Бастапқы жағдайлар
Мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындармен орындалатын өндірістік-техникалық меңзеліну өнімдерін жасау және меңгеру бойынша жұмыс жүргізудің реттіліін МЕМСТ 15.001- 88 орнатады.
Стандартта өндірістік-техникалық меңзелінудегі өнім деп кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қажеттіліктері үшін жасалынатын өнімді айтады.
Стандарттың шараларын орындау Мемлекеттік стандарт және жоғары тұрған ұйымдардың бақылауынсызақ жұмысқа қатынасушылардың өздерімен (тапсырыс беруші, жасақтаушы және даярлап өндіріп шығарушы) қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік стандартқа олардың арасында стандарттарды қолдануға байланысты сауалдардың туындауы мен келіспеушіліктің пайда болуы кезінде ғана жүгінуге болады.
Жалпыламалық шарттар. Өнімге тапсырыс берушінің және осы өнімді қолданылуының тиімділігі оны жасақтаудың ақылға сыймдылығы мен орындылығын анықтау кезінде өнімнің жауап беруге тиісті басты критерийлері болып табылады. Өнімнің техникалық деңгейіне қойылатын талаптар заңдық және басқа да нормативтік актілерде қарастырылған талаптарды ескере отырып орнатылады.
Стандартта өнімді жасақтауды ұйымдастыруға байланысты екі негізгі тәсіл қарастырылған: тапсырыс берушінің бар болған кезі және ол жоқ кезде.
Тапсырыс беруші бар болған кезде жасақтау онымен келісім-шарт жүргізу негізінде жүзеге асырылады. Бұл шаруашылық келісім-шарт немесе өзара келісімділіктің басқа формасы болуы мүмкін, мысалы, белгілі бір көлемдерде өндірілген өнімді тұтыну міндеті қабылданып алынған тапсырыс. Тапсырыс берушіге тапсырылатын өңдеу нәтижелері ғылыми-техникалық өнім ретінде қарастырылады. Тапсырыс беруші болмаған кездегі жағдайда өнімді жасақтау ынталылық деп саналады және конкурс бойынша орындалуы мүмкін. Тапсырыс берушінің функциясын мемлекеттік, кооперативтік немесе қоғамдық ұйым (кәсіпорын), жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, тапсырыс беретін құжаттар бойынша өнім шығаруды меңзейтін өндіруші атқаруы мүмкін.
Жасақтаушы тапсырыс берушінің бастапқы талаптары, сұранысты, қолдану шарттарын, болашақта дамуының бағыт-бағдарын және қазіргі таңда жасалынып үлгерген бар ғылыми-техникалық зерттеулер негізінде қажетті ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды, сонымен қатар патентті зерттеулер, функционалды-құндылық сараптама, моделдеу және өнімді жасаудың басқада прогрессивті әдістерін жүргізеді. Бұл кезде жасақтаушы өнімнің техникалық деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің мәндерін, өнімнің жалпы құраушы бөліктерінің ауыстырымдылықтары мен үйлесімді-сәйкестіліктерін, қауіпсіздік, денсаулық пен табиғатты қорғау мәселелерін анықтайтын көрсеткіштердің мәндері анықталынған нормативті-техникалық және өзгеде құжаттармен жетекшілік етуі қажет.
Өнімді жасақтаудың типтік сызбанұсқасына келесілер енеді: техникалық тапсырманы жасақтау, техникалық құжатты жасақтау, өнімнің тәжірибелік үлгілерін даярлап жасап шығару және оларды сынау, жасақтау нәтижелерін қабылдау, өндірісті даярлау және меңгеру. Жекелеген жұмыстарды жою, үйлестіру және басқалармен толықтыру стандарт бойынша рұқсат етіледі. Осылайша, ынтылылықты жасақтау кезінде техникалық тапсырманы жасақтау кезеңі, ал модернизацияланған өнімді түзу кезінде тәжірибелік үлгілерді даярлап жасап шығару және сынау кезеңі болмауына болады. Құжаттарды жасақтау және өндірісті даярлаужұмыстарды үйлестіруге, ал жасақталынудағы өнімге қызмет көрсететін қызметкерлерді үйрету үшін жаттықтырушыларды құры түзу және оларды қабылдау толықтыруға мысал бола алады.
