Диагностика

Қатқыл дискінің ақаулығын жоймас бұрын, диагностикадан өткізген жөн. Бұл үшін арнайы утилиталардың бірін қолдану жеткілікті. Винчестердің күйін көру үшін S.M.A.R.T. технологиясымен тікелей жұмыс жасайтын утилитті қолдану қажет.

 

3.1-кесте

S.M.A.R.T.-ң негізгі критикалық және критикалық емес атрибуттары және олардың қысқаша сипаттамалары

Атрибут Сипаттама
Raw Read Error Rate Критикалық атрибут, мәліметтерді оқу барысында қате жиілігінің көрінісін бейнелейді. Бұл қатқыл дискінің аппараттық бөлігі кесірінен пайда болады.
Spin Up Time Критикалық атрибут, шпиндель қозғалтқышының тыныш күйінен бастап, жұмыс жиілігі айналымынан аяқтап, айналым уақытын бейнелейді.
Spin Up Retry Count Критикалық атрибут, айналым жиілігі жұмыс жасауға дейінгі дискі шпинделінің қайталама әрекетінің санын бейнелейді.
Seek Error Rate Критикалық атрибут, бастиек жиілігіндегі қатені бейнелейді.
Reallocated sector Count Қатқыл дискі үшін ең критикалық атрибут, Remap секторындағы операция санын бейнелеу.
Start/Stop Count Критикалық емес атрибут, дискіні іске қосу мен тоқталым санын бейнелеу. Әрбір механикалық құрылымның өз жұмысы болады, яғни кепілденген жұмыс уақыты. Қатқыл дискіде аналогтық уақыт бар. Пластина блоктардың айналдыратын қозғалтқыштың іске қосылу мен тоқтау тактісінің санын бейленейді.
Power On Hours Критикалық емес атрибут, қосылған күйдегі қатқыл дискінің жалпы уақытын бейнелейді. Эталонды жұмыс уақыты есебінде өндіруші қатқыл дискінің, мың сағаттан тұратын құжаттық уақытын көрсетеді
Drive Power Cycle Count Критикалық емес атрибут, қатқыл дискінің қосылу мен айырылу цикл санын бейнелейді.
Temperature Критикалық емес атрибут, құрамдас термобергіш көрсеткішін бейнелейді
Current Pending Sector Count Критикалық емес атрибут, уақытша ақау кестесінде енгізілген сектор санын бейнелейді.
Uncorrectable Sector Count Критикалық емес атрибут, сектормен жұмыс кезінде айқындалған, ары қарай түзетілмеген қате санын бейнелейді.
UDMA CRC Error Rate Критикалық емес атрибут, интерфейс мәліметтері бойынша мәліметтерді беру нәтижесінде пайда болған қате санын бейнелейді.
Write Error Rate Критикалық емес атрибут, ақпаратты жазу барысында пайда болған қате санын бейнелейді.

 

Жинақтауышты қорапқа орнату

 

Жинақтауышты қорапқа орнату – мүлдем жаңадан бастаған қолданушының жүзеге асыра алатын қарапайым тапсырмасы. Бұл жұмыста ең бастысы ұқыптылық және орнатылатын құрылғының қосу/ауыстыру ретін білу керек.








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 2469;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.