Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары

Редукторлар мен беріліс қораптары. Әрбір жиналған редуктор және беріліс қорабы белгіленген жоспарға сәйкес шығарушы кәсіпорында обкаткадан өтуі тиіс. Обкаткадан бұрын редукторға майкөрсеткіш белгісінен аспайтын деңгейде таза май құйылуы қажет. Обкатка жүктемесіз және жүктемемен бір сағат көлемінде максимал жұмыстық айналымда жүргізілуі тиіс [20]. Редукторларды сынауға арналған стендтер тісті беріліске күш беру тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді: ашық және тұйық күштік ағынмен.

Бірінші түрдегі стендте редуктор детальдарына жүктеме ретінде редуктордың шығу (жетектегі) білігіндегі тежеу процесі қолданылады. Бұл үшін механикалық, гидравликалық, магниттік және т.б. тежегіш түрлері немесе электрлік генераторлар пайдаланылады.

Екінші түрдегі стендте детальдар екі бірдей сыналатын редукторлар жүйесіне кіретін (бұл жағдайда электрлік энергия шығындары ең минимал болады) жүктемелер (көбінесе айналу торсиондары) есебінен жүктеледі.

Сыналатын редукторлар 2 біліктері өзара арнайы аралық біліктермен 3 және 4 біріктірілген (6.10-сурет) [13]. Білік 4 жұқалау етіп жасалады. Біліктің 4 муфталарын қосу алдында оған белгілі бір айналу моментін береді, ол біліктердің барлығында және тісті берілістерде серпімді айналу дефомациясын туғызады. Қосып болған соң білікте 4 барлық детальдар тұйық күштік контурға енетін күш ықпалында болады. Редукторларды қозғалтқышпен 1 айналдыру кезінде электр энергиясы үйкеліс күштерін бағындыруға ғана жұмсалатын болады. Редукторларды обкаткадан өткізу кезінде жанасатын беттердің өзара жұмыс жасайтын пайдалы процесі жүреді, бұл нақты жанасу аудандарын үлкейтуге әкеп соқтырады.

 

 

6.10-сурет. Редукторларды сынақтан өткізуге арналған стенд:

1 – қозғалтқыш; 2 – редукторлар; 3, 4 – аралық біліктер

 

Обкатка кезінде майдың ағуын, мойынтіректің қызып кетуін, шу мен тырсылдың бірқалыпты еместігін тексереді. Машинаның техникалық құжаттамасында көрсетілген редукторлар мен беріліс қораптарының шу сипаттамалары Мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы тиіс [20].

Обкатка кезінде анықталған ақаулар жойылуы тиіс. Олар жойылған соң редуктордағы май түгелімен төгіледі. Обкатка біткен соң редукторды немесе беріліс қорабын техникалық бақылау бөлімі қабылдауы тіис.

Жүктік және жебелік шығырлар. Жиналған шығыр да шығарушы кәсіпорында обкаткадан өтіп, сыналуы тиіс. Әрбір шығыр бір сағат көлемінде барабанның реверсивті айналуымен жүктемесіз сынақтан өткізіледі [20].

Обкаткадан соң шығырды статикалық және динамикалық сынақтан өткізеді. Статикалық сынақтар кезінде канатта күш туғызатын, берілген шығыр үшін қалыпты жағдайдан 25% асатын, ал динамикалық сынақтар кезінде 10% асатын салмақтағы жүкті іліп қояды. Сынақтар канат өрімінің соңғы қабатымен жүргізілуі тиіс.

Шығырларды статикалық және динамикалық сынақтан өткізуді оларды машинаға орналастырып болған соң немесе техникалық куәландыру кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.

Сынақ кезінде шығыр тысырсыз, дірілсіз және соққысыз жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс кезіндегі мойынтіректер мен редукторлардың қызып кетуі қоршаған орта температурасынан 300 С-қа дейін асып кетуге ғана рұқсат беріледі. Сонан соң шығырды техникалық бақылау бөлімі қабылдап алуы қажет.

Бұрылу механизмі. Әрбір жиналған бұрылу механизмі де жоғарыда айтылғандай бағдарламаға сәйкес бір сағат ішінде жүктемесіз максимал айналымдағы бағдарламаға реверсивті айналу арқылы обкаткадан өтуі тиіс. Жиналған машинада бұрылу механизмі тістегерішінің тіректік-бұрылу құрылғысы тістегерішімен дұрыс ілінісуі тексеріледі. Сынақ кезінде бұрылу механизмі тысырсыз, соққысыз және дірілсіз жұмыс істеуі тиіс, анықталған ақаулар жойылып, сынақтар қайталануы қажет. Сынақ кезінде бұрылу механизмінен майдың ағуы болмауы тиіс.

Ілмектік ілгіштер. Жиналған ілмектік ілгіш қалыпты жағдайдан 25% артық жүкпен 10 минут ішінде сынақтан өтуі тиіс. Жүктеме алынған соң оларда сызаттар, жарықшақтар және қалдық деформациялар болмауы қажет.

Гидрожүйе мен пневможүйені де сынақтан өткізуді шығарушы кәсіпорын белгілеген бағдарламамен жүргізеді.

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 833;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.