Пирролин Пирролидин

 

Пирролидин ядросы кейбір табиғи қосылыстардың, дәрілік заттардың, кейбір алкалоидтардың, пролин және гидроксипролин α–амин қышқылдарының сол сияқты γ–амин май қышқылы пирролидон–2–лактамы туындыларының құрамына енеді.

Азотты табиғи заттардың маңызды тобын құрамына төрт пиррол сақинасы енетін тетрапирролды қосылыстар құрайды. Тетрапирролды қосылыстарда метен =СН тобымен бөлінген екі пиррол сақинасынан тұратын екі дипиррилметенді фрагмент болады.

Дипиррилметенді фрагменттер көптеген тетрапирролды қосылыстарда макроциклды порфин сақинасын түзеді, оның пирролды циклдардағы жартылай немесе толық алмасқан түрі порфириндер деп аталады.

 

Дипиррилметан

 

Порфириндердің мысалына қан гемоглобинінің құрамына енетін протопорфирин жатады:

 

Порфиннің ядросы

Протопорфин Гем

 

Порфириндер табиғатта металдармен түзілетін комплекстер түрінде кездеседі, мысалы, порфириннің магниймен комплексі хлорофиллдың негізін құрайды, ал порфириннің темірмен комплексі гемопротеиндердің простетикалық тобы түрінде қызмет етеді, мысалы, оларға гемоглобин, цитохромдар және басқа ферменттер жатады. Порфириндердің темірлі туындылары гемдер деп аталады. Мысалы, протогем – гемоглобиннің простетикалық тобы. Цитохром С ядросының да құрылысы осындай.

Витамин В12 (цианкоболамин) құрылымы бойынша металдардың порфиринді комплекстеріне жуық. Ол қанды қалыпты өндіру үшін қажет.

 

 

Витамин В12 (цианкоболамин)

 

 

Фуранның туындысы фурфуролдан (фуран–2–карбальдегид) фуран қатарының күшті бактерицидтік қасиеттер көрсететін 5 – нитротуындылары алынады. Бұл қатардан микроорганизмдер туындататын іріңді – қабыну процестерінде (дизентерия, тиф, т.б.) тиімді әсер ететін фурацилин және фуразолидон жиі қолданылады.

Фурацилин
Фуразолидон

 


Тиофен тотықсызданып, тетрагидротиофен түзіледі:

 

Тетрагидротиофен

 

Тиофеннің туындылары қабынуға қарсы, антисептикалық және жергілікті жансыздандырғыш қасиеттер көрсететін ихтиол майының құрамында болады. Тетрагидротиофеннің туындысына биотин (витамин Н) жатады, оның қоректің құрамында жеткіліксіз болуы белоктар мен майлардың дұрыс алмаспауына және тері дерттеріне әкеледі.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1477;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.