Триггер
Есептеуіш машина сигналдарды түрлендіріп қана қоймайды, оларды жазып, сақтайды. Ақпаратты сақтайтын электрондық жүйеге екілік сигналдың бірін тіркеп тұратын есте сақтау құрылғысы қажет-ақ. Мұндай құрылғы орнықты күйдің бірін ұзақ уақыт сақтай алады, мәліметтің түсуіне қарай шапшаң басқа күйге ауыса алады. Сонымен орнықты екі жағдайы бар есептеуіш машиналарда кең таралған есте сақтау элементі триггер деп аталады.
«Триггер» термині ағылшынның trigger - ілгешек, төмен түсетін ілгешек деген сөзінен шыққан. Бұл схеманы белгілеу үшін flip-flop термині қолданылады. Қазақша шапалақтау дегенді білдіреді. Электрондық схеманың осы дыбысқа сәйкес аталуы оның электрленген күйінің бірінен екіншісіне және керісінше ауысу мүмкіндігін көрсетеді. Қарапайым триггердің екі кірісі, екі шығысы болады.
Q
3.12-сурет.Триггер
Триггер кәдімгі екі позитивті айырғышқа ұқсас әрекет етеді, тек қолмен басқарылмайды. Кірістен түсетін электр сигналдарынан тәуелді болады.
Егер А сигналы 1-ге тең болса, онда триггер логикалық 1 күйіне енеді. Бұл жағдайда триггер шығысында Q=1, =0 және осы логикалық 1 күйін ұзақ уақыт сақтай алуы мүмкін. Тек В кірісінде логикалық 1 сигнал пайда болса, ол жағдайда триггер логикалық 0 күйіне ауысады.
Триггердің басты қызметі - ақпаратты сақтау. Шығыстағы күйлердің ауысуы кіріс сигналдарының өзгерісіне сәйкес лезде жүреді. Мұндай сигналға реакциялы триггер асинхронды деп аталады.
А Q тікелей шығыс
В инвертор шығыс
3.13-сурет. Триггердің қызметі
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 3900;