Өнеркәсіп қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін халық шаруашылығының маңызды саласы. Өнеркәсіп материалдық игіліктерді, еңбек құралын өнеркәсіптің өзі үшінде және халық шаруашылығының басқа да салалары үшін де, оның ішінде шикізаттарды, материалдарды, жағар-майларды, энергияны өндіру және өндіріспен ауылшаруашылығында өндірілген өнімдерді ары қарай өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жиынтығы (зауыд, фабрика, кен, шахта, электростанция және т.б.).
Өнеркәсіп салалардың ірі-ірі екі топтарынан тұрады - өндіру және өңдеу. Өндіру өнеркәсібінің құрамына таулы-химиялық шикізатты, қара және түсті металдардың кендерін, кенді емес шикізаттарды, мұнай, газ, көмір, кенді емес құрылыс материалдарының тұздарын, жеңіл табиға толтырғыштар мен әк және гидроэлектростанциялар кіреді. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының қатарына қара және түсті металдарды, химиялық және мұнай химиясының өнімдерін, машиналар мен қондырғыларды, цемент, жеңіл және тағам өндірісінің өндімдерін шығару, қайта-жөндеу мен құрылыстық кәсіпорындар жатады.
Өндіріс ары қарай өндіру құралдарын өндіру («А» тобы) және қолдану заттарын өндіру өндірісі («В» тобы) болып тармақталады. «А» тобына станоктарды, қара және түсті металдардың кендерін, фософор және фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, цемент және т.б., ал «В» тобына қолдануға даяр өнімдер мен материалдарды өндіретін (тігін және трикотажды даяр бұйымдар, нан, жиһаз және т.б. халықтың тұрмыстық қолданысындағы әр түрлі бұйымдарды) өндірістер кіреді. Бірақ өндірістік және өндірістік емес мақсаттарда қолданылатын өнімдердің бірнеше қатары (электрэнергиясы, жанар-жағар май, көмір және т.б.) «А» және «В» топтарының арасында іс жүзінде қолданылуына байланысты бөлінеді.
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын оның іс жүзінде өндірілуімен салғастыра отырып өнеркәсіптік өндірісті шикізаттың көзіне, жағар отын және даяр өнімді қолдануға мүдделі аудандардың жақын орналасуын ескере отырып мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.
Үкіметтің шешімінің негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып жобалық ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістің жаңа кәсіпорнын салудың немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін экономикалық тұрғыдан дұрыс болатындығын негіздейтін алғашқы жоспарлық немесе жобаалдылық құжат болып табылады.
Алаңды таңдау және оны келісімдеу жобаны жасақтау кезінде жүзеге асырылады. Құрылыстың ТЭН ауданның экономикалық сипаттамасы, оған қатысты географиялық мәліметтер, климаттық шарттар, халқының саны, аудан территориясының аумағындығы жерлердің қолдануға қатысты меңзелінуі және аудандағы байланысу жолдадары туралы мәліметтер келтіріледі. Осы мәліметтер бірге ТЭН жобаланудағы кәсіпорынға қатысты оның қуаттылығы, даяр өнімдердің түрлері, аудан шеңберінде және оның сыртында орналасқан кәсіпорындармен жобадағы кәсіпорынның шығарған өнімінің тұтынылуы туралы мәліметтер, өнімді транспорттаудың орташа радиусы, құрылыс жүргізілетін аудан немесе алаң көрсетіледі, капиталдық салымдардың жуықтау мөлшері және өнімдердің негізгі түрлеріне қатысты өзіндік құны, шикізаттармен, жағар отынмен, электроэнергиямен, сумен, газбен, құрылыстық материалдармен қамтамасыз етудің көздері жайлы мәліметтер келтіріледі. Осы техника-экономикалық негіздемеде кәсіпорынның жұмысшыларымен және қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің, кәсіпорынның өзгеде кәсіпорындармен өндірістік және экономикалық байланыстары мен капиталдық салымдардың тиімділігі жайлы мәліметтер негіздемеленіледі.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 120-126 б.
Дәріс №11
Тақырыптың аты:ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЫЗБАНҰСҚАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖАСАҚТАУ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жалпыламалық жағдайлар;
2. Технологиялық сызбанұсқаны жасақтаудың реттілігі;
3. Принципиалды технологиялық сызбанұсқа;
4. Технологиялық қондырғыларды орналастыру.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 881;