Жұлдыздардың құрылысы және атмосферасы.
Жұлдыздардың ішкі қабаттарының физикалық күйінің Күнге қарастырылған тәсілдермен анықтауға болады. Олардың центрлеріндегі температура массасына тура пропорционал және радиусына кері пропорционал болады.
T= 𝑘 ,
𝑘 – коффициентті Күн тәріздес жұлдыздарға 1,5× тең деп алады. Себебі, , m=1, . Сондықтан бас тізбектегі жұлдыздарға центріндегі температура төмендегідей анықталынады:
T=1,5 = 1,5
Бас тізбектің жоғарғы жағында ыстық үлкен жұлдыздар, ал төменгі жағында суық карликтер орналасады. Жоғарғы теңдеуге қатынасты үлкен жұлдыздардың центрлерінде температура өте жоғары болады. Мысалы, ВОV жұлдыздардың центрінде температура 30 миллион Кельвин, ал КОV жұлдыздардың центрінде температура 10 миллион Кельвиннен аздау болады. Жұлдыздың ортасында жүретін термоядролық реакциялардың сипаттамалары температураға тәуелді. Бас тізбекте Күннен жоғары орналасқан жұлдыздардың центрлік облысында «көміртегі-азот циклі» деп аталатын термоядролық реакция жүрсе, күннен суық жұлдыздарға тек «протон-протон» реакциясы жүреді. Бірінші реакцияның энергия шығаруы көбірек болады. Осыдан жұлдыздардың диаграммадағы орындарына байланысты олардың физикалық құрылысы әр түрлі болатындығы түсінікті. Жарқырау классына қатысты жұлдыздардың физикалық құрылысын шолып өтейік.
Бас тізбектің жоғарғы жағындағы жұлдыздар. Массалары Күннің массасынан көбірек ыстық үлкен жұлдыздар. Центріндегі температура өте жоғары болғандықтан энергия шығаруы өте жылдам және «көміртегі циклі» аталатын термоядролық реакция арқылы болады. Осындай жұлдыздардың жарқырауы өте жоғары және эволюциялық сатылардан шапшаң өтеді. Сол себептен бұл жұлдыздар жас болады. «Көміртегі цикл» термоядролық реакцияның энергия шығаруы температураның өте жоғары дәрежесіне (~ ) пропорционал болғандықтан, центрдегі энергия сәулелену процесінен толық таралуға үлгермейді, сондықтан осындай жұлдыздардың центрлік облысында өте күшті конвекция құбылысы жүреді. Жұлдыздың массасы он Күннің массасындай болғанда ішкі конвективтік облыстың радиусы жұлдыздың радиусының төрттен біріне тең болады. Конвективтік зонаны сәулелік тепе-теңдік зона қоршайды, осы облыста энергияны жоғарғы қабаттарға тең сәулелену жолымен жеткізеді.
Бас тізбектің төменгі жағындағы жұлдыздар.Жұлдыздардың физикалық құрылысы күндікіндей болады. Кішкентай суық жұлдыздардың конвективтік зоналары өте күшті болады. Күннің 2% массасы конвекцияға қатысатын болса, KV жұлдыздардың затының 10% конвекцияға қатысады.
Субкарликтер және қызыл алыптар.Осы тізбекке жататын жұлдыздардың физикалық құрылысы олардың құрамына тәуелді. Бұл жұлдыздардың құрамында ауыр элементтер аздау кездеседі. Субкарликтердің затының мөлдірлігі күшті, сондықтан конвективтік зоналары болмайды. Осы жұлдыздар Галактиканың эволюциясынан өткен кәрі жұлдыздар. Центрлік облысында сутегі толығымен гелийге айналып гелийден тұратын ядро орналасады. Термоядролық реакция осы ядроны қоршаған сутегі бар температурасы жоғары шарлы қабатта жүреді. Осындай кезеңде жұлдыздардың ядролары сығылады да, тығыздық, қысым артып, гелий негізінде болатын термоядролық реакция жүруі мүмкін. Бұл реакцияның нәтижесінде гелий көміртегіге айналады, сондықтан осындай жұлдыздарда көміртегіден тұратын ядро пайда болуы мүмкін. Термоядролық реакциялар центрде доғарылған жағдайда, ядро сығылып, температура, қысым, тығыздық артып, ядродағы көміртегінің ядролары не протон, не нейтрон, не α-бөлшектерді қосып басқа химиялық құрамы әртүрлі болатын қабаттарға бөлінеді. Осындай жолмен темірге дейінгі химиялық элементтер пайда болады. Жұлдыздардың ядроларында осындай күрделі процестер жүргенде, жұлдыздың жоғарғы қабаттары ұлғайып, температура төмендейді, жұлдыз алыптар тізбегіне кетеді. Жұлдыздың радиусы, жарқырауы артып, осындай жұлдыздардың ядроларын өте жіңішке сәулелік тепе-теңдік зона қоршайды, ал жұлдыздың затының 70% күшті конвекция зонасында орналасады.
Ақ ергежейлілер –өте тығыз кішкентай жұлдыздар. Осы жұлдыздардың центрінде тығыздық дейін жетеді. Центрінде термоядролық реакциялар доғарылған, бірте бірте жылулық энергиясын кеңістікке таратып өшетін жұлдыздар.
Алып және төтенше алып жұлдыздардың атмосферасы сиретілген және өте созылған келеді. Ақ ергежейлілердің атмосфераларында тығыздық күндікінен 10 есе артық, биіктігі азғантай болады. Төменгі кестеде жұлдыздардың негізгі физикалық сипаттамалары келтірілген.
Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 1642;