2008. - 264 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / Междунар. банковское объединение ; ред. Е. Ф. Жуков. - 2-е изд. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2007. - 575 с. | |||||
Кузнецова, В. В. Банковское дело [Текст] : практикум / В. В. Кузнецова. - М. : КНОРУС, 2007. - 264 | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ) ; ред. О. И. Лаврушин. - 7-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2008. - 768 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / Междунар. банковское объединение ; ред.,: Е. Ф. Жуков, Н. Д. Эриашвили. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2008. - 655 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : управление кредитной организацией: практикум / сост. В. П. Бычков. - М. : Дашков и К, 2008. - 264 с. | |||||
Тавасиев, А. М. Банковское дело [Текст] : управление кредитной организацией: учеб. пособие / А. М. Тавасиев. - М. : Дашков и К, 2007. - 668 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / Рек. МОНРК ; ред. Г. С. Сейткасимов. - 2-е изд., испр. и доп. - Астана : КазУЭФиМТ, 2007. - 640 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : экспресс-курс /Финансовая академия при Правительстве РФ. - М. : КНОРУС, 2009. - 352 с. | |||||
Лаврушин, О. И.Банковское дело [Текст]: современная система кредитования: учебное пособие / О. И. Лаврушин. - 5-е изд., стер. - М. : КНОРУС, 2009. - 264 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебное пособие / ред.: Г. Н. Белоглазова, Л. П. Кроливецкая. - СПб. : Питер, 2008. – 240с | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. Г. С. Сейткасимов. - Алматы : Қаржы-қаражат, 1998. - 576 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. О. И. Лаврушин. - 2-е изд.,перераб. и доп. - М. : Финансы и статистика, 2004. - 672 с | |||||
Черкасов, В. Е. Финансовый анализ в коммерческом банке / В. Е. Черкасов. - М. : ИНФРА-М, 1995. - 272 с. | |||||
Банковские операции [Текст] : учеб. пособие. Ч. 1 / ред. О. И. Лаврушин. - М. : ИНФРА-М, 1995. - 96 с. | |||||
Банковский надзор и аудит [Текст] : учеб. пособие / ред. И. Д. Мамонова. - М. : ИНФРА-М, 1995. - 111 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. Г. Г. Коробова. - М. : Экономистъ, 2004. - 751 с. | |||||
Банковское дело [Текст] / ред. О. И. Лаврушин. - М. : Экос, 1992. - 428 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : курс лекций / Н. Н. Хамитов. - Алматы : Экономика, 2005. - 216 с. | |||||
Банковское дело и финансирование инвестиций [Текст]. Т. 1. Теория и концепции.Ч.1 / ред. Н. Брук. - [Б. м.] : Ин-т Экон. Развития Всемирного Банка, 1995. - 244 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред.: В. И. Колесников, Л. П. Кроливецкая. - 2-е изд. - М. : Финансы и статистика, 1996. - 478 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред.: В. И. Колесников, Л. П. Кроливецкая. - 4-е изд.,перераб. и доп. - М. : Финансы и статистика, 1998,1999. - 464 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред.: В. И. Колесников, Л. П. Кроливецкая. - 4-е изд.,перераб. и доп. - М. : Финансы и статистика, 2000. - 464 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. Г. Г. Коробова. - М. : Экономистъ, 2005. - 751 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред.: Г. Н. Белоглазова, Кроливецкая . - М. : Финансы и статистика, 2003. - 592 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. О. И. Лаврушин. - М. : Финансы и статистика, 1998. - 576 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. О. И. Лаврушин. - М. : Финансы и статистика, 1999. - 576 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. О. И. Лаврушин. - М. : Финансы и статистика, 2000. - 672 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. О. И. Лаврушин. - М. : Финансы и статистика, 2001. - 672 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : словарь / пер. Е. В. Вышинская. - М. : ИНФРА-М, 2001. - 412 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : справочное пособие / ред. Ю. А. Бабичева. - М. : Экономика, 1994. - 397 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : стратегическое руководство. - М. : Консалтбанкир, 1998. - 432 с. | |||||
Основы банковского менеджмента : учебное пособие / ред. О. И. Лаврушин. - М. : ИНФРА-М, 1995. - 141 с. | |||||
Островская, О. М. Банковское дело : толковый словарь / О. М. Островская. - М. : Гелиос АРВ, 1999. - 400 с. | |||||
Островская, О. М. Банковское дело : толковый словарь / О. М. Островская. - М. : Гелиос АРВ, 2001. - 400 с. | |||||
Кузнецова, В. В. Банковское дело [Текст] : практикум / В. В. Кузнецова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : КНОРУС, 2010. - 264 с. | |||||
Банковское дело: розничный бизнес [Текст] : учебное пособие / ред.: Г. Н. Белоглазова, Л. П. Кроливецкая. - М. : КНОРУС, 2010. - 416 с. | |||||
Банковское дело [Текст] : учебник / ред. У. М. Искаков. - Алматы : Экономика, 2011. - 552 с. | |||||
Турбанов, А. Банковское дело: операции, технологии, управления [Текст] : научное издание / А. Турбанов.- М.: Альпина Паблишерз,2010 |
[1] Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000.
[2] Риск-менеджмент и управление ресурсами коммерческого банка //Смирнов А.В. //Банки Казахстана №11, 2002
[3] Роджер Лерой Миллер, Дэвид Д. Ван-Хуз. Современные деньги и банковское дело: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М,2000.
Дата добавления: 2014-12-02; просмотров: 1350;